Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZAKSTAN_TARIKh.doc
Скачиваний:
1852
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
1.15 Mб
Скачать

8.. Түрік қағанаты (552-603ж)

Ұлы қоныс аудару оқиғасы (ІІ-Vғ.ғ.) Қазақстанның, Орта Азия мен Шығыс Еуропа халықтарының тарихына үлкен өзгеріс енгізді.

Vғ. Түркі тілдес теле тайпасы Солт. Монғолиядан Шығыс Еуропаға дейінгі далада өмір сүрді, ал оңт-те көшіп қону жайылымдары Амударияның жоғарғы ағысына дейін жетті.

535ж түрік қолбасшысы Бұмын Алтай даласындағы түркі тілдес тайпаларды біріктіре бастады. 546ж теле тайпасы түріктерге қосылды. Үлкен күшке ие болған Бұмын 552ж 50 мың әскермен авар (жуань-жуань) мемлекетін талқандады.

  • 552ж Түрік қағанаты құрылып, Бұмын өзін қаған деп жариялады.

Территориясы: Жетісу, Амудария мен Сырдария аралығы. Астанасы: Суяб.

«Түрік» атауы алғаш рет 542 жылғы қытай деректерінде кездеседі. Қытайлар түріктерді ғұндардың ұрпағы деп санаған. Алғашында «түрік» этнонимі әскери шонжарлар деген мағынаны білдірсе, кейін үстемдік етуші тайпа осылай аталды.

Бұмын қағанның ізбасарлары Қара Ыссық және Мұқан қағандар тұсында мемлекет Орталық Азияда саяси үстемдікке жетті. Түріктер Маньчжуриядағы қидандарды, Енисейдегі қырғыздарды, Солтүстік Қытай мемлекетін бағындырды. VI ғ Қазақстан жері Түрік қағанатының иелігінде болды.

Түріктердің Орта Азияны алудағы басты қарсыласы - эфталиттер. Бұл – Каспий теңізінен Солт.Үндістан мен Шығыс Түркістанға дейінгі жерде созылып жатқан күшті мемлекет халқы.

  • 561-563 ж түріктер эфталиттерге қарсы Иранмен әскери одақ құрды.

  • 564 ж Иран шахы Хұсрау Ануширван Тоқарыстанды жаулады.

  • 567 ж Бұхар тұбінде түріктер эфталиттерді жеңді. Орта Азиядағы жеңістерден кейін түріктер Ұлы Жібек жолын өз бақылауында ұстады.

Түріктер және олардың қол астындағы соғдылықтар Византиямен сауда байланысын жасауға ұмтылды. Бұған Иран кедергі болады. Соған байланысты 568 ж соғды көпесі Маниах бастаған түрік елшілігі Константинопольге келіп, Византия императоры II Юстиниманмен сауда және әскери шарт жасасты. Түрік Византия одағы н,әтижесінде:

  • Иран түріктерге жылына 40 мың алтын динар салық төлеуге;

  • Сауда қатынасына бөгет болмауға міндеттенді.

575ж Иран мен Византия келісімі нәтижесінде Византия өзінің Кавказдағы вассалдарын түріктерге қарсы қойды. Түріктер жауап ретін,де Киммерия Боспорын талқандап, Қырым мен Батыс Кавказға соғыс жорықтарын жасады.

Түрік қағанаты он ұлысқа бөлінді. Ұлыс басқарушысы шад. Ұлыстық үс темдік белгісі ретінде он алтын жебе берілді.

Естеми қаған мен оның ұлы Түріксанфа тұсында қағанат әлсіреді. Басты себептері:

  • Ішкі тартыстар

  • Көрші елдермен соғыс

Осы ауыр жағдайды пайдаланған Қытай империясы шапқыншылық бастады.нің

603ж. Қағанат екіге бөлінді:Батыс және Шығыс Түрік қағанаты.

Қазіргі Қазақстан территориясы Батыс Түрік қағанаты құрамына енді.

9. Көне түрік жазба ескерткіштерінің ерекшеліктері мен зерттелу деңгейін анықтаңыз.

Б.З. I мыңжылдығының ортасында қазақстан тайпалары түркі тілінде сөйледі.

Олар үш топқа бөлінді(VI-VIII):

  1. Бүлгар-хазар.

  2. Батыс-түрік(оғыз)

  3. қарлұқ.

VIII-X ғасырларда батыс –түрік тілдер тармағынан қимақ-қыпшақ тілдер тобы бөлінді. Оңтүстік қазақстан халқы Монғыл-Қидан , Соғды ,араб тілдерінде де сөйлеген.

IX-XII ғ.ғ.-түріктерде араб тілі кеңінен қолданылды.

Түріктердің жазыуы туралы алғашқы деректерді Менандр Протектор қалдырды(VIғ.IIжартысы)

Ежелгі түрік жазуларының ескерткіштері- Солтүстік Монғолиадан , Орхон , толы , Селенгі , өзендерінің бойынан табылған тастағы жазулар, бұл жазулар белгілі қаған , күлтегін (732ж , 735ж.).Тоныкөк(716ж.)құрметіне жазелған.

Көне түрік жазуын тұңғыш рет XVIII ғасырдың 20-жылдарында Енисей аңғарынан Д.Миссершмидт пен Ф.Страленберг тапқан.

Жазу скандинавиялық руна жазуына үқсас болғандықтан руна жазуы деп атаған.

VI-VIII ғасырларда түркі тілдес тайпалар арасында ерте дәуірден басталған ауызша шығармашылық дәстүр дамыды . VIII-X ғасырдағы “Қорқыт ата ” Эпосы . Жүсіп Баласағұни XI ғ.“Құтты біліні ” Махмұт Қашқари XI ғ 1072-74 жылдары жазылған “Диуани лұғат ат-түрік ”. Қожа Ахмет Йассуи XI ғ. “Диуани Хикмет ”. сүлеймен Бақырғани .XII ғ. “Хакім ата ”. Ахмет Хүгенеки (Югнаки) XII ғ. “Хибат ул-хақайк”. Әбу Насыр Әл-Фарабй.IX-X ғ. “Ғылымдар энциклопедиясы”. Әбу Райхан

Әл-Бируни.X-XI ғ. “Ежелгіхалықтардың хронологиясы”. Атты жазба деректер бар

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]