Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZAKSTAN_TARIKh.doc
Скачиваний:
1852
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
1.15 Mб
Скачать

38 Хүіі-хүііі ғ. 1-ші ширегіндегі қазақ-жоңғар қатынастарын талдап көрсетіңіз

1723ж Жоңғар шапқыншылығы XVIII ғасырдың басында Қазақ қоғамының өз ішінде дағдарысты құбылыстар етек алды: көшпелі ұжымдар арасында ынтымақ болмады, алауыздық етек алып, рулық тартыс, билік үшін ішкі саяси күрес күшейді. Ал бұл жағдайды көршілер дереу пайдаланды. Жан-жақтан: солтүстік пен батыстан – Ресей мемлекетінің, шығыстан – жоңғарлардың, оңтүстіктен – Орта Азия хандықтарының саяси қысым жасауы айқын аңғарылды. Қазақ халқы үшін ең басты қауіп – Жоңғар хандығы тарапынан төнді. XVIII ғасырдың басында жоңғарлардың негізгі тайпалары: торғауыттар мен дербеттер Тарбағатай, Монғол Алтайы, Ертістің жоғарғы ағысын, хойттар Қара Ертіс салалары мен Қобда өзенінің алқабында, ал Іле өзенінің орта және жоғарғы салалары бойында чоростар, Жоңғар Алатауының беткейлерінде хошоуттар мекендеді. 1718 жылдың көктемінде Аягөз өзенінің бойында қазақ жасақтары мен жоңғар әскерлерінің арасында болған үш күндік қантөгіс ұрыста қазақтар жеңіліп қалды. Қазақ хандықтарының саяси бытыраңқылығын пайдаланып, 1723 жылы көктемде жоңғарлар 70 мың әскермен жеті бағыттан қазақ жеріне тұтқиылдан басып кірді. Цеван-Рабданның ұлы Қалдан Церен Балқашқа одан әрі қарай Қаратау өңіріне, Құлан батур Алтайға және Көктал өзенінің өңіріне, Амурсана әскері Нұра өзені бағытында, Қалдан Цереннің Цеван-Доржы атты ұлы Шелек өзенінің аңғарымен, екінші ұлы Лама-Доржы Ыстықкөл бағытында қозғалды. Жоңғарлар халықты жаппай қырып, мал-мүлкін тонады. Қапыда қалған қазақтар үйлерін, мал-мүліктерін тастап босып кетуге мәжбүр болды. Қаратау мен Арыс өңіріндегі қазақтардың көп бөлігі жаудың қолынан қаза тапты. Алтай өңірі толығымен жоңғарлардың қолына көшті. Жоңғарлар Қазақ хандығы территориясының басым бөлігін жаулап алды. Ендігі жерде қазақ жері мен жоңғарлар ұлысының шекарасы Ұлытау, Балқаш көлі мен Шу, Талас өзендерінің арасымен өтті. Қазақ тарихында бұл кезең «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама » деп аталады. Қашып, босқан қазақтардың паналаған жері Сырдарияның сыртындағы Алқакөл көлі болды. Бұл оқиға қазақтың кіші жүзі арасында «Сауран айналған» деген атпен әйгілі болған. Жоңғарлардан қашқан Кіші жүз қазақтары соңынан түскен жауды көз жаздыру үшін Сауран қаласын айнала көшкендіктен, бұл оқиға «Сауран айналған» деп аталған екен. Осы заманнан бізге дейін жеткен «Елім-ай» әні халық бұқарасының сол жылдардағы мұң-зарын бейнелейді.Күзде Сарыарқа даласындадағы Бұланты өзенінің маңында жауға үлкен соққы берілді. Шайқас болған жазық Қарасиыр деп аталады. Осы маңдағы соңғы шайқас Жақсы Қон өзенінің жоғарғы ағысындағы Қарамолда деген жерде болды. Бұл шайқаста да жоңғарлар жеңіліс тапты. Кейіннен шайқас болған аймақ «Қалмақ қырылған» деп аталды. Жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысында қазақ тарихы үшін маңызы зор шайқастардың бірі – Аңырақай шайқасы. Бұл шайқас 1730 жылы Балқаштың оңтүстік-батысындағы Алакөл маңында орын алды. Аңырақай шайқасы болған жер 200 шақырымға созылды. Жоңғар шапқыншылығы қазақ қоғамының әлеуметтік қатынастарына да теріс әсерін тигізді. Елдің құлдырауы мен күйзелуі салдарынан кедейлер, қоңсылар, жатақтар және т.