Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД по АФКХ для вет.rtf
Скачиваний:
1863
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
30 Mб
Скачать

Реактивтерді пайдалану ережелері

Реактивтер салынған шөлмектердің немесе банкалардың сыртында реактивтің аты және оның сапасы: «техникалық», «таза», «анализ үшін таза», «химиялық таза» және ерітінділер үшін концентрациясы жазылған этикеткалары болу керек. Рактивтерді пайдаланғанда келесі ережелерді орындау қажет:

  1. Егер жұмысқа қажетті реактивтердің мөлшері көрсетілмеген болса, реактивтерді аз алу керек /материал мен жұмысқа кететін уақытты үнемдеу үшін/.

  2. Алынған реактивтің артық мөлшерін сол ыдысқа қайтадан салуға немесе құюға болмайды. Реактивтерді пайдаланғаннан кейін банканы не шөлмекті қақпағымен жауып қою керек.

  3. Құрғақ реактивтерді фарфор немесе металдан жасалған қасықшалармен не қалақшалармен /шпательдер/ алған жөн. Олар әрдайым таза, құрғақ болуы керек. Пайдаланғаннан кейін оларды әбден тазалап, сүзгіш қағазбен сүртіп отыру керек.

  4. Егер реактив пипеткамен алынған болса, ол пипетканы жуып тазартпай екінші шөлмектен реактив алуға болмайды.

Таразы және таразыда өлшеу

Химиялық зертханада ең керекті жабдықтардың бірі – таразы. Сондықтан зертханада жұмыс істеушілердің бәрі таразыны дұрыс пайдалана білу керек.

Әдетте химиялық лабораторияда өлшеу үшін техникалық (1-ші сурет) немесе аналитикалық таразылар қолданады.

Техникалық таразыда заттың салмағын 0,01 граммға дейінгі дәлдікпен анықтауға болады. Техникалық таразыны синтез жұмыстарында бастапқы алынған зат пен реакциядан шыққан заттарды өлшеу үшін жиі қолданады.

Аналитикалық таразының дәлдігі техникалық таразыдан дәлірек болады, көбінесе анализ жұмыстарында қолданады. Бұл таразыда заттарды 0,0001 – 0,0002 граммға дейінгі дәлдікпен өлшеуге болады.

Қазіргі кезде таразылардың электрондық түрлері жиі қолданады. Бұл таразыларды тегіс бетке қойып, заттарды өлшейді.

1-сурет. Техникалық-химиялық таразының құрылысы (1-дінгек, 2-тұтқа, 3-табақшалар, 4-стрелка, 5-шкала, 6-арретир, 7-реттеуіш винттер, 8-иін ағаштың ұшындағы жүктер)

Таразыда өлшегенде келесі ережелерді бұлжытпай орындау қажет:

  1. Таразыда жұмыс істеуші өзі жөндей алмайтын ақаулық тапса, ол туралы дереу оқытушыға немесе лаборантқа айтуы керек.

  2. Таразыда заттарды өлшеу алдында оның тепе-теңдікке келтірген жөн.

  3. Таразы табақшасына ыстық, дымқыл, майлы және лас заттарды қоюға болмайды.

  4. Сұйықты өлшегенде таразының табағына төкпеу керек. Әсіресе қышқылдарды өлшегенде өте сақ болу керек.

  5. Таразыда құрғақ заттарды бюкске немесе сағат әйнегінде, ал сұйықтықтарды стақанда өлшейді.

  6. Таразылар арнайы өлшеуіш бөлмеде тұру керек. Бұл бөлмелерде таза, құрғақ атмосфера, яғни арнайы режим болу керек.

  7. Өлшеуіш бөлмеде қатты сөйлеуге, жүгіруге және секіруге болмайды, яғни өлшеу барысында бөлмеде тыныштық сақталған жөн.

  8. Таразымен жұмыс істеп болған соң, онда еш нәрсе қалдырмау керек. Электрондық таразыны сөндіріп кету қажет.

Химиялық ыдыстардың түрлерімен танысу

Химиялық тәжірибелерде көбінесе жұқа шыныдан жасалған ыдыстар қолданады. Мұндай шыны температураның кенет өзгеруіне кәдімгі шыныдан гөрі төзімді болады.

Химиялық зертханада жиі қолданатын шыны ыдыстары 2-ші суретте көрсетілген: 1а) пробиркалар, 1б) Вюрц пробиркалары, 2) стақан, 3) тегіс түпті колбалар, 4) дөңгелек түпті колбалар, 5) Вюрц колбасы, 6) конус тәріздес колбалар, 7) соруға арналған шөлмектер, 8) кристаллизатор, 9) воронка, 10) эксикатор, 11) бюкстер, 12) аллонждар, 13) хлоркальций түтіктер, 14) үш тармақтар, 15) өту түтіктері,16) U-тәрізді түтіктер, 17) дефлегматор, 18) салқындатқыш, 19а) жуғыш шөлмектер, 19б) құрғатқыш воронка, 20) сағат шыны, 21) реторталар, 22) бөлгіш воронкалар.

Шыны ыдыстардан басқа фарфор ыдыстар (3-сурет) қолданады: 1) табақша, 2) стақан, 3) қақпақты тигельдер, 4) Бюхнер воронкасы, 5) келі мен келсап, 6) қайықшалар, 7) ұшбұрыш.

Заттардың аз мөлшерімен жұмыс істеу үшін өлшемі және сыйымдылығы аз химиялық ыдыстар қолданылады, мысалы сыйымдылығы 50мл, 25мл, 10мл колбалар, 20мл, 10мл, 5мл стақандар және т.б.

Химиялық зертханалардың жұмыстарында келесі өлшеуіш ыдыстар (4-сурет) жиі қолданылады: 1-пипеткалар, 2-бюреткалар, 3-цилиндрлер,

4-колбалар, 5-мензуркалар.

4-сурет.

Қатты қызған химиялық ыдыстарды, әсіресе шыны ыдыстарды, бірден суық немесе ылғал столдың үстіне не темір штативтің табағына қоюға, не су тигізуге болмайды. Сұйықты пробиркада қыздырғанда пробиркадағы сұйықтың деңгейі келіп тұрған жерін немесе пробирканың түбін қыздыруға болмайды. Бірінші жағдайда пробирка сынып кетуі мүмкін, екінші жағдайда сұйық қатты қайнап, асып төгілу мүмкін. Сондықтан пробирканың сұйық толып тұрған жерін бірдей біркелкі қыздырған жөн.

Тәжірибе жасағанда пайдаланатын ыдыстардың барлығы да таза болу керек. Оларды арнаулы щеткалармен жуады да, содан кейін дистилденген сумен бірнеше рет шаяды. Егер ыдыс өте лас болса, суға аздап тұз қышқылын немесе «хром қоспасын» (концентрлі күкірт қышқылындағы калий бихроматының ерітіндісі) қосып жуады. Жуылған ыдыстарды кептіру үшін төңкерілген күйінде кептіргіш тақтайдың үстінде қалдырылады. Егер ыдысты тез кептіру керек болса, оны газ немесе электр кептіргіш шкафтың ішіне қойып кептіреді.