Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZAKSTAN_TARIKh.doc
Скачиваний:
1852
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
1.15 Mб
Скачать

31«Қазақ» этнонимінің зерттелуі

Енисейден табылған 8 ғ-дағы ертедегі түркі ескерткішінен В.В. Радлов “қазғақым оғлым” (менің асырап алған ұлдарым) деген тіркесті оқыған. Сыртқы ұқсастығы жағынан ғана емес, сонымен қатар “қазғақ” және “қазақ” терминдері мәндерінің жақындығы негізінде В.П.Юдин “қазғақым” ұғымындағы “ғ” дыбысының 7 – 8 ғ-ларда түріктердің ауызекі сөзінде қолданылуы әбден мүмкін, ал кейініректе түсіп қалуы ықтимал деген пайымдау айтты. Бұл көзқарас түркі тілдерінің тарихи фонет. заңдылықтарымен үйлеспейтіндіктен, мамандар тарапынан қолдау таппады. Маркварт шығыс деректерінен үш қарлұқ тайпасын “хасактар” (хаски) деп оқыған болатын. Бірақ, Минорский мұсылман деректемелерін байыппен қарап шығып, текстол. және салыстырмалы-тарихи талдау жолымен қарлұқтардың тайпалық жөніндегі контекстің оқылуына елеулі түзетулер енгізді. Бұл ретте, “хасактардың” орнына “баскиль” деген негізделген коньюнктура енгізілді. Араб саяхатшысы Әбу Дулафтың “Рисаласындағы” (“Жазба”) “харлұқ” сөзін “хазлақ” деп дұрыс оқымаған Н.Н. Пантусов та қателіктерге ұрынды. Фирдоусидің (935 – 1020) “Шахнамасында” Қазақ халқы және Қазақ хандары туралы айтылғаны жөнінде А.Левшиннің пайымдауы негізінде кейбір ғалымдар Қазақ халқының құрылуын 10 ғ-ға жатқызады. Дастанда “қазақ” терминіне қатысты ақпарат жоқ екендігін кейін көптеген шығыстану- шылар (С.Г. Кляшторный, Т.И. Сұлтанов, т.б.) баса көрсетті. Негізінен, ұсынылатын болжамдардың көп жағдайларында салыстыруға келмейтін атаулар салыстырылды. Сонан соң, этнонимдер нақты – тарихи көзқарастардың бүкіл жиынтығында емес, қайта оқшау алып қарастырылды. Соның ішінде этн. құбылыстардың өзі – этностағы уақыт жағынан өзгерістер ескерілмеді. Әдетте, этнонимнің пайда болуы халықтың құрылу уақытымен сәйкес келе бермейді (мыс., қырғыз этнонимі мен қырғыз халқын, түрікмен этнонимі мен түрікмен халқын, русьтер мен орыстарды. Зерттеу жұмыстарында этноним мен этностың нақты-тарихи жағдайлардағы арақатынасы мәселелерін талдап шешу қажеттігін түсіну барлық уақытта бірдей бола бермейді. Ал, белгілі бір этноним этностың әр түрлі жай-күйін білдіре алады. “Қазақ” сөзінің өзі қыпшақтар мекендейтін аймақта пайда болған деп санауға барлық негіз бар. Бірқатар түркітанушылардың пікірінше, ол бастапқыда Шығ. Дешті Қыпшақта таралған. А.Н. Самойлович уақыты жағынан оны 11 ғ-ға жатқызады. 