б. көбейді. Өз бетімен шаруашылық жүргізу мүмкіндігінен айырылған олар малы көп байлардың бақташылары, үйдегі малайлары ретінде жұмыс істеуге мәжбүр болды. Қазақтардың 1730 жылғы Аңырақай жеңісіне қарамастан Жоңғар хандығының жаңа шабуылының тікелей қаупі сақталып қалды. Қазақ хандықтары жөнінде барынша агрессияшыл саясат жүргізген Қалдан Цереннің (1727-1745 жж.) билік басына келуі мұндай шабуылдың қаупін күшейтті. Қазақ хандықтарының Орта Азия хандықтарымен де қатынастары шиеленіскен күйінде қала берді. Еділ қалмақтары және башқұрттармен қарым-қатынастар да күрделі еді. Осындай жағдайда қазақ билеушілері алдында маңызды да күрделі міндет – қазақ жүздерін сыртқы жаудан қауіпсіздендіру және елдің феодалдық бытыраңқылығының күшейе түскен үрдісін жою міндеті тұрды. Олардың бұған өз күштерімен жете алмайтындығына көздері жете түсті. Солтүстіктегі қуатты көрші – Орыс мемлекетімен одақтасу қажеттігі туралы пиғыл туындады. Осылайша қазақ билеушілерінде орыс-қазақ саяси және экономикалық байланыстарын нығайтып, Ресейдің қарауына кірудің жолдарын іздеуге деген ұйғарым қалыптасты.

39. «Ақтабан шұбырынды – Алакөл сұлама» кезеңінің ерекшеліктерін көрсетіңіз. «Ақтабан шубырынды, Алқакөл сұлама» (1723-1730 жылдардығы Отан соғысы) барысындағы аса маңызды шайқастардың бірі Ұлытау етегінде өтті. 1728 жылдың көктемінде Ұлытау етегінде Буланты өзенінің жағасында «Қара сиыр» деген жерде қазақ әскерлерінің жонғарлармен ірі шайқасы болды. Бұл шайқаста қазақ сарбаздары қалмақтарға есенгірете соққы берді. Қалмақ әскерлері қиян-кескі соғыста ондаған мың адамынан айрылды. Қазақтар жағы өздерінің талайдан қаны қайнап ыза мен кекке суарылған қайрат жігерінің жемісін көріп қуанды. Жеңіс туралы хабар қазақ даласына ілезде тарап кетті. Бұланты шайқасы қазақ жасақтарының женіске деген орасан зор ерік-жігерін көрсетті. Өз заманының аса көрнекті қолбасшылары жеке қол басқарған Қаракерей Қабанбай, Шақшақ Жәнібек, Тама Есет, Бәсентиін Малайсары, Тарақты ер Байғозы және басқалар Әбілқайыр хан мен Қанжығалы Бөгенбайдың жалпы басшылығы мен ынтымақты қимыл жасай отырып, жасақтарды ұрысқа бастады. Жасақтарды қаруландыру жөнінде Шақшақ Жәнібек зор ұйымдастырушылық жұмыс істеді. Дархан ұстаның басшылық етуімен Ұлытауда қара шеберлері еңбек етті. Бұлантыдағы және басқада бірқатар шайқастардың қаһармандық рухын бізге дейін Үмбетай жырау, Ақтамберді жырау, Тәтті қара жырау, Бұқар жырау, Көкеш ақын туындылары жеткізді. Бөгенбай Ақшаұлы, Саңырақ Тоқтыбайұлы, Олжабай Әлімұлы, Қонақай Жақсығұлұлы, Бөлек Сатанұлы сынды батырлардың, батыр Баянның, Жарылқаптың және басқаларының есімдері тірі кездерінде-ақ аңызға айналған. Алайда оқиға мұнымен біткен жоқ. Аттылы жоңғар қолының бірбөлігі Бұланты өзенінің жоғары ағысына қарай өтіп кетті. Бірақ бұл жерде де оларды қазақ атты әскерінің жасақтары қуып жетті. Сөйтіп сол жерде жонғарлар тағы талқандалды, тек