Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZAKSTAN_TARIKh.doc
Скачиваний:
1852
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
1.15 Mб
Скачать

34. Қазақстандағы этникалық процестерді жүйелеп, қазақ халқының қалыптасу кезеңдерін көрсетіңіз.

Қазақ халқының қалыптасуы 15 ғ. Екінші жартысы мен 16 ғ. Бас кезінде, тәуелсіз Қазақ хандығы қалыптасқан кезде аяқталды. Сөйтіп, халықтың қалыптасуының тағы бір жағдайы өз мемлекетінің аты қалыптасты. Қазақ хандығында біртіндеп ру- тайпалық сана әлсіреп, жалпы қазақтарға тән этникалық сана күшейді. «Қазақ жері», «Қазақ мемлекеті», «қазақ елі» деген түсініктер кең өріс алды. Этникалық тарихи-хронологиялық қалыптасудың үш түрі бар: ру тайпа, халық, ұлт. Бұл әр бірлестікте өзіндік этникалық сана болады. Этникалық сана бұл адамның өзін белгілі этникалық бірлестіктің мүшесі деп санауы. Халық болып қалыптасуының алғашқы кезңінде қазақтарда халықтық зтникалық сананың орнына ру тайпалық сана басымболды. Мысалы: «Сен қай рудансың» деген сұраққа жауап беруші ең алдымен өзінің руын, сосын тайпасын, сосын жүзін айтатын болған. Олар өзін қазақпыз деп елден тыс шыққанда ғана айтады. «Қазақ» деген атаудың шығуы туруалы көп пікір бар. Ғылыми тұрғыдан жазба әдебиетте «қазақ» атауының пайда болуы туралы толық тұжырым жоқ. Енесейде табылған ҮІІІ ғасырдағытүрік ескеркішінде «қазғақ ұғылым» деген сөз тіркесі кездеседі. ІХ Х ғасырларда Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды мекендеген үш қарлық тайпаларының жалпы «хасактар» деген аты болған. Қарлықтардың қазақ этногенезіне тікелей қатысы болғаны белгілі\Х -ХІ ғасырларға қатысты араб құжаттарында, сонымен бірге орыс жылнамаларында Қара теңіздің солтүстік шығыс жағалауындағы Қасаг қаласы туралы, касагтар елі туралы деректер бар. Кейбір ғалымдардың пікірінше бұл жерде қазақтардың үлкен қонысы болған, олар бірігіп, ХІ ғасырда Дон мен Днепр жағалауында орныққан. Х ғасырда билік құрған Византия императоры Константин Багнянородныйдың айтуы бойынша Кавказдың солтүстік батысында «қазақ елі» бар. Әзербайжанның батысында бүгінгі күнге дейін Қазақ аудандары бар. Ең алғаш «Қазақ» сөзі мұсылман деректеріндегі авторы белгісіз түркі араб сөздігінде кездеседі

