Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZAKSTAN_TARIKh.doc
Скачиваний:
1852
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
1.15 Mб
Скачать

7. Хұн тарихына қатысты жазба деректерді талдаңыз.

Саяси тарихы

Б.з.б. І мыңжылдықта Орталық Азияның байтақ жерін этникалық құрамы әртүрлі тайалар мекендеген. Шаруашылықтың дамуы, тұрмыстың ортақтығы, саяси бірлік оларды өзара жақындатып, ірі тайалық бірлестіктер құрылды.

  • Б.з.б. ІІІ ғасырдың аяғындағы қытай деректерінде «ғұн» атауы кездеседі (хунну немесе сюнну). Ал европалық жылнамашылар оларды гунни деп атаған.

  • Б.з.б. 206 жылы ғұндардың билеушісі Мөде шаньюй (б.з.б. 228-174ж.ж.) батыста үйсіндерге шабуыл жасады. Солтүстікте Саян Алтай тайпаларын бағындырып, оңтүстікте Қытайдағы Хань әулетін жеңеді. Қытай билеушісі Мөде шаньюйге бас иіп, « Тыныштық және туыстық» туралы шартқа отырып, жыл сайын оған салық төлеп тұрды. Осы кездегі ғұн одағының территориясына Байкалдан Тибетке, Шығыс Түркістаннан Хуанхэның орта ағысына дейінгі жерлер қосылды. Халқы – 1,5 млн. адам.

  • Б.з.б. 55 жыл ғұн одағы екіге бөлінді:

  1. Оңтүстік бөлігі Хань империясына бағынышты болды (шаньюй Хуханье).

  2. Солтүстік ғұндар Монғолияның солт.батысындағы Қырғыз Нұр көлі маңына ордаларын орнатты (шаньюй Чжи-чжи Оңтүстік және солтүстік арасындағы өзара қырқыстан кейін, Чжи Чжи басқарған солт. ғұндар Солт. Монғолия, Шығыс Түркістанға қарай қоныс аударды.

  • Б.з.б. 47ж солт. ғұндар Тянь Шаньнан өтіп, қаңлылармен көрші болды.

Чжи Чжи шаньюй үйсіндерге қарсы қаңлылармен әскери одақ құрды. Олар үйсіндерді жеңе алмағандықтан, өзара жанжалдасып, Чжи Чжи Талас өзенінің жоғары ағысына кетіп, екі жыл бойы сол жерде қала салдыртты (б.з.б. 37-36 ж.ж.).

Чжи Чжи өз қаласын қорғауда Марка Крас армиясының римдік жауынгерлерін пайдаланды.

Ғұндардың күшеюі Қытай империясын алаңдатып, жорыққа дайындалады. Шайқастың салдары:

  • Ғұн әскері талқандалып, қала қиратылды

  • Чжи Чжимен бірге 1518 адам тұтқынға түсіп, қатал жазаланды.

  • 1200 жауынгер Қытайдың қол астындағы Ферғана және үйсін билеушілеріне сыйлыққа берілді.

Б.з. 93 ж ғұндардың Қазақстанға екінші рет қоныс аударуы болды. Ғұндар Сырдарияға, Арал жағасына, Орталық және Батыс Қазақстанға жетті.

Б.з. IV ғасырда оңт.Орал даласына, Дунайға жетіп, «ғұндар» деген атпен Венгрияға қоныстанды.

Ғұндар тарихы, әсіресе, жауынгершілік жорықтармен белгілі. Аты аңызға айналған үлкен ақыл иесі, қаһарман жауынгер, көреген қолбасшы, әккі саясаткер, айлакер дипломат Аттила (410-453) басшылығымен ғұндар еуропалық елдердің бірқатарын тізе бүктірген.

Б.з. V ғасырдың ортасы Аттила әскері Шығыс Рим империясын жеңді. Оның білімін, көрегендігін мойындаған Франк, Бурнгундия билеушілері балаларын оқуға, тәрбиелеуге жіберіп отырған.

Еділ патша тұсында Ғұн империясы өз дамуының жоғарғы сатысына жетті:

  • Еуропаны Рим үстемдігінен азат етті

  • Құл иеленушіліктің жойылуына ықпал жасады

  • Ғұндарды әскери демократиялық құрылыс нығайды.

