Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZAKSTAN_TARIKh.doc
Скачиваний:
1852
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
1.15 Mб
Скачать

92. Қазіргі Қазақстанның сыртқы саясаттағы басым бағыттарын анықтап көрсетіңіз.

.Қазақстан экономикалық реформаларды және сыртқы саяси басымдықтарды жүзеге асыру мәселелерінде Орталық Азиядағы көшбасшы ел.Бүгінгі күні елімізде 75 елшілік пен халықаралық ұйымдардың өкілдіктері жұмыс істейді.Тек биылғы жылдың өзінде Астанада шетелдердің 12 елшілігі ашылды.Олардың бесеуі жаңадан ашылса,жетеуі Алматыдан көшіп келген.Осындай басымдықтардың бірі Ресей Федерациясымен одақтастық қарым-қатынастарды нығайту болып табылады.ҚХР-мен стратегиялық байланыстар тереңдей түсуде.Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастықты арттыру қазақстандық сыртқы саясаттың маңызды бағыты болып қала бермек.АҚШ-пен стретегиялық әріптестік кеңейтілмек.Еуропа елдерімен және Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты жандандыру мақсатында Қазақстан Президенті ағымдағы жылы «Еуропаға жол»мемлекеттік бағдарламасын бекітті.Н.Назарбаев ислам әлемінің ажырамас бөлігі болыптабылатын Қазақстан Шығыстың араб және мұсылман мемлекеттерімен ынтымақтастыққа үлкен маңыз беретінің атап өтті.Жапония,Үндістан,Бразилия,Түркия,Корея Республикасы,Оңтүстік-Шығыс Азия,Латын Америкасы мен Африканың жетекші мемлекеттерімен әріптестікті дамыту Қазақстанның басты назарында болмақ.»Қазақстан Республикасыкөпжақты ынтымақтастық пен мемлекеттердің жаһандық проблемаларды шешуге ұжымдық жауапкершілігі принципін нығайтуды көздейтін белсенді және теңдестірілген сыртқы саясатты ұстанады»,-дейді мемлекет басшысы.Бүгінде еліміздің АӨСШК-ке,Азиядағы ынтымақтастық жөніндегі диалогқа төрағалық етуі,сондай-ақ ШЫҰ аясындағы белсенді қызметі Қазақстанның өңірдегі ынтымақтастық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан қомақты үлесі болып табылады.Қазақстан ықпалдастық үдерістерді алға жылжыту мен ЕурАзЭҚ аясында Кедендік Одақ құруды жалғастыра береді.ТМД қызметі бұрынғыша өзекті болып отыр.Қазақстан 2011 ж.Ислам Ұйымы конференциясы министрлер конференциясына төрағалық етуді осы ұйымның жетекші мемлекеттерімен қарым-қатынасты нығайту мүмкіндігі ретінде ғана емес,сондай-ақ Шығыс пен Батысың әртүрлі өркениеттерді мен діндері арасындағы ашық үнқатысуды кеңейту мен тереңдетудің бірегей мүмкіншілігі ретінде қарастырады.

