Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экономикалық теория пэні жоғарғы оқу орындарынд....doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
23.12.2018
Размер:
474.62 Кб
Скачать

3. Макроэкономика - ұлттық экономика туралы ғылым ретінде

Экономистер өз ғылымы мен оның пәніне екі тәсіл қолданады. Біріншісі, макротәсіл, ал екіншісі, микротәсіл. Макроэкономика - бүкіл шаруашылық туралы ғылым, ал микроэкономика - тұтынушылар мен фирмалар туралы ғылым.

Макроэкономиканың қарастыратын сұрақтары: экономиканың дамуы қажетті жылдамдықта ма; өндірілген өнім көлемі қандай; бүтіндей табыс қандай? Сонымен бірге, ол жұмысбастылықты арттыру, тауар өндіру мен қызмет көрсетуді ұлғайту мәселелерін шешумен айналысады.

Макроэкономика әрбір жеке кісінің, мекеменің және жалпы қоғамның талғамына әсер ететін себеп-салдар байланыстарын зерттейді. Оның жұмыс істейтін ұғымдары: шектеулік, таңдау және альтернативтік (баламалық) құн; сонымен бірге өндіріс және тұтыну болады. Осыған орай микроэкономиканың негізгі көңіл бөліп зерттейтіні баға және олардың шаруашылық әлементтеріне тигізетін әсері болады.

Макроэкономика - бұл бірмезгілде үлкен практикалық мән беретін, сонымен қатар экономиканың біртұтас оқу теориялық курсын қоса алғанда, ғылым ретінде экономикалық қүрамдас бөлігі болып табылатын теориялық пән.

Экономика сферасының, оның ғылыми және қолданбалы талданылуы үшін макро- және микроэкономикаға бөлінуі XX ғасырдың 30-жылдарының ортасында батыстық экономикалық әдебиеттерде кеңінен қолданыла бастады. Бұл белгілі ағылшын экономисі Джон Мейнор Кейнстің 1936 жылы жарық көрген «Жұмыспен қамтылудың жалпы теориясы, пайыз және ақша» атты еңбегіне байланысты. Кейнс «макроэкономика» ғылымының негізін қалаушы болып есептеледі.

«Макроэкономика» ұғымы гректің «макро» (макрос - үлкен, ірі, ұзақ) және экономика

(шаруашылықты басқару өнері) сөздерімен байланысты.

Макроэкономика экономика ғылымының құрамдас бөлігі ретінде қазіргі таңдағы біздің түсінігіміз бойынша ұлттық көлемі, оның құрылымдық бөліктері - экономикалық цикл, жұмыспен қамтамасыз ету, инфляция, жұмыссыздық, экономикалық өсу, қаржы және т.б., яғни, халық шаруашылығы деңгейіндегі даму жағдайындағы экономикалық процестермен тығыз байланысты.

Экономикалық ғылымға әр түрлі деңгейді қамтитын мәселелерді, салаларды, объектілерді, қатынастарды талдауға, анық білуге, қарастыруға тура келеді. Мәселен, микроэкономика теориясын алайық.

Микроэкономикалық талдау кезінде экономист - зерттеуші, сарапшы фирма, кәсіпорын, жанұя, адам деңгейіндегі экономикаға көп көңіл бөледі. Микроэкономистердің назары нақты тауарлардың, өндіріс түрлерінің, технологияны таңдауды, өндірістің мүмкіншілігін оқьш білуге бағытталған. Микроэкономикадағы мынадай көрсеткіштерге: тауарды өндіру мен тұтыну көлемі; тауарлар тобы, тауар бағасы, тауарды өндіруге жұмсалған шығындар; сатудан түскен түсімі; фирма қызметінің, кәсіпкерлік келісім-шарттың, шаруашылық жобалардың тиімділігі қарастырылады.

Сөз жоқ, микроэкономика экономикалык теорияның ең пәндік бөлігін құрайды, өйткені ол мынадай экономикалық субъектілердің: фирма, кәсіпорын, өндірістік және әлеуметтік ұжымдардың, кәсіпкерлердің, адамдардың экономикалық іс-әрекеті мен қызметіне тікелей байланысты көрсеткіштерді, түсініктерді, категорияларды қамтиды.

Бірақ та, дамыған елдер экономикасында ондаған және жүздеген, миллиондаған тауарлар өндіретін осыншама үлкен және кіші кәсіпорындар әрекет ететінін ескерсек, макроэкономикалық процестерге, олардың бетін ашу үшін сол процестерді бейнелейтін түсті параметрлер тән.

Макроэкономикалық талдау макроэкономикалық параметрлердің мәні дұрыс, ғылыми негізделген терминология мен анықтамаларға тәуелді. Ең бастысы, әрбір параметрлер мен көрсеткіштерде нақты экономикалық процестер табылуы қажет бір мезгілде, параметрлер мен көрсеткіштер экономикалық теория мен практикада абсолютті макроэкономикалық теңдік түсінігі ретінде қабылданбауы мүмкін. Параметрлер - сол көрсеткіштердің қөзғалысы. Параметрлер мен көрсеткіштер макроэкономикада бір-бірімен байланысты жақын түсініктер.

Макроэкономикалық көрсеткіштер айталықтай көп болады. Нарықтық жағдайда олар құндық, ақшалай көріністе болады. Бұл олардың өзара қарым-қатынастарының бетін ашуға, талдау жасауға мүмкіндік береді. Бірақ, макроэкономикалық көрсеткіштер бір мезгілде сандық, натуралды (заттай) шамада көрінуі мүмкін: тонна, метр, километр, миля және т.б.

