Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор нац трад.docx
Скачиваний:
109
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
106.15 Кб
Скачать

1. Қазақстан Республикасында тұратын әртүрлі ұлт өкілдерінің салт-дәстүрлері

Орыс халқы 9-билет 1-сұрақ, ұйғыр халқы 18-билет 2-сұрақ, татар халқы 17-билет 1-сұрақ

2.Ежелгі грек және рим мәдениеті

Гректердің мәдениеті, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерінің тамыры тереңде жатыр. Гректер ежелгі халықтардың арасындағы дара некелік қағидасын ұстанғандардың алғашқысы. Христиандықты қабылдап, діни сенімге сәйкес, азаматтық некеден басқа неке қию және шоқындыру рәсімдерін өткізеді. Понтийлік гректердің өздеріне тән мәдениеті, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері бар. Дәстүрлі понтийлік гректер үйлерін биік іргетасқа немесе екі қабатты етіп салған, оның бірінші қабаты мал ұстау үшін пайдаланылған. Қазіргі уақытта үйлер кірпіштен және басқа да құрылыс материалдарынан салынады. Понтийлік гректер Түркиядан Кавказға қоныс аударылған кездің өзінде еуропалық үлгідегі фабрикалық киімдер киген. Ерлер «қалалық костюм» - пиджак, шалбар, картуз және фуражка киген. Әйелдердің костюмдері дәстүрді ұзағырақ сақтады. Грек әйелдері шальвар, белдемше және бас орамал киіп жүрген. Гректердің тұрмысында дәстүрлі понтийлік былғары аяқ киім – чаруши көп уақытқа дейін сақталды. Қазіргі уақытта гректердің киімдері заманауи сипатта болып табылады.Ұлттық тағамдарды гректер тек мерекелерде және ерекше салтанатты жағдайларда ғана дайындайды. Гректерге тән тағамдар әбден пісірілген тауық еті қосылған ұнтақталған бидай жармасынан дайындалған бидай ботқасы болып табылады. Жарманы тауықпен бірге, тауық еті тарамдалып кеткенше үнемі араластырып отырып пісіреді. Сонымен қатар қуырылған жұмыртқа және жүзім жапырақтарына немесе орамжапырақтың жапырақтарына оралған туралған ет пен күріштен голубцы дайындалады. Қазіргі понтийліктерге айналадағы грек емес халық пайдаланатын тағамдардың барлығы тән болып табылады. Ежелгі Рим империясының құлдырауынан кейін ортағасырлық Италия архитектурасы (Рим, Милан, т.б. жерлерде күмбезді шіркеулер салынды) қалыптаса бастады. Монументті шіркеу, тұрғын үй, мұнара, қақпа, қорған тұрғызу ісі дамыды. 13 – 14 ғасырларда готика дәстүрлі (Орвьето мен Миландағы, Флоренциядағы соборлар, Веккьо палаццосы, Венециядағы Дождар сарайы) өркендеді. Осы кезеңде ортағасырлық Италия қалаларының түр-сипаты қалыптасты. Қайта өркендеу дәуіріндегі (15 – 16 ғасырлар)

  1. Қырғыз халқының ұлттық ойындары.

Қырғыздардың тыныс-тіршілігі мен дәстүрі бізге қатты ұқсас. Оларда да біздегідей ақындар айтысы ұлттық өнер ретінде бағаланады. Негізгі аспабы – қомуз. Ұлттық спорттық ойындары – көкпар («улак-тартыш», «кёк бору»), күрес («курёш», «алыш»). Барлық көшпенді халықтар тәрізді қырғыздар да жылқыны өте қатты қадірлейді. Бешбармақ, шұжық, қуырдақ, қымыз қырғыздар үшін де ұлттық тағам болып саналады. ХVІ ғасырдағы қырғыз фольклорының шырқау биігі - «Манас» эпосы. Манас эпосы туралы дерек Молла-ад Диннің «Маджмуат» - тау арих атты еңбегінде ХVІ ғасырда жазба түрінде ұшырысады. «Манас» эпосынан басқа «Кердейхан», «Қожаш», «Жаңыл мырза», «Ертөстік» және т.б. жыр дастандары сақталған. Түркі тілдес өзге халықтар сияқты қырғыз халқының фольклорында да аңыз, ертегі, мақал-мәтел, тұрмыс салт жырлары кеңінен өріс алып мол дамыған. Қырғыз халқының музыкасы көбінде фольклорлық тұрғыда дамыды. Вокальдық музыка бір дауысты ән түрінде орындалды. Халық музыкасы жеті сатылы диатоникалық латқа құрылды. Эпикалық және тұрмыс салт әндері: «Қос-ақ», «Жарамазан», еңбек әндері, «Күйген», «Секетай», бесік жырлары, әзіл-сықақ, балалар әндері және т.б.жанрларға бөлінді. Қырғыз халқының музыка аспаптары: қомыз (ішекті), қыл қиақ (2-ішекті), ағаш қомыз, темір қомыз, сырнай, керней, дауылпаз және т.б.аспаптары бар. Қырғыз - халық музыкалық мәдениеті негізінен қомызшылар мен қиақшылар арқылы дамыды. Сонымен қырғыз халқы шығыстағы түркі тілдес елдер ішіндегі өзінің мәдениетке қосқан үлесімен ерекшеленеді.

17-билет

  1. Татар халқының салт – дәстүрлері.

