- •«Криминалистика негіздері»
- •Алматы 2011 ж.
- •1.Криминалистика пәні, міндеттері және жүйесі.
- •2.Қылмыстың криминалистік сипаттамасы
- •3.Криминалистикалық ұқсату (идентификация) және диагностика
- •4.Криминалистиканың арнаулы әдістері мен жалпы ғылымдық әдістері
- •5.Криминалистік техника Криминалистік техниканың жалпы ережелері
- •6.Криминалистік фотография. Қылмысты тергеу мен ашудағы бейнежазу.
- •7.Тергеу болжаулары және тергеуді жоспарлау
- •8.Трасология. Трасологиялық ізтану.
- •9.Криминалистік қару-жарақтану. Құжаттарды криминалистік зерттеу.
- •10.Адамның сыртқы белгілеріне қарап ұқсастыру
- •11.Криминалистік тіркеу және криминалистік техникадағы басқа да тергеу бағыттары
- •12.Криминалистік тактиканың жалпы ережелері.
- •13.Тергеу қарауының тактикасы
- •14.Тергеу экспериментінің тактикасы
- •15.Оқиға орнындағы айғақтарды тексеру және нақтылау тактикасы. Тінту және алу тактикасы.
- •16.Жауап алу және беттестіру тактикасы
- •17. Таныту үшін көрсету тактикасы. Сараптама жүргізу және оның мәні.
- •18.Қылмыстың жеке түрлерін тергеу әдістемесі Криминалистік әдістемесінің жалпы ережелері.
- •19.Кісі өлтіру мен зорлауды тергеудің әдістемелері.
- •20. Алибиді зерттеу әдісі
- •21.Өтірікпен байланысты оқиғаларды тергеу әдісі
- •22.Өзін кінәлаумен байланысты жағдайларды тергеу
- •23.Жалған көріністі (жасағансу) табу мен әшкерелеу
- •24. Бөтен мүлікті өз иелігіне өткізуді немесе жұмсап жіберу барысындағы тергеу әдістемесі.
- •25. Қарақшылықпен шабуыл жасауды және тонауды тергеу әдістемесі.
- •26. Ұрлықты тергеу әдісі.
- •27. Алаяқты тергеу әдісі.
- •28. Пара алушылықты тергеу
- •29. Есірткі заттарын немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз айналымға түсірумен байланысты қылмыстарды тергеу әдісі.
- •31. Өртеудің немесе өртке қарсы қауіпсіздік тәртібін қылмыстық жолмен бұзудың, сондай-ақ жарылыс деректері бойынша қозғалған қылмыстық істерді тергеу әдісі.
- •32. Бұзақылықты тергеу әдісі.
- •33. Салық қылмыстарын тергеу әдісі.
- •34. Топтық және ұйымдастырылған қылмыстарды тергеу ерекшеліктері.
- •35. Криминалистика пәнінен тест сұрақтары
- •Дәрістер жинағын құрастыруға пайдаланылған норматитік актілер мен оқу құралдары
- •Мазмұны
14.Тергеу экспериментінің тактикасы
Тергеу экспериментінің түсінігі, оның түрлері және міндеттері
Тергеу экспериментіне әзірлік жұмыстары
Тергеу экспериментін жүргізгенде қолданылатын тактикалық тәсілдер
Тергеу экспериментінің хаттамасы.
1. Терегу эксперименті дегеніміз – ол қылмысты оқиғаның кейбір мән-жайларын осы оқиғаға ұқсас және сәйкес жағдайда әртүрлі сынақ тәжірибелер жүргізу арқылы осы жағдайдың, құбылыстың болу мүмкіндігін тексеру үшін жүргізілетін тергеу әрекеті.
Тергеу эксперименті шешетін сұрақтарына орай үш түрге бөлінеді:
Кейбір құбылыстың немесе әрекеттің айтылған, көрсетілген жағдайда болуы мүмкін бе, жоқ па соны анықтау;
Белгілі бір жағдайда қашықтықта болған оқиғаны, құбылысты көріп қабылдауға, сөзді, дыбысты естуге бола ма, соны анықтау;
Із қалдыру (сындыру, соғу, аралау т.б.) сипатын оның механизмін анықтау.
Тергеу экспериментінің міндеттері:
берілген мән-жайды тексеру және реттеу;
жаңа дәлелдемелерді табу;
болжамдарды тексеру;
қылмыстың болуына ықпалы тиген жағдайларды анықтау
Криминалистика негіздері 66
2.Тергеушінің эксперимент өткізетін жерге шықпай тұрып жүргізілетін дайындық жұмыстарын үш топқа бөлуге болады:
- тергеу эксперименті кезінде тәжірибе өткізілетін жерді байырғы қалпына келтіру;
- тергеу экспериментіне қатысушылар;
- керекті техникалық құрал-саймандарды және басқа да жабдықтарды дайындау.
Тергеу эксперименті кезінде бұрынғы жағдайда қалпына келтіру, яғни тәжірибе жүргізілетін қайсібір объектіні, оқиғаны немесе жағдайды бастапқы қалпына келтіріп қайта жасау керек.
3. Тәжірибе өткізуге тым көп адам қатыстырмау керек, себебі артық адамдар бір-біріне бөгет жасап, эксперименттің нәтижелі өтуіне кедергі келтіреді. Тергеу эксперименті сол тексерілетін оқиға болған жағдайға ұқсас жағдайда өткізілуі тиіс. Ол үшін:
- Эксперимент тексерілетін оқиға болған уақытта, сондай-ақ көрінуі, естілуі анық болатын жағдайда жүзеге асырылу керек.
- Эксперимент, егер мүмкіншілік болса сол оқиға болған жерде өткізілуі тиіс. Егер бұл жердің көрінісі және басқа жағдайлары өзгеріп кеткен болса, оны бұрынғы қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуі керек.
-Тәжірибе бірнеше рет қайталанып жүргізілуі қажет. Егер тергеу эксперименті үстінде әр тәжірибе бірнеше рет қайталандырылып жүргізілсе, оның барысын, қорытындысын дұрыс анықтап, түсінуге болады. Осы қайталану кезінде тәжірибе күрделі және қарапайым түрде өзгертіліп отырылады. Қайталап өткізу деп – тек бір тәжірибені бірнеше рет қайталау деп түсінуіміз керек.
4. Тергеу экспериментінің барысы мен қорытындысы, ең алдымен хаттамалар арқылы көрсетіледі. Хаттаманың баяндау бөлігінде тәжірибені кімнің, қашан, қандай мақсатта қалай жүргізгені, тәжірибені өткізу жағдайы, оған қандай заңдардың пайдаланылғаны, кімнің қатысып, жаңағы заттарды
Криминалистика негіздері 67
қалай пайдаланғаны басынан аяғына дейін, яғни еш нәрсе назардан тыс қалдырылмай толық жазылуы тиіс. Тәжірибе фотосуреттермен немесе кинобейнелермен нақтылануы мүмкін. Суретке эксперименттің жалпы барысы және оның әр кезеңі жеке-жеке түсіріледі. Бейнелеу таспасына түсірілгенде де осы тәсіл қолданылады.