1245 ж. мамлюктер билеген Египет мемлекетінің қыпшақтары ортасында жасалған араб-қыпшақ сөздігінде “қазақ” сөзіне “еркін, кезбе” деген мән беріледі. Бұл семантика “қазақ” терминіне әлеум. мағына берілген және өз руынан, тайпасынан, мемлекетінен бөлініп шығып, тіршілік құралдарын соғыс істеріне қатысу арқылы тапқан индивидтерді, адамдарды білдірген деп санауға мүмкіндік берді және ол қазақшаландыру ин-тымен байланыстырылды. “Қазақ” ұғымының пайда болу уақыты 13 ғ-дан ертерек кезге жатады, бұл жөнінде жанама мәліметтер болғанымен, алайда жазбаша ескерткіштерде хронологияны нақтылайтын ешқандай да тікелей деректер жоқ. Қ-қа айналу ин-т ретінде ауқымды, сатылы сипатта болды. Ол түркі тайпалары арасында да, араб шығысының (су’лұқ), Еуропаның (норвег викингілері), Русь (бродник) және т.б. қоғамдарында да орын алды. Әрбір жағдайда осы әлеум. құбылыстың мәні бірдей болғанымен, терминол. өзіндік ерекшелігі байқалып отырды. Қ-қа айналу ин-тының сипаттамасы мен жұмыс істеу уақыты Әбу Бәкр Ахмед әл-Хамадани деген араб географының “Китаб ахбар әл-Бұлдан” (“Өзге елдер туралы әңгімелер кітабы”) шығармасында оғыз ханзадасы Балқиқ ибн Жабғудың мынандай әңгімесі келтіріледі: “Менің аталарымның бірі, патша болған әкесіне ашуланып, одан бөлініп кетіпті. Ол өзіне келгендерді, жасақтарды және талап-тонауды ұнататын басқа да адамдарды серік етіп алыпты. Ол елдің шығысы жағына бет алып, адамдарға шабуыл жасап, өзінің және өз серіктерінің жолында кездескендерін қолға түсірген”. Қ-қа айналудың осы классик. суреттеуінде автор “қазақ” терминінің синонимі ретінде арабтың “су’лұқ” сөзін алса керек. “Салақа” деген атпен әрекет жасайтындар бәдәуилерде тайпада өзіне орын таба алмаған, сондықтан топтар құрып, талап-тонау арқылы бақытын іздеуге аттанған кедей және алғыр адамдарды білдірген. Терминдер айырмашылықтарына қарамастан, екі түрлі көшпелі қоғамдардағы Қ-қа айналу ин-тының мазмұны жағынан сәйкес келуі аңғарылады. Бірақ, автор арабтың “су’лық” терминінің оғыз синонимін келтірмейді. Оғыздарда мұндай ұғым сол кездің өзінде-ақ қыпшақтар ортасы қабылдап алған “қазақ” термині болуы мүмкін. 13 ғ-да хорасан түрікмендері арасында антропоним құрамында “қазақ” термині ұшырасады. “Данишкеде-и Маққул у Манқул” кітапханасы қолжазбасы бірінің колофондағы белгіде былай деп жазылған: “Бұл қолжазбаны Біләл ибн Жабрайыл бин Мұхаммед Әли ат-Туркмани әл-Қазақи сатып алған, Хижраның 660 жылы” (1262). Бұл тікелей жеке есімдегі әл-қазақи сөзін, этн. тегін (түрікменнің) көрсететін басқа нисбамен қосарластыра ұштастырылған нисба ретінде қабылдаған жөн. Әл-қазақ терминінің түрікмен этнонимімен ұштастырылуы бұл ұғымның әдеттегідей әлеум. сипаты болмай, қайта этн. сарыны болған деп санауға мүмкіндік береді. З.