Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZAKSTAN_TARIKh.doc
Скачиваний:
1852
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
1.15 Mб
Скачать

45. Патшалық Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының бастапқы кезеңін анықтаңыз.

Геосаяси тұрғыдан алғанда, Еуразиядағы екі ірі мемлекет Қытай мен Ресей арасында орналаса отырып, табиғи үдерістерге тұтасымен байланысты көшпелі Қазақстан отырықшы көршілерінің экономикалық және саяси тұрғыда тұрақты ниет нысаны болды.

XVII-XVIII ғасырларда қытайлық богдыхандармен жіберілген жоңғарлық көшпелі тайпалар қазақ хандығына қарсы кеңауқымды соғыс ашады. Бүкіл далада қантөгіс соғыс болып, елдегі түрлі аймақтардағы экономикалық және әскери-саяси байланыстардың әлсіздігінен және рутайпалық бытыраудан әлсіреген қазақ елі 1723 жылы жеңіліс табады. Бұл қазіргі кезде тарихта «Ақтабан шұбырынды» трагедиясы ретінде белгілі.

Қарсылық көрсете білген қазақ батырларының ержүректігі, Абылай ханның батылдығының арқасында, Төле би, Қазбек би, Әйтеке билердің дипломатиялық қабілеттері мен халықтың еліне деген адалдығы арқасында Қазақстан толық басып алудан және тұрғындарды қырып салудан аман қалды. Өз тәуелсіздігі мен қауіпсіздігіне кепілдік іздеп қазақ хандары сол уақытты Сібірден шығысқа қарай өз шекарасын белсенді ұлғайтып келген Ресей империясынан қорғаныс іздеді. Алайда, әскери көмекпен бірге бекініс-қалалары салынып, ішкі Ресейден халықтың жапай көшуі басталды, шаруашылық қажеттіліктер үшін жайылымдық жерлерді берілді, ресейлік әкімшілік-аймақтық бөліну үлгісі бойынша аймақтық бөліну басталып кетіп, ақыр соңында Қазақстанның жеке тәуелсіздігінен айырылуына әкеліп соқты.

Халық жасағын басқарған Кенесары хан тарапынан, Сырым датұлының көтерілісі, Ұлы Жүз көтерілісі және басқа да отарлауға батыл қарсыласуларға қарамастан 1871 жылы Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретіндегі күшін жойды. 1850-1860 жылдардағы Оңтүстік Қазақстанды Ресейдің басып алуы Қазақстанды отарлаудың соңғы кезеңі ретінде сол дәуірде оңтүстік Қазақстан аумағын алып жатқан Қоқан, Бұқар және Хива хандықтарына қарсы ресейлік әскери жорығынан кейін орын алды.

Қазақстанның бұдан кейінгі тағдырының жалпы бейнесі қоғамдық прогресстің еуропалық үлгісімен, соның ішінде Ресейдің мемлекеттігі мен оның халқының тағдырымен байланысты болды.

XIX ғасырдың бірінші жартысында қазақтардың көпшілігі отырықшылыққа ауысып, егіншілікпен айналыса бастайды, бұл Ресейдің ішкі облыстарынан қоныс аударып келген орыс шаруаларына қазақтардың кең құнарлы жерлерін тартып алып беруімен түсіндіріледі. Қазақстанның экономикасы Ресейдің шаруашылық қызметі аясына біртіндеп кіре берді. Оның аумағында өндірістің, көліктің, сауданың көптеген салалары қарқынды дами бастайды. Ұлттық жұмыс тобын, зияткерлерді қалыптастыру жүргізілді.

Жаппай әлеуметтік-экономикалық сараптаулармен бірге Қазақстанда этномәдени синтездеу әрекеттері және орыстың рухтандырушылығының  үздік үлгілері түрінде еуропалық өркениет жетістігінің жергілікті жағдайына үйрену және өз халқы үшін қолайлы мәдени перспективадағы қазақтың шығармашыл зияткерлерін іздеу әрекеттері жүзеге асырылады. Осы іздеулерді өз қызметімен іске асырған керемет оқымысты Шоқан Уәлиханов (1835-1865) – ол батыс оқымыстылары арасында бірінші болып өз кезегінде сыртқы әлемге беймәлім Қашқариға барған және ұлы ауызша шығармашылығындағы шығарма – «Манас» эпосын жазған тамаша оқымысты-шығыс зерттеушісі. Қазақ мәдениетінің тарихында ұлы ойшыл-ақын Абай Құнанбаевтың (1845-1904) ролі ерекше. Қазақтың әдеби тілінің негізін қалаушылардың бірі, қазақтың жазба әдебиетінің классигі, ол тек дарынды ақын ғана емес, шығыс, орыс және еуропа әдебиеттері  шығармаларының шебер аудармашысы.

