Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZAKSTAN_TARIKh.doc
Скачиваний:
1852
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
1.15 Mб
Скачать

5. Ұлы Жібек жолының тарихи-мәдени маңызы.

Ұлы Жібек жолы туралы алғашқы мәліметті будда діндары Сюань-Цзяннің қолжазбаларынан білеміз (629-630жылдар). Б.з.б. ІІІ-ІІ ғасырлар жібек жолымен алғашқы сауда байланысы жасалған.Ұлы Жібек жолы Шығыс пен Батысты байланыстырып, Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны қақ жарып өтетін кеуен жолының жүйесі (ұзындығы 7 мың шақырымнан астам). Бұл жол Орта Азия мен Қазақстан территориялары арқылы өтіп, бірнеше сауда жолдары қалыптасып, дамыды:

  • Лазурит жолы: Бадахшан тауы – Иран- Месопотамия – Мысыр – Сирия – Қытай.

  • Нефрит жолы: Жаркентдария – Шығыс Түркістан – Қытай.

  • Дала жолы (б.з.б. І мыңжылдықтың ортасы): Қара теңіз жағалауы – Дон – Оңтүстік Орал – Ертіс, Алтай – Зайсан көлі (Геродот дерегі).

  • Қазақстан жеріндегі Ұлы Жібек жолының негізгі бағыттары Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өтіп, төрт тармаққа бөлінді:

  • Батыстан шығысқа бакғытталатын жол

  • Іле бағыты

  • Еуропа бағыты

  • Орталық және Шығыс Қазақстан бағыттары

Ұлы Жібек жолының VI-VII ғ.ғ. ең гүлденген бағыты - Қытайдан Жетісу және Оңтүстік Қазақстан арқылы батысқа баратын жол.

Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар:

Құлан қаласы – (қытайша Цзюйлень) қазіргі Луговое селосының орны.

Іленің оң жағалауында қазіргі Көктал поселкесінің орнында Ілебалық қаласы болған.

Іле аңғарындағы үлкен қала – Екіоғыз (Эквиус) қазіргі Дунгановка селосының орны. Вильгельм Рубрук бұл қалада ирандық көпестердің сауда орындары болғанын айтады (1253ж.).Сырдарияны бойлай жүретін керуен жолындағы ең ірі қалалар – Отырар мен Шауғар. Отырар – көптеген керуен жолдары түйісетін қала. Шауғар (Қара тау) VIIIғ. Деректерінен белгілі.Орталық және Шығыс Қазақстан бағытындағы «Хан жолы» деп аталатын соқпақ бағыты: Тараз қаласы – Талас өзені –Мойынқұм, Бетпақдала – Атасу өзені.

Тауар тасымалы

Саудадағы басты тауар жібек. Жібек алтынмен теңеліп, халықаралық валютаға айналған. Жалақы мен қарызды жібекпен төленген. Ұлы Жібек жолымеен алғашқыда Қытайдың жібегі Батыс елдеріне жеткізілген. Кейін бұл жол арқылы Үндістан, Иран, Византия, Араб халифаты, Еуропа, Ресей тауарлары тасылды.

Ұлы Жібек жолы арқылы тасылатын тауарлар: жасмин суы, мускат жаңғағы, женьшень, питонның өті, пілдер, мүйіз тұмсықтар, арыстандар, арғымақтар, түйелер, тотықұстар, сұңқарлар, т.б.

Мәдениет пен діннің таралуы

Ортағасырлық Азияда әлемнің төрт патшалығы туралы тұжырым болды:

  1. Пілдер патшалығы немесе Үнді философиясы мен ғылымның дамуы мен даналық патшалығы – Үндістан

  2. Бағалы тастар патшалығы немесе аңдар мен ерлер патшалығы – Иран мен Византия

  3. Сәйгүліктер патшалығы немесе жыртқыштар аңдар патшалығы – Түрік қағанаты

  4. Адамдар патшалығы немесе мемлекеттік басқару және өнеркәсіп патшалығы - Қытай.

Бұл тұжырым Самарқан төңірегіндегі Кушаниядағы сайрайдың қабырғасына салынған суреттерден байқалады.

  • Ұлы Жібек жолы арқылы ән мен би өнері, әдебиет туындылары тараған. Қытайда көп тараған Шығыс Түркістан мен Қазақстанның әуендері болды. Византияда түрік акробаттарының өнері көрсетілген. Бағдатта наурыз мерекесінде халифтың алдында маскалы ойын сауық өткізілген. Сырдариядағы Кедер қаласынан X-XI ғасырларға жататын саздан жасалған маска табылды.

  • Ұлы Жібек жолының бойымен дін таралды.

Буддизм – Үндістаннан Орта Азия мен Қазақстанға келіп, Оңтүстік Қазақстан және Жетісуда кең тарады. Буддитзмді таратуда соғдылар үлкен роль атқарды (б.з. II-IIIғасырлар). Исфиджабқа жақын жерден жер асты храмы (VII-VIIIғ.ғ.), Ақбешімнен екі будда храмдары (VII-VIII ғ.ғ.) табылды.

Христиан діні - Сирия, Иран, Аравиядан келіп, Қазақстанда бұл діннің несториандық бағыты тарады (VII-VIII ғ.ғ.).

Қарлұқ жабғуы арқылы түріктер христиандықты қабылдап, Тараз, Меркеде христиан шіркеулері салынған (VIII-IХ ғ.ғ.).

Манихейлік дінді соғдылықтар таратты. Бұл дін туралы «Екі негіздің қасиетті кітабында» жазылған. Манихейлік ғимараттар Баласағұн мен Шілікбалықтан табылды. Тараздан манихейлердің көк тәңірісі болып есептелетін әйел бейнесі мен ай суреті салынған қола медальон табылды (ай – манихейлік жұлдыз сәулелі құдайдың символы).

Зороастризм діннің белгісі – от мұнарасы (Қостөбе мен Қызылөзенде). Отырардан еденге қаланған құрбандық шалынатын ошақтар табылды.

Ислам діні VIII-IX ғасырларда Оңтүстік Қазақстанда кең тарады. Ислам діні алғаш рет қарлұқтар арасында таралған (760ж.). Қарахандықтар 960 жылы исламды мемлекеттік дін ретінде жариялады. XI-XII ғасырларда бұл дін қыпшақтар арасында кең тараған.

ІХ-Х ғасырларда жерлеу дәстүріне өзгеріс енгізіліп, мұсылмандық сипат пайда болды.

Ең алғаш мұсылман бейіттері Отырардан, Боран қала жұртынан табылды. Х-ХІІІ ғасырларда исламның таралуымен мешіттер, кесенелер тұрғызу басталды. Ең алғашқы мешіттер Кедер мен Күлтөбеде салынған.

Ежелгі кесенелер: Бабаджа хатун, Айша Бибі, Қарахан кесенелері. Сырдарияның төменгі ағысындағы Сырлы Там кесенесі.

Ортағысрлық Жібек жолының маңызы:

  • Отырықшы және көшпелі мәдениеттің өзара қатынгасы күшейіп, бірін бірі байытты.

  • Қалалар көбейді

  • Сыртқы байланыс дамыды

  • |Сауда өркендеді

Ұлы Жібек жолы екі мың жыл бойы жұмыс істеген. XV ғасырда су жолы пайда болғаннан кейін керуен жолы тоқтады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]