Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Криминалистика лекциялары.doc
Скачиваний:
666
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
5.05 Mб
Скачать

3.Криминалистикалық ұқсату (идентификация) және диагностика

  1. Ұқсатудың ұғымы, шарттары және объектілері.

  2. Ұқсату түрлері.

  3. Криминалистикалық диагностика және оның кезеңдері.

1.Ұқсату берілген объектіні ізделінуші болып табылатындығы туралы мәселені шешу мақсатындағы объектінің жалпы және ерекше белгілерінің жиынтығы бойынша жекешелігін немесе ерекшелігін анықтайтын құбылыс.

Негізгі шарттары:

  1. Криминалистикалық ұқсату объектілерінің жеке өзіндік анықтылығы, объектілерді сипаттайтын тұрақты белгілерінің болуы.

  2. Салыстырылатын объектілерді тұрақты белгілерінің көрінісі бойынша криминалистикалық ұқсатуды жүзеге асыру.

  3. Қылмысты ашу мен тергеу және істі сотта қарастыру процесіндегі криминалистикалық ұқсатуды қолдану.

Ұқсату процесінде екі түрлі объект қатысады:

    1. ұқсасталынатын объект – ол ерекшелігі анықталатын объект

Криминалистика негіздері 9

ұқсастырылушы объект – ол арқылы ерекшелік анықталады. Ұқсасталынатын объект біреу, ал салыстырушы

    1. объект бінеше болуы мүмкін. Ұқсастырылушы объектілердің екі түрі бар – пайда болуы белгілі және белгісіз.

2.Криминалистикада ұқсатудың 4 түрі белгіленеді:

1. Материалды тіркелген белгі көріністері бойынша ұқсату.

2. Жалпы пайда болу белгілері бойынша ұқсату.

3. Адам есінде қалған ойша бейне бойынша ұқсату.

4. Белгілерді сипаттау бойынша ұқсату.

«Криминалистік ұқсату» теримині үш мағынада қолданылады:

А) зерттеудің мақсаты, міндеті және қорытындысы;

Ә) ұқсастықты, тепе-теңдікті табу үшін орындалатын әрекеттер жүйесі

Б) криминалистиканың жалпы теориясының құрамына кіретін жеке ғылыми теориялық тұжырымдама.

Криминалистік ұқсатуда бір заттың қасиетін, табиғатын анықтау үшін екінші затты қажет етеді. Мысалы, оқиға болған жерден кілт табылса, оны сәйкес құлыппен теңестіреміз, есіктің жақтауынан табылған қол іздерімен терезенің жақтауынан табылған қол іздерін салыстырамыз. Осылайша кілттің құлыпқа сәйкес келетітін, ал қол іздерінің бір адамға немесе басқа адамға тиесілі екенін анықтаймыз.

  1. Криминалистикалық диагностика – бұл салыстырумен байланысы жоқ белгілі бір деректің, құбылыстың, объект құрамының мәнін жүргізуші тұлғамен анықтау немесе іс бойынша тергеумен байланысты мәселелерді шешу үшін топтық тиістілікті бекіту. «Диагностика» термині грек тілінен аударғанда анықтау, ақ-қарасына жету деген мағынаны білдіреді. Біз диагностика деген сөзді көбінесе медицинада және техника жөндеу орталықтарынан естиміз. Медицинада адамның немесе жануардың қай жері ауырып тұрғанын диагноз қою арқылы анықтаса, автомобиль ісінде де диагностикалық тексеру арқылы көлік құралының ақау жерін

Криминалистика негіздері 10

анықтап береді. Тура сол сияқты криминалистикада да оқиға болған жерден табылған затқа диагостика жасау арқылы оның қасиетін анықтайды. Диагностиканың салыстырудан, яғни ұқсатудан айырмпшылығы, мұнда бір заттың қасиетін анықтау үшін екінші заттың қажеті жоқ.. Мәселен, адамның жазуына қарап, оның жынысын, жас шамасын айыру; атыс қаруының оғына қарап, оқ атылған уақытты пайымдау; аяқ киімінің ізіне қарап, иесінің бойының биіктігін анықтау т.с.с.

Диагностика объектінің өзінің немесе көрінісі зерттелуінен тәуелсіз, объектінің белгілерін зерттеуге негізделген. Белгілердің ақпараттық жақтарына негізгі көңіл бөлінеді. Диагностикалық зерттеулер объектінің құрамы мен жағдайын анықтау бойынша оның жағдайын анықтап қана қоймай, объектінің өткен жағдайын, сонымен бірге іздердің қалу әдісін және ол арқылы қылмыскердің әрекет бағытын айқындайды.

Диагностикалық зерттеулер келесі мақсаттарда жүзеге асады: объектінің берілген сипаттамасына сай (сай емес) құрылымдары мен жағдайларын анықтау үшін, әрекет жағдайларын зерттеу үшін, болған оқиға арасындағы себепті байланыстарын бекіту үшін.

Диагностикалық зерттеулерді 3 кезеңге бөлуге болады: 1. объектінің тұрақты зерттеудегі құрамы мен жағдайын анықтау.

2. объектінің құрамы мен жағдайын көрініс бойынша анықтау. 3. интегративтік диагностика, толық жағдай анализі.