93. Қазақстан Республикасындағы қазақ тілінің мәртебесін талдап көрсетіңіз

1996 жылы 4 қарашадан ҚР Президенті қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін айқындайтын «ҚР-ның тіл саясаты тұжырымдамасын» бекітті. 1997 жылы 11 шілдеде «Қазақстан Республикасындағы тіледр туралы» Заң қабылданды. Аталған заңның І тарауының 4-бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қазақ тілі» болып бекітіліп, орыс және басқа да ұлт тілдәрі туралы І тараудың 5, ІІ тараудың 8-15, ІІІ тараудың 16-18 баптарында айтылды. Осы заңды жүзеге асыру мақсатында 1998 жылды 14 тамызында қабылданған «Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту туралы» Үкіметтің №769 қаулысында іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу туралы айтылды. Мемлекеттік тілді дамыту және іс шараларды ұйымдастыру мен үйлестіру жұмыстарын жүргізу мақсатында бірнеше ресми органдар құрылды. Мәселен, 1998 жылы ҚР Үкіметі жанынан мемлекеттік терминологиялық комиссия, ҚР Үкіметінің 1999 жылдың 9 қазанындағы №1545 Қаулысымен «Республикалық мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту орталығы» республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны ашылды. Қазақстандық зиялы қауым өкілдері де мемлекеттік тіл мәселесін дамытуға белсене араласты. Тіл тағдырының күрделі мәселеге айналуының бірнеше себептері бар. Оның басты себебі кеңес үкіметінің солақай саясаты. Басқаша айтқанда, коммунистік партияның «кеңес халқын» қалыптастыру желеуімен орыс тілінің мәртебесін үнемі нығайтып отыруы. Соның салдарынан қазақ тілінің мәртебесін үнемі нығайтып отыруы. Соның салдарынан қазақ қоғамында қазақ тілді және орыс тілді қазақтар деген екі түсінік қалыптасты. Бүгінгі ҚР да Елбасының тікелей араласуымен мемлекеттік тілді жан жақты дамыту және мемлекеттік тіл бүкіл қазақстандықтардың айналуы үшін қыруар жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, мемлекеттік тілді дамытуға мемлекет тарапынан 2005 жылы 133 миллион, ал 2006 жылы 560 миллион, 2007 жылы 3 миллиардтан астам, 2008 жылы 5 миллиардтан аса теңге бөлінді. Елімізде мемлекеттік тілді тиімді оқытуды арттыру мақстаында 16 аймақтық, 15 қалалық, аудандық қазақ тіліне оқыту орталықтар жұмыс істеді. Қазақ тілінің мемелекеттік мәртебесінің дамып, қалыптасуында Елбасының еңбегі орасан зор.

94. «Қазақстан – 2030» бағдарламасын жүзеге асу процесін көрсетіңіз

. Кез келген мемлекет түбегейлі трансформацияға шешім қабылдау кезеңінде өзінің дамуының негізгі бағыттарын айқындауға мәжбүр болады. Ең бастысы, қозғалыс бағыттарын белгілеп, негізгі басымдықтарға сәйкес міндеттерді анықтау мемлекеттік және ұлттық мүдде үшін қажет. Мұндай жүйелі бағдарламасыз алға қарай қозғалыс қиындай түседі. Ұзақ мерзімді даму бағдарламасын жүзеге асыру жолындағы белгіленген мақсаттарға жету, мемлекет басшысына деген қоғамның сенімі экономика мен саяси жүйені модернизациялаудағы басты мүмкіндікке айналды. Қазақстан өзінің тәуелсідігін алғаннан кейін ақ кең ауқымды әлеуметік, саяси және экономикалық реформаларды жүргізе бастады. Елдегі өтпелі кезеңнің ауыртпалықтары азайып, кезеңдік реформалардың күрделі даму мерзімі аяқталар тұста дербес төл стратегиялық бағытымызды айқындау мақсаты қойылды. 1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2030» даму стратегиялық бағдарламасын ұсынды. Бұрынғы Кеңес Одағы кеңістігінде Қазақстан бірінші болып мемлекеттік дамудың стратегиялық бағдарламасын жасады. Сол жылдардағы зейнетақы мен жалақының уақытында берілмеуі, жұмыссыздық деңгейінің жоғарылауы, қалаларда жылу берілмей, электр қуатының азаюы сияқты сан түрлі күрделі мәселе күмән туғызғанымен, стратегия өзінің қажеттілігін көрсетті. Бұл стратегияны дайындауда әлемдік өзгерістер ескерілді. Бүгінгі күні Қазақстанда орта тап құру үдерісі біршама нәтижелер беруде. Стратегиялық басты басымдықтардың негізгі тобы сыртқы және ішкі инвестицияларды көбірек тартуды көздейтін ашық нарыққа, қуат көздерін тиімді пайдалану мен инфрақұрылымды қайта құруға, экономиканы нарыққа, бәсекеге қабілетті етіп қайта жасақтау, азаматтарымыздың денсаулығын, білім беру саласы және әл ауқатын арттыруға бағытталды. Бұл арқылы қазақстанның көркеюінің нақты мүмкіндіктері, олардың жүзеге асуының ықтимал кескіндемесі жүйеленеді. Стратегиня жүзеге асыру мақсатында 1998-2000 жылдарға жоспарланған жеті басымдық пен 1998 жылдың Үкімет алдындағы сегіз нақты міндеті терең талданды. Экономикалық реформалар арқылы еркін нарықты құру, билікті демократияландыру шаралары жүзеге асырылды. Елбасы даму стратегиясын белгілеуде келешек мүмкіндіктеріміздің қандай екенін, оның қайтсежүзеге асатынын, қалай пайымдайтынын ортаға салып, халыққа сенім артты,Әуелі қоғамды қиын жағдайдан шығарып алудан кейін, қайта өрлеу жолында еңбектенуге шақырды. Бағдарламада Қазақстанның қарқынды дамуын қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық мәнді жеті негізіг ұзақ мерзімді басымдық белгіленгені мәлім. Осы бағдарламдан кейінгі жылдары Елбасының жасаған Жолдаулары осы бағдарламаның заңды жалғасы болып табылады.

