Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZAKSTAN_TARIKh.doc
Скачиваний:
1851
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
1.15 Mб
Скачать

89. Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар.

ХХ ғасырдың 90 жылдарынан басталған демократиялық өзгерістер еліміздегі партиялық жүйені түбірімен өзгертті. Елімізде 70 жылдан астам үстемдік құрған бірпартиялық жүйе орнына көппартиялық жүйе қалыптаса бастады. Қазақстандағы демократиялық үдерістің дамуына кеңестер одағындағы Коммунистік партияға балама ретінде қалыптасқан саяси оппозиция мен бейресми қозғалыстардың ықпал еткені сөзсіз. Бейресми қозғалыс пен саяси оппозиция қатарында еліміздегі алдыңғы қатардағы зиялы қауым өкілдері, ХХ ғасырдың 70-80 жылдарындағы саяси диссиденттер, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушылар мен оны қолдаушылар болғанын айтуымыз қажет.Жалпы қазақстандық партиялар қызметіне таптық мүддені қорғаудан гөрі ұлт-азаттық мүддені бірінші орынға қою тән. Бiздiң ойымызша, қазақстандық саяси партиялардың ерекшелiгi отарлау саясатына күрес нәтижесiнде пайда болуында деп бiлемiз. Біздің бұл ұстанымымызды «Алаш» партиясының бағдарламасы да дәлелдей түседі, онда қазақ жерiнде завод-фабрика аздығына байланысты, жұмысшылар санының аздығы туралы айтылуы бекер емес.Сондықтан елімізде тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында, жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай, дүниеге келген жүздеген саяси партиялар мен қоғамдық-саяси қозғалыстар ұлттық идея төңірегінде топтасты. Олардың қатарында: азаматтық демократиялық «Азат» қозғалысы, «Желтоқсан» қоғамдық қозғалысы, 1991 жылы Қазақстан халық конгресі және 1992 жылы - Қазақстан халқының бірлігі одағы дүниеге келді. Бірақ партиялардың көбі ұйымдық тұрғыдан әлсіз, бағдарламасы бұлыңғыр, қолдаушы тобы аз болатын.Осы он сегіз жылдан астам уақыттан бері біздің еліміздегі партиялар саны да бірде азайып, бірде көбейіп өзгеріп отырды. Ол графикте айқын көрінеді.Әрине, саяси партиялар сандық тұрғыдан ғана өзгерген жоқ, олардың қызметіндегі сапалық өзгерістерді де байқаймыз. Бұл өзгерістер бір жағынан, уақыт талабынан, яғни партиялар қызметінің заңдық-құқықтық негіздеріндегі өзгерістерге байланысты туындап отырса, екінші жағынан партиялардың есею кезеңін бастарынан өткеріп, жетілгендігінің де дәлелі. 2006 жылы 4 шілде де кезектен тыс өткен IХ съезде «Отан» партиясы «Асар», кейін «Азаматтық» партияларымен бірікті. Осы өзгерістердің нәтижесінде партия аты да «Нұр Отан» болып өзгертілді. Сонымен қатар, қазіргі Қазақстанның «Азат» демократиялық партиясы «Нағыз Ақ жол» партиясы ретінде Қазақстанның Демократиялық партиясынан бөліну нәтижесінде 2005 жылдың 29 сәуірде дүниеге келді. 2009 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен ресми тіркеуден өткен он саяси партия қызмет жасауда. Олар «Қазақстанның «Азат» Демократиялық партиясы», «Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы», Қазақстанның социал-демократиялық «Ауыл» партиясы, «Әділет» Демократиялық партиясы, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы», «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы, «Руханият» партиясы, Қазақстанның Коммунистік партиясы, Қазақстанның коммунистік халық партиясы, Қазақстанның патриоттар партиясы.

.80 жылдардың аяғына қарай демократиялық процестің жандауына байланысты Қазақ КСР-де қоғамдық ұйымдар құрыла бастады.

1989 жылдың көктемінде Қазақстанда алғашқы болып «Невада - Семей» экологиялық қозғалысы құрылды. Бұл қозғалыстың лидері ақын О.Сулейменов болды. Қозғалыстың мақсаты – республика жеріндегі Семей және басқа полигондарды жабу, полигон зардабын шеккен халыққа көмек көрсету. Қозғалыс төрағасы – О. Сулейменов пен қоғам қайраткері М.Шахановтың бастамасымен Балқаш және Арал проблемалары бойынша комитет құрылды. Комитеттің негізгі мақсаты Арал төңірегіндегі экологиялық апаттың зардабын шеккендерге көмек беру, теңіздің экологиялық апатына үкімет назарын аудару болды. 1989 жылы «Әділет» коғамы құрылды. Қоғамның негізгі мақсаты ұжымдастыру кезіндегі ашаршылық, сталиндік репрессия шындығын ашу болды. Бұдан басқа Қазақстанда «Азамат», «Ақиқат», «Қазақ тілі», «Мұсылман әйелдер лигасы» сияқты қоғамдық саяси қозғалыстар құрылды.

