Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZAKSTAN_TARIKh.doc
Скачиваний:
1852
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
1.15 Mб
Скачать

36. XVII ғасырдағы Қазақ хандығының ішкі және

сыртқы саяси жағдайын талдап көрсетіңіз.Теуекел мен Есімнің Орта Азияга жасаған жорыктары кезiнде Тауекел Бухара каласының түбiнде жаралы болып қайтыс болады. Жазба деректерге қарағанда Тәуекелдің балалары жас болып, ел алдында танылмагандыктан, хандык билiктi iнici Eciм сұлтан алады. Eciм сол кездің өзiнде қазақтың көп санды әскер басшысы болған. Ташкент, Түркістан аймағын билеген, көрнекті сұлтан еді. Сондықтан да сұлтандардың көпшiлiгi Есімнің хан болуын жақтаған. Есім енді 1598 ж бастап 1628 ж шейін ел билейді. Алайда Есімге қарсы болған саяси топтар болды. Ол қатаған руынан шыққан Тұрсын Мұхаммед деген сұлтан еді. Ол 1613-1614 жылдардың шамасында өзiн хан деп жариялаған. Сөйтiп XVII ғасырдың алғашкы кезiнде қазақ хандығын екі хан билеген, содан саяси бытыранкылық болды. EciM хан Түркістан қаласын өзінің астанасы етсе, ал Тұрсын өзiн тауелсiз хан жариялап, Ташкент каласын өзінің астанасы ететi. Осы кезде бұхар хандығы мықты болып тұр еді. Бұхар хандығы Тәуекел ханның кезінде Айырылып қалған маңызды қалаларды қайтарып алу үшін соғыс ашады. Алғашқы қазақ-бұхар шайқасы 1603 жылы Айғыржар деген жерде (Самарқанд мағы) болып, бұл шайқастав Қазақ хандығы жеңеді. 1611 жылы бұхар әскерімен Ташкент түбiнде ұрыс болады. Қазақтың әскерін басқарган Есім хан жеңіске жетiп, Бұхар ханы келiсiм жасауға мәжбүр болған. Осы кезде Eciм мен Тұрсын арасында кайшылықтар туып, Eciм хан өз ордасына қайтады. Осы кезден бастап eкi қазақ хандарының арасындағы қайшылық шиеленiсе туседі. Eciм хан шамамен алғанда 1627-1628 жылдары Жетiсу жерiне енген қалмақтарға қарсы жорыққа аттанған кезде Тұрсын хан өзінің әскерімен Түркістанға Есім ханның ордасына шабуылдаған Eciм ханның көптеген адамдарын өлтіріп, әйелiн, балаларын тұтқындап, Ташкентке кайтады. Eнді Тұрсын хан Eciм ханды өлтірмек болады Бул жағдайдың бәрiн естіген Eciм хан Ташкентке аттанады. Ташкент төңірегінде шайқас болған. «Бахр әл - асрардың» мағлұматына қарағанда Тұрсын қайтыс болған. 1628 жылы Тұррсынды өлтірумен бірге Есім хан қатаған руын да қырып тастаған.Махмұд ибн Уәлидің хабарларына қарағанда Есім хан 1628 ж қайтыс болған. Бірақ Есім хан 1643 ж дейін билік құрды деген мәліметтер бар. Есім хан билік құрып тұрған кезінде қазақтардың әдеттегі құқық нормалары бір жүйеге келтіріп, толықтырады. хХнның тұсында «Есім ханның ескі жолы» деген заңдар жинағы шығады. Түркістан қаласын Есім хан өзінің астанасы етті. XYIIғ. Екінші он жылдығында Қасым хан қазақтың кең даласында өз билігін әбден нығайтып алды. Оңтүстігінде хандықтың шекарасы Түркістанның бірталай қалаларын қамти отырып, Сырдарияның оң жағалауына дейін , оңтүстік