Қазіргі татар тілі алтай тобы құрамындағы түркі тілдерінің куман тобының қыпшақ топшасына жатады. Жағасында тігінен ойығы бар жейделер ерлердің күнделікті киім болып табылады. Жейделердің етегі ұзын, қарттар мен балалардың жейдесінің ұзындығы тізеге дейін жететін болған. Жейделер ашық түсті: ақшыл-қызғылт, сұрғылт маталардан тіккен. Ерлердің шалбарлары кең адым жасауға арнап жасалған. Шалбарлар қарт ер адамдар үшін ерекше кең түрде жасалады. Шалбардың жоғарғы бөлігі қысқа және тоқыма бау орнатылған. Жейденің сыртынан камзол киген, олардың астары бар және қара түсті материалдан тігіледі. Камзол белді толығымен қамтып, төмен жағы кең болып келеді. Түрлі бір түсті маталардан ерлердің ұзын сыртқы киімі жилэн (джилян) тігілген. Ол камзол немес казакиннің сыртынан киіледі. Татар әйелдерінің кең тараған киім – етек жағы ұзын көйлек. Көйлек шашақтармен, шілтермен, кестелермен өрнектеліп тігіледі. Көйлектің сыртынан камзол киген. Әйелдердің камзолы ерлердікінен түрлі кестелермен ерекшеленеді. Ерлердің бас киімі тақия болып табылады. Татарлардың дәстүрлі ас үйінде ұн, жарма, картоп үлкен орын алады. Жылқы және қой етін басым пайдаланған. Сүт өнімдері қосылған тағамдар ерекше орын алады. Қызанақ пен пияздан, саңырауқұлақтан, қымыздықтан, қалақайдан, бақбақ жапырағынан, жолжелкеннен, картоптан, сәбізден жасалған салаттар және т.б. қолданылады. Татарларда ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан дәстүрлі мерекелер аз емес. Көптеген мерекелердің өзіндік белгіленген мерзімі бар. Ең алғашқы көктем мерекесі Наурыз. Шөп шабу, егін жинаудың басталуы мен аяқталуы көңілді мерекеге айналып отырған. Шамамен қыркүйек айының соңында Сембелэ ("масақ, дән") мерекесі тойланған. Бұрынғы уақытта татарларда дәстүрлі мереке жиын деген болған. Бұл мерекеде достар мен туыстардың кездесуі болған. Қазіргі уақытта бұл мереке сабантой деп аталатын басқа мерекемен ұштасып кеткен. . Татарлардың кейбір ғұрыптық мерекелері сақталып қалған. Оның ішіндегі «жаңбыр тілеу» жазда құрғақшылық болғанда өткізілген. Бұнда балалар жаңбыр тілеп ән айткан.

  1. Бразилия халқының мерекелері, ұлттық тағамдары

1 - қаңтар - Жаңа Жыл мерекесі 16 - 17 ақпан - Карнавал күндері! 1 мамыр - Еңбек мерекесі! 7 - қыркүйек - Тәуелсіздік мерекесі! 15 қараша - Республиканың тәуелсіздік мерекесі! 25 - желтоқсан - ескіше Жаңа Жыл мерекесі: Мерекелері: 40 күндік католиктік айт мерекесі, соңынан ақпан айының сейсенбісінде 5 - 7 күн карнавалдық мерекелер,ол күні алкоголь мен темекі, еттен, жаман әдеттерден аулақ болады. «Карнавал»- етпен қоштасу деген мағынаны береді.Ұлттық тағамдары: Фейжоада - фасоль, ет, маниок, капуста, апельсин, соус, күріш.«Бразилия» кофесі, түрлі салаттар

  1. Египет пирамидалары.

Мысыр пирамидалары – Мысыр жерінде орналасқан ежелгі пирамидалар кешені. Осынау зор тас құрылыстар Ежелгі Египет перғауындарының сағанасы болып саналады. Сағаналар осыдан 5 мың жыл бұрын салынған.Ең үлкен пирамида Хеопс перғауынның әмірімен тұрғызылған. Оның биіктігі – 147 м. Ежелгі грек тарихшысы Геродоттың жазбасында пирамиданы 100 мың адам 20 жыл бойы салғандығы айтылады. Пирамидалардың салынуы, құрылысы жөнінде айтылған пікірлер сан алуан. Дегенмен аптапты Египет аспаны астында мыңдаған құл тас қарумен дәу тастарды бөліп алып, оны құрылыс орнына арқанмен сүйретіп жеткізген, пирамида биіктеген сайын тас блоктарды қолмен жоғары көтерген деген пікірлер басым.Алып құрылыстар осы күнге дейін көрушісін қайран қалдырады. Осы пирамидалар Әлемнің жеті кереметінің біріне кіредіт пирамидалары

18-билет

  1. Кәріс халқының ұлттық мерекелері.

1 қаңтар Жаңа Жыл, 1 наурыз- тәуелсіздік декларациясы қабылданған күн, 5 мамыр Балалар күні, төртінші айдың 8-күні Будданың туған күні, 17 шілде Конституция күні, 15 тамыз- бостандық күні, 8-айдың 15-күні- Чхусок, 1 қазан- қарулы күштер күні, 9 қазан- хангыль, 25 желтоқсан Рождество. Кәріс халқының танымал ұлттық мерекесінің бірі-соппаль. Соппаль- ай күнтізбесі бойынша Жаңа Жыл. Ол қаңтардың соңы мен ақпанның айының басына сәйкес келеді. Чусок мерекесінде күзде шыққан өнім үшін алғыс білдіріп, тойлатады.

