Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД по АФКХ для вет.rtf
Скачиваний:
1863
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
30 Mб
Скачать

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары

1. Аналитикалық химия пәні, мақсаттары және міндеттері. Аналитикалық химияның ветеринариямен байланысы қандай?

2. Сапалық және сандық анализ әдістері: микро-, макро- және жартылай микроанализ.

3. Аналитикалық химияның талдау әдістері қандай? Химиялық және биохимиялық анализ кезінде қандай аналитикалық әдістер қолданады?

4. Анализдің дұрыстығы, дәлдігі мен қайланғыштығы. Анализ жасауда кездесетін қателіктер. Қателіктердің табиғаты. Оларды жою жолдары қандай?

5. Аналитикалық химияның теориялық негіздерін қандай заңдар құрайды?

9 Зертханалық жұмыс

Жұмыс мақсаты: өлшеудің қателігін анықтау

А Тәжірибесі. Өлшеудің қателіктері

Құрал-жабдықтар: аналитикалық және технохимиялық таразы, әртүрлі өлшеуге арналған бұйымдар.

Жұмыс барысы:

Лаборанттан өлшеуге арналған бірнеше бұйымдарды алып, оларды біріншіден технохимиялық таразыда 0,01г дәлдікпен өлшеп эксперименттік (тәжірибелік) массасын, содан кейін аналитикалық таразыда 0,0001г дәлдікпен өлшеп, теориялық (ақиқат) массасын жазып алыңыз да, өлшеудің абсолюттік және салыстырмалы қателіктерін есептеңіз:

Абсолютті қателік – талдау нәтижесінің және өлшенетін шаманың ақиқат мәнімен айырмасына тең, яғни ол ақиқат мәнінен қаншалықты ауытқуын көрсетеді:

Салыстырмалы қателік – өлшеудің абсолютті қателігінің ақиқат мәнге қатынасы:

Б Тәжірибесі. (II) Мыстың гидроксокарбонатында (II) мыстың оксидінің мөлшерін анықтау

Реактивтер: (II) мыс гидроксокарбонаты

Құрал-жабдықтар: аналитикалық таразы, эксикатор, қақпақшасы бар фарфор тигель, газ шамы, фарфор үшбұрыш, фарфор келі мен сабы

Жұмыс барысы:

Фарфор тигельді үшбұрышқы орнатып, газ шамында қыздырады, сосын бөлме температурасына дейін эксикаторға салып оны суытады, суығаннан кейін таразыда өлшейді де массасын жазып алады.

Енді тигельге ұнтақталған 0,2 – 0,3г (II) мыс гидроксокарбонатын салады да, оның тигельмен бірге дәл массасын өлшеп, жазып алады. Содан кейін тұзы бар тигельді газ шамымының орташа жалында қыздырады. Қыздырылған заттың түсі қарайғанда, тигельді темір қысқыштарымен алып, эксикаторға салып қояды да, бөлме температурасына дейін суытады. Суытылған тигельді қайтадан өлшейді де, массасын жазып алады.

Келесі кезекте бақылау тәжірибені өткізеді. Ол үшін тұзы бар тигельді қайтадан 10 минут бойы қыздырады, эксикаторға салып суытады, өлшейді. Егер соңғы екі өлшеудің айырмашылықтары 0,02 граммнан аспаса, онда тұз толығымен ыдыраған екенін білдіреді. Тәжірибені аяқтауға болады.

Талдаудың протоколы:

  1. Тигельдің массасы (г):

  2. Тұзы бар тигельдің массасы (г):

  3. Тұздың []дәл массасы (г):

  4. Қыздырылғаннан кейінгі заты бар тигельдің массасы: (г)

  5. Қыздырылғаннан кейінгі заттың массасы:

Алынған нәтижелер бойынша негізгі заттағы ыдырау өнімнің мөлшерін анықтайды. Алынған заттың формуласын анықтап, реакция теңдеуін жазыңыз да, оның теориялық мөлшерін есептеңіз.

Өлшеудің қателігін есептеңіз:

мұндағы өлшеудің салыстырмалы қателігі (%),тәжірибе барысында алынған ыдырау өнімінің массасы (г),ыдырау өнімінің теориялық массасы (г).