Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор нац трад.docx
Скачиваний:
109
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
106.15 Кб
Скачать

3. Қазақ халқының ұлттық тағамдары 1. (2-билет 2-сұрақ)

15-билет

1. Орта Азия халқының салт-дәстүрлері

Орта Азия халықтарында теориялық түрде неке жасы ұлдарға- 13, қыздарға- 9 жас. Орта азия халықтарының көпшілігінде қызға құда түсуді алдымен қыз әкесіне жаушы жіберуден бастаған. Өзбектерде оны собчи д.а. бұл дәстүр қазақтар мен басқа да Орта Азия халықтарына ұқсас келеді. Қазақ, қырғыз, түркімендерде құдалыққа күндіз барса, өзбектер мен тәжіктерде кешкі уақытта барған. Өзбек, тәжік, қарақалпақтарда қыз жағында болатын тойға жігіт жағы азық-түлік берге, ал қазақтар тек тоймал берген. Қазақтарда жеті атаға толмай қыз алыспаған, ал қырғыздар төрт атаға дейін. Басқалары жақын туғандарына үйлене берген. Қырғыздарда қалың мал төлеумен қатар мал бағатын бақташы, жұмысшы қоса берген.

  1. Жапон халқының ұлттық мерекелері

21 мамырда Токиода жапон астанасының ең танымал, ең шулы, адам ең көп қатысатын және ең әдемі мерекесі – Сандзя мацури немесе Храм шеруі өтеді. Оған екі миллионға жуық адам қатысады. Мерекенің Храм шеруі деп аталуының себебі онда храмдардың әрқайсысының салмағы 220 кг болатын кішірейтілген көшірмелерін – «микосилерді» арнайы зембілдерге салып көшелермен алып жүреді. Шеруге Жапонияның әртүрлі храмдарының жүзден аса «микосилері» қатысады. Ол күні Токио көшелерінен жапондардың ұлттық киімдерін киген гейшаларды, музыканттарды, бишілерді, балаларды, тіпті иттерді көруге болады. Және келесідей он бес күн ұлттық мереке болып саналады. Бірінші қаңтар – Жаңа жыл, қаңтардың екінші дүйсенбісі – Кәмелетке толған күн, он бірінші ақпан - Мемлекеттің құрылған күні, жиырмасыншы ақпан – көктемгі күн мен түн теңелуі, жиырма тоғызыншы ақпан – егістік күні, үшінші мамыр – Конституция күні, төртінші мамыр – көктің күні, бесінші мамыр - балалар күні, шілденің үшінші дүйсенбісі – теңіздің күні, қыркүйектің үшінші дүйсенбісі – қарттар күні, жиырма үшінші қыркүйек – күздегі күн мен түннің теңелуі, қазанның екінші дүйсенбісі – мәдениет күні, жиырма үшінші қараша – еңбекке ризашылық күні, жиырма үшінші желтоқсан – императордың туған күні.

3. Қазақ халқының ежелден бері сақталған әдет-ғұрыптары

Қазақтарда ежелден келе жатқан әдет-ғұрыптың бірі - дәм ауыз тию. Үйге бас сұққан кез келген адамды дәмнен ауыз тигізбейінше жібермейтін — «Қуыс үйден құр шығармайтын». Қазақтардың және бір жақсы әдет-ғұрпы - ерулік беру. Басқа жақтан жаңадан көшіп келгендерді оның туған-туыстары немесе көршілері арнайы дастарқанға шақырып, ерулік тамақ беретін болған. Бұл арқылы көшіп келген туыстарына немесе көршілеріне деген ыстық ықыласы мен ізгі ниетін білдірген. Ал көшіп келгендер жаңа қонысқа тез үйреніп, оңдағы адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға ықыласты болатын. Далалық көшпелілердегі кеңінен таралған әдет-ғұрыптардың бірі - қалау. Үйге келген қонақтың сол үйдегі өзіне ұнаған заттың кез келгенін қаладым деп айтуына болады, ал үй иесі ол затты міндетті түрде беруі тиіс

Қымызмұрындық - қымыз ашыту маусымының басталуына байланысты әдет-ғұрып. Ауыл адамдары бірін-бірі шақырысып, қымыз ішер алдында арнайы дастарқаннан тамақ жеседі. Қазақ даласында жұртшылық деген әдет-ғұрып та кеңінен тараған. Оның мәні белгілі бір себеппен бөлшесінен қарызға батып, оны төлеуге жағдайы жоқ туысқан адамға рулас ағайын-туғандарының көмек көрсетіп, қарызынан құтылуына көмектесуі болып табылады. Дала тұрғындарының дәстүрлі әдет-ғұрыптарының бірі — асар. Онда ауыл тұрғындары ешқандай ақы алмастан бірлесе жұмылып, біреудің белгілі бір жұмысын бітіріп береді.

16-билет