жекелеген топтарының ғана Ұлытау жағына Майтөбе мен Құрайлыдан арғы тауларға кетіп қалуына сәті түсті. Бұланты жеріндегі жеңістің зор маңызды болды. Ол қазақ жасақтарының өз күштеріне сенуіне, халық санасында бетбұрыс жасауға мумкіндік берді. XVIII ғасырдың 20-жылдарының аяғына қарай жоңғарлар Ұлытау аймағынан ығыстырып шығарылды. Мұндағы соңғы шайқас Жақсы Қон өзенінің жоғарғы ағысына жапсарлас жатқан аудандағы Қарамолда деген жердегі ұрыс болды. Жоңғарлар тағы да жеңіліске ұшырады. Бұл аймақ-бұл жер «Қалмақ қырылған» деген атпен белгілі. Қазақ жасақтарының Бұланты маңындағы жеңісінің жағы бір жағы-стратегиялық тапқырлығында болды. Қазақ жасақтарының Бұланты маңындағы жеңісі Аңырақай шайқасының табысқа жетуін анықтап берді. Аңырақай шайқасы. Жоңғар басқыншылығына қарсы қазақ халқы Отан соғысының (1723-1730 жж.) жеңіспен аяқталуына Аңырақай шайқасы аса көрнекті роль атқарды. Ол туралы қазақтардың дәстүрлі ауыз әдибиетінде айтылады, сондай-ақ оған М.Тынышбаевтың еңбегі және басқа да бірқатар жанама деректер арналған. 1730 жылы көктемде Балқаш көлінің маңында қазақ пен жоңғарлардың арасында тағы бір қатты қырғын соғыс басталды. Аңырақай шайқасының ұрыс қимылдары болған алқап 200 километрдей жерді алып жатты. Оны ғасыр шайқасы деуге болады. Аңырақай шайқасы далалық Қазақстанның және Қазақстан Оңтүстігінің таулы әрі шөлейт аудандарының шекарасында өткен. Мұндай жер кездей соқ таңдап алынбаған. Шайқас өтетін жер дұшпанды талқандау жөніндегі ойдың жалпы айла-тәсіліне орайласады,ол жеңіліс тапқан жағдайда Іле өзенінің басына дейін тоқтаусыз шегінуге мүмкіндік береді. Балқаштың Солтүстік батыс жағында өзенінің өзі жағынан жел өткізбейтін Шу-Іле таулары созылып жатыр. Жел сондай-ақ Қызылқұммен Мойынқұм жағынан да соғады. Аңырақай тауларының қасында Делдітау, Желдібел орналасқан. Аңырақай тауларында жел аңырап соғатын (Аңырақай жел). Сонымен бірге халық Аңырақай жеңіліс тапқан жоңғалар аңырап жылаған жер деген аңыз шығарған. Сейтіп 1730 жылы жазға салым қазақ жасақтары өз аттарын Мойынқұм құмдарында, Бүркітті, Шабақты, Қарақоңыз, Ырғайтты, Шу өзендерінің аңғарларында тыңайып алып, Хантау, Аңырақай таулары өңіріне шықты. Аңырақайдағы шайқасқа Әбілқайыр хан басшылық етті. Нақ осы шайқас оның саяси қызметінің шарықтау шыңы болды. Шайқасқа барлық үш жүздің жасақтары қатысты. Бұл шайқаста батырлардың бойын ерлік, қайсарлық, өздерінің жеңісіне деген мызғымас сенім биледі. Шайқас жекпе-жектен басталды. Жоңғарлар жағынан ортаға талантты әскербасы, қоянқолтық ұрыстың асқан шебер жауынгері Шарыш шықты. Қазақтар жағынан жекпе-жекке 20 жасар Сабалақ (Абылайдың бүркеншік аты) сұранды. Абылай нақ осы жекпе-жекте өзінің қатарлы қарсыласын жеңіп, есімін мәңгі даңққа бөлеген. М.