  1. Ұйғыр халқының салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары

Ұйғырлар — Орталық Азиядағы көне түркі халықтарының бірі. Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автономиясының тұрғын халқы. Сондай-ақ Қазақстанда, Қырғызстанда, Өзбекстанда коныстанган.Әсемдікке, эстетикалық кемелділікке ұмтылу тіруеіштерді, ағаш қақпалар мен есіктерді, терезелердің қақпақтарын сәндік элементтермен, қыш ыдыстарды мозаикалық әшекейлермен көркемдейтін ежелгі ұсталардың жұмысынан көрініс тапты.Халық шығармашылығы олардың авторларының күнделікті үй тұрмысындағы заттардың эстетикалық, сәндік сапалары туралы ойлағандықтарын дәлелдейді. Ұлттық музыкалық аспаптар: дутар, Тамбур, най, сатар, годжак, равап, сурнай, карнай, бебельваз, бубен-дап және басқаларын дайындау өнері қайта жаңғырды. Ұйғыр қолданбалы өнерінің ежелгі дамыған түрлеріне металды көркемдік өңдеу жатады, олар – ұсталық кәсіп, ыдыс-аяқ, зергерлік бұйымдар дайындау, ұйғырлардың металл бұйымдарының дәстүрлі жиынтығына әр түрлі мақсаттарға арналған ыдыстар: жуынуға, дәрілік тұнбаларға, шәйнектер, самаурындар, табақтар, жуынатын құралдар, тегештер, мантоваркалар енеді. Белбеулер өрнектеліп, оймаланып, нәзік оюмен өрнектелген, жартылай асыл тастар қондырылған фигуралы күміс жалпақ тіліктермен көркемделеді. Бұрын Жетісу ұйғырларының ерлер костюмы жіңішке тік жағалы ұзын кең пішілген желбегей жейде (койнэк) мен балағы етіктің ішіне салынатын кең шалбардан (тамбал) тұрған. Жейденің сыртынан қысқа башмет киіп, оның сыртынан жіңішке тік жағалы және тар жеңді ұзын халат (чапан) киген. Қысқы сыр киім ретінде қой терісінен жасалған тон (жута) қызмет етті. Аяқтарына ұзын қонышты тар жұмсақ етіктер (мэсэ) киген, оларды үйге кірерде шешіп қоятын былғары галоштармен бірге киетін болған. Тақалы етік (отук) киген. Бас киім ретінде жазда – тақия (допа), қыста – қой елтірісімен қапталған шұға бөрік (топа), ал байларда – кәмшат, бұлғын, құндыз терісімен қапталған бөрік қызмет етті. Әйелдер мақта матасынан тігілген, кішкене тік жағалы туника тәрізді пішілген ұзын кең жейде, сонымен қатар толарсаққа қарай тарланып келетін кең шароварлар киген.Аяқ киім ретінде көбіне галоштармен бірге жұмсақ етіктер қызмет еткен. Бас киімдері – тақия немесе орамал, қыста жалпақ жылы тері бөрік болған. Бай әйелдердің мерекелік бас киімдері сүйір төбесі ұсақ бүрмеленіп, түрлі-түсті тастармен безендірілген зерлі дөңгелек бөрік болды. Бөріктің үстінен ұзын кездемелі орамал киілген. Әйелдер беттерін жаппаған, бөтен адамды көрген уақытта беттерін орамалмен сәл ғана бүркеген.Ұйғыр аспаздық өнері халықтың материалдық мәдениетінің өзіндік ескерткіші болып табылады.

  1. Солтүстікт Америка халықтарының мідениеті (27-билет 1-сұрақ)

19-билет

  1. Өзбек халқының салт-дәстүрлері, әдет –ғұрыптары

Өздерінің атауы - өзбек. Өзбекстан Республикасының негізгі халқы. Тілі - өзбек, түркі тілдері алтай тобының оңтүстік-шығыс тармағына жатады. Лексикасында парсы және тәжік тілдерінен ауысқан көп сөздер бар. Діні – суннит ағымындағы.Өзбектердің дәстүрлі кәсібі — егіншілік, сауда және ұсталық. Ірі қалаларда сауда, ұстаханалар, үлкен ауылды жерлерде қолөнер, ұсталықтың әр түрі (тігіншілік, зергерлік, тері илеу, сабын жасау, нан басу, тәтті шығару, т.б.) дамыды. ислам.Жартылай көшпелі өзбектер туыстық жағдайды қатаң сақтаған. Қазіргі отбасылары шағын, бірақ та ұлдары үйленген соң әке үйі қасына таяу орнығады (бір-біріне көмектесіп тұру үшін), қарашаңырақта кіші баласы қалады. Әйелдер қоғамдық өмірге көп араласпайды. Ерлер жейде, шапан; әйелдер слан матадан тігілген көйлек, шапан киді. 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басында белге дейін келетін камзол да киген. Бас киім ерлерде – тақия, жүн қалпақ, әйелдерде – орамал. Дәстүрлі аяқ киімі – тері етік, табаны жұмсақ мәсі, сыртынан галош киеді.Әйелдер мен қыздар бірінші баласы туғанша шаштарын көрсетпей ұсақ етіп өріп қояды (кейде 40 жасқа дейін), егде әйелдер екі бұрымнан өреді. Өзбектердің негізгі тағамы өсімдік, сүт және сүт өнімдерінен жасалады. Сүйікті асы — палау. Басты сусыны шай, көбіне көк шай. Палау немесе мәнті сияқты өзбек тағамдары тек азиаттық қана емес, сонымен қатар, еуропалық асханалардың ас мәзіріне бұрыннан-ақ, сәтті үйлесіп кетті. Бүгін біз өзбек халқының тағы бір дәстүрлі және өте дәмді асымен танысайық. Домляма – ежелгі өзбек диеталық тағам деп айтуға болады

  1. Қазақ халқының қолөнері.

Қолөнер, қолданбалы өнер – дәстүрлі тұтыну және сәндік бұйымдарын жасайтын ұсақ өндіріс. Қолөнершілер негізінен табиғи шикізаттарды пайдаланып, қарапайым еңбек құралдарының көмегімен көркем композицияның шешімімен тұрмысқа қажетті мүліктер, музыкалық аспаптар, қару-жарақ, құрал-саймандар жасайды. Әрбір қолөнер туындысы өз заманының материалдық мәдениетінің үлгісі және халық талғамының, әлеуметтік қоғамдық жағдайының, діни сенімінің, салт-дәстүрінің нақтылы көрінісі.Қазақстанда көшпелі шаруашылықтың қажетіне сай қолөнершілер мал шаруашылығына керекті желі, шылбыр, ноқта, бұршақ, жүген, құрық, бұғалық, тұсау,өре, шідер, кісен, қада, ер-тұрмандар жасаумен шұғылданды. Олар құмнан, тастан, саздан құмыра, көзе, ыдыс-аяқ; мүйізден, сүйектен, мал мен аң терісінен, ағаштан әшекейленген нақышты дүние-мүлік, домбыра, қобыз, сыбызғы, шаңқобыз сияқты музыка аспаптарын; темірден, мыстан қылыш, найза, қанжар, айбалта, күрзі секілді құрал, қару жасады. Қазақ халқының қолөнерінде киіз үй жабдықтарын, ағаш төсек жасау, түйін түю, ши орау, кесте тігу, өрмек тоқу, киіз басу, сондай-ақ моншақ, білезік, сақина, сырға, алқа, шолпы сияқты зергерлік бұйымдар жасау кең дамыды.

