Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД по АФКХ для вет.rtf
Скачиваний:
1863
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
30 Mб
Скачать

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары

1. Төменгі молекулалық заттар, жоғары молекулалық заттар және олигомерлер дегеніміз не?

2. Жоғары молекулалық қосылыстардың ерекшеліктері?

3. ЖМҚ жіктелуі, мысалдар келтіріңіз.

4. ЖМҚ алу жолдары қандай?

5. Олигомерлер полимерлерден қалай ерекшеленеді? Олигомерлерге қандай заттарды жатқызуға болады?

6. Полимерлердің маңызы және қолдану аймақтары.

7. ЖМҚ ерітінділерінің басқа дисперстік жүйелермен ұқсастығы мен айырмашылықтарын атап көрсетіңіз.

8. Ақуыздың изоэлектрлік нүктесі мен жағдайы дегеніміз не? Ақуыздың денатурация жағдайлары қандай?

9. Коацервация процесі дегеніміз не?

10. Кілегейлену процесін сипаттаңы. Гель және сірнеме дегеніміз қандай жүйелер, олардың ерекшеліктері қандай?

11. Синерезис және тиксотропия процестері дегеніміз не?

15 Зертханалық жұмыс

1. Тәжірибе. Жмқ алу жолдары

Жұмыстың мақсаты: поликонденсация әдісімен полиамидты алу

Реактивтер және құрал-жабдықтар: төртхлорлы көміртегі, себацилхлорид, гексаметилендиамин, ацтеон немесе этил спирті, химиялық стакандар

Жұмыс барысы:

Біріншіден 2г себацилхлоридін 100мл төртхлорлы көміртегінде ерітеді де оны көлемі 200–300мл химиялық стаканға ауыстырады. Енді 50мл дистилденген суда 4,4гр гексаметилендиаминды ерітіп, осы ерітіндіні ақырын стакандағы қоспаға қосады да екі ерітіндінің жанасу шекараларында байқалатын өзгерістерді қарастырады.

Ерітінділердің жанасу шекарасында полиамидтің пленкасы түзіледі, егер оны алып тастаса, оның орнында жаңадан пленка түзіле бастайды. Созылған пленканы ацетонмен немесе 50%-тік этил спиртінің ерітіндісімен шаяды. Полиамидтің түзілуі келесі химиялық реакция теңдеуімен өрнектеледі:

NH2(CH2)6NH2 + ClCO(CH2)8COCl + NaOH

гексаметилендиамид себацилхлориді

NaCl + H[NH(CH2)6NHCO(CH2)8CO]xCl (6 – 10 полиамид)

2 Тәжірибе. Жоғары молекулалық қосылыстардың ісінуі

Жұмыстың мақсаты: жоғары молекулалық қосылыстардың ісіну кинетикасын зерттеу

Құрал-жабдықтар: U-тәріздес түтікшесі, цилиндр, стакандар, таразы, темір немесе мыс сымы

Реактивтер: жоғары молекулалық қосылыстар (резина, агар-агар, желатин, казеин т.б.), еріткіштер – метанол, бензол және т.б.

Жұмыс барысы:

Полимердің ісінуі ісіну дәрежесімен сипатталанады. Ісіну дәрежесі – дегеніміз 1 грамм затпен сіңірілген сұйықтың мөлшері.

Q – ісіну дәрежесі, %

Q1 және Q2 – ісінуге дейінгі және кейінгі заттың салмағы немесе көлемі

Ісіну константасын келесі формула бойынша есептейді:

ісіну уақыты, мин.

i 1гр ісінетін заттына сәйкес келетін сіңірілген еріткіштің шекті мөлшері.

U-тәріздес түтікшеге еріткішті (метанол, бензол және т.б.) құйып, бір тізесіне, таразыда өлшенген, сымға кигізілген резеңкені салады. 5, 10, 30 және 50 минут өткен сайын ісінген резеңкені еріткіштен алып, оның массасын өлшейді және төмендегі кестені толтырады.

Ісіну уақыты

t, мин

Құрғақ резина мен сымның салмағы, г

Ісінген резина мен сымның салмағы, г

Сіңірілген еріткіштің салмағы, г

1г құрғақ резинамен сіңірілген еріткіштің мөлшері, i

1

0

2

5

3

10

4

30

5

50

Әртүрлі уақыттар (5, 10, 30, 50 минут) аралығында ісіну дәрежесін анықтау барысында ісіну кинетикасын сипаттайтын қисықтарды алуға болады. Ісінудің жылдамдығын келесі теңдеумен өрнектейді:

Qmax – шекті ісінудің дәрежесі,

Q – уақытындағы ісіну дәрежесі,

K – ісіну жылдамдығының константасы, ол ЖМҚ мен еріткіштің табиғатына және температураға тәуелді болады.

Ісіну дәрежесінің уақытқа тәуелділік графигін сызып, жұмыстың қорытындысын жасайды.