- •«Криминалистика негіздері»
- •Алматы 2011 ж.
- •1.Криминалистика пәні, міндеттері және жүйесі.
- •2.Қылмыстың криминалистік сипаттамасы
- •3.Криминалистикалық ұқсату (идентификация) және диагностика
- •4.Криминалистиканың арнаулы әдістері мен жалпы ғылымдық әдістері
- •5.Криминалистік техника Криминалистік техниканың жалпы ережелері
- •6.Криминалистік фотография. Қылмысты тергеу мен ашудағы бейнежазу.
- •7.Тергеу болжаулары және тергеуді жоспарлау
- •8.Трасология. Трасологиялық ізтану.
- •9.Криминалистік қару-жарақтану. Құжаттарды криминалистік зерттеу.
- •10.Адамның сыртқы белгілеріне қарап ұқсастыру
- •11.Криминалистік тіркеу және криминалистік техникадағы басқа да тергеу бағыттары
- •12.Криминалистік тактиканың жалпы ережелері.
- •13.Тергеу қарауының тактикасы
- •14.Тергеу экспериментінің тактикасы
- •15.Оқиға орнындағы айғақтарды тексеру және нақтылау тактикасы. Тінту және алу тактикасы.
- •16.Жауап алу және беттестіру тактикасы
- •17. Таныту үшін көрсету тактикасы. Сараптама жүргізу және оның мәні.
- •18.Қылмыстың жеке түрлерін тергеу әдістемесі Криминалистік әдістемесінің жалпы ережелері.
- •19.Кісі өлтіру мен зорлауды тергеудің әдістемелері.
- •20. Алибиді зерттеу әдісі
- •21.Өтірікпен байланысты оқиғаларды тергеу әдісі
- •22.Өзін кінәлаумен байланысты жағдайларды тергеу
- •23.Жалған көріністі (жасағансу) табу мен әшкерелеу
- •24. Бөтен мүлікті өз иелігіне өткізуді немесе жұмсап жіберу барысындағы тергеу әдістемесі.
- •25. Қарақшылықпен шабуыл жасауды және тонауды тергеу әдістемесі.
- •26. Ұрлықты тергеу әдісі.
- •27. Алаяқты тергеу әдісі.
- •28. Пара алушылықты тергеу
- •29. Есірткі заттарын немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз айналымға түсірумен байланысты қылмыстарды тергеу әдісі.
- •31. Өртеудің немесе өртке қарсы қауіпсіздік тәртібін қылмыстық жолмен бұзудың, сондай-ақ жарылыс деректері бойынша қозғалған қылмыстық істерді тергеу әдісі.
- •32. Бұзақылықты тергеу әдісі.
- •33. Салық қылмыстарын тергеу әдісі.
- •34. Топтық және ұйымдастырылған қылмыстарды тергеу ерекшеліктері.
- •35. Криминалистика пәнінен тест сұрақтары
- •Дәрістер жинағын құрастыруға пайдаланылған норматитік актілер мен оқу құралдары
- •Мазмұны
10.Адамның сыртқы белгілеріне қарап ұқсастыру
1. Габитоскопия ұғымы
2. Адамның сырт бейне бөлшектері мен белгілерінің жүйесі
3. Адамның сырт бейнесінің көрінісі
Криминалистикалық габитоскопия – адамның сырт келбетінің әртүрлі көріністе сақталып қалу заңдылықтарын зерделейтін және қылмысты ашу, тергеу және оның алдын алу мақсатында адамның бет келбеті туралы деректерді жинау, зерттеу және пайдалану әдістері мен техникалық
Криминалистика негіздері 50
криминалистік тәсілдерді құрастырушы криминалистік техниканың саласы.