  1. Үнді халқының мәдениетінің ерекшелігі

Үндістан мәдениеттің деңгейі жоғары, көне адамзаттың өркениет ошақтарының бірі. Үнділік мәдениеттің біртұтастығы және әртүрлілігі зерттеушілерді қызықтырады.Үнді көркем мәдениетінің қайнар көздері Инд пен Ганг өзендерінің жағалауларында пайда болған өте ежелгі өркениеттерден басталады. Жоғары дамыған Хараппа өркениеті (б.з.б. 3-мыңжылдықтың ортасынан 2-мыңжылдықтың ортасына дейін) кезеңіне Сангхол мен Лотхал тәрізді ірі қалалар жатады. Оларға бірыңғай жоспарлау, жолға қо-йылған сумен қамтамасыз ету және құбыр жүйесі, күйдірілген кірпіштерден салынған көп қа-батты құрылыстар, шомылуға арналған қоғамдық бассейндер тән. Б.з.б. 2-мыңжылдықтың ортасынан 1-мыңжылдықтың ортасына дейінгі Солтүстік Үндістанмәдениетіне әдеби деректер мен неғұрлым кейінгі кезеңдерге тән мүсіндік және көркемсуретті бейнелер бойынша баға беруге болады. Құрылыстар ағаштан, саз бен құрақтан салынды. Олардың формалары мен типтері (жартылай шар немесе конустық күмбездері бар дөңгелек үй, ағашпен жабылған қоғамдық жиналыстарға арналған зал типті ғимараттар, т.б.) келесі ғасырлардағы тас храмдар мен басқа құрылыстар архитектурасының негізін қалады. Үндістанның салт-дәстүрі алуан түрлі, ғажайып болып келеді. Үндістанның халықтарында әлі күнге дейін ежелгі ата-баба салт-дәстүрлері жақсы сақтылып қалған. Амандасу салт-дәстүрлерінде адамның қолын қатты қысу жаман әдет болып есептелінеді. Бұл елде амандасудың ең құрметті түрі-Намасете деп аталынады, алақандарын біріктіріп кеуденің тұсына қояды.

20-билет

  1. Түрік халқының мәдениеті.

Түріктерде ер адамдар әйел адамдардан әрдайым жоғары тұрады. Ұл балаларға кішкентай кезінен бастап санасына «Сен ер жігітсің, әйел затынан қай кезде де жоғары тұрып, өз артықшылығыңды біліп жүр» деп үйретеді екен. Жоғары болу дегендері ұрып соғуды емес, әрдайым қорғап қолдап, қамқор болуды, әйелдердің нәзік жанды келетіндігін меңзейді. «Cennet annelerin ayaklarin altindadir», яғни Жәнәттың кілті аналарымыздың аяғының астында деген мақалды әрбір түрік жадында ұстап, төрт ұйқысын төрт бөлген ана сүтін ақтауға, әжесі мен апасын, әпкесі мен қарындасын құрметтеп, аялап, сыйлап өтуді парыз санайды. «Үлкенге ізет, кішіге міндет» демекші, түріктердің жасы үлкені кішіге ақыл айтып, дұрыс жол нұсқайды, ал кішісі тыңдап, үлкенге ізет көрсетеді.Тарихтан түріктердің лауазымы мен қызметіне, тұрмыс жағдайы мен қоғамда алатын орнына қарай паша, хазретлери, бей, шейх, эфенди, аға, ханым деп атау дәстүрі бар екендігін білеміз. Алайда, кемалистердің қолдауымен «бай» деп ер адамдарға,, «баян» немесе «ханым» деп әйелдерге айтылатын жаңа сыпайы атаулары ұсынылған. Қазіргі таңда түріктер ұғымында «бей, мырза, эфенди» т.б. атаулар әл-ауқатымен, ақыл-парасатымен сый құрметке ие болған, жан-жағына билігі жүретін беделді азаматқа лайықты. Түріктер «жаным» деген сөзді жасы кішілерді еркелеткенде, құрбыларына, өзі жақсы көретін адамдарға, тіпті ерлер ерлерге де айта береді. Сонымен қатар «ики гөзүм», «кузум» деген сөздерді де жиі қоданады. Әке-шешесімен қоса атасы мен әжесі тұратын үлкен шаңырақ «хане» деп аталады.Дүниеге ұл баланың келуі түріктер үшін қуаныш, оны ұрпақ жалғастырушы деп аса құрметпен қарайды. Жаңа туған сәбиге әркім өз шамасына қарай той жасайды. Барлық мұсылмандар сияқты бала бес жастан асқанда міндетті түрде сүндетке отырғызу салты болады. Отбасы мүшелері үшін бұл ең маңызды күндердің бірі болып саналады. Осы қуанышқа орай сүннет дүүнү, яғни сундетке отырғызу тойын жасап, үйлеріне ақ дастархан жайып, қонақ шақырады.Қазақ бауырлары сияқты түріктер де күрес өнерін жетік меңгерген ұлттардың бірі. Ұл баланы жастайынан күреске баулиды. Түріктер осы күрес балуандары арқылы әлемге танылып отыр. Қазақстан күрес құрамаларының арасынан да түрік балуандарын кездестіруге болады. Қазақтар сияқты түріктерде де құда түсу салты бар. Қыздың келісім беру, бермеуі жігіт үшін үлкен сынақ. Сол себепті жігіт қыздың ойын білу үшін алдын ала алма беріп жібереді. Қыз көнген болса, жауап ретінде өз орамалын салып жібереді. Алайда екі жастың қосылуы тікелей әкенің қолында. Ұлдың әкесі туыстары арасынан екі-үш сыйлы азаматты ертіп, қыздың әкесіне жолығып, дастарқан басында келген шаруасын айтады. Түріктер арасында қыз жағы іштей келіскенімен, әдеп сақтап, бірден келісе салмау салты бар. "Қызым тым жас" дегенді тілге тиек етеді. Жігіт жағы үшінші рет келгенде ғана өз келісімдерін беріп, батасын береді. Ризалық белгісі ретінде жаңа құдаларға сый-сияпат көрсетіп, дастарқанға палау, халва, шербет қояды. Ас соңында қалыңмал мәселесін шешіп, үйлеріне тарқасады. Үйлену тойына дейін жігіт қызға жүзік, сақина, орамал, тағы да басқа сыйлы сыйлықтар жіберіп тұрады. Қалыңдық жігіттің сыйлаған жүзігін саусағына салып нишанлы, яғни некесі қиылған болып саналады. Жаулық салып, шашын жібермей, явуклу, яғни ұзын етекті киімдер киім, ашық-шашық жүруді қояды. Той болардың алдында қалыңдықтың қол-аяғын қынамен бояйды, қыз «хналы» аталады. Қалыңмал төлеуғе шамасы келмейтін, жағдайы нашар жігіт жолдас-жораларымен келісіп, қызды алып қашады. Алайда, бұл жігіттің өмірі үшін қауіпті әрекет. Қазақстан Республикасының заңы бойынша ондай іске барғандарды соттатып жіберуге толық мүмкіндік бар. Алайда еліміздегі ұлттар арасындағы бұндай жағдайлар көбіне ақсақалдар кеңесінің нәтижесіне байланысты шешіліп отырады. Алып қащудан кейін жігітке қалыңдықтың әкесін көндіріп, онымен қайта татуласу өте қиынға түседі. Татуласқан күннің өзінде жігітке қалыңмалды біртіндеп болса да төлеуге мәжбүрлейді.