.35.Қасым хан (1511-1518/ 1521ж) тұсындағы қазақ хандығы

Керей мен Жәнібек хандардан кейін Керейдің ұлы Бұрындык (1473/1474-1511ж) хан болған. Егер Жанiбек пен Керей хандар Казак хандыrынын, ipre тасын қалыптастырып, онын аумаrын ұлrайта бастағандығымен көрінсе, ал Бұрындық ханның аты Сырдария өзенi бойындағы калаларды Әбілқайыр ұрпағынан өздерiне карату жолында болған ұрыстардан көрінген. Алайда ханның ел iшiнде беделi болмағандықтан және қаталдығының нәтижесінде Самарқанға көшiп кеттi. Бұдан кейiн Бұрындықтың кезiнде оның әскери қолбасшысы болған Жанiбек ханның баласы Қасым сұлтанның ел iшiнде беделi күштi болған. Қасым ханның кезiнде хандыктын саяси жағынан болсын, алеуметтiк- ­экономикалык жағынан болсын дамығандығы белгiлi. Тiптi алыс жакын жаткан елдерге Қасымның аты айгiлi болып, қазақ хандығы куатты, iргелi елге айналған. MiHe сол Қасым 1411 жылы хан болды. Қасым ханның тұсында Казак хандығының дамығандығын сол кездегi орта ғасырлык тарихшылардың өздерi де атап өткен. Маселен, атақты Бабыр ханның айтуына қарағанда қазақ султандары мен хандарының бiр де бiреуi бул халықты дал Қасым хан сияқты бағындыра алмаған. Онын қарамағындағы аскер саны 300 мыңга жуық едi- дейді. Ал тарихшысы М.Х.Дулати Касымнын букiл Дештi Кыпшак даласына билiк жургiзгенiн, оның халкы санының миллионнан астам болғандығын айтады. Жошыдан кейiн бұл жұртта одан ұлы хан болған емес дейді. Хан өз мемлекетінің коғамдык өмiрiнде карама-карсы кайшылыктарды болдырмау үшiн түрлi заң шығарушы заңгер де болған. Онын шығарған заңдары "Касым ханның қасқа жолы" деген атаумен осы күнге дейiн ел аузында айтылып келедi. Бірақ ол жазбаша түрде сакталмаған. Осы заң арқылы ол елді мін шығармай басқарған. Хан өзінің заң жинағымен ел iшiндегi жағдайды бiраз түзеп, хандык өкіметін баскаруды күшейтiп алады. Қазақ хандығының нығаюына және бiр себеп ол Шайбаниліктердің Азияға карай бiржола ауып кетуімен және кетпей қалған ру-тайпалардың барлығы ендi қазақ хандығына өзiнiң жерiмен косылып халкының санының өсуіне, шекарасының кеңеюіне де үлкен үлес косқан.СоныменҚасым хан XVI ғасырдын басында ұлан байтақ қазақ жерінің айтарлықтай бөлiгiн өзінің қол астына қаратты. Алгашкы кезде ханның саяси-акiмшiлiк және сауда-экономикалық орталығы Сырдарияның бойындаrы Сығанак каласында болған. Қасым хан өзінің өмірінің сонгы кезiнде астанасы Сарайшык каласында билiк жүргiзген. Сарайшық сол кездегі ең маңызды қала қатарынан болған. Қасым хан тұсында Казак хандығынын нығаюы және оның күшеюi мемлекеттiң беделiн арттырып. сырткы саясатта айтарлыктай табыстарrа кол жеткiздi. Орта Азия хандарымен. Едiл бойындағы елдермен, Батыс Сiбiр хандығымен, Ресеймен сауда-саттық, жане дипломатиялык байланыстар жасаған. Қасым хан тұсында Моroл хандығының Жетiсуғе жүргiзген билiгi барган сайын әлсiрей бердi. Бүл кезде Моғoл хандығы мен өзбек хандығы арасында кескiлескен соғыстар болып жатты. Моғол ханы Саид хан 1514 ж Шығыс Түркістанға көшіп кетуі, Қасым ханның Жетісудағы билігін нығайта түсті.

XVI ғасырдың басында қазақ ханы Касым ханның сырткы саясатының басты бағыты Сырдария бойындағы калаларды каратып алу жолындағы күрес болды. Бул күресте Қасым хан Мауереннахр билеушiсi Шайбани хан мен және оның ұрпактарымен токтаусыз күрес жургiздi. Сырдария бойындағы шурайлы жерлер мен калаларда билiк жургiзу үшiн күресін жалғастыра бердi. Өйткенi калалар қазақ хандығының экономикасын көтеруде жанды мәселелердің бiрi болды. Мұхаммед Шайбани хан қаза болғаннан кейiн, хан ұрпақтары арасында хандык билiкке өзара талас басталды. Осы жаrдайды пайдаланған Касым хан шабуылға шыrғып, Сайрамды өзiне қаратты. Осыдан соң Ташкенттi билеп тұрган Шайбани ұрпағы Сүйiнiш қожаға қарсы аттанды. Бірақ Ташкент каласының түбiндегi ұрыс сәтсіз болып, хан кайта оралады. Қасым хан Мұхаммед Хайдардың деректерiнде 1518 жылы қайтыс болган. Алайда, орыс деректерiне қараганда Қасым хан 1521 жылы кыста Сарай каласында қаза болған.Қасым хан тұсында қазақтар өз алдына тәуелсiз, дербес мемлекет есебiнде Орта Азия мен Шығыс Еуропаға белгiлi болды. XVI ғасыр Қазақ хандығының дәуiрлеу кезеңі болды. Жер көлемi ұлғайды. Оңтүстікте Сырдария алабын қамтып, Түркістан аймағындағы, Сыр бойындағы қалаларды косып алды. Онтустік шығыста Жетiсу жерінің басым бөлiгi Шу, Талас, Қаратал, Iле өзендерінің алкабы қарады. Солтүстік және солтүстiк шығыста Ұлытау мен Балкаш көлiнен асып, Қарқаралы тау тарамдарына дейiн жеттi. Солтүстiк батыста Жайык өзенiнің алабын қамтиды. Miнe осындай кең-байтақ қазақ жерiн қамтып жаткан Қасым ханның халкының саны да бiр миллионнан асқан. Мұндай деректер жазба деректерде де хабарланrан. Сонымен қазақ хандығы көркейіп бүкіл әлемге танымал болды.

.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]