Тынышбаев кейін сол кезде Абылай өзгелерден асқан зор батылдығымен асып түсті деп жазды. Шайқастың сәтті басталуы қазақ жауынгерлерін жеңіске жігерлендірді. Сөйтіп олар бұл шайқаста жеңіп шықты. Майдан даласында мыңдаған қалмақ әскерлері қаза тапты. Көбі қырылып,жаралы болып жаны шықпай жатқан жау әскерінің аңыраған дауыс бірнеше күң даланы басына көтерді. Бұл жер кейін «Аңарақай» деп аталып кетті. Аңырақай шайқасында жеке ерлігін және үйымдастырушылық қабілетін көрсеткендер арасында көптеген батырлар, билер, сұлтандар, рубасылары мен қатардағы жауынгерлерінің ерлігі мен жеке басының қажыр-қайраты, бірліктің нәтижесінде қазақ жауынгерлері бұл шайқаста женіп шықты. Қаратаудың, Ұлытаудың таулы аудандарын, Сарыарқа мен Жетісу жерлерін азат ету оқиғалары халықтың тарихи жазында мәңгіге қалды. Ақтастыдағы, Бұланты жеріндегі «Қалмақ қырылған» шайқастары, Аңыракай шайқасы қазақ халқының тарихи өткен кезінің қаһармандық символына айналды. Аңырақай шайқасы халық санасындағы бетбұрыс болды. Рухы көтерілген халық жоңғарларды жеңуге болатын түсінді. Айбынды женіске қарамастан, жау әлі де күшінде болатын, сондықтан кейінгі жылдарда да оларға қарсы ұзақ әрі титықтатын күрес күтіп тұрды. Аныракай шайқасынан кейін қазақ билеушілердің арасында жік туды. Түпнұсқаларда Аңырақай шайқасына қатысқан сұлтандардың іс-әрекетіндегі мұндай келіспеушіліктің (жіктелуінің) себептері жайлы айтылмайды. Одан кейін көп ұзамай Әбілмамбет сұлтанның қазақ хандарының ордасы Түркістанға қөшіп кеткені, ал Әбілқайырдың орыс шекараларына қарай жедел жылжығаны белгілі. Аңырақай шайқасынан кейн қазақ хандары мен сұлтандарының арасында жік түының негізгі себебі жоғарғы билік үшін талас болды деп топшылауға негіз бар. Таукенің баласы Үлкен хан Болат қайтыс болғаннан кейін оның орнын Орта жүзден Сәмеке (Шахмұхамбет), Кіші жүзден Әбілқайыр аламыз деп дәмеленді. Көпшіліктің қалаған адамы Әбілмәмбет (Болаттың үшінші ұлы) болды. Мұндай таңдау жасалынғанына наразы болған Әбілқайыр хан майдан шебінен әскерін алып, еліне кері бұрылды. Хандықтың өзіне тимегеніне риза болмаған Сәмеке де Әбілқаирдан кейін әскерін алып Шудың бойымен Бетпақдалаға қарай бет тузеді. Жоңғарларға қарсы майдан әлсіреп, өз әскері мен Ташкентке бағыт алған Ұлы жүздің ханы Жолбарыс қазақ елінің қас жауы жоңғарлармен мәмлеге келуге мәжбүр болды. Сейтіп, қазақ жерлерін жоңғар басқыншыларынан азат етудің ортақ ісіне оңалмас ңұқсан келтірілді. Қазақтардың 1730 жылғы Аңырақай жеңісіне қарамастан жоңғар хандырының жаңа шабуылының тікелей қауіпі жойылмайды. Қазақ хандықтары жөнінде барынша агрессияшыл саясат жүргізген Галдан-Цереннің (1727-1746 жж.) билік басына келуі мұндай шабуылдың қауіпін күшейтті, қазақ хандарының өздері де, соның ішінде Әбілқайыр да жоңғарлар тұтқын етіп әкеткен өз руластарын қайтарып алмақ ниетінен тайған жоқ. Қазақ хандықтарының билеушілері алдында маңызды да күрделі міндет-қазақ жүздерін сыртқы жаудан қауіпсіздендіру және елдің феодалдық батыраңқылығының күшейе түскен процессін жою міндеті тұрды. Олардың бұған өз күштерімен жете алмайтындығына көздері жете түсті. Солтүстіктегі қуатты көрші Россиямен одақтасу қажет болды. Осылайша қазақ билеушілерінде орыс-қазақ саяси және экономикалық байланыстарың одан әрі нығайтып, Россияның қол астына кірудің жолдарын іздеуге деген ұйғарым қалыптасты. Сонымен, жоңғар әскерлерінің шапқыншылық жылдары қазақ жүздерінің экономикалық және саяси өміріне ұзақ уақытқа терең із қалдырып, қазақтардың тарихына «Алапат ауыр жылдар» болып енді.