Әр адамның өзіне ғана тән, жеке әрі қайталанбайтын бет әлпеті бар екені сөзсіз. Адамның өмір бойы өзгеруіне қарамастан оның бет келбетінің белгілері тұрақты сақталады. Адамның сырт бейнесінің белгілі бір өзгеруі оны криминалистік тәжірибеде пайдалануға кедергі болмайды, өйткені адамның сырт бейнесінің өзгеруі заңдылықтары белгілі. Адамның сырт бейнесінің әр түрлі көріністе сақталу қасиеті: материалдық көріністе суретте, фото суретте және идеалдық көріністе – басқа адамдардың санасында қалатын сыртқы бейне туралы ақпаратты қылмысты ашу және тергеу тәжірибесінде қолдануға мүмкіншілік береді.
Адамның сырт бейнесі көзбен қабылданатын адам туралы мәліметтердің жиынтығы ретінде анықталады. Ондай мәліметтер қылмысты ашу және тергеу барысында, атап айтқанда мына міндеттері: ашылмаған қылмыс орнынан жасырынған белгісіз тұлғаларды іздеуде, егер олардың бет келбеттері туралы мәліметтер болса; тергеуден немесе соттан жасырынған немесе бас бостандығынан айыру орындарынан қашқан белгілі тұлғаларды іздеуде; хабар-ошарсыз кеткен тұлғаларды іздеуде; тірі тұлғалар мен өлген азаматтарды теңестіру үшін қолданылады.
2. Адамның сырт бейнесінің бөлшектері мен белгілерінің жүйесі адамның сырт бейне көріністерінің және олардың белгілерінің өзіндік ерекшелігінің негізінде жіктеу бағыныштылығын қарастырады. Жалпы бөлшектер мен олардың белгілері жалпы физиологиялық, анатомиялық және функционалдық болып бөлінеді.
Адамның сырт бейнесінің жалпы физиологиялық элементтеріне адам жынысы, жасы, антропологиялық түрі жатады. Адамның сырт бейнесінің анатомиялық элементтеріне оның денесінің бөлімін зерттеуде немесе қадағалауда ерекшеленетін жайлар жатады: дене бітімі тұтас, бас, бет,
Криминалистика негіздері 51
мойын, дақ, қатпаршақтар, әр түрлі зақымдар мен операциялар іздері. Сырт бейненің функционалдық элементтеріне адам жағдайы мен олардың элементтері жатады: кейпі, жүрісі, мимика, дыбыс шығаруда ерін қозғалыстары, күнделікті тұрмыс қылықтары, аранаулы қасиеттері.
3.Қылмысты ашу мен тергеуде қолданылатын адамның сырт бейне көрінісі субъективтік және объективтік түрлерге бөлінеді.
Адамның сырт бейнесі жайында ақпарат тасушы болып мыналар табылады: адамның есінде қалған ойдағы кейіп; сипаттау; субъективті портреттер; көрнекі көріністер; өлік бетінен алынған маскалар; сүйек қалдықтары; бас сүйек арқылы адамды анықтау.
Субъективтік көрініс сипаты:
ойдағы кейіп – кең таралған субъективтік көрініс болып табылады. Ол көптеген фактор әсерімен қалыптасады: адамның жынысы, жасы, мекен-жайы, антропологиялық түрі, мамандығы, көргенді есте сақтауы және т.б.
сипаттау сырт бейненің белгілерін көрсетумен негізделеді.
субъективтік портрет дайындалуы мүмкін, тек сонда ғана адамның ойындағы көріністі естіп қайталап айтып беруінен туындайды.
Объективтік көрініс сипаттамасы:
сурет құралы арқылы адамның сырт бейнесі туралы ақпарат толық және кең түсірілуі мүмкін;
маскалар мен жапсырмалар мәйіттің белгілі бір себептерден өлгені байқалған жағдайда сырт бейне белгілерін түсіру үшін қолданылады;
бас сүйек бойынша бетті өз қалпына келтіру адам сүйегінің қалдықтары табылғанда, сонымен бірге бас сүйектің жұмсақ жерлерінің бұзылуының сыртқы белгісі туралы ақпаратты тіркеу үшін қолданылады.
Криминалистика негіздері 52
Криминалистика негіздері 55