Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZAKSTAN_TARIKh.doc
Скачиваний:
1852
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
1.15 Mб
Скачать

13..Қимақ мемлекеті: этно-саяси тарихы және шаруашылығы.

XI ғасырдың екіеш жартысында қимақ одағының құрамына 12 тайпа енген . олардың ішіндег ең ірі әрі ықпалдысы-қыпшақтар. Қимақтардың тустас тайпасы-құмандар.

Қимақтардың мемілекеттік құрлымы туралы алғашқы мәліметтер IX-Xғасырлардағы арап деректерінде кездеседі (Әл-Якуби 9 Ғ

Жеке тайпанің көсемі-Шад­-Түтік. Қаған ел басқару ісінде әскерйи шонжарға арқа сұйеді. Мемлекетте салық жинау жұйесі болды.

Араб тарихшысы Әл-Идриси еңбегінде қимақтар 16 қала болғаны, 12-іс Ертіс өзені бойында орналасқаны туралы жазады.

X ғасырға қарай қағаннаттің әлсірей бастакының себебі- үлыс басшыларының үлкен териториаға ие болғаннан кейінгі жеке билікке үмтылуы.

Шаруашылығы

Мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы .

Мәдениеті

Бал-бал тастар, тас келншектер , қол тиірмендер ,үккіштер , темір орақ , зираттарынан табылған қүрал –саимандар, қару- жарақтармен қатар қол өнер бұйымдарда көптеп кезігеді.

14. Оғыз мемлекеті: этно-саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті

Оғыздар ата-бабаларының қоныстанған жерлері Ыстықкөл маңы.Қазіргі кезде оның жағасында “9 Оғыз”деп аталатын демалыс үйі бар.Оғыз тайпасының өзегі жетісуда қалыптасты.8 ғасырдың ортасында оғыз тайпалары Жетісудан Шу өзеніне қарай қоныс аударды.9 ғасырдың басы-Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал өңірі далаларынқоныстанды.9 ғасырдың аяғы-Жайық пен Еділ аралығын мекендеді.IX-X ғасырлар

Оғыз мемлекеті қалыптасты(Сырдарияның орта және төменгі ағысы,Арал өңірімен Батыс Қазақстан далалары).

X ғасырда батыста Хазарияға дейінгі жер,солтустік Каспий маңы,орталық, оңтустік-шығыс Қарақұм және Арал маңындағы Қызылқұм аймағы «оғыз даласы»

(Мафазфт-Әл-Гуз) деп аталды.

IX ғасырдың аяғы

11ғасырдың басыындағы оғыздардың территориясы:Сырдариямен Еділ аралығы.

Астанасы-Янгикент(Жаңа Гузия).Билеушісі-жабғу.Орынбасары-күл-еркін.Әскер басы-Сюбашы.

Басқарушылардың ұрпақтары-иналдар.Оларды атабектер(тәрбиешілері) жас кезінен басқару ісіне тәрбиеледі.IX-Xғасыр басында Сырдария жабғуының тұрақты тұрде салық жинау жүйесі жұмыс істеді.

Оғызмемлекеті жайлы алғашқы дерек Әл-Якуби(9ғ.) жазбасында берілген.Оғыздардың тайпалары:

Қалаж,жағра,жарұқ,қарлұқ,баяндұр,имур,қарабұлақ.

М.Қашғаридың дерегі бойынша оғыз одағында 24 тайпа болған.Мүлік теңсіздігінің негізі-жеке меншік мал.