40.«Орбұлақ», «Аңырақай» шайқасының тарихи маңызын дәлелдеңіз. Қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресі. Бұланты және Аңырақай шайқастары және оның маңызы. Жоңғар шапқыншылығынан туған зор күйзелушілік, малдың қырылуы шаруашылық дағдарысының шиеленісуіне әкеліп соқты, мұның өзі қазақ хандықтарының билеуші топтарының арасындағы саяси қарама-қайшылықтарды бұрынғыдан да бетер күшейте түсті. Қиын жағдайдан шығудың жолы жауға ұйымдасып тойтарыс бету ғана бола алатын еді, мұның өзі болашақта қазақ жүздерінің экономикалық және саяси ыдырауын тоқтатар еді. Осындай өте-мөте ауыр сыртқы және ішкі саяси жағдайда қазақ хандары мен сұлтандары жоңғар феодалдарын тойтару ісін ұйымдастыруда қабілетсіз болып шықты. Тәуелсіздік жолындағы Отан соғысын «қарадан шыққан» халық батырлары бастады. Олардың арасында Бөгенбай, Тайлақ, Саурық, Малайсары, Жәнібек және басқа да батырлар болды. Олар халықты туған елді жат жерлік басқыншылардан азат етуге шақырды. Халық жасақтарының бірігіп қимылдауы осылай басталды. Кіші жүздің батыры Тайлақ, Орта жүзден Бөгенбай және Ұлы жүзден Саурық батырлар шығып бұлар «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл-сұлама» жылдарындағы күрестің қаһармандары болды. Барлық үш жүздің жасақтары 1726 жылы бірлесіп қимылдаған кезден бастап қазақтар басқыншыларға ұйымдасқан түрде тойтарыс берді. Ордабасы съезі. 1726 жылдың күзінде Бадам өзені маңындағы биік қырқа – Ордабасы деген жерде бүкіл қазақ съезі өткізілді. Съезге Әбілқайыр, Әбілмәмбет, Сәмеке, Күшік, Жолбарыс хандар, султандар, Толе би, Қазыбек би, Әйтеке би бастаған әр рудың билері, даңқы шыққан қолбасшылар мен батырлар шақырылды. Съезде негізгі мәселе басқыншы жауға бүкілхалықтық тойтарыс беруді ұйымдастыру туралы мәселе болды. Съезге қатысушылар бірге болуға, өз кимылдарын үлестіріп отыруға, жауға біріккен майдан құрып аттануға ант берді. Съезде талқыланған маңызды мәселенің бірі бүкіл қазақ жасағының қолбасшысын сайлау туралы мәселе болды. Осы съезде Әбілқайыр қазақ жасағының қолбасшысы болып сайланды. А.И. Левшин бұл жөнінде былай деп жазған: «Ортақ іс сол арада бір-біріне адалдыққа ант беру арқылы қастерленді. Әбілқайыр хан бас қолбасшысы болып сайланды, сөйтіп халықтық әдет бойынша құрбандыққа шалынған бие болашақ табыстың кепілі ретінде қабылданды». Осы жағдайды да ол былай деп аша түскен: «Төнген қауіп ішкі өзара қырқыстарды бітістірді, жалпы келісім туғызып, бәрін бір нәрсеге бағыттады. Тұтас халықтың жиналысында ілгері басудың, ортақ жауға шабуыл жасап, оларды ежелгі қырғыз-қазақ жерінен қуып шығудың негізі қаланды» . Батырлар арасынан бүкіл қазақ жасағының Сардар бегі болып Қанжығалы Бөгенбай сайланды. Сөйтіп Ордабасындағы съезд халықтың жаунгерлік рухын көтерді. Буланты маңындағы шайкас. Ұлытаулар жүйесіне иелік ету соғыс барысында маңызды кезең болды.  