1990 жылы «Азат» азаматтық қозғалысы құрылды. Басты мақсаты Қазақстанның мемлекеттік егемендігін алу болды.

1990 жылы ұлтаралық «Единство» қозғалысы құрылды. Қозғалысқа ғылыми-техникалық интеллигенция өкілдері кірді. Осы кезде «Желтоқсан» партиясы құрылды. Бұл партияның құрамына 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқандар кірді. 1991 жылы «Азат» азаматтық қозғалысының партиясы құрылды. Жастар өздерінің саяси қозғалысы «Алаш» партиясын құрды. 1991 жыл Қазақстан социал-демократиялық партиясы құрылды. 1990 жылы Қазақстанда 100-ден аса қоғамдық-саяси қозғалыс болды. Алматыда ғана 40-қа жуық саяси қозғалыс жұмыс істеді. Бұл кезде Қазақстандағы көптеген қоғамдық – саяси қозғалыстар әлсіз және қалыптасу кезінде болды. «Невада - Семей», «Қазақ тілі» сияқты қоғамдық қозғалыстар біршама мықты, көптеген мүшелері мен белгілі дәрежедегі қаржылық қорлары бар ірі қозғалыстар болды. 1990 жылдың аяғына қарай қатарында 800 мыңға жуық коммунист болған Қазақстан коммунистік партиясы сан жағынан неғұрлым көп саяси күш болды. Дегенмен, бүкіл елімізде компартияға деген халықтың сенімсіздігі күшейді. Бұл жағдай компартия беделінің түсуіне айтарлықтай әсер етті. 1990 жылы компартия мүшелерінің 42% - ы өз еркімен партия қатарынан шықты. Осы жылы партия мүшелерінің қатары 49000-ға кеміді. 90-жылдардың басына қарай Қазақстанда бұрын патша үкіметінің жазалаушы күші болған қазақтар ұйымы пайда болды. 1991 жылы 15 қыркүйекте Орал қаласында қазақтар патша үкіметіне қызмет етуінің 400 жылдығын мерекелеуге шешім қабылдады. Бұл, шындығында, қазақ халқының ұлттық мүддесімен сонаспағандықтың дәлелі. «Азат», «Желтоқсан», «Парасат» қозғалыстары бұл әрекетке ашық түрде қарсы шықты. Жаппай қақтығысқа ұласа жаздаған бұл әрекет жоғарыда аталған қозғалыстар мен құқық қорғау органдарының араласуымен тоқтатылды. Кез келген қоғамдық ұйымдардың абайсыз іс - әрекеттері үлкен қасіретке айналуы мүмкін екендігіне Оралдағы оқиғалар тағы да көз жеткізді.

90. Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы. . Ассамблеясын құру туралы» Жарлығымен елдегі қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында 1995 ж. наурыздың 1 құрылған.ҚХА-ның мақсаты — республикадағы оқиғаларға баға беру және саяси жағдайларға болжам жасау негізінде қоғамдағы ынтымақты қамтамасыз ететін іс-тәжірибелік ұсыныстарды ойластыру, ҚР Президентінің республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілі ретіндегі қызметіне атсалысу.Ассамблея:мәдени-ағартушылық— тілдер мен ұлттық мәдениеттерді, салт-дәстүрлерді қайта жаңғырту және насихаттау;тәрбиелік — қазақстандық және ұлттық отан сүйгіштікті қалыптастыру;ұлтаралық қатынастарды қадағалау негізінде ұлтаралық татулық пен келісімді нығайту;Қазақстанды мекен еткен ұлт өкілдері арасында достық қарым-қатынастардың дамуына негіз болатын мемлекеттік саясат жүргізу жөнінде ұсыныстар дайында ісімен айналысады.Ассамблеяның 350-ге жуық мүшесі барҚХА-ның төрағасы — ҚР Президенті. Ол Ассамблея мүшелерінің ұсынысы бойынша төрағаның екі орынбасарын тағайындайды. Ассамблея мәжілістері арасындағы жұмысты ҚР Президентінің шешімімен Ассамблея кеңесі жүргізеді. ҚХА кеңесі ұлттық-мәдени орталықтар, ардагерлер кеңесі өкілдерінен, кіші Ассамблея жетекшілерінен, сондай-ақ, Ассамблеяға мүше басқа тұлғалардан құралады.ҚХА-н құру идеясын алғаш рет ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев 1992 ж. тәуелсіздіктің бір жылдығына арналған Қазақстан халықтарының 1-форумында ұсынды.ҚХА 2003 ж. дейін қызметі барысында 9 сессия өткізілді. ҚХА Қазақстанда өмір сүріп жатқан барлық халықтардың мәдениетін, тілін дамытуға қолайлы жағдай жасау бағытында Қазақстан халықтарының фестивальдерін, тілдер фестивальдерін, жексенбілік мектеп окушыларының мемлекеттік тіл мен ана тілін білу дәрежесін анықтайтын байқауларын, тіл саясаты мәселелері бойынша халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар, т.б. өткізеді.Ассамблея Кеңесінің мүшелері жетекшілік ететін республикалық, аймақтық және қалалық Ұлттық мәдени орталықтар жұмыс істейді. Әзірбайжан, айсор, юнан, ингуш, неміс, шешен, поляк, т.б. халықтардың ұлттық мәдени орталықтарының жексенбілік мектептері бар.Форум Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қолдауымен Мемлекет басшысының ҚХА-ның ХVI және ХVII сессияларында берген Ассамблеяның Қазақстанды индустриалды-инновациялық дамыту және әлеуметтік жаңғырту процесіндегі рөлін күшейту бойынша тапсырмаларын орындау мақсатында өткізіліп отыр.Форумның мақсаты: бизнес-қауымдастықты этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз ету бойынша азаматтық процесске, Қазақстан этностарының тарихи шығу елдерімен байланысын пайдалана отырып инновациялық экономиканы дамытуға тарту.Форум 3 секциялы кең көлемді көрменің таныстырылымымен ашылады, онда: этномәдени бірлестіктердің бизнес, ауыл шаруашылығы, индустриалды-инновациялық даму салаларындағы 60-тан аса жобасы, ҚХА-ның әлеуметтік қолдау және қоғамды әлеуметтік жаңғыртуға қатысуы бойынша 20 жобасы, сондай-ақ бірегей қолөнер бұйымдары мен шеберлік жұмыстарының жаппай сатылымы ұйымдастырылатын этномәдени бірлестіктердің қызметінде қолданбалы қолөнерді дамыту саласындағы 20 жоба таныстырылады.

91. Астана Қазақстан Республикасының астанасы.

1991 жылы Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін астананы елдің оңтүстік-шығысынан республиканың орталығы бөлігіне көшіру мәселесі көтерілді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша мемлекеттің жаңа астанасын орналастыруға оңтайлы қаланы анықтау мақсатымен республиканың бүкіл аумағы мұқият зерттелді. Талдау қорытындылары барлық нұсқалардың ішінен ең қолайлысы Ақмола қаласы екендігін көрсетті. Бұл қаланың орналасқан орны сәулетшілік тұрғысынан кез келген жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Оның үстіне Қазақстанның географиялық орталығы ғана емес, қала елдің аса маңызды шаруашылық аймақтарына таяу, ірі көлік жолдарының торабында орналасқан. Мамандардың бағалауы бойынша Ақмолада тұрғын үйлер мен әкімш., іскерлік ғимараттарын салу бағасы Алматымен салыстырғанда едәуір арзанға түседі, бұл – шығынды азайтуға мүмкіндік береді. Республиканың Жоғарғы Кеңесі ел Президентінің айқын дәлелдерімен келісіп, оның астананы Ақмолаға көшіру туралы ұсынысын мақұлдады. 1995 жылы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың “Қазақстан Республикасының астанасы туралы” Заң күші бар Жарлығы жарияланды. Осы уақыттан бастап Республиканың Президенті резиденциясының тұратын жері Ақмола және Алматы қалалары болып белгіленді. Жоғары мемлекеттік органдарды Ақмола қаласында орналастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының мемлекетік комиссиясы құрылып, оған орталық және жергілікті атқарушы органдардың бұл мақсаттағы атқаратын қызметін үйлестіру құқығы берілді. Президент Жарлығы бойынша Республика үкіметі Ақмола қаласын абаттандыру жөніндегі бюджеттен тыс қаражатты жинақтау мақсатында “Жаңа астана” қорын ашты. 1997 жылы 20 қазанда Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның жаңа астанасы Ақмола қаласы болғанын ресми түрде жариялады. 1997 жылы 8 қарашада Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері мен Президент байрағын Алматыдан Ақмола қаласына шығарып салудың салтанатты рәсімі өтті. 1997 жылы 3 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің кеңсесі Ақмолаға көшті. Сол жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Ақмолаға ресми түрде аттанды. 1998 жылы 6 мамыр күні Президент Жарлығымен Ақмола қаласының аты Астана болып аталды. Қаланың Қазақстан Республикасының астанасы ретіндегі ресми тұсаукесері 1998 жылы 10 маусымда болып өтті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]