  1. Қазақ халқының музыкалық мәдениеті.

Қазақ музыкасы – өмір шындығын дыбыстық көркем бейнелермен көрсететін музыкалық өнердің ұлттық саласы. Қазақ халқының музыка мұрасы аса бай. Ол музыка фольклоры және музыка тарихы салаларына жіктеледі. Алғашқы салаға суырып салмалық негізде туған эпикалық жанрлар – жыр, толғау, терме, желдірме және лирикалық әндер мен айтыс өнері, екіншісіне көне түркі дәуірінен бергі кезеңдегі музыка үлгілері мен тарихи-мәдени мәліметтер енеді. Қазақ фольклорының елеулі бір арнасы – эпос. Оған тән музыкалық мақам-саздардың қазақ мәдениетінен алатын орны ерекше. Әдеби мәтінге қарағанда музыкалық мақамның марқалау болатыны белгілі. Қазақ эпосы негізінен екі түрлі поэзиялық өлшемге негізделсе (7 – 8 буынды жыр және 11 буынды қара өлең), оның мақамы да осы жүйеге құрылады. Қазақ музыкасындағы сырлы сазды, терең толғанысқа толы кең тынысты, әуезді әндер – 19 ғасырдан желі тартса, речитативті әуенге құрылған эпикалық дәстүр – алғашқы, лирикалық әндер – соңғы құбылыс. Бірақ, дәстүр тұрғысынан келгенде қазақ даласының түрлі аймақтарында олардың бәрі бірдей сақтҚазақ музыкасы фольклорлық сатыда қалмай, ауызекі дәстүрге негізделген суырып салмалық өнермен қатар жеке өнер саласы, тіпті ілім ретінде де қалыптасып келеді. Ертедегі орхон-енисей жазбалары, орта ғасырлардағыҚорқыт, оғыз еліндегі қобыз культі туралы деректер түркі тайпаларының музыкалық мәдениетінен хабар береді. Одан бергі жерде әл-Фараби, Ибн-Сина, Әбдірахман Жәми, Дәруіш Әли, т.б. көптеген шығыс ойшылдарының музыка өнеріне қатысты теориялық еңбектері де болған. Фарабидің “Музыканың ұлы кітабы” күні бүгінге дейін ғылыми мәнін жоймаған, әлі де толық зерттеліп болмаған мұра. Мұның өзі қазақ музыкасының бірде шаманизм, бірде зороастризм, бірде ислам мәдениетінің аясында қалыптасып келгенін аңғартады. 15 – 18 ғасырлырдағы жыраулық өнер тудырған эпик дәстүрдің Қазақ музыкасынан алатын орны ерекше. Қазақ халқының осы қалыптасу кезеңінде ұлттық болмысымызға тән музыкалық ырғақтар, екпіндік ерекшеліктер көріне бастаған. Қазақ музыкасының өзіндік ерекшелігі – синкреттілігі. Поэзия мен музыка мақамның бірлігіне негізделген ән-жырлардың келе-келе дараланып, екі түрлі өнер арнасына жіктелгені мәлім. Бірі – ән өнері, екіншісі – күйшілік дәстүр. Осы негізде 19 ғасырда қазақ даласында екі түрлі халықтық кәсіби-музыкалық дәстүр қалыптасқан. Бірі – Ықылас, Сарымалай, Құрманғазы, Дәулеткерей, Қазанғап, Сейтек, Сүгір, Тәттімбет, т.б. өнерпаздар бастаған күйшілер тобы болса, екіншісі – Біржан, Ақан, Мұхит, Мәди, Жаяу Мұса, Естай, Үкілі Ыбырай, Абай, Нартай, Майра, т.б. сал-серілерден арқау тартатын әншілік өнер. 19 – 20 ғасырларда айырықша дамыған домбыра күйлері өз кезегінде екі түрлі нақыштық ерекшелігімен дараланады. Бірі – кең ауқымды төкпе, екіншісі – сырлы да өрнекті шертпе күй үлгілері. Әрине, қазақ халқының музыкалық мәдениетін сөз еткенде домбыра күйлерін бұл екі дәстүрмен ғана шектеуге болмайды. Ел арасынан шыққан кәсіби күйшілердің өз үні, өз мәнері, орындау ерекшеліктері бар.ала бермеген.

