Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД по АФКХ для вет.rtf
Скачиваний:
1863
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
30 Mб
Скачать

Салыстырмалы электродтар

1) Сутектік электродтың схемасы:

()

2) Каломельді электродтың схемасы:

()

3) Хлор-күмісті электродтың схемасы:

()

Индикаторлық электродтар

1) Хингидронды электродтың схемасы:

()

2) Шыны электрод:

()

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары

1. Металл – ерітінді шекарасында қос электрлік қабаттың пайда болуын түсіндіріп, схемасын сызыңыз. Қос электрлік қабаттың пайда болуында еріткіш молекулаларының ролі қандай?

2. Электродтық потенциалдың шамасы қандай факторларға тәуелді болады және бұл тәуелділік қандай теңдеумен сипатталанады?

3. Қалыпты стандартты электродтық потенциал дегеніміз не? Стандартты электродтық потенциалдардың шамалары неге абсолюттік емес, ал салыстармалы мәндерін қолданады?

4. Сутектік электродтың құрылысын түсіндіріңіз. Онда өтетін электрохимиялық реакциялардың теңдеулерін жазыңыз.

5. Каломельді электродтың құрылысын түсіндіріңіз. Онда өтетін электрохимиялық реакциялардың теңдеулерін жазыңыз.

6. Хингидронды электродтың құрылысын түсіндіріңіз. Онда өтетін электрохимиялық реакциялардың теңдеулерін жазыңыз.

7. Қалыпты тотығу-тотықсыздану редокс потенциал дегеніміз не? Редокс-потенциалдың шамасы қандай факторларға тәуелді?

8. Гальваникалық элемент және аккумулятор дегеніміз не?

9. Концентрлі гальваникалық элемент дегеніміз не?

10. Ерітіндінің қышқылдығын анықтау үшін қандай индикаторлық электродтарды қолдануға болады? Электрометрлік әдіспен рН шамасын анықтау үшін қандай гальваникалық тізбектерді қолдануға болады?

5 Зертханалық жұмыс

1 Тәжірибе. Тотығу-тотықсыздану реакциялары

Жұмыстың мақсаты: тотығу-тотықсыздану реакциялардың түрлерімен

танысу, тотықтырғышпен тотықсыздандырңыштың қасиеттерін зерттеу

А тәжірибесі. Калий перманганатының тотықтырғыштық қасиеттеріне ортаның әсерін зерттеу

Құрал-жабдықтар: пробиркалар, пипеткалар

Реактивтер: KMnO4, 2н H2SO4 күкірт қышқылының, NaОН және Na2SO3 ерітінділері.

Жұмыс барысы:

Үш пробирка алып, әр қайсысына пипетка арқылы 3мл-ден KMnO4 құйып шығады. Енді бірінші пробиркаға 1мл 2н күкірт қышқылын, екінші пробиркаға 1мл дистелденген су, үшінші пробиркаға 1мл натрий гидроксидінің ерітінділерін құяды. Содан соң әр пробирқаға ерітіндінің бояуы өзгергенше натрий сульфитінің ерітіндісін тамшылатып құяды.

Қышқылдық, бейтарап және сілтілік орталарда калий перманганатының тотықтырғыштық қасиеттерін анықтаңыз. ТТР теңдеулерін электрондық баланс әдісімен теңестіріңіз де, тотықтырғышпен тотықсыздандырғыштың эквиваленттік массаларын есептеңіз.

Б тәжірибесі. Йодтың диспропорциялану реакциясы

Құрал-жабдықтар: пробиркалар, пипеткалар

Реактивтер: 5%-к медициналық йод (I2), 2н H2SO4 күкірт қышқылының және NaОН ерітінділері.

Жұмыс барысы:

Пробиркаға 10мл дистелденген судан құйып, үстіне медициналық йод ерітіндісінің бір тамшысын тамызыңыз. Ерітінді қызғылт-сары түске боялады. Енді пробиркаға тамшылатып натрий гидроксидінің ерітіндісін тамызады. Ерітіндінің бояуы қалай өзгереді? Содан соң пробиркаға тамшылатып күкірт қышқылының ерітіндісін тамызады. Бұл жағдайда ерітіндінің бояуы қалай өзгеретінін байқаңыз.

ТТР теңдеулерін электрондық баланс әдісімен теңестіріңіз де, тотықтырғышпен тотықсыздандырғыштың эквиваленттік массаларын есептеңіз.

Йодтың тотықтырғыштық және тотықсыздандырғыштық қасиеттері бойынша қорытынды жасаңыз.

В тәжірибесі. Темір қосылыстарының тотықтырғыштық және тотықсыздандырғыштық қасиеттері

Құрал-жабдықтар: пробиркалар, пипеткалар

Реактивтер: FeSO4, KMnO4, 2н H2SO4 күкірт қышқылының, FeCl3, KI және 1%-к крахмал ерітінділері.

Жұмыс барысы:

1. Пробиркаға пипетка арқылы 3мл калий перманганатының және 1мл күкірт қышқылының ерітінділерін құйыңыз. Содан соң пробирқаға ерітіндінің бояуы өзгергенше (II) темір сульфатының ерітіндісін тамшылатып құяды.

2. Бір пробиркаға 4мл (III) темір хлоридінің және 2мл калий йодидінің ерітінділерін құйыңыз. Ерітіндінің бояуының өзгеруін байқаңыз. Енді екінші пробирканы алып, оған 7-8 тамшы крахмал ерітіндісін құйып, үстіне бірінші пробиркадағы ерітіндісінен бір тамшысын тамызыңыз. Крахмалдың бояуы қалай және неге өзгереді?

ТТР теңдеулерін электрондық баланс әдісімен теңестіріңіз де тотықтырғышпен тотықсыздандырғыштың эквиваленттік массаларын есептеңіз. Темір қосылыстарының тотықтырғыштық және тотықсыздандырғыштық қасиеттері бойынша қорытынды жасаңыз.