У. Тоғанның пікірінше, мұнда хорасан түрікмендері қоғамындағы қыпшақ Қ-тарының өкілі айтылып отыр. Рашид ад-Дин Раб-и-Рашидидің хорезм-хорасан жазбасына жататын “Вақфнаме” деген жазбаша құжатында сөзсіз этн. сипаты бар “қазахлу”, “қазахлар” атауының кездесуіне қарағанда, бұл аймақта Қ-тар айтарлықтай топ болған. Баяндалған материалдар 9 – 10 ғ-ларда Шығ. Дешті Қыпшақ қыпшақтарының қоғамында “қазақ” атауымен әлеум., ал 11 – 12 ғ-ларда этн.-әлеум. топтардың болғаны туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Алайда, бұдан моңғол шапқыншылығынан бұрынғы уақытта Қ. этносының қалыптасуы туралы, оның бер жағында қазақ халқының құрылуы жөнінде тұжырым жасауға болмайды. 11 – 12 ғ-ларда Қыпшақ хандығында этн. процестердің даму барысында Қазақхалқының этн. ұйытқысы қалыптасады. Моңғолдардың жаулап алуы қыпшақ тайпаларының едәуір топтарын Дешті Қыпшақ шегіне бытыратып жіберді. Қыпшақтардың орын ауыстыруы Қазақ терминінің орын алуына және оның әмбебап мәнге ие болуына себепші болды. “Қазақ” сөзі тұтас алғанда алуан түрлі еріктілерді айту үшін қолданылады. Қазақ сөзі – ерікті, кезбе, дала рыцары (Ш.Уәлиханов, М.Қозыбаев, т.б.) секілді мән-мағынаға ие. Мұсылман деректемелерінде түркі халықтарында Қазақа айналу – қазақылық ин-тының кең таралғаны атап өтілген. 14 ғ-дың басында байырғы дәстүрлер жаңғыру барысында қыпшақ тайпасы ұйытқы болған жергілікті этн. негізде алғашқы ірі мемлекет Ақ Орда құрылды. Оның құрамы жағынан негізінен Қазақ халқы болса да, атау ретінде деректемелерде кейінірек жазылып, анықталды. 15 ғ-дың екінші жартысында Қазақ халқы құрылған соң, халықтың этногенез процесінің күрделі ерекшелігінің бірі болып табылатын “қазақ” атауы этн. маңызға ие болды. Керей хан мен Жәнібек хан 1457 – 69 ж. аралығында өздеріне қарасты тайпалармен Әбілхайыр хандығынан бөлініп, Шу өңіріне көшіп барып, жеке Қазақ хандығын құрды. Мұндағы түркі тілдес тайпалар тарихи деректерде алғашқыда “өзбек-қазақ”, кейінірек “қазақ” атауымен түпкілікті атала бастады. Қазақстан жергілікті қазақ халқына, орыс империясында казактар аталатын әскери әлеум. топ қалыптасуына байланысты, 17 ғ-дан 20 ғ-дың 30-жылдарына дейін орыс әдебиеттерінде қайсақ, қырғыз, қырғыз-қайсақ, қазақ-қырғыз, киргиз-қазақ деп қасақана бұрмаланып қолданылып, халықтың тарихи атауы аталмай келді. Бұрмалау 1925 ж. Қазақстан Кеңестерінің 5-съезінде түзетілді. 1936 ж. Қазақстанның әкімш.-шаруашылық өзгерістеріне байланысты Қазақ сөзі ресми түрде белгіленді

