Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД по АФКХ для вет.rtf
Скачиваний:
1863
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
30 Mб
Скачать

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары

1. Дисперстік жүйе дегеніміз не? Олардың түрлетін сипаттаңыз.

2. Дисперстік дәреже дегеніміз не? Дисперстік дәреженің шамасына қарай жүйелер қалай жіктеледі?

3. Коллоидтық жүйелер дегеніміз не? Олардың алу жолдарын атаңыз, мысал келтіріңіз. Коллоидтық жүйелердің ерекшеліктері қандай?

4. Коллоидтық жүйелерді тазалау қандай әдістерін білесіз? Оларды сипаттаңыз.

5. Коллоидтық жүйелердің қандай қасиеттері бар? Коллоидтық жүйелерді нағыз ерітінділерден қалай ажыратуға болады?

6. Диализ, электродиализ, электрофарез және электроосмостың қолдану аймақтары.

13 Зертханалық жұмыс

1. Тәжірибе. Коллоидтық жүйелерді алу

Жұмыстың мақсаты: коллоидтық ерітінділерді алу әдістерімен танысу, мицеллаларының зарядтарын анықтау

А тәжірибесі. Гидролиз реакциясы бойынша темір (III) гидроксидінің золін алу

Реактивтер және құрал-жабдықтар: темір (III) хлоридінің 2%-ті ерітіндісі, дистилденген су, пробиркалар, спирт шамы

Жұмыс барысы:

Пробиркаға 10мл су құйып, оны қайнағанша қыздырып, үстіне 2 – 3 тамшы темір хлоридінің ерітіндісін тамызады. Содан соң пробирканы тағы 2–3 минут қыздырыңыз. Жоғарғы температураның әсерінен темір хлоридінің гидролиз реакциясы темір гидроксидінің түзілу жағына ығысады.

FeCl3 + 3HOH = Fe(OH)3 + 3HCl

Қорытынды: Ерітіндіде қандай өзгеріс байқалады? Реакция теңдеуін молекулалыө, толық және қысқаша иондық түрде жазыңыз. Алынған темір гидроксидінің золі мицелласының құрылысын жазып, зарядын анықтаңыз.

Б тәжірибесі. Тотықсыздану реакциясы бойынша күмістің золін алу

Реактивтер және құрал-жабдықтар: 0,01н күміс нитраты, 0,5%-ті калий гидроксиді, 0,5%-ті таннин ерітінділері, пробиркалар, спирт шамы

Жұмыс барысы:

Пробиркаға 2–3 мл күміс нитраты ерітіндісін құйып үстіне 1–2 тамшы калий гидроксидінің және 1–2 тамшы таннин ерітінділерін тамызу. Нәтижесінде қызғылт-қоныр түстес күмістің золі алынады және ерітіндіні қыздырған сайын оның түсі қоюланады.

7AgNO3+8KOH+ C76H52O46 = 7Ag + KAgO + 7KNO3 + C76H52O49 + 4H2O

Қорытынды: Алынған күмістің золі мицелласының құрылысын жазып, зарядын анықтаңыз, егер стабилизатор KAgO болса.

В тәжірибесі. Тотықсыздану реакциясы бойынша марганец диоксидінің золін алу

Реактивтер және құрал-жабдықтар: 1,5%-ті калий перманганатының (KMnO4) және 1%-тік натрий тиосульфатыны (Na2S2O3) ерітінділері, пробиркалар, микропипетка, дистилденген су

Жұмыс барысы:

Марганец диоксиді суда ерімейді. Ол бейтарап ортада калий перманганатының тотықсыздану нәтижесінде келесі реакция бойынша алынуы мүмкін:

8KMnO4 + 3Na2S2O3 + H2O 8MnO2 + 3K2SO4 + 2KOH + 3Na2SO4

Пробиркадағы 1мл 1,5%-тік калий перманганатының ерітіндісіне 10мл су қосыңыз, содан соң пипетка арқылы тамшылатып оған 0,5мл 1%-тік натрий тиосульфатының ерітіндісін тамызыңыз. Ерітіндіде қандай өзгерістер байқалады?

