Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД по АФКХ для вет.rtf
Скачиваний:
1863
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
30 Mб
Скачать

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары

1. Титриметриялық анализдің мақсаттары мен міндеттері, қолдану аймақтары, теориялық негіздері қандай?

2. Титриметриялық анализде қолданатын ерітінділер, оларды дайындау шарттары және сақтару ережелері. Концентрациясы дәл ерітінді дайындау үшін қолданылатын ыдыстар түрлері.

3. Титрлеу процесі дегеніміз не? Титрлеуде қолданатын ыдыстар мен құралдар. Эквиваленттік нүкте дегеніміз не? Оны анықтау жолдары.

4. Қышқылдық-негіздік титрлеу әдісі, оны жүргізу шарттары. Эквиваленттік нүктені анықтау үшін қолданатын индикаторлар.

5. Тотығу-тотықсыздану титрлеу әдісі, оны жүргізу шарттары. Эквиваленттік нүктені анықтау үшін қолданатын индикаторлар.

6. Комплексонометриялық титрлеу әдісі, оны жүргізу шарттары. Эквиваленттік нүктені анықтау үшін қолданатын индикаторлар.

12 Зертханалық жұмыс

Жұмыс мақсаттары: титрлеу әдістерімен танысу, титриметриялық анализде қолданатын ыдыстармен танысып, олармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

1 Тәжірибе. Қышқылдық-негіздік титрлеу әдісі

Реактивтер: 0,1н HCl ерітіндісі немесе фиксанал, 1л 0,1н бураның стандартты ерітіндісі, метилоранж индикаторы.

Құрал-жабдықтар: аналитикалық таразы, бюретка, пипетка, конус тәріздес колбалар, көлемі 1л дөңгелек өлшеуіш колбалар.

Жұмыс барысы:

Тұз қышқылы ерітіндісінің нормальдік концентрациясы мен титрін біріншілік стандартты ерітінділер арқылы анықтайды. Бұл жұмыста стандартты ерітінді ретінде бура немесе содаерітінділері қолданады.

1) Көлемі 1л 0,1н бураның стандартты ерітіндісін дайындау үшін алынатын бураның таза массасын есептейміз:

2) Есептелген бураның массасын аналитикалық таразыда (0,0001г дәлдікпен) өлшеп, өлшендіні көлемі 1л дөңгелек өлшеуіш колбаға ерітіп, ерітіндісін дайындау.

3) Бюретканы дайындау – ол үшін бюретканы бірнеше рет жай сумен, сосын дистелденген сумен, содан соң тұз қышқылының ерітіндісімен шаю керек. Енді бюретканы тұз қышқылының жұмысшы ерітіндісімен толтырады.

4) Титрлеуге арналған конус тәріздес колбаға, пипетка арқылы, бура ерітіндісінен 10мл өлшеп құйяды да үстіне 1 – 2 тамшы метилоранж индикаторынан тамызады, нәтижесінде колбадағы ерітінді сары түске боялады. Содан соң оны бюреткаға құйылған тұз қышқылының жұмысшы ерітіндісімен қызғылт түске дейін титрлейді. Титрлеуді 3 рет қайталайды.

Талдау протоколы:

  1. Титрлеуге алынған бура ерітіндісінің көлемі:

  2. Титрлеуге жұмысалған тұз қышқылы ерітіндісінің көлемі

  3. Титрлеуге жұмысалған тұз қышқылы ерітіндісінің орташа көлемі :

Талдау есептеулері:

1 литр тұз қышқылы ерітіндідегі таза тұз қышқылдың массасын есептеу:

Тәжірибе. Судың карбонаттық (уақытша) кермектілігін ацидиметриялық титрлеу әдісімен анықтау

Реактивтер: стандартталған тұз қышқылы ерітіндісі, метилоранж индикаторы.

Құрал-жабдықтар: бюретка, 250 мл конусты колбалар, воронка, цилиндр, пипетка.

Жұмыс барысы:

Бюретканы стандартталған тұз қышқылы ерітіндісімен толтырыңыз.

Титрлеуге арналған конус тәріздес колбаға цилиндр арқылы өлшеп 100 мл шикі судан құйыңыз да үстіне 2-3 тамшы метилоранж индикаторын тамызыңыз. Сары түске боялған ерітіндіні тұз қышқылымен әлсіз қызғылт түске дейін титрлеңіз. Титрлеуді үш рет өткізеді.

Талдаудың протоколы:

  1. Титрлеуге алынған судың көлемі:

  2. Титрлеуге жұмысалған тұз қышқылы ерітіндісінің көлемі

  3. Титрлеуге жұмысалған тұз қышқылы ерітіндісінің орташа көлемі :

Талдау есептеулері:

Жұмыстың қорытындысын жазыңыз