Қазақ тарихының шоғырлы тұсы деп XVII ғасырдың екінші және XVIII ғасырдың алғашқы жартысы бекерге аталмаса керек. Осынау кезең қазақ ұлтының тарихындағы ең ауыр белес болып табылады, сонымен қатар халық санасына жоңғарлардың шапқыншылығынан туындаған қасірет пен жоқшылық жайлаған жылдар ретінде сіңіп қалды  Жоңғарлар мен қазақтардың әскери қарым-қатынас, қақтығыстарын суреттемес бұрын мына жәйтті атап өткен жөн; «жоңғарлар» термині, қалмақтар, ойраттар, елүйіттер-«сол жақтың», сол қанаттың» адамдары деген сөз, әлгілер XIV ғасырдың екінші жартысына қарай жалпы монғолдық ханның билігнен шығып, өз жетекшілері-тайшылар басқара бастаған батыс монғолдық чорос, хошоуыт, дербет тайпаларының әр түрлі атаулары.Қазақстан тарихының айшықты беттерінің бірі Салқам Жәңгір сұлтанның Ердене Батұр қоңтажынның жер қайысқан қолына қарсы тұрып Жоңғар мемлекеті билеушісінің ең басты мақсаты-Қазақ ордасын талқандауына мүмкіндік берген ерлігі болып табылады.Бүгінде, тарихи сананың қалыптасуы барысында ғалымдар, қаламгерлер, зерттеушілер арасында ата тарихымыздың ардақты тұстары жайлы пікір таластар толастамай отыр. Сол пікір таластың бірі атақты Жәңгір сұлтанның аз қолымен жер қайысқан Батұр қоңтажының әскеріне қарсы шығуы төңірегінде жалғасуда.Тарихшы Б.Ирмұқанов 1644 жылы 600 қазақ әскерімен жоңғар қоңтажы Батұрдың әскерін тас-талқан еткен Жәңгір сұлтанның жеңісі тарихтан өз тиесілі бағасын ала алмай отыр деп жазды. Аталған автор қазақ жігіттерінің Орбұлақ шатқалында қол жеткізген бұл жеңісі, спарталық 300 жаужүректің Фермопил шатқалында парсы қолбасшысы Ксеркстің 30 мың әскерін талқандауынан бір кем емес деп бағалайды.Оның үстіне белгілі тарихшы В.В.Вельяминов-Зернов Орбұлақ жеңісі туралы мақала жазса, Советтік зерттеуші И.Златкин осы шайқас жөніндегі мәліметтер бұлағын өз кітабында толығымен келтіреді. Сонымен қатар бес томдық «Қазақ ССР тарихында», 1993 жылы жарық көген «Қазақстан тарихы» очерктерінде Орбұлақ шайқасы жайлы мардымды отандық тарихымыздағы жеңістер мен ұлы істердің маңызын төмендетуге немесе елемеуге тырысуы кездейсоқ емес, ол кезінде А.М. Панкратова атап кеткен қазақ тарихшыларына тән тарихи шындықты көпе- көрнеу бұрмалап, ата-тарихын әлсіретуге бейім аурудан арылмауымыздың себебі.Қаламгер-зерттеуші М.Мағауин Жәңгір сұлтан мен қоңтажы Батұр шайқасына өз көзқарасын кеңінен мәлімдеген алғашқы авторлардың бірі десек қателеспейміз. «Жәңгір сұлтанның алты жүз әскері бар екен»-деп жазады 1644 жылы жазда жоңғар барып қайтқан орыс елшісі Г. Ильин. Аталған қаламгер ағамыздың ойынша тарихшылардың Жәңгір сұлтанның Батұр қоңтажыға алты-ақ жүз әскермен аттаныпты деген пікірі осы деректен туындаған дейді. Шындығында 600 адам өз заманында Слқам Жәңгір, яғни Айбынды Жәңгір атанған сұлтанның бастаған әскерінде Еуропалық от қарумен қаруланған екпінді топтың саны болатын. Айта кететін жай 1643-1644 жылдардағы ойрат-қазақ майданында Салқам Жәңгірдің от қарулы мылтықпен қаруланған арнайы жасағының болуы-Қазақ Ордасының ғана емес, бүкіл Орталық Азияның әскери өміріндегі жаңалық еді.