Қазақ елінің ауыр сыртқы жағдайын Кіші жүз ханы Әбілхайыр (1693-1748ж.) Ресей империясының қолдауы арқылы шешпекші болды.Әбілхайыр ханнын мақсаттары. 1. Қалмақтар мен башқұрттардың Қазақ жерін шабуылдауын тоқтату. 2. Петербург билеушілеріне арқа сүйеп, аға хандыққа таласта қарсыластарын жеңу. 3. Жайықтың төменгі ағысы, Есіл, Ертіс, Ор өзендері бойындағы қазақтардың мал жайылымдары үшін бейбіт өмірді сақтау. 4. Қазақ жері арқылы өтетін керуен жолдарының қауіпсіздігін қалпына келтіру. Ханның ен басты мақсаты - жонғарларға қарсы күресте Ресеймен байланыс орнату. Әбілхайыр осыған дейін, 1726 жылы Ресей империясының құрамына кіруге өтініш білдіріп, елшілерін жіберген болатын. Бірақ елшілікке күмәнданған патша үкіметі хан ұсынысын жауапсыз калдырған болатын. 1730 жыл - Кіші жүз билері Әбілхайырға Жонғарияға қарсы күресу үшін Ресеймен әскери одақ құруды тапсырды. Алайда, хан 1730 жылғы қыркүйекте Петербургкке аттандырылған елшілеріне әскери одақ күру емес, Ресейдің құрамына кіру туралы құжат тапсырды. 1731 жылғы 19 ақпан - елшілер Сейітқұл Құндағұлұлы, Құтлымбет Қоштайұлының Кіші жүзді империя құрамына қабылдау туралы ұсынысын императрица Анна Иоанновна кабылдады. Кіші жүз ақсүйектері мен Әбілхайырдан ант кабылдау үшін Ресейден сыртқы істер коллегиясының тілмәші, дипломат А.И.Тевкелев бастаған елшілік жіберілді. 1731 жылы қазанда орыс елшілері Ырғыз өзені бойындағы Әбілхайыр ордасына келгенде, қазақ ақсүйектері арасында шауыздық бар екені анықталды. Барақ сұлтан, Бөгенбай батыр топтары Кіші жүзді Ресейге қосу жөніндегі шараларды аяқсыз салдыруға тырысқанмен, бұл карсылық сәтсіз аяқталды. 1731 жылғы 10 қазан - Кіші жүздің 27 старшинасы Ресейдін қол астына кіруге ант берді. Кіші жүздің Хиуа хандығымен аудандары Ресей империясына косылмады. Қазақ тарихындағы осы маңызды процесті тарихшылар әртүрлі бағалайды: - М.Макшеев, И.Завалишин т .б. Әбілхайырдың іс - әрекеттерін тұтасынан ақтайды. - А.И.Левшин бұл бодандықты Әбілхайырдың жеке бас мүддесін ойлағаннан туыңдаған іс - әрекет деп түйіндейді. Кіші жүз Ресей кұрамына кіргеннен кейін де жағдай күрделі күйінде қалды: жоңғарлардың басқыншылық әрекеттері тоқтамады. Орыс үкіметі Қазақ өлкесі жөнінде отаршылдық саясат ұстанып, 1714 - 1720 жылдары Ертіс өзенінің жоғары ағысында бекіністер тұрғызған болатын: Жәміш, Омбы, Колбасинск, Железинск, Семей, Коряков(Кереку), Өскемен. Патша үкіметінін мақсаты - қазақ - жоңғар соғысын пайдаланып, бекіністер салу арқылы Қазақ өлкесін біртіндеп жаулап алу. Патша үкіметі Жайық бойына бекіністер тұрғызып, егін шаруашылығына қолайлы өңірлерді басып алып, орыс Ресей құрамына кірудің 2 кезеңі. Орта жүздің Ресейге қосылуы 1781 жылы Абылай қайтыс болғаннан кейін Орта жүздің ханы болып оның баласы Уәли сайланады. Ол бір мезгілде Рейсейге де, Қытайға да бодан болатыны жөнінде ант беріп. Өз әкесінің саясатын жалғастыруға ұмтылғанын көрсетті. Дегенмен, оның тұсында хандық ішінде