95."Мәдени мұра"" мемлекеттік бағдаарламасы:елдің келещегі үшін тарихи маңызы Жылдар жылжып, уақыт өткен сайын Тәуелсіздігіміздің мәні жарқырай ашылып, маңызы арта түскенін бүгінгі өмірдің өзі көрсетіп отыр. Қол жеткен табыстарымыз бен жетістіктеріміз туралы сан рет айтылды да, жазылды да. Мен оларды тағы да қайталап жатудан аулақпын. Тек олардың қатарында еліміздің рухани әлемін дамуында бірден-бір үлес болып табылатын, ұлттық мәні зор «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын қосар едім. Мәдениет - ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады.Осы орайда “Мәдени мұра” бағдарламасы - мәдениетке деген мемлекеттік көзқарастың соны стратегиялық ұстанымын айқындаған маңызды жоба болды. Ол жаңадан қалыптасып жатқан қазақстандық қауымдастықтың әлеуеті мен гуманистік бағыт-бағдарын танытты.Бұл Бағдарламаны қабылдағанда біздің алдымызға қойған басты мақсатымыз - халқымыздың өскелең рухани-мәдени сұранысын қанағаттандыру болатын.Бағдарламаны жүзеге асырушы Қоғамдық кеңестің алдына бірнеше міндеттер қойылды.Ең алдымен, білім беру саласын дамыту, халқымыздың тарихына қатысты мәдени мұрамызды сақтауды қамтамасыз ету, алыс-жақын шет жұрттағы жәдігерлеріміз бен мұрағаттарымызды іздестіріп, жинақтау керектігі міндеттелді.Екіншіден, қазақтың тарихи-мәдени ескерткіштерінің көпшілігі кең сахарамызда шашыла орналасқаны белгілі. Олардың біршамасы бұған дейін тиіп-қашып жөнделсе де, қалпына келтіру, жаңарту жұмыстары жүйелі түрде қолға алынбаған еді.Оның өзіндік себептері де бар болатын.Кеңес заманында көне тарихты қопарудың қажеті жоқтай жасқаншақтап, коммунистік идеологияның жымысқы саясатынан аса алмадық. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қолымыз қысқа болды.Осы жағдайды жан-жақты ескеріп, бағдарлама аясында жер-жерде шашыла орналасқан еліміздің аса маңызды деген тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштеріне зерттеулер жүргізіп, оларды ғылыми негізде қайта жаңғырту жұмыстарын қолға алу туралы тапсырма берілді.Үшіншіден, қазақ шын мәнінде бір дүниесімен мақтанар болса, ол - фольклорымыздың байлығы ғой. Ежелден сөз өнерін қасиет тұтқан елміз. “Қазақ халқының фольклоры жүз томнан асады” деген әңгімені біз естігелі қанша заман болды! Сөйте тұра, осы шаруада да істен гөрі сөз көбірек болды. Ертегісі бар, батырлар жыры бар, айтысы мен дастаны бар оннан астам кітапты анау бір жылдары шығарғанымыз есімізде. Сосын оның аяғы да құрдымға кетті.Осыған байланысты мамандарға ауыз әдебиетінің бар байлығын жарқырата шығарып, қазақтың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін зерделеудің тұтастай жүйесін жасау міндеттелді. Ұлттық әдебиет пен жазуымыздың көп ғасырлық тәжірибесін қорытып, том-том етіп оларды кітап түрінде тарату жүктелді.