Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД по АФКХ для вет.rtf
Скачиваний:
1863
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
30 Mб
Скачать

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары

1. Сіз білетін энергия түрлерін атаңыз. Энергия сақталу заңы.

2. Термодинамикалық жүйенің ішкі энергиясы деп нені айтады? Энтальпия

дегеніміз не? Энтальпия мен ішкі энергияның арасында қандай байланыс бар?

3. Термодинамиканың бірінші бастамасы, оның математикалық өрнегі. Жылу энергияның ерекшеліктері.

4. Гесс заңының анықтамасын беріп, оның қолдану ережелерін көрсетіңіз. Экспериментальдық жолмен анықталынбайтын жылу эффектілерін қалай есептейді? Гесс заңының термодинамиканың бірінші бастамасымен байланысы.

5. Күй параметрлері, термодинамикалық жүйенің интенсивті және экстенсивті күй парамерлері. Химиялық реакция өтетін жүйені сипаттау үшін қолданатын термодинамикалық параметрлерді атаңыз.

6. Қайтымды және қайтымсыз процестер. Осы процестер жүретін жүйелердің энтропиясы қалай өзгереді?

7. Термодинамиканың екінші бастамасы. Энтропия деген не? Ашық, жабық және оқшауланған жүйелердің энтропиясы қалай өзгеру мүмкін?

8. Термодинамиканың үшінші заңы. Осы заңның негізінде энтропияның абсолюттік мәндері қалай есептелінеді?

9. Реакцияның реті мен молекулалығы дегеніміз не? Олар қалай анықталады және өрнектеледі?

10. Жылдамдық константасының физикалық мағынасын түсіндіріңіз. Ол қандай факторларға тәуелді?

11. Температура жоғарылағанда реакция жылдамдығы неге артады? Активтендіру энергиясы дегеніміз не? Оны қалай және не үшін анықтайды? Аррениус теориясын түсіндіріңіз.

12. Катализ және катализатор. Неге катализатор химиялық тепе-теңдіктің ығысуына әсер етпейді? Гомогендік катализға мысал келтіріңіз. Гетерогенді катализды түсіндіретін теориялардың арасындағы айырмашылықтары.

13. Ферментативтік катализдың негізгі ерекшеліктерін сипаттаңыз.

14. Ингибиторлар және ретарданттар, олардың қолданылуы. Азық-түлік тағамдарды сақтау кезінде жүретін тотығу-тотықсыздану процестерінің және нитрификация ингибиторларына мысалдар келтіріңіз.

1 Зертханалық жұмыс

Жұмыстың мақсаты: Химиялық реакциялар жүзінде бөлінетін әр түрлі жылуларды анықтау

1 Тәжірибе. Калий гидроксидінің сумен әрекеттесу реакциясының жылу эффектісі

Құрал-жабдықтар: көлемі 500мл химиялық стақан, шыны таяқшасы, штатив, термометр, техникалық таразы.

Реактивтер: КOH түйіршіктері, дистилденген су.

Жұмыс барысы:

Штативке орнатылған термометрді стақанның түбіне дейін түсіреді. Таразыда калий гидроксидінің 25г өлшеп, оны стақанға термометрдің ұшын жапқанға дейін салады. Содан соң стаканға 50мл су құйып, ерітіндіні ақырын шыны таяқшасымен араластыру қажет. Ерітінді қатты қызып, термометр 100С-тан жоғары температураны көрсетеді:

КОН + аq = КОН + аq, Hх.р. = – 13,3 ккал

Температураның максимальды мәні мен реакцияның жылу эффектісін анықтап, жұмыстың қорытындысын жасаңыз.

2 Тәжірибе. Аммоний нитратының сумен әрекеттесу реакциясының жылу эффектісін анықтау.

Құрал-жабдықтар: көлемі 200мл химиялық стакан, шыны таяқшасы, штатив, термометр, пробирка, фанерлі табақша 1212, техникалық таразы.

Реактивтер: аммоний нитратының (NH4NO3) кристалдары, дистелденген су

Жұмыс барысы:

Штативке орнатылған термометрді стаканның түбіне дейін түсіріп салады. Аммоний нитратынан 60г өлшеп, оны стаканға термометрдің ұшын жапқанға дейін салады. Содан соң стаканға 100мл су құйып, оның ішіне пробирканы ә бөлігіне дейін түсіреді. Стақанды суланған фанерлі таяқшаның үстіне қояды. Ерітіндіні ақырын шыны таяқшасымен араластыра бастайды. Аммоний нитратын суда еріткенде ерітіндінің температурасы –200С-қа және одан да төмен түсуі мүмкін. Стақанның сыртында қырау пайда болады. Суланған фанерлі таяқша стақанның түбіне жабысып, ал пробиркадағы су қатая бастайды.

NH4NO3 + аq = NH4NO3 + аq, Hх.р. = + 6,3 ккал

Температураның минимальды мәні мен реакцияның жылу эффектісін анықтап, жұмыстың қорытындысын жасаңыз.