15. Қыпшақтардың этно-саяси тарихы(9-11ғ).Қыпшақ мемелекетінің құрылуы. Қыпшақ сөзінің пайда болуы. Қ.тардың қоныстанған жерлері және этникалық құрамы. Қ. Хандығы күшейе бастаған кезінде оңтүстік жағындағы шекарасын кеңейтіп, Сырдың орта және төменгі бөлігін, Арал мен Каспий өңірі далаларын өздеріне қаратқан. Қ.шонжарлары Сыр бойындағы қалалардың билеушілеріне айналған. Қ.тар Есіл мен Тобыл, Нұра, Елек пен Сарысу өңірінде көшіп-қонып жүрген. Олар Маңғыстау мен Үстіртте қыстап, жаз айларында Жем, Сағыз, Ойыл, Қобда, Жайық өзендерінің тарихи қалыптасқан көшу бағыттары болған. 11ғ.дан бастап Қазақстанның Жетісудан басқа жерллерінің барлығына Қыпшақтар ие болды. Хандықтың әлеуметтік-экономилық жағының нығаюы жерін кеңейтуді талап етті. Әсіресе қыпшақтарға Қазақстанның Оңт.дегі қалаларға, Орта Азияның базарына, Орыс елінің оңт. Далаларына шығу қажет болды. 10ғ.дың аяғы, 11ғ.дың басында Оғыз қағандығының жағдайының нашарлай бастады. Бұл жағдайды Қ.хандығы дер кезінде пайдаланып, Оғыздарға Солт. Және Солт.Шығ.нан басып кіреді. Сөйтіп қыпшақтар өздерінің шекарасын Сырдың орталық ағысынан Арал теңізіне дейін кеңейтеді. Қыпшақтар Хорезм елімен де қатынасты жақсартуға әрекет жасайды., алайда Хорезм шахы қыпшақтардың күшеюінен және олардың өз шекараларына жақындауынан қауіптене бастаған болатын. Ондай әрекеттерге кезінде Хорезм шахының мұрагері Атсыз да барған болатын. Кейбір жазба деректерге қарағанда Атсыз қыпшақтардың қол астындағы Оғыздардың жеріне бірнеше рет шабуыл да жасаған. 13ғ басында Сыр бойындағы қалалар үшін Хорезм шахы Мұхаммед пен қыпшақ хандығының арасында бірнеше шайқастар болды. Бұл шайқастарда қыпшақтар өз ішіндегі алауыздықтың кесірінен жеңіліп, солт.ке қарай шегінді. Билік үшін бәсеке тек монғолдар екі елді де жаулап алғаннан кейін ғана біржола тынады. Қыпшақ хандығы құлағанымен оның халқы жойылып кеткен жоқ. Олар өздерінің тарихи дамуын жалғастырумен болды. Ақыр сонында қыпшақтар қазақ халқының басты этникалық құрамының біріне айналды.

Қыпшақтардың хандыгы

Қыпщақ хандығы. Қыпшақ хандығы – шамамен 11 – 13-ғасырларда қазіргі қазақ жерінде өмір сүрген мемлекеттік бірлестік. Қимақ (кимек) қағандығы ыдырағаннан кейін әскери-саяси билік қыпшақ ақсүйектерінің қолына көшті. Олар 11-ғасырдың 2-ширегінен бастап Арал мен Каспий өңірлерін жайлаған оғыз тайпаларын ығыстырды. “Оғыздар даласының” (Мафадат әл-ғұз) орнына Дешті Қыпшақ атауы орнықты. 11-ғасырдың ортасынан бастап қыпшақтар Еділден өтіп, батысқа қарай жылжиды. Кейіннен олар Византия империясы мен Болгария жеріне әлсін-әлсін шабуыл жасап, 1071 – 80 ж. Дунай өзеніне келіп жетті. Кейбір рулары басқа түркі тайпаларымен бірлесе отырып, Кіші Азияға тарай бастады. 11 – 12-ғасырларда Алтай мен Ертістен бастап Карпат пен Дунайға дейін созылған даланы мекендеген халықтардың бәрі қыпшақтар деп аталды. 12-ғасырдың ортасынан олар Сырдария бойындағы қалалар үшін Хорезммен соғысты. Қыпшақ ақсүйектерінің бір бөлігі Хорезм шаһына қызмет етті, сондықтан 13-ғасырдың басында хорезмдіктер Сыр бойына толық иелік етіп, Торғай, Ырғыз, Есіл, Нұра өзендерін жайлаған қыпшақтарға жорық жасай бастады. Шыңғыс хан шапқыншылығы қарсаңында қыпшақтар ыдырау алдында тұрды. Таққа тек бөрілі руынан шыққандар мұрагерлік жолмен сайланды. Олар ежелгі түркі дәстүрі бойынша 2 қанатқа бөлінді. Кейіннен Шыңғыс хан әскерлері ретінде Дешті Қыпшаққа Орталық Азиядан келіп сіңген түркі-моңғол тайпалары (керей, меркіт, найман, уақ, жалайыр, қоңырат, т.б.) мен Жошы хан ұрпақтары жергілікті қыпшақтармен араласып, біртұтас халыққа айналды. Сондықтан көп ұзамай Алтын Орда халықтары “Қыпшақ ұлысы”, “Қыпшақ тілдес халықтар” деген жалпылама атаумен аталып кетті. 13-ғасырдың аяғында Алтын Орданың құрамындағы қыпшақ тайпаларының этникалық негізінде құрылған автономиялық бірлестік – Ақ Орда күшейе бастады. 14-ғасырдың аяқ кезінен бастап Ақ Орданы мекендеген қыпшақ тайпалары “өзбек” деген жалпылама атаумен аталды. 15-ғасырдың орта тұсынан бастап “өзбек” терминін “қазақ” атауы ығыстырып шығарды.

