Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Криминалистика лекциялары.doc
Скачиваний:
666
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
5.05 Mб
Скачать

27. Алаяқты тергеу әдісі.

  1. Алаяқтың ұғымы және пәні

  2. Анықтауға жататын мән жайлар

Криминалистика негіздері 99

  1. Алаяқтықты жасау тәсілдері

  2. Бастапқы тергеу кезіндегі түрлі жағдайлар мен тергеу әрекеттері

  3. Алаяқтықты тергеудегі тағайындалатын сараптама түрлері

1. Алаяқтықтық – бұл бөтен мүлікті ұрлау немесе бөтен мүлікке құқықты алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы алу. (ҚР ҚК 177 бап).

Алаяқтық әрекеттерді істегенде, қылмыстық қол сұғудың пәні болып ақша, өндірістік тауарлар, бағалы қағаздар, зергерлік бұйымдар және т.б. табылады.

2. Қылмыстық істерді берілген дәрежесі бойынша дәлелдеуге жататын жағдайлар қатарына мыналар жатады:

- алаяқтық орынға иеленді ме?

-алаяқтықтың орны, уақыты, шарты, тәсілі; қылмысты білген, көрген кім?

-қылмыстық ойдың болуы;

-алаяқтықтың пәні (нені иеленген) алаяқпен қанша мөлшердегі ақша заңсыз түрде алынған;

- алаяқтық кімге қатысты істелінген (мемелекеттік немесе қоғамдық ұйым, коммерциялық құрылым, жеке тұлға);

- қылмыскердің тұлғасы туралы деректер (жұмыс орны, еңбек мінездемесі, сотталғандығы, дәлелі және т.б.);

- алаяқтық қылмыстық топ және оның әр жердегі қатысқан басқа тұлғалар туралы деректер (құрамы, саны, техникалық жабдықталуы, мамандануы және т.б.);

- жәбірленушінің тұлғасы (алаяқпен қатынасқа түсу мән-жайлары туралы деректер);

- алаяқтықты істеуге ықпал ететін мән-жайлар.

3. Алаяқтықты істеудің негізгі тәсілдері дәстүрлі және қазіргі заманға лайықты болып бөлінеді:

Дәстүрлі тәсілдерге мыналар жатады:

а) дәстүрлі және басқа да құрамалы ойындарда алдау

Криминалистика негіздері 100

ә) жасанды асыл бұйымдарды сату

б) ақшалық және заттық «қуыршақты пайдалану»

в) ақша купюраларын эквивалентсіз аудару

г) бақылаушы және құқық қорғау органдары өкілдері түріндегі таңдау.

Қазіргі заман тәсілдеріне мыналар жатады:

а) жасанды құжаттармен банктік кредиттерді алу

ә) тұрғын қаражаттарын өз иелігіне өткізу салдарымен өтірік фирмаларды құру

б) тұрғын үймен заңсыз мақсаттағы мәміле

в) банкоматтардан ақша алу немесе сауда мекемелерімен тауар алу үшін бөтен немесе жасанды пластикалық карточкаларды пайдалану

г) ақша ауыстыруда шетел төлқұжаттарын, визаларды, акцияларды сатуды және бағалы қағаз туындыларын жасауда алдау

4. Алаяқтықты тергеу бастапқы кезіндегі мазмұны қалыптасқан тергеу жағдайына байланысты ондай жағдайларды берілген іс дәрежесіне байланысты қылмыскердің тұлғасы туралы деректемелердің болуы негізіне жатқызып 4 түрін бөлуге болады.

а) алаяқ белгілі, оның алаяқтық әрекеттерінде немесе одан кейін ұсталынуы.

Бұл жағдайда тергеудің мынадай реті тән: сезіктіні жеке тінту мен оны жауаптау; тінтудегі алынған заттық дәлелдемелерді қарау; оқиға болған жерді қарау; жәбірленуші мен куәгерді жауаптау.

б) алаяқ белгілі, бірақ ол тығылып жүр. Келесі тергеу әрекеттері жүргізіледі: жәбірленушіні, куәгерді жауаптау; заттық дәлелдерді қарау, сезіктіні іздестіруге ішкі істер органдарының бөлінуі; жедел іздестіруші іс-шараларды ұйымдастыру; сезіктінің тұлғасын білу, оның болатын орны бойынша шаралар қолдану.

Криминалистика негіздері 101

в) алаяқ белгілі, бірақ оның әрекеттері заңды мәліметтер түрінде көрсетіліп тұр. Мұндай жағдайға сезіктімен жүргізілген операциялардың қатарына қосатын сипаты мен құқық негізін зерттейді; алаяқтық мәмілелерді жүргізетін құжаттарын алу; оған қатысты лауазымды тұлғаларды анықтау жәна жауаптау; ұқсас операцияларды регламенттейтін заңдарды оқу; мүлікті, ақшаны және фирма құндылықтарын іздестіру; оның банктік шарттарын қамауға алу.

г) алаяқ белгісіз.

Бұндай жағдайда тергеуші мынаны ұйымдастырады: субъективті портретті құрау; криминалистикалық тіркеу бойынша тексеру; жедел іздестіруші іс-шараларды жүргізу.

5. Алаяқтық туралы істерді тергеуге жүргізілетін сот сараптамасының кешені, алаяқтық тәсілі мен оны анықтауға жататын көлемді мән-жайларға байланысты. Қылмыскерді әшкерелеу үшін: сот-физикалық сараптамасы (материалды тану); сот-бухгалтерлік сараптамасы; сот-химиялық сараптамасы; сот-тауар танымдық сараптамасы, сот-математикалық сараптамасы, криминалистикалық сараптама (дактилоскопия, трасология, қол жазба танушы және т.б.) жүргізіледі.