Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZAKSTAN_TARIKh.doc
Скачиваний:
1852
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
1.15 Mб
Скачать

47.. Сырым Датұлы (1783-1797 жж.). Басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісінің себептері, барысы, ерекшеліктерін жүйелеңіз.

Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі (1783-1797ж.ж) Көтерілістің алғышарттары:

-Кіші жүзде хандық биліктің әлсіреуі

-Ақсүйектердің бір бөлігінің патша үкіметінің саясатын қолдамауы

-Ресей үкіметінің Кіші жүзді әкімшілік басқаруда өзгерістер енгізіп, Кіші және

Орта жүздің кейбір өңірлерінің Симбирск, Уфа басқармасына бағындырылуы

-Орыс помещиктері Жайық казак әскерінің қазақтарға зомбылығының күшеюі. 1782-1783 жылдарда жұт әсерінен малдың шығын болуын казак әскерлері жергілікті халыққа қысым көрсету үшін пайдаланды.

  • 1782 ж-ғы 27желтоқсан- патша үкіметінің 1775 жылғы 7 қарашадағы жарлығы өзгертілді. Жаңа жарлық бойынша:

-Су көздері жанынан қыста мал айдауға ол жерлерді жалға алғанда ғана рұқсат етілді.

-Казактар жерлерінің қазақтарға жалға берілуіне тыйым салынды.

-Жалға алатын жер үшін қазақтар ақы төлеумен бірге, аманат қалдыруға тиіс болды. Көтерілістің басты қозғаушы күші – қарапайым көшпенділер. Патша үкіметінің қысымына қарсы би, старшын, батырлар да көтеріліске қатысты. Көтеріліс аумағы: Еділ - Арал теңізі. Көтерілісшілердің басты мақсаты:

  • Ғасырлар бойы қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру.

  • Орал казак әскерлерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату.

  • Нұралы хан мен оның сыбайластарының озбырлығына шек қою.

Көтеріліс басшысы - Байбақты руының старшыны, батыр және шешен Сырым Датұлы(1742-1802). Ол 1775 жылы Пугачевтің әскерінде қазақ жасағын басқарған. Қолбасшы А.Суворов граф Панинге жазған хатында «Сырым бастаған қарулы топтар тосыннан келіп шабуылдайды, тез арада жоқ болады. Оның артынан қуғанмен ешкім жете алмайды» деп батыр сарбаздарын жоғары бағалаған.

  • 1778 жыл- орал казактарымен қақтығыста Сырымның балалары қайтыс болды.

  • 1783 жылдың күз - батырдың Орал казак әскерімен ашық түрде кең арпалыс жолына түсуі басталды.

  • 1783 жылғы желтоқсан Сырымды оралдық казактар тұтқынға алды.

Сырымның қарындасына үйленген Нұралы хан 1784 жылы көктемде оны тұтқыннан босаттырды.

  • 1784 жылғы маусым Сырымның Орал казак әскерімен кескілескен күресі басталды.

Қазақ жасақтары төменгі Жайық шебі мен Ор бекінісі төңірегінде шайқасты. 1784 жылғы қараша Сағыз өзені бойында Сырым тобы 1000 адамға жетті. Патша өкіметімен бірлескен Нұралы ханның көтерілісшілерге қарсылығы оның Сырыммен ара қатынасын суытты. Сырым тобы Сахарная бекінісін алуға ұмтылып, зеңбіректерге қарсы келе алмай кейін шегінді. Сұлтан Айшуақтың өзі Орал қаласында тұтқындалды. Жазалаушылардың Нұралы ханның туыстарына қол көтеруі көтеріліс сипатын өзгертті. Нұралы ханның ашық түрде патша өкіметін жақтауы феодалдық топтар арасында жік туғызды. Нұралыны хандықтан тайдыру-көтерілісшілердің ендігі басты мақсаттарының бірі.

  • 1785 жыл Кіші жүз старшындарының съезі Нұралыны хандықтан тайдыру жөнінде шешім қабылдады. 1785 ж күзде қазақ билерінің (20 ру өкілдері) мәжілісі болып патша үкіметіне Нұралы тұқымдарын хан тағына жолатпау талаптарын қойды. Жүзді үш ордаға бөлу ұсынылды:

-Байұлы

-Жетіру

-Әлімұлы

Сырым үш орданың кеңесшісі болып сайланды. Осымен Кіші жүздегі отаршылдыққа және феодалдыққа қарсы қозғалыстың бірінші кезеңі аяқталды. Нұралы 1786 ж көктемде Орал әскери шебіне қашып, паналады.

  • 1790 ж- Уфаға жер аударылып, сонда қайтыс болды.