Төртіншіден, кеңес дәуірінде баяғыда қазақ тіліне көп шығармалар аударылған сияқты көрінетін және әлемдік классиканы түгел аударып тастағандай сезінуші едік.Сөйтсек, бұл шаруада да тындырғанымыз шамалы болып шықты.Аударма саласында мүлдем жүйе болған жоқ. Әлемдік классика да үзіп-жұлып қана аударылған. Әйтеуір, орыстың классикалық әдебиеті ғана біршама қамтылыпты. Содан кейінгі аудармалардың баршасы дерлік кеңес әдебиетінің туындылары.Сондықтан, әлемдік көркем әдебиеттің де ең үздік туындыларын жүйелі түрде ана тілімізге аудару қажеттігі туды. Оған қосымша әлемдік ғылыми ой-сананың, мәдениеттің озық үлгілерін қазақшалау негізінде гуманитарлық білім берудің мемлекеттік тілдегі толыққанды қорын жасау ойластырылды. Сайып келгенде, осының бәрі мемлекет болып қалыптасуымыз үшін, ұлт болып топтасуымыз үшін қажет жағдай. Әлемдік ғылым мен мәдениеттің озық жетістіктерін бойымызға сіңіре отырып, қазақстандықтардың рухани кемелденуі, өркениет көшінен кейін қалмауы ең негізгі мақсат етілді.Өздеріңіз білесіздер, кейінгі жылдарда Қазақстанның Ресейдегі жылы, Ресейдің Қазақстандағы жылы деп атаудың арқасында біз Абай бабамыздың ескерткішін Мәскеудің дәл ортасына орнатқыздық. Бұл да үлкен жетістік болып табылады.Ал рухани-мәдени таным арқылы, тарихи сана негізінде патриоттық сезім, отаншылдық рух қалыптасатыны белгілі. Әсіресе бүгінгі жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеу - мемлекеттік идеологияның темірқазығы болуы тиіс.Әлемдік ғылым мен білімнің асыл қазыналарын қазақшалау арқылы біз мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мәселесін негізгі мақсат етіп қойдық. Келешекте мектеп, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының бағдарламаларын осы «Мәдени мұра» кітаптары негізінде қайта қарап, толықтыру мәселесі де ойластырылуы қажет.Мәдениеті жоғары, тарихи танымы орнықты, ойы сергек елдің рухы да биік. Рухы биік халықтың іргесі де берік, әлеуеті де қуатты, ынтымағы да жарасты болмақ деп есептеймін.Мінеки, бұдан төрт жыл бұрын менің халыққа Жолдауымда айтылған, содан кейін қабылданған және бүгін мәресіне жетіп отырған “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасының алдына осындай мақсаттар мен міндеттер қойылған болатын.Менің Жарлығымен құрылған Қоғамдық кеңес, оған төрағалық еткен Иманғали Тасмағамбетов, Мұхтар Құл-Мухаммед және мәдениет, ақпарат, білім министрліктері өткен үш жылда орасан зор қызмет атқарды. Баршаларыңызға зор рахмет айтайық

