Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Криминалистика лекциялары.doc
Скачиваний:
666
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
5.05 Mб
Скачать

26. Ұрлықты тергеу әдісі.

      1. Ұрлықтың ұғымы, криминалистік сипаттамасы.

      2. Анықтауға жататын мән-жайлар.

      3. Қылмыстық іс қозғау ерекшеліктері.

      4. Тергеудің бастапқы және кейінгі кезеңіндегі әдеттегі жағдайлар және тергеушінің іс-әрекеттері.

1.ҚР ҚК 175-бабына сай, ұрлық бөтен мүлікті жасырын ұрлау болып ұғындырылады.

Криминалистика негіздері 96

Ұрлықтар немесе біреудің мүлкін жасырын ұрлау, ең кең тараған қылмыстарға жатады.

Ұрлық жасаудың тәсілдері әр түрлі. Олар мынадай тәртіпте жүйеленеді:

  1. Тұрғын жайларда ұрлық жасау.

  2. Тұрғын-жайға кірмей азаматтардың мүлігін ұрлау. Оларға қалта тонау, сөмкелерінен зат ұрлау т.б. жатады.

  3. Сенімге кіру арқылы ұрлық жасау.

  4. Көлік ұрлығы.

  5. Автокөліктен ұрлау – бұлар жиі кездесетін ұрлық тәсілдері.

Ұрлық жасау барысында қалдырылған қылмыскердің іздері әр түрлі болады және оларды ұрлықтың түрі мен оларды жасау тәсілдеріне байланысты болады.

Ұрлықты көбінесе кәмелетке толмағандар және арақ ішетін және есірткі пайдаланатын адамдар қаржат табу үшін жасайды. Статистика бойынша ылғи бір әдіспен ұрлық жасап сотталған адам жазасын өтеп шыққан соң дәл сол әдіспен ұрлық жасайды екен.

2. Ұрлық қылмысын тергеу барысында анықтауға жататын мән-жайлар ұрлықтың болған-болмағаны; ұрлық жасау уақыты, орны және жағдайлары; ұрлық заты (қылмыскер не ұрлады), оның құны, белгілері; ұрланған зат кімдікі; ұрлық жасау тәсілі; ұрлық субъектісі (кім жасады); ұрлықты қылмыстық топ жасады ма, егер солай болса – топтың әр мүшесінің кінәлілік деңгейі, ұрланған затты өткізу орны, уақыты және тәсілі, кінәлілердің жазасын жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар; ұрлықтың жасалуына мүмкіншілік берген себептер мен жағдайлар.

3. Ұрлық туралы қылмыстық істі қозғау негіздері: жәбірленушілердің арыздары; мемелекеттік немесе қоғамдық ұйымдардың лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ жеке мекемелер мен кәсіпорындары қызметкерлерінің осы құрылымдарға тиесілі мүліктің ұрланғаны туралы хабарлауы;

Криминалистика негіздері 97

куә адамдардың ұрлықтың белгісі бар фактілер туралы арыздары; тергеушінің өзінің немесе анықтау органының қылмыс белгілерін табуы. Әдете ұрлық белгілері бар оқиға туралы хабар алғаннан кейін алдымен мәлімдеушіден қысқаша жауап алу керек. Лезде сезіктілерді іздестіруді ұйымдастыру үшін жауап алуды неғұрлым аз уақыт алу керек. Егер жәбірленушінің мәлімдемесінде қайшылықтар болса немесе басқа себептермен күмән тудырса, қылмыстық істі қозғау туралы мәселені шешу үшін оқиға орнын қарайды.

4.Ұрлықты тергеу кезеңінде бастапқы үш түрлі тергеу әрекеттері айқындалынады.

а) ұсталынған, қылмыс жасаған сезікті тұлға.

Бұл тергеу жағдайында болған қылмысқа тұлғаның қатыстығын көрсететін дәлелдемелерді жинаумен қорытындыланыды. Тергеушінің келесі әрекет бағдарламасы ерекше: сезіктіні ұстау, жеке тінту, қажет болғанда куәландыру; оқиға болған жерді қарау; жәбірленушілерді немесе материалды жауапты тұлғаларды және куәларды жауаптау; сезіктіні жауаптау; сезіктінің тұрғын орнын тінту.

ә) қылмыс жасалды деп сезіктелген тұлға ұсталмаған, бірақ оның тұлғасы жайында анықталған дәлел бар.

Тергеудің негізгі бағыты болған қылмыс болған материалдық жағдайды зерттеу, сезіктелген тұлғалар, ұрланған мүлікпен немесе құнды заттар туралы дәлелдемелерді жинау мен бекіту және басқа қылмыс мән-жайларын анықтау болып табылады. Берілген жағдайда мынадай бастапқы тергеу әрекеттері негізгі мәселе бола алады: жәбірленушілерді немесе материалды жауапты тұлғаларды жауаптау; оқиға болған жерді қарау; куәгерлерді жауаптау; сот сараптамаларын тағайындау; жедел іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру;

б) қылмыс істеген тұлға жөнінде мәліметтердің құқық қорғау органдарында болмауы және жоқтығы.

Тергеуші әрекеттеріне жататындар: бұл жағдайда жоғарыда аталған тергеу әрекеттерінің басқа қылмыс істеген

Криминалистика негіздері 98

тұлғаны анықтауға; ұрланғанды іздестіру; қылмыстың болу тәсілі, оқиға болған жердегі табылған іздер, ұрланған заттардың белгілері туралы криминалистикалық тіркеуді және басқа іс-шараларды пайдалану арқылы тексеруді жүзеге асыруға арналған жедел-іздестіруші іс шараларын жүргізеді.

Сезіктіден (айыпкерден) жауап алу барысында, егер ол өз кінәсін мойындаса, келесі мән-жайларды анықтау қажет: қылмыстың мән-жайлары; ұрланған заттар қайда жасырылды; сезікті қылмысты өзі жасады ма, әлде сыбайластарымен бірге жасады ма; ұрланған заттарды ол қашан, кімге және қандай жағдайда өткізді; сатып алушы қандай ақша төледі (теңге ме әлде басқа валюта ма); сезікті ұрланған заттарды өткізу нәтижесінде қандай сомаға ие болды; кім оның айтқанын дәлелдей алады, т.б. Сонымен қатар жауап беруші адам бұрын ұрлық жасаған, жасамағанын анықтау қажет.

Егер жауап беруші ұрлық жасағанын мойындамаса, оған қылмыс жасалған кезде ол қайда болғанын, не істегенін айту және оның сөздерін дәлелдейтін адамдарды атауды ұсыну керек.

Келесі кезеңде ұрлық туралы істер бойынша куәгерлер ретінде мекеме, кәсіпорын және ұйым бастықтарынан; ведомстводан тыс күзету күзетшілерден, жеке күзетшілерден; аула сыпырушылардан; комиссиялық дүкендер мен сатып алу пункті қызметкерлерінен және жасалған қылмыспен байланысты мән-жайларды білетін басқа да тұлғалардан жауап алған жөн болады. Анықталатын мән-жайлар жәбірленушіге қойылатын сұрақтармен сәйкес болады.