Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД по АФКХ для вет.rtf
Скачиваний:
1863
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
30 Mб
Скачать

3. Тәжірибе. Жоғары молекулалық қосылыстардың ерітінділерін алу

Жұмыстың мақсаты: ақуызды тұндыру реакцияларын қарастыру

Құрал-жабдықтар: фарфор келі мен сабы, шәшке, құм моншасы, техникалқ таразы, бюретка, екі химиялық стакан, өлшеуіш колбалар

Реактивтер: крахмал, желатин, тауық жұмыртқасы немесе альбумин, 1н натрий ацетатының ерітіндісі (СH3COONa)

Жұмыс барысы:

А тәжірибесі. Крахмалдың 0,5г өлшендісін өлшеп, оны фарфор сабыда келімен езеді. Сосын крахмалды фарфор шәшкесіне салып үстіне алдымен 10мл дистилденген судан қосып, содан соң аралыстырып 90мл су құйыңыз да қайнатады. Ерітінді бірнеше рет қайнаған соң крахмалдың 0,5%-к опалесцирленген золін алады.

Б тәжірибесі. Желатиннің 0,5г өлшендісін өлшеп, оны көлемі 200мл химиялық стаканға салыңыз да үстіне 50мл су құйыңыз. Желатин ісіну үшін 6-8 сағатқа тыныштықта қойыңыз. Уақыт өткен соң желатин үстіне тағы 50мл су қосыңыз да ісінге желатин толық ерігенше су моншасында 40 – 50С температурада қыздырыңыз.

Қыздырып болған соң желатиннің 0,5%-тік ерітіндісін аламыз. Ол консервациялануы үшін оған бір неше тамшы формальдегид қосу керек.

В тәжірибесі. Көлемі 200мл өлшеуіш қолбаға алдын ала ұнтақталған жұмыртқа альбуминін (порошок) немесе тауық жұмыртқасының ағын салып үстіне 50мл суық су құйыңыз да ақуыз толық ерігенше колбаны қатты шайқаңыз. Содан соң колбаның белгісіне дейін су құйып тағы да шайқаңыз. Салқында еріту нәтижесінде әлсіз опалесценцияға ие болатын ақуыздың коллоидтық ерітіндісі алынады.

Г тәжірибесі. Көлемі 100мл өлшеуіш қолбаға бюретка арқылы 10мл 1н натрий ацетатының ерітіндісін құйып, үстіне 20мл су және 0,4г казеин ұнтағын қосады. Колбаны су моншасында 40–50С температурада қыздырыңыз, арасында колбаны сілкіп тұрыңыз. Колбада казеин толық ерігенде оның көлемін колбаның белгісіне дейін сумен толтырады.

Колбаны қыздырып болған соң казеиннің әлсіз опалесценцияланатын коллоидтық ерітіндісі алынады.

4. Тәжірибе. Тұзсыздану процесі

Жұмыстың мақсаты: сулы ерітіндіден желатиннің тұзсыздануы мен оның спиртпен дегидратациясы

Құрал-жабдықтар: спирт шамы, пробиркалар

Реактивтер: желатин, этил спирті, аммоний сульфатының [(NH4)2SO4] қаныққан ерітіндісі мен құрғақ ұнтағы.

Жұмыс барысы:

Пробиркаға 6мл су құйып қайнағанша қыздырыңыз. Қайнап жатқан суға 4 түйір желатин тастап, ол ерігенше пробирканы қыздырыңыз. Алынған желатин ерітіндісін суығанша тыныштықта қалдырңыз.

Екі пробирка алып, екеуіне 2мл-ден дайындалған желатин ерітіндісінен құйыңыз. Енді оларға ерітінді лайлана басталғанша бюретка арқылы: бірінші пробиркаға – аммоний сульфатының қаныққан ерітіндісінен, екінші пробиркаға – этил спиртін тамызыңыз. Пробиркаларда не байқалады? Түсініктеме беріңіз.

Студенттердің өзіндік жұмысына арналған есептер мен тапсырмалар

1 СӨЖ «Химиялық термодинамика»

I. Берілген реакция теңдеуі бойынша келесі шамаларды есептеңіз:

  1. реакцияның жылу эффектісін анықтаңыз;

  2. жүйенің энтропия өзгерісін анықтаңыз;

  3. стандартты жағдайда реакцияның жүру мүмкіндігін анықтаңыз;

  4. жүйе тепе-теңдікте болатын температура шамасын анықтаңыз;

  5. кестеде көрсетілген температура жағдайында реакцияның жүру мүмкіндігін анықтаңыз

Нұсқа

Температура (tC)

Реакция теңдеуі

1

200C

2NH3(г) = N2(г) + 3H2(г)

2

300C

SO2(г) + 2H2S(г) = 3S(к) + 2H2O(с)

3

400C

4HCL(қ) + O2(г) = 2CL2(г) +2H2O(с)

4

500C

WO3(k) + 3Н2 (г) = W(k) + 3Н2О(г)

5

600C

Cr2O3 (k) + 3Н2 (г) = 2Cr (k) + 3Н2О (г)

6

1100C

2Cu2O (қ) +C(қ) = 4Cu(қ) +CO2(г)

7

700C

8Al(қ) + 3Fe3O4(қ) = 9Fe(қ) + 4Al2O3(қ)

8

800C

Ag2O(қ) + H2(г) = 2Ag(k) + H2O(г)

9

900C

2Al(қ) + Cr2O3(қ) = Al2O3 (қ) + 2Cr(қ)

10

1200C

Zn(қ) + CuO(қ) = Cu(қ) + ZnO(қ)

11

1300C

TiCL4 (с) + 2Mg (k) = Ti (k) + 2MgCl2 (с)

12

2000C

Fe2O3 (k) + 3CO (г) = 2Fe (k) + 3CO2 (г)

2 СӨЖ «Химиялық кинетика және тепе-теңдік»