Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор нац трад.docx
Скачиваний:
109
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
106.15 Кб
Скачать

1. Парсы шығанағы елдерінің мәдениеті (4-билет 3-сұақ)

2. Орталық Азия халықтарының қолөнері

Орта Азия өнерінің тарихында Бұхарадағы кітап және ағаш пен тасқа ою-өрнек салу мектебі ашылып көрнекті орын алды. Сондай-ақ сәулет өнерінде әсемдік элементі ретінде қолданылған каллиграфия да асқан шеберлікке қол жеткізді. Қолөнер қашанда заман, өмір ағымымен бірге туындап, дамып отырады. Қазақ қолөнерінің өсу жолы, өзіне тән даму тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан басталады. Қазақ халқы кең байтақ республика жеріндегі ертеден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері ғана емес, сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртып байытушы. Бұл процеске әр кезеңде Қазақстан аумағына жан-жақтан келген көшпелі тайпалар мен халықтардың, сондай-ақ Ресей, Орта Азия халықтарының да мәдениеті әсер етті. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында қазақ халқының дәстүрлі қолөнері айтарлықтай жоғары деңгейге көтерілді. Жүннен басылған бұйымдардың ішінен кілем, текемет, сырмақ, алаша, тұскиіз, қоржын, т.б. түрлерін атауға болады. Тоқыма өнері де көнеден келе жатқан қолөнердің бір түрі болып табылады. Кілем тоқушы шеберлер қазақтың ұлттық өнеріне өз үлестерін қоса білді. Тоқыма өнерінің түрлері – кілем, алаша, ши тоқу, гобелен өнері жылдан жылға дамып келеді. Ұйғыр қолданбалы өнерінің ежелгі дамыған түрлеріне металды көркемдік өңдеу жатады, олар – ұсталық кәсіп, ыдыс-аяқ, зергерлік бұйымдар дайындау, ұйғырлардың металл бұйымдарының дәстүрлі жиынтығына әр түрлі мақсаттарға арналған ыдыстар: жуынуға, дәрілік тұнбаларға, шәйнектер, самаурындар, табақтар, жуынатын құралдар, тегештер, мантоваркалар енеді.

3. Ұйғыр халқының ұлттық тағамдары

Ұйғыр аспаздық өнері халықтың материалдық мәдениетінің өзіндік ескерткіші болып табылады. Ол өзінің бойында Батыс пен Шығыстың, ежелгі мен қазіргінің өзара әсерін жинақтаған, сонымен қатар бұл ұлы шеберлік, фантазия, талғамның әсемдігі мен үйлесімділігі. Ұйғыр асханасы тағамдарының әр алуандығы мен әр түрлілігі соншалық оның бәрін қамту мүмкін емес. Ұйғыр асханасының ең ұнамды және кеңінен таралған тағамдарының бірі «лагман» болып табылады. Бұл арнайы дайындалған құймамен бірге ұсынылатын, жуан кесілген шиыршықтардан созылған қамырдың жіңішке жіпшелерінен дайындалған ұзын кеспе. Ұйғыр асханасының әрбір тағамының өзінің белгісі бар. Бұл тағамды махаббат тағамы деп атайды. "Чошуряны" жас жұбайларға некелері қиылғаннан кейін екінші күні, көп балалы және ауқатты болуға тілек белгісі ретінде дайындалады. "Чошуряны" бірінші тағам ретінде де, екінші тағам ретінде де ұсынуға болады. Ұйғырлар көбіне палау дайындайды. Негізінен бұл қонақтардың тағамы. Көпшілік үшін палауды тойға немесе еске алуға арнайы шақырылған «Аш-пяз» (аспаз) дайындайды. "Самса" — анағұрлым құрметті ежелгі ұйғыр тағамдарының бірі. Самсаның нағыз атауы – самсу. Бұл ішіне тартылған ет пен пияз, асқабақ, көкөністер мен жемістер салынған тағам. Самсаны тонда немесе тандырда (нан пісіруге арналған конус тәрізді пеш).