.32 Қазақ хандығының құрылу тарихына байланысты

деректерді талдаңыз.

Дешті Қыпшақтың, Жетісу мен Түркістанның қазақ рулары мен тайпаларының этникалық және саяси топтасуы осы кездерде барған сайын күшейе түсті. Осы себептер Қазақ хандығының құрылуына септігін тигізді. Хандықтың негізін салушылар Керей мен Жәншбек болды. Олар Ақ орда билеушісі Ұрыс ханның ұрпақтары. Керей мен Жәнбек Әбілқайырдың қол астында болды.Әбілқайырға шейін Дешті Қыпшақта Керей мен Жәнбектің ата -бабалары билік жүргізген. Аталары ешқашан хан болмаған Әбілқайыр билікке келуі. Бұған Керей мен Жәнбек наразы болды. Бірақ наразылығын ашық білдірмеген. Олар Шығыс Дешті

Қыпшақта Ақ орда ьхандары әулетінің билігін қалпына келтіру үшін Шайбани әулетіне қарсы күресе отырып, халық бұқарасының наразылығын пайдалана білді. Керей мен Жәнбек өз әулетінің саяси билікке деген құқығын қорғай отырып, қазақ рулары мен ақсүйектерін жинап дербес мемлекет құруға алғышарт жасады. Әбілқайыр хан 1456-1457 жылдары Сығанақ түбінде ойраттардан жеңілуі, халықтың наразылығын одан сайын күшейте түсті. Әбілқайыр соғыста маған көмек көрсетпеді деп Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға қысым жасай бастады. Осы кезде Керей мен Жәнбек қол астындағы халқымен бірге Моғолстанға көшіп кетті. Не үшін Моғолстанға көшті деген сұрақ туындайды. Өйткені Моғолстан да Әбілқайырдың жауы еді. Сол үшін Керей мен Жәнбек «МЕНІҢ ЖАУЫМНЫҢ ЖАУЫ – МАҒАН ЖАУ ЕМЕС » деген принсипті ұстанып сол жаққа көшті. Сол кездегі Моғолстан ханы Есен- Бұға хан оларды шын ықыласымен қабылдап, Моғолстанның батыс шебін құрайтын Шу және Қозыбасы Жерлерін берді. Мұхаммед Хайдар Дулати "Тарих-и-Рашиди" атты еңбегінде былай деп көрсетеді: "Сол заманда Әбілхайыр хан қыпшақ даласына түгелдей билігін жүргізіп тұрған еді. Ол Жошы ұрпағы сұлтандарға көп жайсыздық туғызып, Жәнібек хан мен Керей хан одан қашып, Моғолстанға кетіп қалған. Есенбұға хан оларды құрметпен қарсы алып, Шу өзені өңіріндегі "Қозыбасыны" тапсырған еді. Ол аймақ Моғолстанның батыс шеті. Олар бұл аймақта бейбіт өмір кешті. Әбілхайыр қайтыс болған соң, Өзбек ұлысы өзара тартысып, араларында көп келіспеушілік туды. Біразы Керей хан мен Жәнібек ханның маңына жиналған еді. Саны екі жүз мыңға жетеді. Олар өзбек-қазақ деп аталатын".

Екі сұлтанның арманы М.Х.Дулатидің жазуына қарағанда хижраның 870 жылы біздің жыл санауымызбен 1465-1466 жылдары Қазақ хандығын құрды. 1468 жылы Әбілқайырдың қайтыс болуына байланысты сол хандықтың біраз бөлігі Қазақ хандығына келіп қосылды. Осы уақытта халық саны 200 мыңға жетті.Билікке алғаш Керей хан отырады (1458-1473 жж.). Одан кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайланды (1473-1480 жж.). Бұлардың тұсында Жетісу халқы, 1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға өлгеннен кейін ондағы тартыстың күшеюіне байланысты, өзара ынтымақтықты нығайтуға үлес қосты. Әбілхайыр хандығынан көшіп келушілер Жәнібек пен Керейдің қазақ хандығын күшейте түсті. Едәуір әскери күш жинапан және Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей, Жошы әулетінен шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл күрес 1468 ж. Әбілхайыр өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Қазақ хандарының басты жаулары Әбілхайырдың мұрагерлері- оның ұлы Шайх -хайдар мен немерелері Мұхамед Шайбани мен Махмұд сұлтан болды. Қазақ хандығы алғашқы қарым- қатынасты моғол хандығымен жасасты. Моғолстан ханы Есен- Бұға 1462 жылы қайтыс болған соң Жетісуда Қазақ билеушілеріне қарсы тұра алатын нақты күш болған жоқ. Осы себептер мен Моғолстан жерінің батыс бөлігінің біразы қазақ хандығының құрамына енді.. Қазақ хандығының құрылуына септігі тигізген ол Ақ орда тайпалары десек артық айтпағанымыз. ӨЗ әулетінің билігін қалпына келтіруге тырысқан Керей мен Жәнбек бытырап жүрген тайпаларды біріктірп, Қазақ хандығын құрды. Осы уақыттан бастап яғни 15 ғасырдың 2 – жартысынан бастап тарих бетінде жаңа хандық «ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ» пайда болады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]