Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор нац трад.docx
Скачиваний:
109
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
106.15 Кб
Скачать

3. Египет халқының мәдениеті

Көне Египетте табынатын құдайлар көп болған, әрбір қалада бірнеше құдайлар болған.басты құдай күн құдайы-Ра, құдайлардың патшасы және әкесі. Маңызды құдайлардың бірі, өлім құдайы-Осирис болды. Египет жазбалары-құдайға сиыну дұғалары және шаруашылық жазбалары. Көне египетте классикалық мүсін пішіндері жасалынды-пирамидалар, калонналар, мүсін, сурет, бедер өнерлері дамыды. Астраномия белсенді дамыды. Адам организміндегі мидың қызметі анықталды. Математика ғылымы дамыды, сағат, жазу үшін папирус ойлап табылды. Мысырдағы қашқындар Перғауынның жеке-дара билік жүргізуі тіпті оның билігінің Египет халқына ғана емес, көршілес жатқан патшалықтар мен тайпаларға да күшейе түсуі, мәдениеттің дамуына өзіндік ықпалын тигізбей қойған жоқ. Ал осы бір шексіз билік пен мансап, байлық пен құдірет кенеттен жоқ болады. Оны өшіретін ұлы күші — өлім. Міне, сондықтан да болар — көне Египеттің мәдениетінің ең басты ерекшелігі — ажалға қарсылық болды. Бұл табиғи қарсылық, немесе мәңгілік өмір сүруге талпынушылық Египет халқының бүкіл діни санасына тереңдей еніп, оның мәдениеті мен өнерін қалыптастыруда айрықша рөл атқарды.

10-билет

  1. Египет халқының салт-дәстүрлері

Мысыр– төтенше қонақжай ел. Қонақтарын қашанда ашық көңілмен қарсы алады. Сіздің жанұяңыз, жұмысыңыз, Мысырдан алған әсеріңіз туралы қызықтап сұрайды. Ең болмаса бір шыны шәй ішіп кетіңіз деп, ақ көңілімен қонаққа шақырады. Нілдің бойындағы ғажайып елді сипаттаған жол жазбаларын қалдырған: математик Еуклид, географ Страбон, жазушылар Гюстав Флобер және Агата Кристи, Лоренс Даррелл және Э.М. Форстер. Тіпті жаугершілер де бұл елдің сұлулығына жәйбірақат қала алмаған. Ұлы Александр оған Александрияны сыйлаған; Наполеон, оның археологтары Ежелгі Мысырды ашқан, бір сапарында әскерлеріне қарап, толқи тұра: «Әскерлер, мына пирамидалардың биіктігінен сендерге қырық ғасыр қарап тұр!» деген сөздер айтқан. күніне бес рет муэдзин дауыс күшейткіштен дінге сенушілерді намазға шақырады.. Ал рамазан айында түн күнге айналады. Күні бойы мұсылмандар ораза тұтып, күн батқаннан кейін ғана ауыз ашады. Бұл уақытта қоғамдық өмір тұрып қалады, мемлкеттік мекемелер тек 10.00-нан 14.00-ге дейін жұмыс жасайды. Саяхатшы, әрине, мысырдықтардың, алдымен ауылдық жерлерде айқын көрінетін, бірақ та қала өміріне де бөтен емес ұлттық киімінің ерекшеліктеріне назар аударады. Мысырдықтар кең пішілген жейделер киеді, жәй адамдар әдетте ақ түсті таңдайды, ал әйелдер әр түрлі түстегі элементтермен әрлендіреген, қара түсте киінеді, арасында әшекеймен немесе шілтермен безендіреді. Көптеген әйелдер мұсылмандық құндылықтарға бет бұра күйеулерінің немесе жанұясының дегенімен хигаб – бетті жаппай, тек шашты жауып тұратын паранжының бір түрін, және ұзын кең көйлек – галабей киеді.

2. Қазақ халқының мәдениеті (4 билет 2-сұрақ)

3. Орыс халқының ұлттық мерекелері

Святки жұмыстардың саябырсыған кезінде, яғни жылдың аяғы мен басында жастардың ойын-сауық құратын мерекесі. Қысты шығарып салу және көктем мерекесі масленица болған бұл мерекеде көбіне пұтқа табынушылық іздері сақталып қалған. Маслиницада сүт, кілегей, май, жұмыртқадан мол тағам әзірленеді. Ірімшіктен құймақ пісіріледі. Пасхада қазақтардағы ораза тәрізді жеті апта ауыз бекітілу ұстанады, ет тағамдарын жемейді және әр күн сайын шіркеуге барады. Пасхада жұмыртқа пісіріп, оны түрлі-түсті етіп бояйды, пасха бір апта бойы мерекеленеді. Көктемнен жазға өту Тройца мерекесімен белгілі болған. Қыздар ағаш бұтақтарын және гүлден жасалған тәждер әкеліп, алау жағып, өлең айтып, су шашып жастар сауық құрған. Көптеген мерекелерге байланысты жәрмеңкелер ұйымдастырылған.

11-билет