Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Криминалистика лекциялары.doc
Скачиваний:
666
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
5.05 Mб
Скачать

13.Тергеу қарауының тактикасы

  1. Тергеу қарауының жалпы ережелері

  2. Оқиға болған жерді қарау тактикасы

  3. Тергеулік қараудың басқа түрлерін жүргізу.

1.Тергеу қарауының мақсаты – іздер мен заттай дәлелдемелерді таладау арқылы қылмысты тіркеп, ашуға мүмкіншілік беретін дәлелдемелерді табу және бекіту.

Криминалистика негіздері 61

]Қандай да болмасын қылмыстық істе заттай дәлелдемелер болады және олардың біреуі де алдын ала қараусыз іс материалдарына тіркелмейді. Сондықтан криминалистер оқиға орнын және сонда табылған объектілерді қараудың аса маңыздылығына ерекше көңіл бөледі.

Қылмыстың ашылмауының себептерінің бірі – оқиға орнын сапасыз және ұқыпсыз қарауы, нәтижесінде қылмысты ашудың кілті болып табылатын маңызды дәлелдемелер жоғалып қалады.

Тергеу тәжірибесінде қараудың мынадай түрлері қолданылады: оқиға болған жерді қарау; өлікті қарау; іздерді және жеке заттарды қарау; құжаттарды қарау және т.б.

Тергеу қарауының негіздері ҚР ҚІЖК-нің 222-бабында көзделген.

Оқиға орнында әр түрлі заттар, құжаттар, жәбірленушілердің мәйіттері табылып жатады. Орыннның өзі мекен-жай учаскесі не тұрғын жай болады. Бұл жағдайда оның жабдықтарын құрайтын бүкіл объектілерге қарай бір тергеу әрекетінің шеңберінде жүргізіледі. Ол қарауды жүргізудің келесі жалпы айла-тәсілдерін бөлуге мүмкіндік береді: қарауды дара басқару; қараудың уақыттылығы; объективтілігі; толықтылығы және жан-жақтылығы; жоспарлылығы; криминалистік техникалық құралдар мен әдістерді, мамандар мен жедел қызметкерлер көмегін пайдалану; қаралатын объектілерді ұстай білудің криимналистік ережелірін сақтау.

Дара басқару, терегу әрекеті әр түрлі қызмет атқаратын көп тұлғалар тартылатын күрделі іс жүргізу әрекеті болғандықтан қажет етеді. Қараудың уақыттылығы деп жасалған қылмыс туралы хабар келгенде тергеушінің оқиға орнына еш кідіріссіз жетуін айтады. Қараудың объективтілігі барлық объектілерді табылған қалпында зерттейді және бекітеді, сонымен қатар тергеушінің немесе басқа да тергеу әрекетіне қатысушылардың тұжырымдары мен пікірлерін хаттамада көрсетуді көздейді. Қараудың толықтылығы мен жан-жақтылығы қылмысқа

Криминалистика негіздері 62

қатысты оқиға орнында табылған бүкіл заттар мен іздер табылып, зерттеліп, хаттамада егжей-тегжей көрсетіліп, фотосурет немесе бейнежазба арқылы бекітілуін қамтамассыз етуі. Қараудың жоспарлылығы нақты әрекеттердің шеңберімен кезектілігін анықтаудан, қолда бар күш пен құралды бөлуден тұратын тергеушінің және басқа да қарауға қатысушылар әрекетінің кезектілігін дұрыс анықтауды қамтиды. Жедел қызмет мүмкіншілігін пайдалану оқиға сипаты туралы, оған қатысты тұлғалар туралы, қылмыстық іс үшін маңызды объектілердің орны және белгілері туралы қосымша мәлімет алу үшін қажет.

Қарауға қатысушылар қатарына тергеуші, полиция қызметкерлері мен мамандардан басқа куәлар және сонда қарау жүргізетін мекемелер мен коммерциялық кәсіпорындар және ұйымдардың өкілдері жатады.

2. Оқиға болағн жерді қарау, терегудің бастапқы кезеңінде, қылмыстық іс қозғалмай тұрғанда-ақ жүргізіледі.

Оқиға болған жер дегеніміз – қылмыстың жасалған жері және де осы қылмыстың іздері табылған ашық алаң, пәтер, жеке үй және басқа да объектілер.

Оқиға болған жерді қарау дегеніміз – іздерді, айғақ заттарды іздеп табуға, оларды алып, бекітуге және зерттеуге бағытталған, сонымен қатар жасалған қылмыстың мән-жайын, оның болу механизмін анықтау мақсатымен кідіртпей өткізілетін заңда көрсетілген тергеу әрекеті.