Кіші жүздегі қайшылықты бақылап отырған барон О.А Игельстром хандық билікті жойып, отарлауды тездетуді және әкімшілік билеуді іске асыруды ойластырған жоба ұсынды. Иг-м жоспары бойынша Кіші жүзде қазақтарды билеуді Шекаралық сотқа шоғырландыру ұсынылды. П.Екатерина бұл жобаны уақытша бекітті. Сырымның мақсаты- хандық билікті жойып, билердің билігін орнату. Билердің көпшілігі жалпы хандық билікті түбірінен жоюға қарсы болып, сұлтан Батырдың баласы Қайыпты Кіші жүз хандығына дайындады.

  • 1786 жыл- Орынборда шекаралық комиссия құрылды.

  • 1787 жыл- Кіші жүзде патшаның әкімшілік билігінің төменгі сатылары ұйымдастырылды.

  • Көтерілістің уақытша өрлеіне түрткі болған оқиға- Орал казактарының қазақтарға қарсы шабуылдауы.

  • Сырым батырдың алдында екі жол тұрды:

-Патша үкіметімен күресті тоқтатып, отарлауға қарсылық көрсетпеу, Жайық бойындағы шұрайлы жерлерді казактардың қолында қалдыру.

-Қазақ руларының басын біріктіріп, патша үкіметіне қарсы күресті жалғастыру. Батыр екінші жолды таңдады. Көтерілістің жаңа кезеңінің кеңеюіне 1791 ж Орск қаласының маңында Ералыны хан етіп сайлау әсер етті(1791- 1794).

  • 1792ж-Сырым ресей империясына қарсы ашық күрес жариялады.

Қазақ феодалдарының бір бөлігі батыр топтарының шоғырланған ауылдарын және батырдың жоспарын Орынбор әкімдеріне хабарлап отырды. Патша үкіметінің Жем, Ойыл бойында бекіністер тұрғызуы да көтеріліске кері әсер етті. Сырымның көтеріліске Орта жүзге шекаралас аймақтағы қазақтарды тартуы іске аспады. 1791 ж маусымда Сырымның көтеріліс мәселелерін талқылау үшін старшындар съезін шақыру талабы орындалмады. Елек қонысы мен Красногорск бекінісіне шабуылы нәтижесіз болып, партизандық күрес әдісіне көшті. Күрес уақытша бәсеңдеді.

  • 1794-Ералы хан қайтыс болды.

  • 1795ж-Есім хан болып сайланды.(1795-1797).

1796-97 ж-рдағы қысқы жұт, ханның салықты көбейтуі көтерілістің қайтадан ұштасуына себеп болды.

  • 1797 жылғы 17наурыз- Сырым тобының хан сарайына шабуылы кезінде Есім хан өлтірілді.

Хан өліміне Сырымның жеке басының қатысы болмады. Хан отбасының Орал казак әскерінен пана сұрауы, атаман Донсковтың көтерілісті басу үшін жазалау тобын ұйымдастыруына негіз болды.

  • 1797 жылғы күз полковник Скворник тобы Сырымды қудалауды бастады. Жазалаушылар қатарында Байбақты, Алаш, Беріш, Адай т.б. руларының өкілдері, өлтірілген ханның балалары мен туыстары болды.

Сырым тобы Ойыл өзені бойына кетіп, жазалаушыларға ұстатпады. Есім ханның қазасынан кейін ақсүйектер тобы патша үкіметінен жаңа ханды тағайындауды өтінді:

-сұлтан, старшындардың бір бөлігі-Қаратайды(Нұралының ұлы) қалады.

-Сырым тобы-хан сайлауда халық пікірін еске алуды талап етті. Барон И-м хан сайлауын тоқтатып, хандық кеңесті құруды ұсынды. Айшуақ сұлтан төрағасы болып белгіленген хан кеңесі 4 адамнан тұрды және құрамына Нұралы ханның ұрпағы енгізілмеді. Осы арқылы патша үкіметі Сырымды өзіне жақындатуға тырысты. 1797ж-Төменгі Жайық бойындағы феодалдық топтар Қаратайды хан көтерді. Ол кіші жүзде патша саясатына қарсы топты басқарды. Сырым хан кеңесі арқылы старшындық топтық қызметті күшейтуді ойластырды. Орынбор әкімшлігі хандық кеңесте Сырымның ықпалының өсуінен сескеніп, 1797ж күзде Кіші жүзде хандық билікті қайтадан қалпына келтіруге бағыт алды: Айшуақ хан болып бекітілді. 1801 ж патша үкіметі қазақ руларына Жайықтың оң жағасына өтуге, мал жаюға рұқсат берді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]