  1. Араб халқының мәдениетінің ерекшелігі

Біріккен Араб Әмірліктерінің салт-дәстүрлері оның мұсылман елі екендігінен бастау алады. Сондықтан, бұл елмен түсінісіп, келісімге келу үшін және жақсы дем алу үшән осы халықтың дәстүрін сыйлауыңыз қажет. Ислам шарттары, әсіресе, қасиетті Рамазан айында қатаң сақталынады. Тәуліктің жарық кезінде мұсылман баласының аузы берік болады. Қылмыс пен заң бұзушылықты Шариғат соты қарастырады. Есірткі тарату мен жыныстық қатынас сипатындағы қылмыстар қатаң жазаланады. Спирттік ішімдіктер ішуге мейрамханада, сыраханада немесе қонақ үй нөмірінде ғана рұқсат етіледі. Қоғамдық орындарда алкогольді пайдалану немесе көшеде мас болып жүрудің соңы қылмыстың жазалауға немесе елден көшіруге әкеліп соғады. Намаз оқып жатқан адамдарға қарау, оларды фотосуретке немесе бейнесуретке түсіру, мешітке жалаңаш кіру мәдениетсіздіктің белгісі деп танылады. Үйге кіру үшін алдымен аяқ киіміңізді шешесіз. Арабтар үшін қарсы отырған адамның өкшесі көрініп тұрса, бұл қорлық болып саналады. Арабтардың қол алысуы ұзағырақ, себебі, бұл ерекше мұқияттылық белгісі. Қоштасу кезінде қол алысуды ұмытпаңыз. Құрметті адамдардың қолын екі қолыңызбен аласыз. Мұсылман әйеліне қолыңызды бірінші болып бермеңіз, қажет болса, оны өзі істейді. Арабтармен сөйлесу кезінде, тіпті ол жақсы білетін ескі танысыңыз болса да, оған оның әйелі туралы сұрақ ешқашан қоймаңыз. Отбасы жағдайы туралы сыпайы ғана сұраңыз. Арабтар өте қонақжайлы халық. Олар қонақты шай, кофе немесе салқын шырындармен қарсы алады. Шығыс елі қонақ күтудің ежелгі дәстүрін ұстанады, сондықтан тағамды қабылдамау – үй иесін сыйламағандығыңыздың белгісі. Тағамды, шырындарды немесе қандай да бір заттарды тек оң қолыңызбен ғана алыңыз

21-билет

  1. Азия ұлттарының музыкалық мәдениеттері, ұлттық аспаптары

Қытай ұлтының музыкасы-Қытай музыкасы ертеден діни, философиялық-идеологиялық ілім негізінде дамыды. Конфуцийлік трактаттарда музыка табиғатының космологиялық концепциясы зерттелді. Даосизмнің түсініктері бойынша, музыка адамның табиғи психоэмоционалдық реакцияларының көрінуіне және оның табиғатпен бірігуіне мүмкіндік жасау керек. Буддистік дүниетаным музыкадағы мистикалық негізді атап көрсетті, ол болмыстың мәнін ұғынуға, адамның рухани жетілу кезіне көмектеседі. Қытайдың ұлттық музыка аспаптарының 100-ден аса түрлері бар: ішекті — цитры цинь, чжэнь, гусли сэ, лютни, пипа, юэцинь, т.б.; үрмелі ұзын флейталар — чииди сона (гобой түрі), соқпалылардың ішінде әр түрлі барабандар — үлкен цзяньгу, сазды ху, бір жақты кішкентай баньгу, тамбурин яогу; қола коңыраулар тобы — бяньчжун жәнө т.б. бар. Қалалық музыкалық драманың түрлері пайда болады (жергілікті драманың негіздерінде), цзинцзюй пекиндік музыкалық драманың ең биік шыңы болып табылады Үндістан ұлтының музыкасы-Үнді классикалық музыка өнерінің негізі "рага" болып, көпұлттық (көпшіліктік) салттарды қалыптастырды. Нада әуені ғарыштық энергия алатын өмір бастауы болса, аспаптың даму әуендері музыка дыбыстарын біріктіріп тала жүйесін кұрады. Космологиялық музыка Күн жүйесінің негізгі 7 ғаламаттарына бағытталып, октаваның дыбыс қатынастарының жарты тонынан кіші 22 дыбыс болатын шрути шығарған. Әрбір музыкалық дыбысқа орай ақындық символдық бояу түстерін тапқан. Үндістан ұлтының ұлттық аспаптары-Классикалық аспаптар: ішекті-шертпе — вина, ситар, сарот, тампура, қылішекті—саранги; үрмелі—сырнай, шехнай мен нагасварам, кішкене фисгармоидар; ұрмалы — пакховадж, мриданга.

  1. Татар халқының ұлттық тағамдары, ұлттық сусындары

Татарлардың дәстүрлі ас үйінде ұн, жарма, картоп үлкен орын алады. Жылқы және қой етін басым пайдаланған. Жазғы уақытта қақталған және тұздалған ет, сонымен бірге құс етін әсіресе қаз етін дайындаған. Сүт өнімдері қосылған тағамдар ерекше орын алады. Қызанақ пен пияздан, саңырауқұлақтан, қымыздықтан, қалақайдан, бақбақ жапырағынан, жолжелкеннен, картоптан, сәбізден жасалған салаттар және т.б. қолданылады. Еттен, балықтан суық жеңіл тамақтар дайындаған. Жеңіл тамақ ретінде қуырылып, суытылған, қамыр қосылған ет, үйде жылқының немесе сиырдың етінен жасалатын шұжық түрі қазы, қарта дайындайды. Қақталған, тұздалған, сонымен қатар кептірілген қазы еті татарлардың сүйікті тағамы болып табылады. Кейбір жеңіл тағамдарды ыстық күйінде ұсынады. Мысалы, қалжа – бұл жеңіл қуырылып, кейін пісірілген ет орамасы. Сорпалар (ет, балық және т.б.) кеңінен мәлім. Кең таралған тағам кеспе көже (аш) болып табылады. Ет сорпасынан клецк қосылған көже (сал-ма), куллама-аш (клецк қосылған пісірлген ет). Ұлттық сусындары-шай, айран.

  1. Еуропа халқының мәдениетінің қалыптасып дамуы

Ресей мәдениеті — адамзат баласына баға жетпес мол мәдени мұралар қалдырған дүниежүзілік мәдениеттің ажырамас бөлігі. Ресей мәдениеті — өзіндік ерекшеліктері бар қайталанбайтын мәдениет, ендеше оның әлемдік мәдениет қазынасына қосқан үлесіне де баға жетпейді. Орыс мәдениетінің қалыптасу ерекшеліктері негізінен төмендегі факторларға тығыз байланысты болды. Олар: көптеген этникалық топтар мен халықтар мекендеген орасан зор территорияны игеру; христиан дінінің ерекше тармағы — православиені руханилылықпен дәстүрлі салт-дәстүрлерге негіздей отырып орнықтыру; уақытша болса да ұзақ уақытқа созылған батыс-еуропалық өркениеттік процестерінен оқшау дамуға байланысты туған «тұйықтыққа» бұдан әрі жол бермеу; жеке адамдардың мүддесін мемлекет мүддесіне бағындыру.Осы айтылған ойларымыз дәлелді болу үшін, орыс мәдениетінің қалыптасу кезеңдерін толығырақ қарастырып көрелік.