Қаруы мықты Жәңгір сұлтан ұрыс майданында да жаңа тәсіл қолданады. Жоғарыда аталған орыс елшісі Г.Ильиннің айтуы бойынша және замандағы басқа да орыс құжаттарының көрсетуінше сұлтан жау қолына-екі тау аралығындағы тар қысаңға ор қаздырып, оған «от қарулы үш жүз кісісін» отырғызады да, қалған үш жүз кісіні тосқауылға қояды. Қоңтажы жақындап келгенде орда отырғандар оның көп адамын қырғынға ұшыратты»,-деп нақтылап айтады тарихи құжаттар. Қысаң сайда бекінген әскерлер оқ бората бастағанда, бір үйірде, белес астын тасалаған атармандар оларға қосыла атқыласа керек. Қылыш айқастырмай тұрып қырғынға ұшыраған, абыржып қатары бұзылған қалың әскерге Жәңгір сұлтан қолы ту сыртынан келіп тиеді.Ресейдің Сібір дуанының сол заманда қағазға түскен шежіресінде «Жәңгір екі шайқаста қоңтажының он мыңнан астам адамын қырды»-деп жазылған. Міне осы жеке-жеке сипатталмаса да, айырып аталған екі ұрыстан соң қазақтарға көмекке жиырма мың әскерімен, әскери одаққа сәйкес Бұқар хандығынан Самарқан әміршісі Жалаңтөс би жетеді. Үшінші майданға шыданған Батұр қоңтажы ұрыс даласын тастап қашады.Орыс деректерінің мәлімдеуінше, қоңтажы өз ордасына тамыз айының бас кезінде оралды. Бұл Жәңгір сұлтан мен Батұр қоңтажы арасында шешуші шайқас жаз ортасында болды деген сөз. Біріккен ойрат-халха, жорығы 1643 жылдың соңғы айларында басталғанын ескерсек кең көлемдегі ұрыс қимылдары ұзақ қыстан озып, көктемге жеткенін, жаз шыға табандасқан теке-тірес майданға ұласқаннын аңғару қиын емес.Жоғарыда айтылған жағдаяттарды ескере отырып М.Мағауин бүгінге дейінгі тарихи әдебиетте орын алып келген пікірлер мен қорытындыларды нақты деректер негізінде былай жаңа байыптауды ұсынады.Біріншіден, Жәңгір сұлтан бастаған Қазақ Ордасы мен біріккен ойрат-халха арасында атақты соғыс Батұр қоңтажы ұйымдастырылған тұтқиыл, қысқа мерзімді, келте жорық емес мұқият ойластырған, жайласушы екі жақта өздерінің барлық күш-қуатын сарқа жұмсаған, нәтижесінде әлденеше айға созылған кең көлемді қан майдан болды.Екіншіден, Жәңгір сұлтан қалмақтың елу мың қолын жеңіске жеткізді деп түсіндіріліп келген алты жүз адам, шынында қазақ әскерінің сауыт бұзар, екпінді тобы, сол замандағы құдіретті қару оқты мылтықпен қаруланған бір ғана бөлігі.Үшіншіден, Батұр қоңтажы он мыңнан астамтаңдаулы әскерінен айырылып, бұрын көрмеген отты қарудан есеңгіреген шақта Жәңгірге көмекке жиырма мың қолдың басшысы Жалаңтөс бидің келіп жетуі бұған дейінгі жарты жылдан астам уақытқа созылған жойқын соғыстағы шешуші оқиға емес, түйіндеуші оқиға. Өйткені, «Сол әскерді көрген соң қоңтажы кері шегініпті»-деп атап көрсетеді соғыс жайын қалмақтың өз аузынан естіген есімі алда аталып кеткен орыс елшісі.XVII ғасырдың соңың, XVIII ғасырдың басында Қазақ ордасы үшін ең қатерлі кезеңде үш миллион халықтан үш жүз мың әскер жасақтай алмаған құлдырау, кері кету мерзімі болды. Ал бас аяғы бір миллионға жетпейтін Жоңғардың жер қайысқан әскері болды, оған сүйенген жоңғар билеушілері қазақ ұлысын жаулауды мақсат тұтты.