451 ж Аттила әскері Галлиядағы Каталаун даласында рим франк соғыс одағымен шайқасты

452ж Аттила Италияны ойрандап, Падуя, Милан қалаларын алды

453 ж Еділ қайтыс болғаннан кейін ғн империясы ыдырай бастады

Қазақ ғалымдарынан Атила (Еділ) туралы алғаш рет жазып, ғылымға енгізген Шоқан Уәлиханов. «Пайғамбар» деген өлеңде «ғұн – түркілердің арғы атасы» деген тұжырым жасаушы Мағжан Жұмабаев.

Ғұндардың Қазақстан жеріне енуіне байланысты тайпалардың түріктенуі басталған. Жетісу мен Оңт.Қазақстан тайпаларының антропологиялық сипаты – монғолоидтық (б.з. І мыңжылдығының бірінші жартысы).

Ғұндар Қазақстанға Орталық Азиядан б.з.б. І ғасырдың соңы мен б.з. І ғасыры аралығында келді. Бұл «халықтың ұлы қоныс аударуы» атанған тарихи оқиғамен тұспа тұс кезең.

Шаруашылығы

Ғұндар өмірінде мал шаруашылығының маңызы ерекше болды. Көшпелілер тұрмысында мал қысы жазы тебіндеп бағылған. Жылқы ерекше маңызды орынды алды.

Ғұндарда сонымен қатар егіншілік пен аңшылық та дамыған. М.Қашғари (ХІ ғ.) ғұндардың отырықшылыққа көшкенін және түркілене бастағанын жазады. Баспанасы киіз үй. Ошақ тастан қаланып, оның үстіне қола қазан орнатылған. Ғұндар ошақты қадір тұтқан.

Тарих ғылымында ғұн шаруашылығының жүйесі алғашқы қауымдық немесе экстенсивті мал шаруашылығы деп сипатталады.

Мәдениеті

Ғұн, үйсін мен қаңлы мәдениеті сақ тайпаларының мәдениетін жалғастырушы, одан әрі дамытушы болды. Мемлекеттердің жас уақытынан бері темірден жасалған бұйымдардың, қарапайым тігін станогының және аған өңдеудің кең өріс алуы, қолөнердің пайда болуы өркениеттің қозғаушы күші болды.

Ғұндарға жоғары дамыған материалдық мәдениет пен әскери істегі тас қамал бұзудың техникасы мәлім болды. Осылайша қаруланған олар қарсыластарын талқандап, қалаларды оңай жаулап алды.

Ерте көшпелілердің негізгі тұрақтары киіз үй болып табылады, басқа бір түрі үлкен күйме арба. Оған өгіздер мен түйені жеккен. Үлкен арбаның ішіне иесінің жағдайына қарай төсеніш және киіз төселген. Түтілген жүн осы жерде өндірілсе, жібек матаны Қытайдан малға айырбастап әкелген.

Қазіргі таңдағы тарихшылардың ғұн үйсіндерді қаншалықты отырықшы мәдениет өкілдері деп сипаттағанымен, б.з.д. І мыңжылдықта ғұн үйсін этносы көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Көшпелілердің перифериясы негізінде қыстау тұрақтар ретінде, отырықшылар мен жер өңдеушілерің оазистері болды. Кейбір тұрақтар бекініс қалашықтар түрінде болды. Мысалға ғұндарда Сібір тұрақтары. Рим тарихшысы Прийск Паннониядағы Аттиланың ордасын сипаттады. Оның айтуы «алып қала», «сарайдың көлемі мен бірдей биік дуалмен қоршалды». Бұл бүкіл варвар әлемін қолында ұстаған Аттииланығң сарайы болған және жаулап алған қалаларды да бұндай сарайға айналдырғысы келді. Ерте көшпелілердің бейіттері өзеннің жағасында орналасқан. Олар көш қоныс бойында салынып, көбінде кішігірім қорғандардан тұрды. Ғұн кезеңінің «дың» типтес ең әйгілі ескерткіш кесенелері: Қозы Көрпеш Баян Сұлу, Домбауыл, Теке

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]