22-билет

  1. Қытай халқының музыкалық мәдениеттері, ұлттық аспаптары (21-билет 1-сұрақ)

  1. ҚР тұратын әр түрлі ұлт өкілдерінің салт-дәстүрлері

Ұйғыр мәдениеті. Ұйғыр - Орталық Азиядағы көне түркі халықтарының бірі. Қазіргі ҚХР, Шыңжаң ұйғыр автоном. ауданының тұрғын халқы. Аздаған бөлігі Қазақстанда тұрады. Тілі - түркі тілінің оңт. -шығыс тобына жатады. Әсемдікке, эстетикалық кемелділікке ұмтылу тіруеіштерді, ағаш қақпалар мен есіктерді, терезелердің қақпақтарын сәндік элементтермен, қыш ыдыстарды мозаикалық әшекейлермен көркемдейтін ежелгі ұсталардың жұмысынан көрініс тапты. Халық зергерлері құю, соғу, өрнек салу, оймалау, жапсырма және нәзік зерлеу сияқты әдістерді шебер меңгерген болды.Татар халқының салт – дәстүрлері. Қазіргі татар тілі алтай тобы құрамындағы түркі тілдерінің куман тобының қыпшақ топшасына жатады. Еділ бойы татарларының тілі түрлі түрік компоненттері нығаюының нәтижесінде қалыптасты және ежелгі түркі тілінің мұрагері болып табылады. Кәріс халқының мәдениеті Корейлердің ұлттык тұрғьн үйлері де ерекше. Көбінесе бір қабатты және бір-бірне жалғастырыла салына береді. Атап айтарлық жәйт, олар "жылы еден жүйесін" (ондоль) пайдаланады. Еденің астыңғы жағынан түтін жүретін бірнеше жол жасалынып, сол арқылы жағылған оттан жылу тартылады Еденге сабаннан тоқылған майлы қалың қағаз төселіп, сабаннан тоқылған бұйым жабылады. Корейлер тұрғын үйін өте таза ұстайды. Аяқ киімдерін үйге кіре берісте, табалдырық жанында шешеді. Корейлер жылытылған еден үстінде отырып тамақ ішеді, үй шаруасын тындырады, ұйықтайды. Ұйықтайтын бөлмеде мақта салып сырыған жұқа көрпе, кесте немесе шілтері бар жастықты пайдаланады.

23-Билет

  1. Жапон халқының музыкалық мәдениеті, ұлттық аспаптары

Жапон музыкасы — Шығыс Азияның сансыз көп аралдарын, Хоккайдо көлінен бастап Рюкю архипелагына дейін мекендейтін халықтардың өзіндік музыкалық дәстүрлерінің жиынтығы болып табылады. III ғасырда бастап қытай жәнө корей музыкасымен өзара байланыста дамып, ортаазиялық және Оңтүстік-шығыс азиялық, сондай-ак индиялық-буддалық, XIX ғасырда соңынан бастап еуропалық және америкалық мәдениеттердің ықпалына ұшырады. Яёи мәдениеті кезеңінде сиқыршылық ритуалдарда қытай және корей аспаптарына ұқсатылып, қоладан жасалынған музыкалық аспаптар (барабандар, қоңыраулар) қолданылған. Ямато ірі тайпалық одағы құрылған соң, синтоизммен (табиғат Құдайларына және бабаларының діни нанымдарына негізделген сенім жүйесі) байланысты би билеп, ән айтып, аспаптарда ойнау аркылы жүргізілетін мистериялық кагура діни нанымы кең таралады. Ұлттық аспаптары-Кото,Бива, Котода жеке ойнау дәстүрі XVI ғасырда соңына қарай дами түсті, яғни будда монахтары мен конфуцилік ортада цикусигото дәстүріндегі музыка кең тарады, ол қытайдағы цин аспабында орындау аясында қарастырылған арнайы философиялық-этникалық доктринаға сүйенді.

  1. Өзбек халқының ұлттық тағамдары

Өзбектердің негізгі тағамы өсімдік, сүт және сүт өнімдерінен жасалады. Сүйікті асы — палау. Басты сусыны шай, көбіне көк шай. Палау немесе мәнті сияқты өзбек тағамдары тек азиаттық қана емес, сонымен қатар, еуропалық асханалардың ас мәзіріне бұрыннан-ақ, сәтті үйлесіп кетті. Бүгін біз өзбек халқының тағы бір дәстүрлі және өте дәмді асымен танысайық. Домляма – ежелгі өзбек диеталық тағам деп айтуға болады. Тәттілер кез-келген өзбек дастарханында міндетті түрде болуы керек. Түскі астан кейін тәттілер желінеді, мерекелік отырыстардың сәні де тәттілер болып табылады. Халвайтар өте құнарлы тағам. Халық медицинасы оны қаны аздықтан зардап шегетін және ас қорыту мүшелері ауыратын адамдарға пайдалануға кеңес береді.

  1. Орыс халқының салт-дәстүрі

Орыс халқында ерекше саналатын салт-дәстүрлердің бірі – ыдыс шағу ырымы. Бұл дәстүр адам өміріндегі өзгерістерге байланысты орын алады. Мысалы, адам дүниеге келгенде, үйлену тойында немесе адам қайтыс болғанда. Үйлену тойында ыдыс сындыру салтының мағынасы, егер жас келін босағаны адал аттаса, той күннің ертеңіне қайын енесі өзінің қымбат бір ыдысын сындырады. Ыдыс өте майда бөлшектерге бөлініп, ұнтақталып шағылуы тиіс. Бұл дәстүр бас қосып жатқан екі жастың өмірі молшылық пен байлыққа толы болсын деген мағынаны білдіреді. Сондай-ақ өздерінің пайдаланған қасықтарын қыздар мен жігіттер бір-бірлеріне ұсыну арқылы өз сезімдерін білдірген.