ыдыраушылық күшейді, сұлтандардың ықпалы өсіп, мұның өзі қазақ хандығ,ының әлсіреуіне әсерін тигізді. Бұл Ресейдің Орта жүз жеріне неғұрлым белсенді түрде енуіне жағдай жасады. XVIII ғасырдың ортасындағы Қазақстан - Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының бір бөлігі Ресейдің қол астына өтуді қабыл алғаннан кейін Ресеймен шекаралас аймақтардагы өзара қарым-қатынас қиындап, барған сайын шиеленісе түсті. Қазақ-Ресей қарама-қайшылығының негізінде жер дауы жатты. Патша укіметі Қазақстандағы жерлерді тікелей тартып алуға және қазақ-башқұрт қатынастарының шиеленісін ұшықтыра тусуге көшті. -Кіші жүз аумағындағы қарама-қайшылықтардың шиеленісе түсуі. 1748 жылы Әбілқайыр ханның ұлы Нұралы Кіші жүздің ханы болды. Жаңа билеуші патша әкімшілігі бұл лауазымға ресми түрде бірінші рет бекіткен қазақ ханы еді. Оған жылына 600 сом мөлшерінде жалақы тағайындалды. Ол өзінің ұлдарын аманат ретінде Орынборға тапсыруға міндеттенді. Нұралы ханның патша үкіметіне тәуелділігі, оның қазақтар арасында абыройын түсірді. Бірақ Нұралыны хан ретінде барлық рубасылары түгелдей дерлік мойындай коймады. Шекті руы ықпалы күшті Батыр сұлтанды өз билеушіміз деп таныды. Нұралының інілері Айшуақ пен Ералы да өз беттерінше тәуелсіз болуға тырысты. Сондықтан да патша үкіметі шекара шептерін нығайта түсуге көп күш-жігерін жұмсауға кірісті. Оның үстіне, патша үкіметі қазақтардың Жайық өзенінің оң жақ бетінде көшіп-қонып жүруге бұрынғыдан да бетер қатаң тыйым салды. Қазақтарды өзеннің оң жағалауына өткізбеу мақсатымен оның сол жағалауындағы жайылымның шөбін күзге қарай өртеп жіберуді әдетке айналдырып алды. Мұндай тыйым салулардың бірқатар себептері болды. Патша үкіметінің өз тылында бақылау жасау қиын тиетін көшпелілердің қарулы қалың тобын жақын ұстағысы келмеді. Алғашқыда Ресейдің шекаралық ішкі аумағына орыс халқын — бірінші кезекте казактарды, содан кейін қоныс аударатын шаруаларды орналастыру көзделген болатын. Акырында бір жағынан қазақтардың, екінші жағынан башқұрттар мен қалмақтардың арасында бұрыннан орын алып, созылып келе жаткан қарама-қайшылықтар болды. Қазақтардың Жайық пен Еділ өзендерінің аралығына келуі ол қарама-қайшылықтарды ушықтырып жіберетін еді. -Қазақ-башқұрт қатынастарының даму ерекшеліктері. Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының солтүстіктегі ұзаққа созылатын ең үлкен шекарасы Башқұртстанмен екі арада болды. Башқұрттар да көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтын ұстанатын. Олар қазақтармен тегі бірге туыстас түркі тілдес халық болатын. Олардың шаруашылықты жүргізу қызметінің түрі ұқсас, тілі де, діні мен мәдениеті де ортақ еді. XVII ғасырдың екінші жартысында Кіші жүз қазақтардың бір бөлігі ру-руымен Үй-Миасс өзендері аралығындағы және Жайықтың оң жағалауындағы башқұрт жерлерінде көшіп-қонып жүретін. Башқұрт-қазақ байланыстарының ол кездегі кеңінен тараған түрлері екі халық арасындағы қыз беріп, қыз