96. ҚР Президентінің Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы

Индустриалды-инновациялық даму – Қазақстанды қазіргі дағдарыстың дауылынан мейлінше аз шығынмен алып шығатын жол. Біз жаңа технологияларды игеріп, инновациялық өсуді қолдаған жағдайда ғана дағдарыстың зардаптарынан тезірек құтыламыз. Индустриялық өндірістің тұрақты өсу тенденцияларын нығайту және оның құрылымдық өзгерістерін жақсарту үшін отандық индустрияны дамыту мәселелерін кешенді түрде шешу бағдарын қарастыратын, алдымыздағы 2015 жылға дейінгі мерзімге арналған жаңа мемлекеттік индустриялық-инновациялық саясатты ұстанып, жүзеге асыру қажет. Өйткені, мұндай әрекет индустрия саясатына кешендік сипатты бере отырып, осы саланың даму деңгейі мен қазіргі жағдайын қалыптастыру мақсатын көздеген саясаттарды орындау барысында қателіктер мен кемшіліктердің пайда болуын тежеуге мүмкіндік береді. Халықтың әл-ауқатының көтерілуі мен  ұлттық экономиканың тиімділігі көп жағдайда  инновациялық үрдістердің даму сатысымен айқындалады. Осы мақсатта қабылданған Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму стратегиясының жүзеге асырылуы – тәуелсіз Қазақстанның кемел келешекке  ұмтылғандығының айғағы.

Қазақстан индустриясы халық шаруашылығының индустриализация деңгейін, егеменді ел экономикасының нақтылығы мен перспективасын, қазіргі әлемдік шаруашылықтағы орны мен рөлін ақтайтын басты фактор болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстанда үлкен руда қорлары, минералды шикізат, отын-энергетикалық ресурстар, құнды және сирек кездесетін жер металдар қоры бар, сондай-ақ, негізінен, өнімі шетелдерге жіберілетін пайдалы қазбаларды табудың және өңдеудің күшті индустриясы бар. Алайда, Қазақстанда машина құрылысының көп профильді жаңа базасы, жоғары сапалы дайын тауарлар өндіру және іс жүзінде ғылыми-техникалық күрделі тауарлар өндіру саласы да жоқ, халық тұтыну тауарларының индустриясы нашар дамыған, химиялық индустрия, мұнай, газ және көмірсутек шикізаттарды өңдеу потенциалы жеткілікті түрде қолданылмайды.

Қазіргі кезде Қазақстанда ескі және жаңа инновациялық жүйелердің элементтері ұштасқан ауыспалы типтегі ұлттық инновациялық жүйеде (ҰИЖ) венчурлік қорлар қалыптастыру арқылы қызмет атқаруда. Жаңа ҰИЖ-ге индустрия мен қызмет көрсету саласындағы шағын сектордың ғылыми-техникалық ұйымдарын, шағын инновациялық кәсіпорындарды, көптеген мемлекеттік емес, коммерциялық емес, ғылыми, талдау жасаушы, консалтингтік, т.б. орталықтарды жатқызуға болады.

97. Қазақстан Республикасындағы білім, ғылым, мәдениет және денсаулық сақтау ісінің даму ерекшеліктерін көрсетіңіз.