16) Қарахан мемлекеті: этносаяси тарихы, әлеуметтік- экономикалық дамуы, мәдени өркендеуі.

Қарахандықтар мем-нің қалыптасуында жетісуды мекендеген қарлұқ бірлестігінің тайпалары басты рөл атқарады.Карахан әулетінің негізін салушы—Сарұқ Боғра хан( Білге Құл Қадыр ханның немересі,915-955жж)Ол ислам дінін қабылдаған билеуші саманилерден қолдау тауып, туысы Оғұлшақты жеңіп,Тараз бен Қашғарды бағындырады. Нәтижесінде,бірңғай бір орталыққа бағынған қарахан мемлек-ті құрылды(942 ж) қарлұқ қағанатының ыдырауына байланысты Жетісу мен Қашғар аралығы қарахан мемлекетіне қарады.

  • 955 ж –Мұса хан билігі орнады (Сатұқ Богра ханның баласы)

  • 960 ж – Мұса хан исламды мемлекеттік дін етіп жариялады.

Мемлекет тереториясына қосылған аймақтар:

  • 990 ж –Тараз, Исфиджаб

  • 992 ж –Хотан ,Бұхар

  • 999 ж –Саманилер мемлекеті

  • XI-XII ғ.ғ –Мәуренахр мен жетісудың қалған бөлігі.

Тереториясы(XI-XII ғ.ғ) Жетісу, Шығ.Түркістан(Мәуренахр-Қашхар аралығы),

Астаналары: Қашғар- Мұса хан билігінің орталығы.Баласағұн-Сүлеймен хан(Мұсаның інісі) орталығы.

Қарахан мем-нің саяси тарихы екі әулеттің арасындағы өзара күреске толы:

  1. Әли Арсылан хан (Мұса ханның баласы)

  2. Хасан(Харун) Боғра хан (Сүлеймен ханның баласы)

XI ғ. 30-жылдары мем-кет екіге бөлінді:

Шығыс хандық. Тереториясы-Жетісу, Шығ.Түркістан.Астанасы-Баласағұн. Билеушісі-Арсылан хан Сүлеймен.

Батыс хандық . Тереториясы-Мәуренахр. Астанасы- Бұхар, кейін Самарканд. Билеушісі-Ибрахим Тамғаш Боғра хан.

  • 1089 ж-селжұқтар сұлтаны Мәлік шах Батыс қағанатты бағындырды. Нәтижесінде қарахандықтар селжұқтарға вассалдық тәуелділікке түсті.

  • 1102 ж – Баласағұн мен Тараздың билеушісі Қадыр хан Жебірейл Мәуренахрды жаулады. Нәтижесінде Амударияға дейінгі жерді өзіне қаратты. Кейін Термезге шабуыл кезінде селжұқтардан қаза тапты. Селжұқтардың сұлтаны Санжардың Мәуренахрға ықпалы артқан кезден бастап, қарахандықтардың саяси құлдырауы байқалды. Қарақытайлар шапқыншылығы басталды.