алысу, құда-жекжат болып араласу болатын. Башқұрт және қазақ батырларының арасындағы күрес, бәйге, садақ ату сияқты жарыстар бірлескен мереке кездерінде кеңінен өткізілетін. Патша әкімшілігінің башқұрттар арасындағы отаршылдық саясаты көптеген көтерілістердің жиі-жиі шығып тұруына алып барып соқтырды. Мәселен, 1740 жылы башқұрттардың Қарасақал бастаған кезекті көтеріліс болды. Оған қазақтар және олармен одақтас карақалпақтар да белсене қатысты. Башқұрттармен екі арада бейбіт байланыстармен және одақтастастық қарым-қатынастармен қатар әр түрлі қақтығыстар да, қыз алып қашу, барымталау, қазақ және башқұрт билері мен батырларының бақталастығы сияқты әрекеттер де болып тұратын. Патша үкіметі қазақтар мен башқұрттардың ұлтаралық араздығын тудырудың қолайлы уақытын бос жібермеуге тырысып бақты. Сөйтіп ол екі туысқан халықтың Ресей империясына қарсы күш біріктіруіне жол бермеу үшін қолынан келген барлық амал-әрекеттің бәрін де жасады. Ресейге қосылудың 3 кезеңі. Ұлы жүзің Ресейге қосылуы - Ұлы жүз руларының Ресей қол астына қарауы. Жетісудың Ілеге дейінгі бөлігі 18-ғасырда Жоңғар билігінде болды. Ол кезде Ұлы жүз ханы Жолбарыстың қол астында Ташкент төңірегіндегі шағын ғана аймақ бар еді. Жолбарыс хан орыс елшісі М.Тевкелевтің Кіші жүзге келгенін біліп, оған Ресейдің қол астына кірудің шартын анықтау үшін үш старшын аттандырды. Осы кезде Ұлы жүздің атақты билері — Төле би, Қодар би және Сатай, Бөлек, Хангелді батырлар өздерін Ресей азаматтығына қабылдау жөнінде император Анна Иоановнаға жолдама хат жолдады. Олар Әбілқайыр хан мойындаған шарттар негізінде Ресей мемлекетінің құрамына кіруге тілек білдірді. 1834 жылы 20 сәуірде император Анна Иоанновна оларды Ресейдің қол астына қабылдау жөніндегі грамотаға қол қойды. 1842 жылы Ұлы жүз руларының төрт старшыны Ресейдің қол астына қарау жөнінде ант берді. Бұл кезде Жетісудың көптеген бөлігінің Жоңғарлар билігінде болуы Ресейге қосылуға бөгет жасады. Сонымен қатар Қоқан ханы мен Хиуа билеушілері едәуір қарсылық көрсетгі. 1848 жылы сұлтан Сүйік Абылайханов бастаған Ұлы жүз қазақтары өздерін Ресей қол астына алу туралы тілек білдірді. Бір жыл өткен соң патша үкіметі Ұлы жүз қазақтарын Ресей азаматы деп жариялады. Бірақ бұл азаматтыққа Іленің шығыс жағын мекендеген рулар ғана өтті. 1856 жылы Ұлы жүздің Жалайыр, Албан, Дулат, Шапырашты, Ысты тайпалары Ресей азаматтығын қабылдады. 19 ғасырдың 50-жылдарында Ұлы жүздің Оңтүстік Қазақстаңдағы бөлігі Қоқан хандығының қол астында еді. Бұл аймақтарды өзіне қаратып әрі Орта Азиядағы хандықтарды өзіне бағындыру мақсатымен патша үкіметі Ұлы жүздің Оңтүстік Қазақстандағы аймағына екі жақтан — Перовск және Верный қалаларынан жорық бастады (Ұзынагаш шайқасы). 1864 жылы көктемде орыс әскері Әулиеатаны, 1865 жылы Ташкент, Перовскіден шабуылға шыққан орыс әскері Шымқорған, Жөлек бекіністерін алып, Сырдария мен Жетісудағы Ұлы жүз қазақтары түгелдей дерлік Ресей қол астына көшті