Кеңестік тоталитарлық жүйеден қалған осындай этникалық мәселелер жағдайында Тәуелсіз Қазақстан өзінің этникалық топтар саясатын екі түрлі бағытта жүргізді. Бірі — осы мемлекетті құрушы негізгі ұлт болып есептелетін қазақтардың этникалық мәдениетін, тілін, ділін қайта жандандыру болса, екіншісі — Қазақстанда өмір сүріп жатқан басқа этностардың мәдени, тілдік құқықтарын қамтамасыз ету.Қазақстандағы этникалық топтар саясатын зерттеуші ғалымдар осы бағыттағы мемлекеттік саясаттың бүгінге дейінгі даму барысын екі кезеңге бөледі.Бірінші кезең. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданған. Бірінші кезең—1991—1995 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңді этноұлттық басымдылықтар кезеңі деп атауға болады. Бұл кезеңде мемлекетті құрушы негізгі ұлт ретінде қазақ этносына, оның тіліне, оның мәдениетіне біраз артықшылық берілді. Сондықтан да 1990 жылғы 25 қазанда жарияланған «Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі» жөніндегі Мәлімдемесінде қазақ халқы мемлекет құрушы ұлт деп танылды. 1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жөніндегі конституциялық заңда қазақ ұлтының өз мемлекеттілігін анықтауға құқы бар екені көрсетілді. 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында да Қазақстан мемлекеттілігінің ұлттық сипатына ерекше мән берілді. Ол бойынша да Қазақстан өзін-өзі таныған, өз болашағын өзі анықтайтын қазақ ұлтының мемлекеті деп танылды.Тәуелсіз еліміздің бұл кезеңінде мемлекеттігіміздің формасын ұлттық деп жариялаудың объективті қажеттілігі болды. Жалпы осы кезеңде, бұдан соңғы жылдары да басқа ұлт өкілдерінің Қазақстаннан қоныс аударуын республикадағы этноцентристік саясаттың нәтижесі ғана деп түсінбеу керек. Егемендік алған кездің алғашқы жылдарындағы өзге ұлт өкілдерінің сыртқа көшуінің біздіңше мынадай себептері де бар.Біріншіден, бұрынғы КСРОсияқты үлкен мемлекеттің ыдырауы ұлттық жаңа құрылған мемлекеттер жағдайында ұлттардың арасында болашағына деген белгілі бір сенімсіздік туғызды. Сондықтан басқа ұлт өкілдері өз мемлекеттілігі бар елге көшті.Екіншіден, ұлттық мемлекеттіліктер құрылу кезеңінде этностар өкілдерінің санасында этноцентристік пиғылдар уақытша болса да күшейді.Үшіншіден, сана бодандығынан құтылған азаматтарда өз тарихи Отанына қайту пиғылының күшеюі заңды құбылыс еді. Әсіресе мұндай себеп кезінде Қазақстан жеріне күшпен депортацияланған неміс, т.б. халықтарға тән болды.Екінші кезең. Қазақстанның ұлт саясатының екінші кезеңі 1995 жылы қабылданған жаңа Конституциядан басталады. Бұл Ата Заңда енді Қазақстан халқын титулды және титулсыз ұлт деп бөлу жойылды. Бұл заң бойынша ендігі жерде Қазақстан мемлекеті ұлттық негізде емес, жалпыазаматтық негізде құрылатындығы баяндалды.Осы конституциялық заңға негізделген еліміздің ұлт саясаты азаматтық қоғамның қағидаларына сүйене отырып, Қазақстан ұлты деп аталатын саяси-азаматтық қауымдастық құру мақсатын көздейтін саясатқа айналды. Бұл — Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаған адамдар қауымдастығын бірте-бірте Қазақстан ұлты деп аталатын саяси-азаматтық бірлестікке айналдыру. Бұл — этностық мәдениеті, діні, тілдері түрлі болғанымен, «Мен қазақстандықпын!» деген елдік сананы қалыптастыру.

98. Қазақстан – әлемдік қауымдастықта.