  • 1128 ж – қарақытайлар шығыс хандықты жаулап, Жетісуда үстемдік етті. Осымен бір мезгілде хорезмдіктердің Батыс хандыққа шабуылдары басталды.

  • XII ғ. 30-жылдары Қарақытайлар Шығ. Қарахандықтың қалған иелігін түгел жаулап,Батыс хандыққа шабуылдады.

  • 1141 ж – Қарақытайлар Қарахан мемлекетін түгел бағындырды.

Мемлекетті шігіл ж\е яғма тайпалары басқарды. Арсылан хан атағын- шігілдердің билеушісі; Боғра хан атағын- Яғма көсемі алды. Тамғаш хан “хандардың ханы” атанып,бүкіл мемлек-ті биледі. Билеуші титулы – хан. Ұсақ аймақтардың басшылары-илақ тегін.

XIII ғ. басы- Қарахан мемлекеті өмір сүруін тоқтатты.

Қарахандықтар кезеңі- саяси экономикалық, әлеуметтік,мәдени өмір жоғарғы деңгейде дамыған жаңа кезең.Феодалық карым-қатынастар дамып,түркі тілдес тайпалардың бірлігі нығайды.

Қарахан дәуіріндегі мәдениет

Қарахандарда феодалдық қарым-қатынастар дамып,түрік тілдес тайпалардың бірлігі нығайды. Жетісу, Оңт.Қазақстан жерінде көшпелі түріктердің отырықшылық өмірге бейімделіп,қала мәдениеті жедел дамыды. Қарахан мем-нің саяси құрлымы өздерінен бұрынғы көне түрік идеялогиясы мен мәдениетіне ұқсамайтын өзгеше сипатта болды.960 ж қарахан әулеттері ислам дінін мем-тік дін деп дариялады. Осыған байланысты көне түрік руна жазуының орнына араб жазуы келді.Түркі тілінде біраз шығармалар жазылды. Олардың арасында Жүсіп Баласағұнидің “Құтадғу білік”, Махмуд Қашғаридың “Диуани лұғат ат-түрік”, Ахмед Яссауидің “Диуан-и Хикмет” сияқты еңбектері бар.

Қарахан өнері- Қарахан мем-ті кезінде тұрғызылған сәулет өнерінің озық үлгілері.X-XII ғ.ғ Жетісу, Сырдария алқаптарында қала (Тараз), мавзолей

(Айша бибі күмбезі, Аяққамыр, Алаша хан күмбезі, Бабаша хатун мавзолейі, Жошыхан күмбезі, Сырлытам т.б) көпір салу ісі (Талас өзен бойында) өркендеді.

Архитектуралық құрылыстарға күйдірілген қышты пайдалану ғимараттардың композициялық түр-типтерін қалыптастыруға, арқа-свод-күмбез конструкциясын кеңінен қолдануға, көркемдік әдістерінің алуан түрін іске асыруға жол ашты.

Олардың сыртқы қабырғаларының күмбездері мен ішкі еңселері ғимарат құрлымымен үндес, тартымды ою-өрнектермен әсемделді.

Құрылыстарда қашап, құйып жасалған 8 қырлы, жұлдыз гүлді, кілем өрнегі тәрізді нақыштар көптеп пайданылды.

Осы заманғы сәулет өнерімен бірге сән ж\е қосалқы өнерінің кейбір салдары дамыды.Мысалы, бедерлеу,кесу,жапсыру әдістері арқылы жасалған бояулы қабырға өрнектері мен су құбырлары.Алматыда тараз моншасы. Ромб не шеңбер түріндегі үлкен әрі анық ою-өрнектермен әсемделген тұтыну заттары т.б. қол өнерінің мұралары Орта ғасырдағы қазақ сәулет өнерінің, сән ж\е қосалқы өнердің даму кезеңін көрсетеді.

