Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экономикалық теория пэні жоғарғы оқу орындарынд....doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
23.12.2018
Размер:
474.62 Кб
Скачать

2. Циклдық ауытқудың сыртқы жәие ішкі себептері, цикл типтері

Циклдар деп өндірістің өсуінің мерзімдік ауытқуын айтады. Ауытқудың үш түрі бар:

1) нарықтық сұраныстың тауар мен қызмет көрсетуге ұсыныстың ауытқуы, бұл қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болады;

  1. құрал-жабдыққа, құрылысқа және тағы басқа сұраныстың өзгеруіне байланысты ауытқу;

  2. өндірісте технологиялық тәсілдің бір түрден екінші түрге өтуінің ауытқуы. Бұл ауысулар өндірістің барлық әлементтерін алмасуға экеледі, бір топ жұмысшыларын басқасымен ауыстыру немесе қайта білім алу саласын енгізеді.

Макроэкономикаға екі қасиет тән:

1. Теңсалмақтық қасиеті, қоғамдық өндіріс пен қоғамдық тұтыну, ал нарықта тиісінше, ұсыныс пен сұраныс жеткілікті шамада теңестірілғен. Сол кезде экономикалық өсу түзу траекторияда, өнімдердің өсу қарқыны өндіріс факторларының өсу қарқынынатікелей пропорционалды болатыны байқалады.

2. Теңсалмақсыздық қасиеті, өндіріс пен қоғам деңгейінде теңестірілмеген. Бұл кезде ұлттық экономикадағы байланыстар мен тепе-теңдіктер бүзылып, дағдарыстардың белгілері пайда болады.

Теңсалмақсыздықтың пайда болуы негізгі экономикалық көрсеткіштердіц - өңдіріс көлемінің, баға деңгейінің, еңбекке жарамды адамдардың жұмыспен қамтамасыз етілуінің, пайда нормасының, пайыз нормасының экономикалық тұрақты жағдайларынан ауытқуымен байланысты. Экономика бұл жағдайға душар болған кезде экономикалық өсу алғашқы кезде баяулап, кейіннен тоқталады да дағдарыс басталады.

Циклдардың ауытқу себептерін бүгінде көп тараған зерттеудің келесідей бағыттары бар:

Бірінші көзқараста өңдірістің қүлдырауы халық бұқараларының толық тұтынбауымен немесе тұтынуының біркелкі болмауымен түсіндіріледі.

Екінші көзқарасты дағдарыстың болуын салалар мен аймақтардың арасында дұрыс тепе-теңдіктің болмауымен, кәсіпкерлердің іс-әрекеттері реттелуге келмейтінімен байланыстырады, банк жүйесі мен ақша айналымының толқынынан деп түсіндіреді.

Үшінші көзқарас, экономиканың циклді дамуының себептерін іздеудегі көп тараған пікір - бул тауарды өңдіру мен сату арасындағы қайшылық, қақтығыс өңдірісті кеңейтуге үмтылған талаппен оған сәйкестеніп өсе алмайтын төлем қабілеті бар сұраныстың арасында туындаған қайшъшықтар деп есептейді. Экономикалық дағдарыс жиынтық ұсыныс пен жиынтық сұраныстың айтарлықтай өзгеріске ұшырауын көрсетеді. Сондықтан да дағдарыс қоғамдық өңдірістің даму процесінде тепе-теңдікдің бұзылу нәтижесі емес, қайта ұлттық экономиканың теңгерілуіне және теңсалмақтылықтың орындалуына әкелетін құбылыс.

Маркстік концепцияда дағдарысты капитал ұдайы өңдірісімен байланыстырып, негізгі қайшылық өңдірістің қоғамдық сипаттамасы және капиталистік өзіндік иелену, өңдіріс құрал-жабдығына капиталистік жеке меншік формасында қарастырылды.

Кейнсиандық теория ауытқу жүйесін нарықтық механизм теңдігінің элсіздігі деп және осыдан туындайтын өңдіріске мемлекеттін араласуын қолдады. Осындай кезқарастардың коп болуы экономикалық циклдің күрделілігі мен маңыздылығына байланысты.

Қазіргі экономикалық теорияда цикл себебін келесі тәсілдермен түсіндіреді: 1-тәсіл - сыртқы фактормен; 2-тәсіл - ішкі фактормен; 3-тәсіл - синтезді көзқараспен түсіндіреді. Міне, енді осы көзқарастарға толығырақ тоқталайьщ.

Сырткы факторлар. Сыртқы факторларға экономикалык жүйеден сырт болатын факторлар жатқызылады. Олар халық санының өзгеруі, соғыс, революция және басқа саяси күйзелістер мен қақтығыстар, жаңа аумақты игеру, алтынның, уранның, мұнайдың және басқа да жаңа кен байлық көздерінің ашылуы,

технология мен инновациядағы жаңалықтар. Сыртқы фактор дың әсерінен болатын экономикалық циклді түсіндіретін теории экстриалды деп атайды.

Ішкі факторлар. Ішкі факторлар ішкі жүйеде болатын құбылыстар. Оған жататындар: тұтыну, инвестициялау және үкімет саясаты. Экономикалық жүйенің өзіне тән ішкі факторлардың әсерінен болатын экономикалық циклді түсіндіретін теорияны интериалды теория деп атайды.

Синтездік көзқарас - бұл цикл негізінде сыртқы және ішкі факторлар жинақталып қаралады.