Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Криминалистика лекциялары.doc
Скачиваний:
666
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
5.05 Mб
Скачать

25. Қарақшылықпен шабуыл жасауды және тонауды тергеу әдістемесі.

  1. Тонау мен қарақшылықтың криминалистік сипаттамасы.

  2. Анықтауға жататын мән-жайлар.

  3. Қылмыстық іс қозғау ерекшеліктері.

  4. Бастапқы тергеу этабындағы түрлі жағдайлар мен тергеу әрекеттері.

  1. Тонау мен қарақшылық қоғамға өте қауіпті қылмыстар болып саналады, өйткені олар жәбірленушілерге материалдық зиян келтіріп қана қоймай, олардың өмірі мен денсаулығына қастандық әрекет жасаумен байланысты болады. Сондай-ақ қарақшылық шабуыл мен тонауды, олардың негізінде

Криминалистика негіздері 93

баскесерлік шабуылдар, қорқытып алушылық және т.б. қылмыс жасайтын қылмыстық құрылымдар қалыптасатын топтар жиі жасайды.

Тонау – бөтен мүлікті ашық ұрлау (ҚР ҚК 178 бап). Қарақшылық, яғни бөтен мүлікті ұрлау мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе тікелей осындай күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау (ҚР ҚК 179 бап).

Тонау мен қарақшылық шабуылдың көпшілігі азаматтардың жеке мүлкін тартып алу мақсатында және әдетте арнайы дайындықсыз жасалады.

Тонау мен қарақшылық шабуыл барысында із қалыптастыру тетігінің бірқатар ерекшеліктері болады. Әдетте оқиға болған жерде қылмыс іздері мен басқа да заттай дәлелдемелер өте аз қалады. Көзімен көрген адамдар тонау немесе қарақшылық шабуылды толық бақылай алмайды, яғни олар жауап алған кезде болған оқиғаның кейбір жерлерін ғана айтып береді және көп жағдайда көз көрген куәгерлер тіптен болмайды.

Тонау мен қарақшылық жасайтын адамдар көбінесе жұмыс істемейді, адамгершілікке жат өмір сүреді, үнемі маскүнемдікке салынады, есірткі пайдаланалы. Олардың денін бұрын сотталғандар құрайды.

2.Тонау мен қарақшылық шабуыл жайлы іс бойынша анықтауға келесі мән-жайлар жатады:

  1. тонау немесе қарақшылықтың орын алған-алмағаны;

  2. тонау немесе қарақшылық жасау тәсілі: егер қарақшылық жасалса, жәбірленушіге қатысты қолданылған күш көрсету неден байқалады;

  3. қылмыс қашан, қайда және қандай жағдайда жасалынды;

  4. тонау немес қарақшылық нәтижесінде не ұрланған, ұрланған зат кімге тиесілі, ұрланған заттың бағасы қанша;

Криминалистика негіздері 94

  1. қылмысты кім жасады; егер оны топ жасаса, топқа кімдер кіреді, әрбір қатысушының ролі қандай;

  2. жәбірленуші кім, қарақшылық шабуыл жағдайында жәбірленуші денсаулығына зиян келді ме, оның сипаты мен ауырлық дәрежесі қандай, ұрланған затты жасыруға көмектесетіндер немесе жасырушылар болды ма, нақты кімдер;

  3. қылмыс нәтижесінде келген жалпы материалдық зиян қандай, тонау немесе қарақшылық шабуыл жасауға қандай жағдайлар мүмкіндік туғызды.

  1. Тонау мен қарақшылық жайлы қылмыстық іс қозғау үшін жиі себеп болып табылатындар: жәбірленушілердің немес олардың туыстарының арыздары; мемлекеттік, қоғамдық немесе жеке ұйымдардың лауазымды тұлғаларының, осы ұйымдарға жататын мүлікті ашық түрде ұрлап кету фактілері туралы немесе мүлікті тартып алу мақсатында олардың қызметкерлеріне шабуыл жасалғандығы туралы хабарлауы; медицина мекемелерінің шабуыл жасау нәтижесінде жәбірленген адамдарға көмек көрсеткені туралы хабарлауы; көзі көрген тұлғалардың тонау немесе қарақшылық шабуыл белгілері деп табылатын фактілер туралы арыздары; тергеушінің өзінің немесе анықтау органдарының қылмыс белгілерін табуы.

Әдетте тонау немесе қарақшылық белгілері бар оқиға туралы хабар алғаннан соң арызданушыдан жауап алынады. Егер арызданушы жәбірленуші болмай, көзі көрген немесе тиісті мекеме, кәсіпорын не болмаса ұйым әкімшілігінің өкілі болса, онда жедел түрде оқиға болған жерді күзетке алу шараларын қолдану, жәбірленушіні анықтау және одан оқиғаның мән-жайын анықтау қажет.

4.Тонау мен қарақшылықты тергеудің бастапқы кезеңінде көбінесе мынадай түрлі тергеу жағдайлары қалыптасады:

Криминалистика негіздері 95

а) тоналағн немесе қарақшылық шабуыл жасаған сезікті тұлға қылмыс болған жерде немесе оның болуынан кейін ұсталуы.

Осы жағдайда тергеудің әрекет жоспары мынадай: сезіктіні ұстау, оны жеке тінту, қажет болған жағдайда куәгерлендіру, жәбірленушіні жауаптау, қажет болған жағдайда оның киімін қарау және куәгерлендіру, оқиға болған жерді қарау, сезіктіні жауаптау, сезіктінің тұрақты мекен-жайын тінту, көрген куәгерлерді жауаптау, сот-медициналық, криминалистикалық және басқа сараптаманы тағайындау.

б) қылмысты жасаған сезікті тұлға ұсталған жоқ, бірақ тергеушіде оны іздестіру мен ұстауды шешетін дәлел бар.

Бұл жағдайда бастапқы тергеу әрекетінің реті мынадай: сезіктіні жауаптау, куәландыру және киімін қарау, оқиға болған жерді қарау, куәгерді жауаптау, сот сараптамаларын тағайындау, жедел-іздестіру шараларын жүргізу.

в) қылмыс істеген тұлға туралы мәлімет құқық қорғау органдарында жоқ.

Бұл жағдайда тергеу әрекетінен басқа жоғарыда аталған сезікті тұлғаларды анықтаумен ұрланған затты іздестіруге бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары қолданылады.