- •«Криминалистика негіздері»
- •Алматы 2011 ж.
- •1.Криминалистика пәні, міндеттері және жүйесі.
- •2.Қылмыстың криминалистік сипаттамасы
- •3.Криминалистикалық ұқсату (идентификация) және диагностика
- •4.Криминалистиканың арнаулы әдістері мен жалпы ғылымдық әдістері
- •5.Криминалистік техника Криминалистік техниканың жалпы ережелері
- •6.Криминалистік фотография. Қылмысты тергеу мен ашудағы бейнежазу.
- •7.Тергеу болжаулары және тергеуді жоспарлау
- •8.Трасология. Трасологиялық ізтану.
- •9.Криминалистік қару-жарақтану. Құжаттарды криминалистік зерттеу.
- •10.Адамның сыртқы белгілеріне қарап ұқсастыру
- •11.Криминалистік тіркеу және криминалистік техникадағы басқа да тергеу бағыттары
- •12.Криминалистік тактиканың жалпы ережелері.
- •13.Тергеу қарауының тактикасы
- •14.Тергеу экспериментінің тактикасы
- •15.Оқиға орнындағы айғақтарды тексеру және нақтылау тактикасы. Тінту және алу тактикасы.
- •16.Жауап алу және беттестіру тактикасы
- •17. Таныту үшін көрсету тактикасы. Сараптама жүргізу және оның мәні.
- •18.Қылмыстың жеке түрлерін тергеу әдістемесі Криминалистік әдістемесінің жалпы ережелері.
- •19.Кісі өлтіру мен зорлауды тергеудің әдістемелері.
- •20. Алибиді зерттеу әдісі
- •21.Өтірікпен байланысты оқиғаларды тергеу әдісі
- •22.Өзін кінәлаумен байланысты жағдайларды тергеу
- •23.Жалған көріністі (жасағансу) табу мен әшкерелеу
- •24. Бөтен мүлікті өз иелігіне өткізуді немесе жұмсап жіберу барысындағы тергеу әдістемесі.
- •25. Қарақшылықпен шабуыл жасауды және тонауды тергеу әдістемесі.
- •26. Ұрлықты тергеу әдісі.
- •27. Алаяқты тергеу әдісі.
- •28. Пара алушылықты тергеу
- •29. Есірткі заттарын немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз айналымға түсірумен байланысты қылмыстарды тергеу әдісі.
- •31. Өртеудің немесе өртке қарсы қауіпсіздік тәртібін қылмыстық жолмен бұзудың, сондай-ақ жарылыс деректері бойынша қозғалған қылмыстық істерді тергеу әдісі.
- •32. Бұзақылықты тергеу әдісі.
- •33. Салық қылмыстарын тергеу әдісі.
- •34. Топтық және ұйымдастырылған қылмыстарды тергеу ерекшеліктері.
- •35. Криминалистика пәнінен тест сұрақтары
- •Дәрістер жинағын құрастыруға пайдаланылған норматитік актілер мен оқу құралдары
- •Мазмұны
15.Оқиға орнындағы айғақтарды тексеру және нақтылау тактикасы. Тінту және алу тактикасы.
Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру және нақтылау ұғымы және маңызы
Тінту және зат алудың түсінігі және міндетттері
Тінту жүргізудің тактикасы
Тінтудің және затты алудың қорытындысын бекіту.
1. Оқиға болған жерде айғақтарды тексеру мен нақтылау куәлардың, жәбірленушілердің, сезіктілер мен айыпкерлердің көрсетпелеріндегі дәлелдемелік деректерді анықтайтын тиімді әдістердің бірі болып табылады. Тексерудің мәні көрсетпесінің шүбасыздығы тексерілетін тұлғаның тергеудегі қылмыстық оқиғамен байланысты белгілі жерді көрсетуінен, ол жерде жасалған әрекеттер туралы айтуынан, сондай-ақ аталған жерде алынған деректермен салыстыру арқылы талдаудан тұрады.
Тексерудегі тұлғаның әрекеттері, түсініктемелері және оқиға жағдайлары тергеушімен және куәгерлермен тікелей қабылданып, салыстырылады, сонымен жаңа мәліметтер түсуі қамтамассыз етіледі.
Криминалистика негіздері 68
Жаңа ақпарат:
тексерілетін көрсетпе мазмұнының;
аталған тергеу әрекетін жүргізу орнындағы алдында жауап алынған тұлғаның түсініктемелерінің;
жасалған қылмыс мән-жайларымен тығыз байланысты болатын оқиға арқылы нақты жағдайының;
аталған жерді бірінші рет қарау барысында алынған мәліметтердің үйлесуімен сипатталады.
