Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Криминалистика лекциялары.doc
Скачиваний:
666
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
5.05 Mб
Скачать

23.Жалған көріністі (жасағансу) табу мен әшкерелеу

  1. Жалған көрініс ұғымы

  2. Жалған көріністің әрекет құрылымы

  3. Жалған көріністің топталуы

  4. Жалған көріністің белгілері

  5. Жалған көріністі табу мен әшкерелеудің ерекшеліктері

1. Жалған көрініс – бұл сол іске қатысы бар тұлғамен оқиға болған жердегі деректемелі істерге сәйкес келмейтін жағдайды жасау болып ұғындырылады. (яғни бір нәрсені істеген болып теріс көрсетіп алдау).

2. Жалған көрініске байланысты әрекет құрылымы келесі операциялармен реттеледі:

- болашақ жалған көрінісі бар жағдайды анализдеу және бағалау;

- жалған көрініс жөнінде шешім қабылдау;

- жалған көріністің варианттарын қарау және одан да өзекті вариантты анықтау;

- жалған көрініс болатын жағдайдың ойша моделін жасау;

- жасалған моделді тасымалдау;

- көрсетілген оқиғаның және оның себептерінің растығын басқа тұлғаларға, сонымен бірге құқық қорғау органдары қызметкерлерін қоса сендіруге есептелген түсінікке дайындық;

Криминалистика негіздері 88

- жалған көріністі әшкерелу оқиғасына түсінік беруге дайындықты және тергеуді жүргізу қатарын анықтау.

3. Жалған көрініс әр түрлі негізде топталады:

1. Субъектісі бойынша :

а) қылмысқа қатысушылармен орындалуы;

ә) қылмыскердің сұрауы бойынша басқа тұлғалармен немесе өз ниетімен орындалуы;

б) қылмыскердің басқа тұлғалармен бірігіп орындалуы.

2. Орны бойынша:

а) оқиға болған жерде;

ә) қылмыстың болу барысында;

б) қылмыс болғаннан кейін;

3. Мақсаты бойынша:

а) қылмысты жабу;

ә) қылмыстық емес жағдайларды жабу;

б) басқа мақсаттарда.

4. Объектісі бойынша:

а) қылмыстың жалған көрінісі;

ә) қылмыстық емес сипаттағы құбылысты жалған көріністеу (жасағансу);

б) жүйелі жағдай оқиғасының кейбір элементтерін жалған көріністеу (жасағансу);

5. Мазмұны бойынша:

а) оқиға болған жердегі материалды іздердің жалған көрінісі;

ә) тергеу әрекетін жалған ақпараттаушы деректерді теріс жариялаушы осыған байланысты варианттарды жасау мен іске асыру және материалдық іздерді жалған көріністеу (жасағансу).

4. Оқиға болған жерді зерттеудегі пайда болған белгілерді жалған көрініске алу ретінде мыналар орындалады:

а) зерттелуші құбылыс өтірік емес, рас болған жағдайда көрінбейтін іздер оқиға болған жерден табылса;

ә) олардың жоқ кезінде табылмаған, іздері көрініске алу жағдайында қажеттілікпен пайда болуы тиіс;

Криминалистика негіздері 89

б) оқиға болған жерде табылған іздер, оларды жалған көрініске алу жағдайы үшін, іздер өзгеше сипатта болады, бірақ олардың жағдайы болған құбылыстағы жағдайына сәйкес келмейді.

5. Жалған көріністі табу мен әшкерелеу мақсатында анықталатындар:

- жалған көрініске байланысты оқиға жағдайын іске асыру (сипаты, уақыты, орны, жағдайға қатысушылары және т.б.);

- жалған көрініске алынатын жағдайдың сипаттамасы (түрлері, белгілері);

- жалған көрініске қатысушылар және әрқайсысының рөлі, олардың басшылық еткен мақсаттары мен себептері;

- жалған көріністі дайындау мен жүзеге асыру жағдайы (орны, уақыты, реттілігі жалған көріністі көрсететін тұлғалардың пайдаланатын заттары, материалдары);

- жалған көрініс салдары (уақытынан тыс қылмыстық іс қозғау, кінәсіз адамдарды жауапқа тарту);

- жалған көрініс жасаушының жауапты теріс берумен байланысты жағдайлары.