Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экономикалық теория пэні жоғарғы оқу орындарынд....doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
23.12.2018
Размер:
474.62 Кб
Скачать

2. Макрожүйенің негізгі элементтері

Макрожүйенің негізгі элементтері: жиынтық өндіріс - бұл сан алуан игіліктерді өндіретін кәсіпорындардың жалпы жиынтығы;

  • жиынтық қоғамдық өнім - бұл белгілі бір кезеңде өндірілген игіліктердің барлық сомасы;

  • жиынтық тұтыну - бұл қоғамның барлық мүшелерінің тұтынуының жалпы сомасы.

Бұл аталған үш элемент макроэкономиканың құрылымын құрайды және осы әлементтер арасында тікелей байланыс бар. Оның мәні мынада: қоғамдық өндіріс қоғамның барлық қажеттіліктерін қанағаттандыратын жиынтық қоғамдық өнім құру үшін әрекет етуі тиіс.

Бірақ та, осы элементтердің арасында кері байланыс та бар: жиынтық тұтынудың өсуі жиынтық қоғамдық өнім құрылымының өзгеруіне әсер етеді, бұл өз кезегінде қоғамдық өндірістегі құрылымдық өзгерістердің жүзеге асырылуына мүмкіндік береді.

Осы тура не кері байланыстарды айқындау арқылы макроэкономикалық реттеудің негізгі мақсатын анықтауға болады. Бұл ұлттық экономиканы пропорционалды дамытуды қамтамасыз етеді.

Нақтылап айтқанда, мына төмендегілердің көлемдерінің тепе-теңдігін қамтамасыз ету қажет:

-барлык игілік өндірістерінің;

-жиынтық қоғамдық өнімінің;

- қоғамның жиынтық тұтынуының.

Мұндай тепе-теңдікті қамтамасыз ету үшін бірмезгілде мына құрылымдардың бір-бірімен өзара қатынасын қамтамасыз ету қажет:

  • қоғамдық өндірістің (оның салалық құрамын); -жиынтық қоғамдық өнімнің (оның игілік түрлеріне бөлінуі);

  • қоғамдық тұтынудың (олардьщ әр алуан түрлеріне бөлінуі). Демек, мәселе

макроэкономиканың пропорционалдық дамуының объективті экономикалық

заңы туралы болып отыр. Бұл заң адамдардың қалауы мен сана-сезіміне тәуелсіз. Объективтік заң: халық шаруашылығы жүйесінің тұрақты дамуы өндірістің, қоғамдық өнім мен тұтынудың жиынтық көлемінің бір-бірімен өзара қатынасын тұрақты қолдау қажеттілігін талап етеді.

Макроэкономиканың пропорционалдық даму заңының бұзылуы мынадай макроэкономикалық теңсіздік түрлерінен көрінеді:

а) құрылымдық дағдарыстардан (өндіріс пен жиынтық тұтынудың әлементтік құрамының сәйкессіздігі);

б) экономикалық дағдарыстардан (барлық өндіріс көлемінің төлем қабілеті бар тұтынудың жиынтық көлемінен асып кетуі);

в) жалпы жұмыссыздық (еңбек рыногындағы тауар ретіндегі жұмысшы күшіне сұраныстың ұсыныспен салыстырғанда төмендеп кетуі);

г) инфляция (ақша ұсынысының сұраныстан асып кетуі).

Өнімнің айырбас құны нарықтық экономика жағдайында шаруашылық пропорциясының өзара байланысының ерекше пішіні болып қызмет етеді. Сондықтан нарықтық экономикада халык шаруашылығының пропорционалды даму зады ерекше пішінде -макроэкономикалық ұсыныс пен макроэкономикалық сұраныс заңы ретінде көрінеді.

Макроэкономикалық сұраныс - барлық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатып алуға дайын коғам мүшелерінің қолындағы ақша сомасы. Жиынтық сұраныс көлемі келесідей факторларға тәуелді:

  • баға деңгейіне;

  • халықтың табысына;

-табыстарды тұтынуға (ағымдағы сұраныс) және қордалауға (болашаққа қалдырылған сұраныс) бөлінуі;

  • салықтарға (мемлекетке бөлінген табыстардың бір бөлігі);

  • мемлекеттік сатып алулар (мемлекеттік сұраныс);

  • несиелік мекемелер тарапынан ақша ұсынысы.

Макроэкономикалық ұсыныс тауарлар мен қызмет көрсетулер бағаларының сомасы, тауар өндірушілердің оларды барлық тауар сатып алушыларға сатуы.

Жиынтық ұсыныс көлемі мынадай факторлармен анықталады:

- нарықтық баға деңгейі;

-елдегі өндіріс көлемінің әлеуетті мүмкіншілігі;

  • өнімді өндіру шығындарының деңгейі;

  • оны өндірудің коммерциялық пайдалылығы.

Макроэкономикалық сұраныс және макроэкономикалық ұсыныс арасында белгілі бір өзара қарым-қатынас бар. Сонымен, жиынтық сұраныс құрылымы (барлық төленген сұраныстар) жиынтық ұсыныс құрылымына (барлық сатылған тауарлар мен қызмет көрсетулер) әсер етеді де, нәтижесінде ұлттық өндіріс құрылымына әсер етеді (қоғамның төлем қабілеті бар сұранысын қанағаттандыру үшін қажетті шаруашылық қызметінің барлық саласы мен түрлерінің сомасы). Сондай-ақ кері байланыс та әрекет етеді:

  • барлық өндірістің құрылымы көбіне жиынтық ұсыныс құрылымына негізделеді және

нарық арқылы барлық әр түрлі сатып алушы сұранысын анықтайды.

Барлық нарықтық шаруашылық деңгейіндегі реттеу объектісі макроэкономикалық сұраныс пен макроэкономикалық ұсыныс болып табылады.