Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД по АФКХ для вет.rtf
Скачиваний:
1863
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
30 Mб
Скачать

2. Тәжірибе. Коллоидтық бөлшектерінің заряд таңбасын анықтау

Жұмыстың мақсаты: мицеллаларының зарядтарын анықтау

Реактивтер және құрал-жабдықтар: жоғарыда көрсетілген тәжірибелердегі алынған коллоидтық ерітінділер, фильтр қағаздары, микропипеткалар

Жұмыс барысы:

Қағаз капиллярларының целлюлоздық қабырғалары теріс зарядталған, ал қағазға сіңіретін су молекулалары оң зарядталған. Коллоидтық бөлшектерінің заряд таңбасына қарай олар қағаз капиллярларының қабырғаларында адсорбцияланады немесе сол қағазға сіңіретін судың құрамында қалып қояды. Сонымен, боялған зольдің тамшысы, оның бөлшегінің зарядына қарай, қағаздың ортасында боялған, ал шеттерінде түссіз дақ ретінде немесе біртекті боялған дақ ретінде таралуы мүмкін (10-сурет).

10-сурет. Коллоидтық бөлшектердің зарядтарын анықтау әдісі

1 тәжірибеде алынған коллоидтық ерітінділерінен пипетка арқылы фильтр қағаздың ортасына бір тамшыдан тамызып, олардың қағаз бойымен таралуын байқаңыз да, бөлшектерінің зарядтарын анықтаңыз.

3. Тәжірибе. Пептизация құбылысы

Жұмыстың мақсаты: Тұнбаның пептизациясы арқылы темір (III) гидроксидінің золін алу

Реактивтер және құрал-жабдықтар: 2%, 5% және 50%-тік темір (III) хлоридінің, 2%-тік қымыздық қышқылының, 100мл 0,1н натрий гидроксидінің ерітінділері және аммоний гидроксиді, 10г құрғақ топырағының өлшендісі, пробиркалар, сүзгіштер, фильтр қағаздары, шыны таяқшалары,

Жұмыс барысы:

Келесі реакция бойынша пробиркадағы 5мл 2%-тік FeCl3 ерітіндісіне Fe(OH)3 толық тұнғанша NH4OH тамшылатып құйыңыз:

FeCl3 + 3NH4OH Fe(OH)3 + 3NH4Cl

Алынған тұнбаны сүзіп алып, фильтрде сумен шаяды. Тұнбаны шаю кезінде ағынды сулардың түсіне көңіл аударыңыз. Содан соң шайылған тұнбаны 5%-тік ыстық FeCl3 ерітіндісімен өндейді. Қандай өзгеріс байқалады? Fe(OH)3 тұнбасы FeCl3 ерітіндісінде ериді ме? Ағынды сулардың бояуы неге өзгереді? Түссіз бе олар? Тұнбамен қандай өзгеріс байқалады? Сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз. Фильтратты келесі тәжірибелер үшін қалдырыңыз.

4. Тәжірибе. Диализ құбылысы

Жұмыстың мақсаты: диализ жолымен Fe(OH)3 коллоидтық ерітіндісін тазалу

Реактивтер және құрал-жабдықтар: Fe(OH)3 коллоидтық ерітіндісі, пергамент қағазы, шыны таяқшасы, жіп, химиялық стакан, дистилденген су

Жұмыс барысы:

1 тәжірибеде алынған Fe(OH)3 коллоидтық ерітіндісін пергамент қағазынан жасалған қалташаға құйыңыз. Қалташаны шыны таяқшаға іліп, дистилдеген суы құйылған стақанға түсіріңіз. Пергамент арқылы зольдің өтуін визуальді қалай байқауға болады?

Пергамент арқылы электролиттің иондары (мысалы Cl--хлорид аниондары) өтіп жатқанын дәлілдеу үшін қажетті реактивтерді өздеріңіз таңдаңыз. Бұл жағдайда жартылай өткізгіш мембрана дегеніміз не?

5. Тәжірибе. Коллоидтық жүйелердің электр қасиеттері

Жұмыстың мақсаты: коллоидтық жүйеледрің электрофорез және электроосмос қасиеттерін зерттеу

А Тәжірибесі. Электрофорез құбылысы

Реактивтер және құрал-жабдықтар: ұнтақталған каолин, 100мл 15%-тік сұйық шыны Na2SiO3 ерітіндісі, шыны таяқшасы, көлемі 800мл химиялық стакан, дистелденген су, екі көмір электродтары

Жұмыс барысы:

50гр каолинді ұнтақ күйіне дейін ұсақтап, оны химиялық стаканға салып үстіне 500мл су құйяды. Содан соң стаканға 100мл 15%-тік сұйық шыны ерітіндісінен қосады да суспензияны бірткеті масса алынғанша шыны таяқшамен жақсылап араластырады. Енді стаканға, 20 Ом кедергі арқылы жалғанған, екі көмір электродын салып тұрақты кернеу көзіне (220 не 110 В) қосады.

Тәжірибенің нәтижелері. 2-3 минуттан кейін тоқты қосқан соң анодта каолиннің қалың қабаты түзіле бастайды. Неге? Каолин бөлшектері қалай зарядталады?

Б Тәжірибесі. Электроосмос құбылысы

Реактивтер және құрал-жабдықтар: ұнтақталған каолин сазы немесе гипс, темір немесе мыс сымы, саздан жасалған гүл ыдысы, тоқ көзі, су, көмір электродтары

Жұмыс барысы:

11-суретте көрсетілгендей саздан жасалған гүл ыдысты сырттан темір немесе мыс сымымен орайды және оның ұшын тұрақты тоқ көзінің оң зарядталған полюсқа қосады. Енді ыдысты краннан ағатын сумен толтырып, ішіне көмір электродын батырады да, оны тоқ көзінің теріс зарядталған полюсіне қосады. Құралды тоққа қосып, ыдыстың сыртқы бетіне көңіл аударыңыз. Қандай өзгерістер байқалады?

11-сурет. Электроосмос құбылысын қарастыру үшін жиналатын қондырғы

Тәжірибенің нәтижелері. Бірнеше минуттан кейін сазды ыдыстын сыртында су тамшылары түзіле бастайды. Егер электродтардың полюстарын ауыстырса, онда ыдыстың сулы қабаттары тез кебе бастайды. Тәжірибені түсіндіріп, қорытынды жасаңыз.