Қорытынды: Алынған марганец диоксидінің золі мицелласының құрылысын жазып, зарядын анықтаңыз, егер стабилизатор калий перманганаты болса.

Г тәжірибесі. Еселік алмасу реакциясы бойынша күміс йодидінің золін алу

Реактивтер және құрал-жабдықтар: 0,01н күміс нитраты және 0,01н калий йодиді ерітінділері, пробиркалар.

Пробиркаға 3 – 4 мл калий йодидінің ерітіндісін құйып үстіне 0,5мл күміс нитраты ерітіндісін тамызып араластыру. Нәтижесінде сарғыш-жасыл күміс йодидінің золі түзледі.

AgNO3 + KI = AgI + KNO3

Қорытынды: Реакция теңдеуін толық және қысқаша иондық түрде жазыңыз. Алынған күміс йодидінің золі мицелласының құрылысын жазып, зарядын анықтаңыз.

Д тәжірибесі. Берлин лазурінің золін алу

Реактивтер және құрал-жабдықтар: 0,1%-ті калий гексацианоферраты (II) K4[Fe(CN)6], 2%-ті темір (III) хлориді FeCL3, 2%-ті қымыздық қышқылы H2C2O4 ерітінділері, дистилденген су, фильтр қағазы, пробиркалар, сүзгіш, стакан, шыны таяқшасы.

Жұмыс барысы:

Пробиркаға 3–4 мл калий гексацианоферраты ерітіндісін құйып үстіне 1–2 тамшы темір хлориді ерітіндісін тамызады. Нәтижесінде көкшіл-жасыл берлин лазурінің золі түзледі.

3K4[Fe(CN)6] + 4FeCl3 = Fe4[Fe(CN)6]3 + 12KCl

Түзілген тұнбаны сүзіп, дистелденген сумен шайып, стаканға құйылған дистелденген суға салу, үстіне 2–3 мл қымыздық қышқылын құйып шыны таяқшамен араластырады. Қышқыл қосқан соң көк түсті берлин лазурінің гидрозолі алынады.

Қорытынды: Реакция теңдеуін толық және қысқаша иондық түрде жазыңыз. Алынған берлин лазурінің золі мицелласының құрылысын жазып, зарядын анықтаңыз.

Е тәжірибесі. Турунбуль көгінің золін алу

Реактивтер және құрал-жабдықтар: 0,1%-ті калий гексацианоферраты (III) K3[Fe(CN)6], 2%-ті темір (II) сульфаты FeSO4, 2%-ті тұз қышқылы HCl ерітінділері

Жұмыс барысы:

Пробиркаға 3–4 мл калий гексацианоферраты ерітіндісін құйып, үстіне 1–2 тамшы темір сульфаты және 1–2 тамшы тұз қышқылы ерітінділерін тамызады. Нәтижесінде көк түсті турнбуль көгінің золі түзледі.

2K3[Fe(CN)6] + 3Fe SO4 = Fe3[Fe(CN)6]2 + 3K2SO4

Қорытынды: Реакция теңдеуін толық және қысқаша иондық түрде жазыңыз. Алынған турунбуль көгінің золі мицелласының құрылысын жазып, зарядын анықтаңыз.

Ж тәжірибесі. Мыс гексацианоферратының Cu2[Fe(CN)6] золін алу

Реактивтер және құрал-жабдықтар: 0,1%-ті калий гексацианоферраты (II) K4[Fe(CN)6], 1%-ті мыс сульфаты CuSO4 ерітінділері

Жұмыс барысы:

Пробиркаға 3 – 4 мл калий гексацианоферраты ерітіндісін құйып, үстіне 1 – 2 тамшы мыс сульфаты ерітіндісін тамызу. Нәтижесінде қызғылт-қоңыр түсті мыстың гексацианоферратының зольі түзіледі.

K4[Fe(CN)6] + 2CuSO4 = Cu2[Fe(CN)6] + 2K2SO4

Қорытынды: Реакция теңдеуін толық және қысқаша иондық түрде жазыңыз. Алынған золь мицелласының құрылысын жазып, зарядын анықтаңыз.