Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД по АФКХ для вет.rtf
Скачиваний:
1863
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
30 Mб
Скачать

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары

1. Гравиметриялық анализдің негізгі мақсаты?

2. Гравиметриялық анализдің негізгі әдістері қандай, олардың екершеліктері неде?

3. Тұнбаның қандай түрлері белгілі? Аморфты, ірі және майда кристалды тұнбаны алу ережелері қандай?

4. Ерігіштік көбейтіндісі дегеніміз не, оның физикалық мағынасы неде? Тұнбаның түзілу және еру шартты.

5. Гравиметриялық анализ әдістерін медицинада, ветеринарияда қолдану аймақтары.

11 Зертханалық жұмыс

Тәжірибе. Барий хлоридінің кристаллогидратындағы кристаллизацияланған судың мөлшерін анықтару

Жұмыс мақсаты: өлшеу, тұнба алу, шаю, кептіру және де басқа операциялар бойынша дағдыларын қалыптастыру.

Реактивтер: Барий хлоридінің кристаллогидраты

Құрал-жабдықтар: аналитикалық және технохимиялық таразы, бюкс, эксикатор, темір қысқыштары, газ шамы, фарфор үшбұрыш, штатив, муфель пеші, кептіргіш шкаф

Жұмыс барысы:

Өлшендіні алу. Өлшеуге арналған бюксті жуып, кептіргіш шкафта кептіріп, 20 минутқа эксикаторға салып қойыңыз. Кептіргенде және суытқанда бюкстің ауызы ашық болу керек, ал өлшегенде оны қақпақпен жауып қояды. Енді бюксті қақпақпен жауып, оның дәл массасын аналитикалық таразыда өлшеп, жазып алыңыз.

Технохимиялық таразыда жуық шамамен 1,5г барий хлоридінің кристаллогидратын өлшеп алыңыз да, оны бюкске салып, бюксті қақпақпен жауып, енді тұзы бар бюкстің қайтадан аналитикалық таразыда дәл массасын өлшеп, жазып алыңыз.

Кептіру. Тұзы бар бюксті кептіргіш шкафқа 2 сағатқа салып қойыңыз да, температурада кептіріңіз. Бюксті шкафқа қойғанда, оның ауызын ашып, қақпағын алып, қасына қойыңыз. Бюкстің астына қағаз төсеп қойыңыз. Екі сағат өткен соң, бюксті қақпақпен бірге қысқышпен алып, 20 минутқа эксикаторға салып қойыңыз. Бөлме температурасына дейін суытылған бюксті қақпақпен жауып, аналитикалық таразыда өлшейді. Массасын жазып алыңыз.

Содан соң тұзы бар бюксті қайтадан бір сағатқа кептіргіш шкафқа қойып, эксикаторда суытып, массасын қайтадан өлшейді де салыстырады. Егер екі соңғы өлшеудің мәндерінің айырмашылықтары 0,0001 граммнан аспаса, онда кристализацияланған су толығымен ұшып кеткенін белгісі және тәжірибені аяқтауға болады деген сөз. Ал егер екі соңғы өлшеудің мәндерінің айырмашылықтары 0,0001 граммнан асса, онда кептіруді массасы тұрақтанғанша жүргізу қажет.

Өлшеудің барлық мәндерін зертханалық дәптерге жазып отыру керек.

Талдаудың протоколы:

  1. Қақпақпен жабылған бюкстің массасы (г):

  2. Тұзы бар бюкстің массасы (г):

  3. Тұздың өлшендісі (г):

  4. Кептірілгеннен кейінгі заты бар бюкстің массасы (г):

  5. Өлшендідегі кристализацияланған судың мөлшері (г):

Мысалы: тәжірибе барысында келесі нәтижелер алынған:

  • бюкстің массасы – 12,4234г.

  • тұзы бар бюкстің массасы – 13,9602г.

  • өлшендінің (тұздың) массасы – 1,5368г

Кептірілгеннен кейінгі заты бар бюкстің массасы: 1) 13,7352г., 2) 13,7341г., 3) 13, 7340г. болды.

Өлшендідегі кристализацияланған судың мөлшері тең болады:

Онда тұздың құрамындағы судың үлесі тең болады:

1,5368 Г құрамында 0,2262гбар

100Г құрамында х г бар

немесе 14,72%