мем\ң қалалық мәдениеті және экономикасы.І мыңжылдықтың аяғында – II мыңжылдықтың басында Қазақстан территориясында өндіргіш күштер мен феодалдық қатынастардың дамуы жаңа кезеңге аяқ басты. Х ғасырдың орта шенінде Жетісу территориясында және Шығыс Түркістанның бір бөлігінде феодалдық құрылы біршама дамыған, өзінен бұрынғы мемлекеттік құрылымдардың көптеген әлеуметтік институттарын табиғи түрде өзіне жинаұтаған Қарахан мемлекеті құрылды. Қарахан мемлекетінің құрылуында және әуелгі тарихында қарлұқ конфедерациясының тайпалары зор роль атқарды. Қарахан мемлекетінің құрылуы батыста Жетісудан Испиджабқа дейінгі және шығыста Қашқарға дейінгі территорияда болған саяси оқиғалармен, Қарлұқ қағанатының ыдырауымен байланысты еді. Сатұқ Боғра ханды(915-955) Қарахан әулиетінің негізін салушы деп есептейді. Исламды қабылдап, Саманилерді қолдауын пайдалана отырып, Сатұқ Боғра хан Оғұлшаққа қарсы шығып, оны талқандап, Тараз бен Қашқарды бағындырады. 942 жылы ол Баласағұнда билеушіні құлатып, өзін жоғарғы хан деп жариялады. Сатұқ өлгеннен кейін билік оның баласы Мұсаға көшті, ол 960 жылы қағанаттың мемлекеттік діні ислам деп жариялайды. Оның астана қаласы Қашқар болды. Мұса өлген соң жоғарғы хан атағы оның баласы Әли Арслан ханға көшті. Сонымен қатар ол Тараз бен Баласағұнның билеушісі болып есептелінді.999 жылы Қарахан мемлекеті Бұхара қаласын алып, біржолата Мәуереннахрды бағындырды.1089 жылы салжұқ сұлтаны Мәлік хан Батыс хандықтың орталығы Самарқанд алынды, одан соң Бұхара басып алды.1141 жылы Самарқан қаласына жақын жерде Қатуан даласында басып кірген қарақытайлар салжұқтар мен қарахандықтар ойсырата жеңіледі.Бұхара қаласын, Мәуереннахр орта бөлігін толығымен жаулап алады. Қарахан мемлекеті қарақытайларға толық тәуелділікке түсті.

Саяси құрылымы. Қарахан мемлекетінің саяси құрылысы бірден емес, біртіндеп жаулап алған жерлерде Қарахан шонжарлары билігінің орнығынуына қарай қалыптасты. Қарахан державасында жоғарғы өкімет тек сырттай ған патриархаттық қауашақпен қапталды, ал шын мәнінде ол феодалдық иерархия принципіне негізделді.Мемлекет басшысы- қаған. Сонымен бірге Қарахан әулиетінің басшысы ретінде болды, бірақ оның өкіменті іс жүзінде ілек атағын алған үлестік жерлерді билеушілермне шектелген еді. Қағанның сарай маңындағы адамдары мен чиновниктерінен тұратын штаты болды. Ең жақын адамдардың бірі уәзір болды(ханныі еі жақын көмекшісі мен кеңесшісі). Хан сарайы, оның басты ставкасы мемлкеттік және әкімшілік басқарудың орталығы болды. Сарай адамдарына сарай күзетінің бастығы(қапығ башы), есік қорушылар(қорыөшылар), қазынашылар, аспазшылар және басқалар жатты. Қарахан мемлекетінің қалалық мәдениетінің дамуы нәтижесінде қолөнер, көзе жасау шеберханалары дамыды. Атақты қалалары Самарқанд, Бұхара, Тараз қалалары сауда орталықтары болған еді. Археологиялық зерттеулер нәтижесінде қалалардың көшелері, салынған үйлері, шаруаға қажетті бөлмелер аршылған еді. Х-ХІІ ғ. қалаларындағы басты жаңалық- мұсылман дінінің енуіне байланысты мешіттердің пайда болуы. Тағы да жаңалық шығыс моншасы салынуы. Қарахан мемлекетінің қалаларының құрылыс жүйелерінде елеулі өзгерістер болды. Ол рабадтың қалыптасуы, махаллалар көлемінің ұлғаюы, мешіттер мен моншалардың салынуынан көрініс табады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]