шығысында Ұлытау мен Балхаш көлінен өтіп, Қарқаралы сілемдеріне дейін, ал солтүстік батысында Жайық өзеніне дейінгі жерлерді қамтыды. XYIғ. Бірінші ширегінде хандықтың жоғары дәрежеге көтерілуі ішкі әлеуметтік-экономикалық және этникалық процестерінің нәтижесі болды, бұған тұтастай аймақтағы саяси жағдайлар да әсер еткені сөзсіз. Тахирдің хандық құрған кезеңіндегі(1523-1531)қазақ хандығы тарихындағы негізгі оқиға 1526жылы бүкіл Жетісудағы қазақ руларының қазақ хандығының қол астына өтуі. Хақназар хан (1538-1580)билік еткенде ол Қасым хан,әкесінің , саясатын жалғастырып,хандықты нығайтуға күш салған. Ол Ноғай Ордасындағы өзара қырқыстарды пайдаланып, ноғай мырзаларының көбін өз жағына шығарып алды да,Жайықтың сол жағалауындағы жерлерге ие болды. Есімханның билігі кезінде(1598-1628) сыртқы жағдай бұрынғыдан да қиындай түсті. Оңтүстікте Ташкентке Бұхар ханы үздіксіз шабуыл жасады, шығыста ойрат тайпалары күшейе бастады, ал қазақ хандығының ішінде сұлтандар оқшаулануды көздеп, дұшпандық әрекеттерін тоқтатпады. Қазақтардың қарақалпақтармен қарым-қатынасы да шиеленісіп кетті. XYIғ. Аяғы қарақалпақтардың40шақты руының өкілдері орталық Қазақстан мен Арал теңізі жағалауынан өздеріне жер бөлуді өтініп,Тәуекел ханға келді. Хан олардың өтінішін қабылдап, қоластына жаңадан келгендерге өзінің ұлын билеуші етіп тағайындады. Бірнеше жылдан соң қарақалпақтар көтеріліс жасап Ташкентті басып алды. Есім хан қарақалпақтарға қарсы соғысып,» жылы оларды Сырдарияның орта ағысын тастап кері шегінуге мәжбүр етті. XYIғ.екінші жартысының басында Қазақ хандығының сыртқы саясатында елеулі саяси және әскери күш болғанына қарамастан, ол дегенмен де XYIғ.ң аяғына қарай елеулі қиыншылдықтарды бастан кешірді және оны өз көршілері Жетісудың отырықшы егіншілік аудандарынан Сарясудың оңтүстік шебіне ығыстырды,яғни ол Дешті Қыпшақтан айырылды. XYIғ. Аяғы қазақ даласын ноғайлар басып алады.

37.. ХҮІІ-ХҮІІІ ғ. басындағы Қазақ хандығы. Тәуке хан – мемлекет қайраткері, реформатор, дипломат. Қазақ хандығының билігі 1680 жылы Жәңгірдің ұлы Тәукеге көшті. Жаңа билеуші көрген саясаткер, арқылы дипломат, құдыретті хан болды. Тәуке ханның өзіне дейнгілерден айырмашылығы – хандықтағы ерекше әлеуметтік топты құрайтын, дала ақсүйектерінің өкілі билердің көмегімен өзінің үстемдігін нығайтуға тырысты. Тауке хан таққа отырган соң алдына койған басты максатынығ бiрi – iшкi талас-тартыс пен бытыраңқылықты жою үшiн әрекет жасады. Ол үшiн "Билер кеңесін" құрды.Дәстүрлі қазақ қоғамында билерге ерекше маңыз берілді. Билердің шаруашылық, әдетті-құқық, әскери және идиологиялық міндеттерді атқаруда ерекше ролі болды.Тәуке хан даулы істерді шешуде билер сотының беделін арттырып, билер кеңесін кесімді үкім шығаруда ерекше органға айналдырылды. Осыдан бастап билер кеңесі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясатындағы аса маңызды мәселелерді шешетін тұрақты жүйеге айналды.