Халықаралық коғамдастықтағы еліміздің позитивті образының қалыптасуы және оның халықаралык мәртебеге ие болуы сыртқы саясатты жүргізудегі республика басшылығының көрегендік шешімдерімен мүмкін болды. Бұл тұрғыда ядролық қаруды таратпау, діни экстремизмге қарсы тұру, әлем діндері арасында толерантты қарым-қатынас құру мәселелерін атап өтуге болады. Осының негізінде еліміз аймақтык, және ғаламдық қауіпсіздік мүддесі турасында халықаралық аренаға өз бастамаларымен шығуға мүмкіндік алды. Мысал ретінде Қазақстанның Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына (ЕКЫҰ) бұрынгы кеңес кеңістігіндегі елдердің көшбасшысы ретінде төрағалық етуге 2003 жылы өз кандидатурасын ұсынуын атап өтуге болады. Соңғы жылдары Қазақстан осы мақсатқа қол жеткізуде тиянақтылық пен қажырлық танытты. Төрағалыққа ұсынылған біздің мемлекетіміздің кандидатурасын Қазақстанның халықаралық қауіпсіздік турасында сіңірген еңбегін бағалаған көптеген мемлекеттер қолдады. Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалық етуге өз кандидатурасын ұсынуының бір ceбeбі біздің мемлекетіміздің аталмыш ұйымды қазіргі таңда оның кеңестігінде пайда болған әpi көбейіп келе жатқан түрлі қауіпке төтеп бере алатын күшті, әpi тиімді ұйым ету болып табылады. ЕКЫҰ-на төрағалық ету - бұл Қазақстанның Еуропа қауіпсіздігі аймақтық жүйесіне интеграциялануының, ұйымның бас мүшелерімен жалпы еуропалық өзекті мәселелерді шешу турасындағы тең құқықты сұхбатты жалғастыру мүмкіндігі болып табылады. Қазақстан дипломатиясының ipi жетістіктерінің бipi Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңесті (АӨСШК) жию идеясының жүзеге асқаны болып табылады. Аталмыш идеяның Қазақстан басшысы 1992 жылдың қазанында айтқан болатын. Бұл кезден бepi Қазақстан АӨСШК мүше мемлекеттер басшыларының саммитін 2002 және 2006 жылдары екі мәрте өткізіп үлгерді. Бұл басқосулар халықаралық деңгейде үлкен бағаға ие болды. 2006 жылдың 17 маусымында Алматы қаласында өткен АӨСШК II саммитінде Азиядағы ынтымақтастық пен қауіпсіздік негізгі мәселелерін форум қатысушылары біріге шешетіндігі сипатталған декларация және де аталмыш ұйымның хатшылығы жайлы келісімге қол қойылды. Қазіргі кезде АӨСШК-не азиялық 20 мемлекет мүше, 7 мемлекет және 3 халықаралық ұйым бақылаушы дәрежесіне ие. Аталмыш форумның жұмысы Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған, бұл ұйым бейбіт сұхбат және Азия кұрлығындағы күрделі геосаясаттық мәселелерді шешу алаңына айналды. Қалыптасып келе жатқан халықаралық жағдайда халықаралық және аймактық ұйымдармен қарым-қатынасты орнату ерекше маңызға ие болып келеді. Олардың басты қызметі қауіпсіздік саласымен байланысты. Осындай ұйымдардың бipi Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы болып табылады (ШЫҰ). 2001 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын (ШЫҰ) құру бастамасына ат салысты және де дәл осы ұйым аясындағы қызметі сыртқы саясаттағы негізгі бағыттардың біріне айналды. Қазіргі кезде ШЫҰ Қазақстан, Қырғызстан, ҚХР, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның басын қосып отыр, ал бұл ұйымдағы бақылаушы мемлекеттерге Моңғолия, Иран, Үндістан және Пәкістан кіреді. ШЫҰ шеңберіндегі диалогарқасында Қазақстан саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалар бойынша көптеген мәселелерді шешуге бағытталған сындарлы сұхбат жүргізу мүмкіндігіне ие және де бұл ұйым аясында терроризм, экстремизм және сепаратизммен күресуде күш жұмылдыру мәселелері талқыланады. ШЫҰ саяси тұрақтылық және қауіпсіздік қамтамасыз етудегі маңызды рөлі оны халыкаралық деңгейдегі беделді ұйымға айналуына септік етті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]