Макроэкономика үшін өзінің пропорциялары тән, ягни, шамалар арасында тәуелділік бар, егер олардың біреуінің өсуі немесе төмендеуі байқалса, басқа макроэкономикалық шама да сандық түрде өзгереді.

Бұған инвестиция мен жинақ арасындағы; жиынтық тұтыну мен жиынтық жинау арасындагы; өндіріс-құрал жабдықтар-ын өндіру мен тұтыну заттарын өндіру арасындағы; елдегі қолма-қол микроэкономикамен шектелсек, онда бұл - еліміздегі бірқатар аймақтарда экономикалық жағдайларды көрсете алмайды. Сондықтан экономикалық ғылым талдауды, қорытындылауды, синтетикалық макроэкономикалық көзқарасты, әдісті кеңінен қолданады.

Макроэкономикалық көзқарастың негізгі принципі - экономиканы және экономикалық процестерді біртұтас шаруашылық кешені ретінде қарауға мүмкіндік беретін экономикалык көрсеткіштерді агрегаттау арқылы жинақталған, қорытынды-ланған шамаларды қолдану болып табылады.

Макроэкономика пәні, кең мағынада шаруашылық туралы ғылымға қатынасы бар экономикалық теорияның бөлігі болып табылады. Макроэкономика жұмыссыздықтың деңгейі мен инфляцияның өсуін қоса алғанда, экономиканы біртұтас зерттейді. Экономика ғылымын зерттеушілер болып жатқан оқиғаларды емес, сонымен қатар, экономиканың қалыптасуына, дамуына бағытталған экономикалық саясатты жасауға қабілетті болуы қажет.

Макроэкономикалық деңгейдегі зерттеу процесінде жономикалық нақтылықты (шындықты) түсіну үшін энзогендік шамалардың энзогендік шамаларға әсер ететін жинақталған теориялық сұлбасын, үлгісін жиі қолданады. Бұған ақша массасы мен баға деңгейі арасындағы пропорцияиың өзгеруі мен пайда болуы мысал бола алады.

Макроэкономикадағы ең көкейтесті, өзекті мәселе қордалану мен тұтынудың арақатынасы болып табылады. ұлғаймалы ұдайы өндіріс кезінде жалпы қоғамдық өнімді орнына келтіру қоры, тұтыну қоры, жалпы қордалану қоры болып бөлінеді. Жалпы қордалануға негізгі капиталдың жалпы қордалануымен бірге материалдық айналым құралдарының босалқы қорларының өзгеруі жатады.

Негізгі капиталдың жалпы қордалануы қарастырылатын кезеңдегі істен шыққан негізгі капиталды шегергенде, яғни, өндірістен шығарып тастағанда, сатып алынғандардың құны ретінде анықталады. Негізгі капиталды сатып алуға жұмсалатын шығынды анықтау үшін негізгі капитал, құрылыс, өнеркәсіп, ауылшаруашылық статистикасынан және министрліктер мен ведомостволар деректерінен алынған ақпараттар базасында есептелінген деректер пайдаланылады.

Қоғамдық өндіріс тәжірибесінде орнын толтыру (төлеу), соның ішінде, ауыл шаруашылығында өз азық-түліктерінің, тұқымдарының, органикалық тыңайтқаштарының, малдарының, отырғызылатын материалдардың, сонымен қатар, жұмсалатын жанармайды, минералды тыңайтқыштарды, улы химикаттарды, кұрама жемдерді, қосалқы бөлшектерді сатып алудың және жұмыспен қызмет көрсетудің сатылған өнімнен түскен түсім есебінен натуралды пішінде іске асырылады. Әрбір өндірістік циклында пайдаланылған (тұтынылған) құрал-жабдықтардың орнын толтыру тек ұлғаймалы өндірістің ғана емес, сонымен қатар, жай ұдайы өндірістің міндетті шарты болып табылады.

К.Маркс қоғамдық өнімнің бөлінуін қарастыра отырып, ең алдымен, табыс (жетістік) деңгейін сақтап қалудың басты және объективті қажетті шарты ретінде, яғни, жай ұдайы өндірістің жүзеге асырылуына жұмсалған өндіріс құрал-жабдықтарын бөліп көрсетті. Өндіріс процесі сол өндірістің үлғаюынсыз қайталануы үшін олардың құны тәжірибеде нақты шығындармен анықталатын өндіріс құрал-жабдықтарын түлынудың орнын толтыру керек. Мұндай бағалау кезінде орнын толтыру қоры оның жеке шығындарының бөлігі ретінде, яғни, өнімнің өзіндік құны -

еңбекақыға төленетін шығындарсыз өндіріс шығындарымен сәйкес келеді.

Нарықтық жағдайда макроэкономикалық сипаттағы пропорциялар бәсекелестік негізде стихиялы түрде және мемлекеттік реттеу, мемлекеттік органдардың экономикалық шешімдерді жүзеге асыруының әсерімен де қолдау тауып отырады.

Экономикада өндіріс факторларын пайдалану - маңызды макроэкономикалық көрсеткіштерді, ұлттық өндірістің өнім көлемін құру мен қордалауға байланысты. Экономикалық теорияда экономикада әрекет ететін, материалдық игілікті өндіру процесінде бір-бірімен өзара байланысты, яғни, тұтас алғанда өндіріс нәтижесінде тікелей көрінетін төрт негізгі өндіріс факторы анықталған. Бұл табиғат ресурстары, еңбек, өндіріс құрал-жабдықтары және кәсіпкерлік.