41.. Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының ерекшеліктері XVI-XVIII ғасырларда қазақ хандығында халықтың әлеуметтік құрамы феодалдық қоғамның таптық құрылымын бейнеледі.Қазақ хандығы негізгі екі топқа феодалдар тобымен қарашаға қарапайым адамдар тобына бөлінді.Феодалдар тобы Шыңғыс ұрпақтарынан ру мен тайпа ақсүйектерінен хандар мен сұлтандардан құралды. Бұларға патриархтық феодалдық топтың мұнан басқа өкілдері әмірлер немесе бектер билер байлар батырлар да жатты. Халықтың қарапайым көпшілік бөлігі мал өсіруші шаруалар мен егінші шаруалар т.б еді. Бұлар жеке өз еңбегіне негіделген шаруашылығы бар ұсақ өндірушілер болды. Шаруалар жұмыс істеу және салық төлеумен қатар көптеген міндеткерлікті де өтеді олар хандар мен сұлтандарға сойыс беруге, қонақ етіп күтуге әскерлерді соғыс жабдығы мен қамтамасыз етуге тиісті болды. Кедейлер бай шонжарлардың малын бақты, үй қызметшісі жұмысын атқарды. Егіншілікпен айналысқан шаруалар өз щаруашылығын феодалдардың қыстауының маңында жүргізді. Кедей шаруалар феодалдың жерін жыртып егінін егіп, шөбін шауып жаздай күтіп күзде жинап теріп қамбасына кіргізіп берді. Мұсылман дінбасыларының жоғарғы топтары ишандар, имамдар, қожалар да жоғарғы топқа жатты. Молдалар да артықшылық дәрежеде болды. Феодалдар мен тәуелді шаруалар арасында әлеуметтік қайшылықтар жиі жиі көрініс тапты. Шаруалар көшіп кету немесе қашып кету арөылы өзінің наразылығын білдірді.

42..15-18ғғ.қазақтардың шаруашылығы мен тұрмысы.Қазақ хандығының нығаюы, Қазақ хандығының экономикалық және мәдени өмірі Оңтүстік Қазақстан тарихымен тығыз байланыста болды. Соңғы орта ғасырларда қала мәдениеті мен отырықшы –егіншілік мәдениет қазақтың этникалық аумағының нақ осы, бірден бір ауданында сақталып қалды. Қазақ жерінің табиғи-географиялық ерекшеліктеріне қарай қазақтар көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Көшіп-қону бағыттары жыл маусымына байланысты өзгеріп отырды. Маусымдық жайылымдарды (көктеу, жайлау, күздеу, қыстау) алмастырып көшіп-қонып отырудың бұрыннан қалыптасқан жолдары мен жылдық айналымы орнықты. Әрбір ру белгілі бір аймақ шеңберінде көшіп-қону дәстүрін ұстанды. Қазақтар негізінен қой, жылқы, түйе өсірген. Қазақ шаруашылығында мүйізді ірі қара аз болған, өйткені ол жыл бойы бағуға әсіресе қыс кезінде тебіндеп жайылуға нашар бейімделген. Қазақтардың шаруашылығында әр түрлі қолөнер мен үй кәсіпшіліктері елеулі орын алды. Олардың көпшілігі мал шаруашылығы өнімдерін өңдеумен байланысты еді. Осыған байланысты тері өңдеп, киіз басуды , оарды түрлі түске бояуды білген. Қазақ хандығы аумағының түрлі аудандарында егіншіліктің дамуы әр түрлі болды. Кейбір аудандарда егіншілік зор маңызға ие болды. Бұл ең алдымен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстандағы Сырдария өзеніне қатысты еді. Қазақтар аң аулаумен де айналысқан. Аң аулаудың бірнеше түрлері болған: құс салған, тазы ит қосып аулаған т.б. Соның ішінде қыран құстармен аң аулау басым болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]