Аталған көздерден алынған мәліметтер толық сәйкес келгенде тексерілген көрсетпелер шындыққа жатады деп айтуға болады. Көрсетпесі тексерілетін тұлғаның оқиға жерінде берген түсініктемелері мен алдында берген көрсетпесіне сәйкес келіп, бірақ оқиға болған жердегі нақты жағдаймен үйлеспейтін жағдайлар да жиі кездеседі.
Оқиға болған жерде көрсетпені тексерудің мақсаты – қолда бар дәлелдемелерді зерттеу және нақтылау ғана емес, сонымен қатар жаңа дәлелдемелер алу.
Оқиға орнында көрсетпені тексеруді сезіктінің (айыпкердің) тергеудегі қылмысқа қатыстылығы туралы мәселені шешетін тәсілдердің бірі деп қарастыруға болады.
2. Тінту дегеніміз – үй-жайды, қора-ауланы еріксіз түрде қарау арқылы іске қатысы бар айғақты заттарды, тығылып қалған қылмыскерді тауып алу үшін жүргізілетін, заңда көрсетілген күрделі тергеу әрекеті.
Тінтудің мақсаты - әдейі тығып қойған немес тығулы тұрған айғақты заттарды арнайы тактикалық әдістерді қолдану арқылы тауып алу.
Тінтудің басқа тергеу әрекеттерінен айырмашылығы – оның еріксіздігі. Тінтудің бірнеше түрлері болады. Ол – жеке адамды тінту, тұрғын үйді, жеке бөлмені тінту, қораны немесе ғимараттар мен объектілерді тінту.
Айғақты затты алу – іске қатысы бар құжаттар мен заттарды жеке адамнан талап ету не тәркілеуден тұрады.
Криминалистика негіздері 69
Тінту мен айғақты затты алуды жүргізу негіздері ҚР ҚІЖК-нің 29-тарауында нақты көрсетілген. Оларды өткізу үшін прокурордың санкциясы болуы ҚР ҚІЖК-нің 232-бабымен қарастырылады.
3. Тінту нәтижелі болу үшін тергеуші тінту алдында міндетті түрде арнайы дайындық шараларын жүргізуі қажет:
- тінту жүргізілетін объект және үйі тінтілетін адам жөнінде керекті бағдарлау мәліметтерін жинап алуы керек;
- тінтілетін адам жөнінде – оның мінез-құлқы, қаруы болу мүмкіндігі және оны сипаттайтын басқа да мәліметтерді жинап алу керек;
- жедел тергеу тобын құрған кезде алдын ала тінтуге қандай лаузымды адамдардың немесе мамандардың қатысуы керек екендігін анықтап алып, оларды қай жерге орналастыру қажеттігін келісу керек;
- тінтуге керекті арнайы техника құралдарын дайындау керек.
Тінту мен айғақ затты алу барысында бүкіл жұмыс суретке түсіріліп және бейнетаспаға жазылады.
4.Алудың тінтуден ерекшелігі, айғақ затты алу тек белгілі заттарға қатысты жүреді, ал тінтуде заттар тек болжамда болады.
Тінту және алу қорытындылары хаттамамен рәсімделеді. Хаттамада тінту мен алудың жүру барысы, қорытындылары, қайда, қашан, кіммен толтырылғандығы, кімде тінту немесе алу өткізілгендігі жазылады. Егер объект ізделінген болса, қалай, қайдан ізделінгені, табылғандығы, егер зат құпия орыннан табылса, онда ол сипатталады. Заттың аты, саны, салмағы, көлемі, жағдайы, қораптың бар жоқтығы, тауар белгілері, нөмірлері және т.б. табылған объектіні мінездейтін белгілер сипатталады. Объектіні сипаттағанда қандай түсті, физикалық жағдайы, салмағын, ұзындық параметрлерін көрсеткен жөн. Алынатын объект бағалы металдан жасалған
Криминалистика негіздері 70
болса, тек металл түсі сипатталады. Зергерлік бұйымдарды тәркілегенде тастардың атын жазуға болмайды, тек сапасы, көлемі, түсі және мөлдірлігімен шектелген жөн.
Алынған заттар тінтуге қатысушылардың көз алдында қолдары қойылып, мөрленеді. Хаттамада қай заттың кімнің жауапкершілігімен сақтауға қойылғаны, қатысушылардың арыз, өтініштері де көрсетіледі. оған тінту барысында түсірілген суреттер қоса тіркеледі. Хаттаманың көшірмесі тінтілген адамға беріледі.
Тінту мен алу дипломатиялық өкілдерге, олардың үйлеріне, жанұя мүшелеріне жүргізілмейді. Тек олардың өз ерікті келісімдерімен және ҚР Сыртқы істер министрлігінің келісімімен прокурордың қатысуымен ғана жүргізіледі.