Қазақстанның Ресей империясының құрамына кіруінің соңғы кезеңі (XIX ғ. 50-60-ы жж.)

Қазақстанның оңтүстігін басып алу. Қазақстанның Ресейге қосылуына көптеген саяси-экономикалық аяғышарттар болды. Орыс үкіметі өзінің шекарасын Шығыста ұлғайтқысы келді. Ресейде мемлекеттік биліктің күшейуімен қатар Шығыс мемлекеттерімен, керші жатқан халықтармен сауда айырбас жасауға және өзге де қарым-қатынастарды дамытуға мүмкіндік туды. Қазақстанның Ресейге бодандығы ХVIII ғ. 30-шы жылдары басталып, ұзақ және күрделі үрдістен кейін ғана XIX ғасырдың 60 жж. аяқталды. Қазақ жүздерінің қосылуы әртүрлі ішкі саяси жағдайда іске асты. Кіші жүздің көп және Орта жүздің кейбір аудаңдары Ресейге XVIII - XIX ғғ. басында қосылды. Патшалық империя Орта Азияға байланысты алға қойған стратегиялық мақсаттарына жету үшін Орта жүздің үлкен бөлігін және Оңтүстік Қазақстанның қалалық белігін еш аяушылық көрсетпей, қатаң әскери күшпен бағындырды. Ресей Оңтүстік Қазақстанды және Орта Азияны жаулап саясатын Ұлы Брятания империясымен болған бәсекелестікпен түсіндіреді. Қазақстанның Ресейге қосылуы үш кезеңнен тұрады: -Бірінші кезең XVIII ғ. 30-шы жылдарынан басталып 19 ғ. 20-шы жылдарына дейін. Бұл жүзжылдықтың ішінде Ресей мен Қазақ хандығының арасында протекторат қарым-қатынасы орнады. Ресей бекіністері мен шептері қазақ жерінің солтүстік шекарасын жан-жақтан қоршады. Қазақ хандарының сыртқы шаруаларына орыс билігі тығыз араласты және бекітіп отырды. -Екінші кезең - вассалитет кезеңі, XVIII г. 60-шы жылдары аяқтадаы. Оның негізгі керінісі 1822 жылы қабылданган «Сібір қазақтары туралы Жарғы» мен 1824 жылы қабылданған «Орынбор қазақгары туралы Жарғы» осы жарғылардың нәтижесінде хандық билік күшіи жойып, Ресей бодандығындағы қазақ өлкесіңде округтер мен бөлімдер ашылды. 0 круг басшылары - аға сұлтандар мен сұлтан-правительдер генерал-губернаторлыктарға бағынды. Өз кезегінде округтерде болыстықтар мен дистанциялар ашылды. Үшінші кезеңі таза бодандық, 1860-шы жылдары басталады. Оның негізгі белгісі Қазақ жерінің тұтастай Ресей империясының құрамына енуі, облыстарға бөліну, олардың ез кезегінде уездерге т.б. бнлінуі. Қазақтың саяси элитасы сұлтандар мен билер биліктен біржолата шеттетілді. Қазақ шаруашылығы Ресейдің тауарлы-сауда қарым - қатнастарының орбитасына ене бастады. 130 жылға созылған қазақ - орыс жаугершілігі ақырьі Қазақстанның онтүстігіндегі қалаларды жаулап алумен аяқталды. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақтың ұлт-азаттық қозғалыстары жеңіліспен аяқталып, Қазақстанның бүкіл территориясының Ресей билігіне өтуіне алғы - шарт болды. Отаршылдарға қарсы көтерілістер кейде партизандық, кейде ашық ұрыс түрінде болып отырды. Қазақтардың жеңілуінің бірнеше себептерін көрсетуге болады: ол алдымен Ресей империясының экономикалық ресурстары қамтамасыз еткен орыс әскерінің техникалық қуатталығы, көптеген сұлтандар мен билердің сатқындығы, үшіншіден Кенесары қозғалысы кезінде Ресейге көмектескен Қазақстанның онтүстік көршілерінің - Хиуа, Қоқан және қырғыз манаптарының саясаты. Кенесары өлгеннен кейін орыс әскерлері Жетісуды, кейін 60-шы жылдары оңтүстік қалаларды басып алды (Ташкент, Шымкент, Түркістан, т.б.). Ресей үкіметі өзінің әкімшілік-саяси реформалары арқыяы Қазақсуандағы дәстүрлі басқару жүйесін бұзып, көпшелілерді құнарсыз жерлерге ығыстырып, Ресейден келген қара шекпендерге үлкен жеңілдік берді. 1867-1868 жж «Уақытша Ережеден» кейін шексіз билікті алған отаршылдық саясаты кең етек жайды. Сонымен қатар Қазақстаның Ресейге қосылуының нәтижесінде қазақ көшпелілері айырбас және сауда қатынасын жасайтын мүмкіндікке ие болды, қазақ ауылдарында сауданың даму барысында капиталистік, өндірістік қатынастар пайда бола бастады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]