Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Криминалистика лекциялары.doc
Скачиваний:
666
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
5.05 Mб
Скачать

4.Криминалистиканың арнаулы әдістері мен жалпы ғылымдық әдістері

  1. Криминалистиканың әдістеріне түсінік

  2. Жалпы ғылыми әдістер

  3. Арнаулы әдістер

Криминалистика негіздері 11

  1. Әдістерді қолдану белгілері.

  1. Криминалистиканың әдістері – бұл теориялық және қолданбалы сипаттағы криминалистикалық зерттеу процесіндегі ғылыми мәселелерді шешу тәсілі.

Криминалистиканың әдістері жалпы және арнаулы болып бөлінеді.

  1. Жалпы ғылыми әдістер– бұл барлық практикалық әрекеттердің ғылымдары мен салаларында қолданылатын тәсілдер. Криминалистиканың жалпы ғылыми әдістері қатарына мыналар кіреді:

    1. сезімге рационалды әсер етуші әдістер – бақылау, сипаттау, бейнелеу, салыстыру, тәжірибе жасау, үлгілеу жатады. Бақылау – бұл алдын-ала бағытталған мақсатты түрде белгілі бір объектіні қабылдау құбылысы. Сипаттау - бұл анықталған және жүргізіліп жатқан зерттеуге қатысы бар кейбір объектілердің белгілерін сипаттап зерттеу немесе басқа әдістер арқылы алынған ақпаратты анықтап тіркеу тәсілі болып табылады. Бейнелеу әдісі криминалистикада деректі затты не белгілі бір оқиғаны суреттеп жазу үшін өте жиі қолданылады. Салыстыру әдісі – бұл екі немесе бірнеше объектілердің өзіне тән белгілерін теңеп, салыстырып көру;

    2. логикалық әдістер– анализ - талдау; синтез - жинақтау; индукция - жекеден жалпыға бағытталған ойлау; дедукция - жалпыдан жекеге бағытталған ойлау; гипотеза – жорамалдау; аналогия – ұқсастық.;

    3. математикалық әдістер - өлшеу, есептеу, геометриялық құрылыс, математикалық модельдеу. Өлшеу – объектілердің салмағы, көлемі, екі не болмаса бірнеше объектілердің өзара ара қашықтығы есептеліп шығарылады және өлшеу арқылы кейбір заттардың тән қасиеттерінің сандық сипаттамасы беріледі. Кейбір оқиғалардың, құбылыстың болған уақытын да

Криминалистика негіздері 12

өлшеу арқылы шешуге болады. Есептеу – объект немесе құбылыс параметрлерін анықтауда және математикалық үлгілеуде қолданылатын қажетті әдіс болып саналады. Геометриялық құрылыс әдісі өлшеумен өте тығыз байланыста. Ол жоспарларды, сызбаларды, графиктерді, кестелерді құрастыруда пайдаланылады. Математикалық модельдеу – математикалық есептердің көмегімен үрдістер мен құбылыстардың өту жолдарын, шарттарын үлгілейді.

    1. Кибернетикалық әдістер– криминалистикаға соңғы жылдары өмірге белсенді еніп жатқан компьютерлендіру негізіндегі ғылыми жаңа әдіс түрі. Бұл әдістің негізінде жаңа ақпарат беретін технологиялардан ақпараттарды компьютерлік модельдеуді және т.б. жедел-іздестірумен автоматтандырылған өңдеуді жүзеге асыру мүмкіндігі туындайды.

    2. Эвристикалық әдістер– бұл криминалистиканың жалпы ғылыми әдістер қатарына жаңа эвристика ғылымынан соңғы кезде қосылды, яғни терең де тиімді түрде ойлау нәтижесінде жаңалық табуды білдіреді.

  1. Арнаулы зерттеу әдістері– бір немесе бірнеше ғылымдармен шектелген салада қолдану әдісін түсіндіреді. Криминалистиканың арнаулы зерттеу әдістері екі топтан тұрады. Бірінші топты жеке криминалистикалық әдістер құрайды, яғни алғашқы рет криминалистика ғылымымен зерттелген және осы ғылыммен қолданылатын әдістер. Оған криминалистикалық идентификация, дактелоскопия, одорология, тергеу әрекеттерін жоспарлау, тергеуді ұйымдастыру әрекеттері жатады. Екінші криминалистикалық арнаулы әдістер тобын басқа ғылымдардың арнаулы әдістері құрайды. Олар ерекше криминалистикалық мәселелерді шешу үшін немесе өзгертілмей қолдануға негізделген.

Ондай әдістерге мыналар жатады:

    1. заттар мен материалдардың марфологиясын, құрамын, құрылымын, физикалық және химиялық қасиеттерін талдау

Криминалистика негіздері 13

үшін аранаулы физикалық, химиялық және физика-химиялық әдістер;

    1. биологиялық әдіс, биологиялық пайда болған облыстарды зерттеу үшін қолданылады;

    2. антропологиялық және антропометриялық әдістер, өлген адамның сүйек қалдықтары бойынша тұлғасын анықтау, адамды іздеу үшін сырт бейнесін суреттеп сипаттау және танытуға қажетті белгілерді жақсарту кезінде қолданылады;

    3. әлеуметтану әдісі, қылмыстың жасалуы мен жасырылуының себептерін, қылмыс тәсілінің анализің, тактикалық тәсілдер мен түсінік қорытындысы туралы ақпарат жинаудың себептері мен шарттарын зерттеу үшін қолданылады.

4.Криминалистикадағы әдістерді қолдану принциптері мыналар:

- әдістің ғылымдылығы – алынып отырған қорытындылардың анықтылығы мен негізділігі, олардың сенімділігі ұғындырылады;

- әдістің қауіпсіздігі – яғни оны қолдану барысында адамдардың өмірі мен денсаулығына зияны тимеуінің қажеттігі;

- әдістің заңдылығы мен этикасы. Қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қарастырылатын тек қана заттар емес, сонымен бірге адамдар болатынын ескеріп, заңдылықтың конституциялық қағидалары мен қоғамдық тәртіп белгілеріне жауапты әдістерді қолдану;

- әдістің тиімділігі, яғни әдіс қысқа мерзімде алға қойған мақсатқа толық жеткізіп, жұмсалған күш пен шығынға тұратындай қорытынды алуды қамтамассыз ету қажет.

Криминалистика негіздері 14