Тергеуші оқиға болған жерге шықпай тұрып оқиға жөнінде хабар алысымен дайындық жұмыстарын жүргізеді: не және қайда болғанын анықтап, оқиға орнындағы жабдықтарды қорғауды қамтамассыз ету үшін оқиға орнын қорғау туралы жергілікті әкімшілік немесе полиция органына нұсқау береді және оларға оқиғаны өз көзімен көрген тұлғаларды анықтау қажеттілігі турады ескертеді; егер жәбірленушілер болса, оларға медициналық көмек көрсету туралы нұсқау береді, полиция қызметкерлері сезікті тұлғаларды ұстауға және болған

Криминалистика негіздері 63

оқиғаның зиянды зардаптарын болдырмауға шара қолданған-қолданбағанын анықтайды; тергеу портфелінің, фотоаппараттарының және қарау жүргізуге қажет басқа да құралдардың толық жинақталуын оқиға орнына шығу алдында тексеруге және қажетті мамандарды шақыртуға міндетті.

Оқиға болған жерді қарау екі кезеңге бөлінеді. Тергеу әрекеті оқиға болған жерді шолып қараудан басталады, бұл қараудың бірінші кезеңі. Оқиға болған жерді қараудың екінші кезеңінде жердегі әр объект бөлшек-бөлшегімен, жеке-жеке қаралып зерттеледі. Оқиға болған жерден алынған барлық айғақты дәлелдемелер бекітіліп, хаттамада белгілі бір кезекпен жазылады.

3. Мекен жерлерді қарау олар оқиға орны болғанда жүргізіледі.

Үй жайды қарау. Криминалистік маңызы бар деректер үй жайды, қызмет орнын, сауда, қойма және өндіріс орындарын, көрме залдарын т.б. қарау барысында алынуы мүмкін.

Заттарды қараудербес тергеу әрекеті ретінде келесі жағдайда жүргізіледі: олар оқиға орнын, жерін, жайда қарау, тінту барысында табылып, оларды қарау үшін ұзақ уақыт пен арнайы жағдайлар қажет болғанда; заттай дәлелдемелер ретінде табылуы мүмкін заттарды тергеушілерге жәбірленушілер, куәгерлер, сезікті немесе басқа тұлғалар ұсынғанда тергеуші оларды сараптық зерттеу үшін сақталуын қамтамассыз ете отырып, оларды өзінің жұмыс бөлмесінде қарайды.

Құжаттарды қарау оларды заттай дәлелдемелер немесе басқа құжаттар деп тануға, криминалистік маңызы бар мән-жайларды анықтауға мүмкіндік беретін белгілерді анықтау, талдау және бекіту үшін жүргізіледі.

Мәйітті қарау. Мәйітті сырттай тексеру тергеуші ҚР ҚІЖК-нің 224-бабына сәйкес куәгерлер көзінше сот-медицина сараптамасының, ол болмаса дәрігердің қатысуымен жүргізіледі. Қараудың мақсаты - өлу уақыты мен өлу тәсілін

Криминалистика негіздері 64

анықтау; терегеудегі іске қатысты тұлғалар туралы мәлімет алу, ал кей жағдайда жәбірленушінің тұлғасын анықтау.

Қарау келесі тәртіп бойынша жүргізіледі:

Қоршаған ортаны және табылған күйінде жатқан мәйіттің температурасы анықталады. Оның жынысы, жасы, бойы, дене құрылысы, толықтығы, шашының түсі көрсетіледі. белгісіз азаматтың мәйітін қарау барысында оның сыртқы бейнесі егжей-тегжейлі бекітіледі.

Куәландыру тергеулік қараудың ерекше түрі болып табылады. Оның мақсаты айыпкердің, сезіктінің, куәгердің немесе жәбірленушінің денесіндегі қылмыс іздерін, жеке белгілерін, зақымдарды анықтау, мастық күйін және қылмыстық іс үшін маңызды басқа да мән-жайларды анықтау. Куәландыру денесі мәжбүрлеп жалаңаштандырумен байланысты болып, жеке тұлғаның құқықтарын белгілі бір деңгейде қозғайтын болғандықтан, заң куәландырылатын тұлға үшін міндетті болатын арнайы қаулы шығаруды талап етеді. Егер куәландыру толық жалаңаштауды талап етсе, куәлардың жынысы сол тұлғамен бірдей болу керек. Терегуші басқа жынысты тұлғаның жалаңаш денесін қарамайды, оның нұсқауы бойынша аталған қарауды куәлардың көзінше дәрігер жүргізеді.

Куәландыру жүргізілгені туралы хаттама толтырылады. Табылған барлық іздер мен ерекше белгілер адам денесінің сызба нұсқасында белгіленеді және олардың көлемін сипаттау арқылы бекітіледі. Куәландыру барысында суретке түсіру мен бейнежазба жасау куәландырылатын тұлғаның рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.

Терегеуші анықталған фактілерді дәрігер мен куәлардың сөздері бойынша хаттамаға енгізеді.

Криминалистика негіздері 65