Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Криминалистика лекциялары.doc
Скачиваний:
666
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
5.05 Mб
Скачать

32. Бұзақылықты тергеу әдісі.

  1. Бұзақылықтың криминалистикалық сипаты

  2. Анықтауға жататын мән-жайлар

  3. Жалпы түрлі болжамдар

  4. Тергеудің бастапқы кезеңіндегі жағдайлар мен түрлі тергеу әрекеттері

  5. Тағайындалушы сараптамалардың түрлері

1. Қылмыстық заңның анықтамасы бойынша: бұзақылық, яғни қоғамды анық құрметтемеуін білдіретін, азаматтарға қарсы күш қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен не ерекше арсыздықпен ерекшеленген әдепсіз іс-әрекет жасаумен ұштасқан қоғамдық тәртіпті тым өрескел бұзушылық (ҚР ҚК 257 бап).

Криминалистика негіздері 113

Бұзақылық топ адамдармен алдын ала келіссөздермен ұйымдастырылған топпен; қоғамдық тәртіпті қорғау немесе қоғамдық тәртіпті бұзуды болдырмау міндеттерін атқарушы мемелекет өкіліне немесе өзге тұлғаға қарсылық көрсетумен байланысты, бұзақылық үшін бұрында сотталған тұлғамен жасалған әрекет немесе әрекетсіздік қарумен, қаруға ұқсас затпен қорқытып жасалынған істер болып табылады.

2. Бұзақылықты тергеуде мына мән-жайлар анықталуға жатады:

- сезіктімен қандай әрекеттер жасалынған, оларда бұзақылық белгілері бар ма және оның түрі қандай;

- бұзақылық әрекеттері қайда және кіммен жасалынған;

- бұзақылық басқа қылмыстарды жасаумен істелінді ме, істелінсе қандай қылмыстармен байланысты істелінген;

- бұзақылық әрекеттерді кім істеді, ұқсас әрекеттерді ол бұрын жасаған ба, бұрындары майда бұзақылық үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды ма, егер қылмыс топпен жасалса, әр қатысушының рөлі қандай;

- жәбірленушілер бар ма, олар кімдер, олар бұзақылық әректтерге жол берген жоқ па;

- материалды залал тиді ме, кімге және оның мөлшері қандай;

- бұзақылықтың болуына қандай мән-жайлар әсер етті.

3. Бұзақылықты тергеудің басында жалпы түрлі болжамдар қозғалады және тексеріледі:

а) сезікті қылмыскердің жазаланатын бұзақылық әрекет жасауы;

ә) сезіктінің әрекетінде бұзақылық құрамы емес, басқа қылмыс құрамының болуы;

б) сезіктінің майда бұзақылық жасауы.

4. Бұзақылықты тергеудің бастапқы кезеңінде мынадай түрлі жағдайлар пайда болады:

а) бұзақы оқиға болған жерде ұсталынған, жәбірленуші белгілі, куәлар мен қылмыс іздері бар. Бұл жағдайда тергеуші басында бұзақылық әрекеттерді тоқтату шараларын қолданулары тиісті.

Криминалистика негіздері 114

Қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылданғаннан кейін мыналарды жүзеге асыру керек: сезіктіні ұстау, оқиға болған жерді қарау, сезіктіні жауаптау, жәбірленушіні жауаптау, оның киімін қарау және куәгерлендіру, куәгерді жауаптау, сезіктінің тұратын жерін тінту, сараптамаларды тағайындау.

ә) бұзақы оқиға болған жерден қашып кеткен, бірақ оның сырт кейпі және басқа белгілері анықталған.

Бұл жағдайда тергеудің бастапқы кезеңінде келесі тергеу әдістерін жүргізуге болады: жәбірленушіні жауаптау, оның киімін қарау және куәгерлендірі, оқиға болған жерді қарау, куәгерлерді жауаптау. Тергеушінің негізгі мақсаты – бұзақыны анықтауға бағытталған ақпаратты жинау және қылмыстың болуымен байланысты мән-жайларды анықтау.

б) бұзақылық болған, бірақ бұзақы белгісіз.

Бұл жағдай алдыңғыдан қылмыстың мән-жайлары және қылмыскер туралы ақпараттың жоқтығымен ерекшеленеді.

Егер бұзақылық туралы ақпарат демде қылмыс болғаннан кейін түссе, онда оқиға болған жерді қарауы, жәбірленушіні, көрген куәларды жауаптауы керек, ал қылмыс белгілерін тапқан жағдайда қылмыстық іс қозғалады. Әдетте мұндай жағдайларда: арызданушы мен жәбірленушіні жауаптайды, сезіктінің киімін қарап, куәгерлендіреді, куәларды жауаптайды, сот сараптамасын тағайындайды, анықтаушы органдарына жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуді тапсырады.

5.Бұзақылықты тергегенде келесі сот сараптамалары жүргізіледі:

- жәбірленушінің сот-медициналық сараптамасы;

- заттық дәлелдердің сот-медициналық сарптамасы;

- сот-психиатриялық сараптамасы;

- сот-химиялық, биологиялық сараптамалар;

- криминалистикалық сараптамалар (трасологиялық, сот-баллистикалық, суық қару сараптамалары және т.б.).

Криминалистика негіздері 115