Тәуке хан билігінің бір бөлігін беру жолымен ықпалды билерді мемлекеттік істерге тартуға бағытталған саясат ұстанды. Ол қазақтың үш жүзінің ең беделді билердің қатысумен билер кеңесін сәтті ұйымдастырып отырады. Ұлы жүзде Төле бидің, Орта жүзде Қазыбек бидің, Кіші жүзде Әйтеке бидің беделі ерекше болды. Олардың даналығы мен кемеңгерлігі ойрат жаулап алушыларына қарсы қазақ халқының күшін біріктіруде, сондай-ақ хандықты ауыр сындардан аман алып өтуге бағытталды.Тәуке хан орыс-қазақ қатынастарнының жақындасуына табандылықпен қол жеткізді. Ол 1686-1693 жылдары Сібірге бес елшілік жіберді. Мұнда Тәуке орыс-қазақ қатынастарының өзара тең дәрежеде дамуын нығайтуға айқын мүдделілігін танытты. Ресей мен Қазақ хандығы арасындағы бейбіт келісім-қатынастар сақтала берді. 1698 жылан ойраттар мен қазақ әміршілері арасындағы қарулы қақтығыстардын жаңа кезеңі басталды. Жонғардың әскери шонжарлары манызды сауда жолдары өтетін және ірі сауда орталықтары орналасқан Оңтүстік Қазақстанның аумағын басып алуды көкседі. Қазақтың Сығанақ, Түркістан, Отырар, Сайрам, әсіресе Созақ қалалары жоңғарлармен күресте өзіндік стратегиялар тірек бекетіне айналды. Тәуке ханның ойратармен күрестегі кейбір сәттіліктері оған үлкен жеңіс әкелмеді, соғыс белсенділігі ойраттардын жағына болды. Қалмақ-қазақ қырқыстары толассыз жүргізілді. Олардын 1711-12,1714,1717 жылдардағылары ерекше еді. Жоңғария қазақтарға аса қатерлі кауіп төндірді. XVII ғ. басы – Батыс Монғолия жерінде ойрат тайпалары шиеленіскен күрес жағдайында бірігу кезеңінде болды. 1627 жылы ойрат одағы ыдырады. 1635 жылы Батыс Монголияда жоңғарлардың әскери-феодалдық мемлекеті құрылды. Негізін салушы – Батыр қонтайшы. 1635 жылы ол Жетісудың көп бөлігін жаулап алды. Сыртқы саяси жағдай өте ауыр кезеңде хан тағына Жәңгір (Есімнің ұлы) отырды. Халық оның ерлігіне риза болып «Салқам жәңгір» атаған. 1643 жылы Орбұлақ шайқасы болды. 50 мың әскермен келген Батыр қонтаәшыға 600 әскермен Жәңгір хан қарсы тұрды. Сарбаздар құрамныда Шапырашты Қарасай, Арғын Ағантай, Алшын Жиембет, Найман Көксерек батырлар болды. Соғыс қазақтардың жеңісімен аяқталды. Тәуке хан (Жәңгір үлы) 1680-1718 жылдары билік етті. Билігінің ерекшелігі: Хандықтың бөлшектенуі тоқтатылып, бір орталыққа бағындырылды.Жоңғар шапқыншылығы бәсеңдеп, тыныштық орнады.Мемлекеттік құрылыстың негізі ұстанымдарын анық-тайтын «Жеті жарғы»заңын жасады. Көрші елдермен достық қарым-қатынаста болуды көздеді: қырғыз, қарақалпақ, орыс елдері.Тәуке ханның негізгі мақсаты – билердің көмегімен хан билігін нығайту. Ұлы жүзде – Төле би, Орта жүзде – Қазыбек би, Кіші жүзде – Әйтеке би. «Жеті жарғы» заңдар жнағы шығарылды:Ақсүйектердің артықшылық жағдайын қорғау көзделді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]