24-билет

  1. Қырғыз халқының мәдениеті

19 ғ-дың 2-жартысына дейін қырғыздар сауатын, негізінен, діни медреселерде ашты. 19 ғ-дың 80-жылдарында алғашқы орыс-түзем мектептері ашыла бастады. 1940 ж. қырғыз жазуы орыс графикасына көшірілді. Көптеген оқу орындары, ғылыми-зерттеу мекемелері мен мәдениет ошақтары ашылды. 1954 ж. Қырғыз КСР ҒА құрылды. 20 ғ-ға дейін қырғыз музыкасы фольклорлық деңгейде болды. ұлттық музыка аспаптары: қомуз, сырнай, керней, т.б. 1930 — 40 ж. кәсіби музикалық шығармалар (опера, балет, симфония, т.б.) пайда болды. 1939 ж. тұңғыш қырғыз операсы — “Айчурек” қойылды. 1930 ж. ұлттық драма театры құрылды. 1936 ж. одан опера және балет театры бөлініп шықты. 1939 ж. Композиторлар одағы құрылды. 1942 ж. Фрунзеде (Бішкек) кинохроника студиясы ашылып, ол 1961 ж. “Қырғызфильм” киностудиясы деп аталды. Студия 1970 — 80 ж. біршама табыстарға жетті. Онда түсірген фильмдерге көптеген қазақ артистері шақырылды

  1. Америка құрылықтарында мекендеген ежелгі тайпалардың салт-дәстүрлері

Мексика ұлты еуропалықтар (испандар), үндістер (ацтектер, майялар, отомилер, миштектер, сапотектер, тағы басқа) мен Африкадан әкелінген негр құлдардың араласуынан пайда болған. 19 ғасырда Мексика мемлекетінің тәуелсіздік алуы негізінде қалыптасқан. Испан тілінде сөйлейді. Діні — католик. Негізгі кәсіптері — жүгері, бұршақ, күріш, бидай, мақта, қант қамысы, кофе өсіру, мал ш. (сиыр, қой, шошқа). Мексикалықтардың көпшілігі өндірісте жұмыс істейді. Бір-біріне алшақ орналасқан ауылдар (альдеа) мен хуторларда (ранчерия) қауымдастықтың орталығы (пуэбло) тұрады. Орталыққа шіркеу, тоғай, құдық, фонтан, ауылдық басқару үйі, мектеп орналасқан алаң енеді. Үйлері саз балшықтан, шикі кірпіштерден, тастан, ағаштан салынады. Дәстүрлі тұрғын үйлері көбінесе бір бөлмелі, терезесіз келеді. Әшекейленіп безендірілген ішкі ауласы кең болады. Дәстүрлі киімдері испан мен үндіс халықтарының киім үлгілеріне ұқсас. Аяқтарына үндіс халқы киетін ашық сандал, ер адамдар мақта матадан тігілген жейде, шалбар киеді. Иықтарына ою-өрнекті жамылғы (серапе) жамылады. Бас киімдері — сомбреро. Әйел киімдері: мақта матадан тігілген қысқа кеудеше және тар, кейде белінен жиырылып, кең тігілген ұзын юбка. Бастарына шәлі (ребосо) тартады, оны күн ыстықта бетіне жауып жүреді.

  1. Татар халықының ұлттық мерекелері

Татарларда ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан дәстүрлі мерекелер аз емес. Ең алғашқы көктем мерекесі Наурыз. Шөп шабу, егін жинаудың басталуы мен аяқталуы көңілді мерекеге айналып отырған. Шамамен қыркүйек айының соңында Сембелэ ("масақ, дән") мерекесі тойланған. Бұрынғы уақытта татарларда дәстүрлі мереке жиын деген болған. Бұл мерекеде достар мен туыстардың кездесуі болған. Қазіргі уақытта бұл мереке сабантой деп аталатын басқа мерекемен ұштасып кеткен. Сабан тойда түрлі спорттық жарыстар: кір көтеру, бағанаға өрмелеу, су тасу, аяқты байлап қаппен секіру және т.б. өткізілген.

25-Билет

  1. Египет халқының өнері

Адамдар санасында қалыптасқан аруаққа табыну — перғауындарды «құдай» деп танумен тығыз ұштасты. Ал құдай — патшалардың (перғауындардың) құрметіне пирамидалар (мазарлар) салына бастады. Өз кезегінде Египеттің жоғары әміршісі — құдай саналған перғауын өзінің құрметіне салынған мазардың әрі асқақ, әрі берік етіп салынуына ерекше мән берді. Сфинкс — Египет өміршісінің құдіреті мен күшінің оның даналығы мен жұмбақтығының жаршысы болды. Ең алып сфинкс б.з.б үшінші мыңжылдықта салынған. Біздің заманымаздан бұрынғы ІІІ—II ғ. құдай — патшаларға арналған құрылыстар — пирамидалар мен храмдар негізінен тастан жасалды. Пирамидалар салу мемлекеттің экономикасын әлсіретіп, қазынаны тауысты, әсіресе халық тарапынан көп шығын мен жұмыс күшін қажет етті. Сондықтан да, пирамидалар салу — халық қайыршылығының басты себепкері болды.

  1. Қазақ халқының ХХ ғасырдағы мәдениеті

Абайдан басталған қазақ мәдениетіндегі тың сарын XX ғасырдың бас кезінде ары қарай жалғасты. Қазақ мәдениеті XX ғасырды әрі үмітпен, әрі түңілумен қарсы алды. Дүниежүзілік техникалық және демократиялық прогресс Азия орталығына да жете бастады. Ұлттық идея темір тордағы халықты толғандырып, оны азаттық үшін күресуге ұмтылдырды. Әрине, ұлт-азаттық күреске бүкіл Ресей империясын қамтыған революциялық және реформалық қозғалыстар да әсерін тигізді. Алайда Қазақстандағы толқулар тек орыс революционерлерінің ықпалымен болды деу жаңсақ пікір. Бірде-бір ресейлік саяси ұйым мен белгілі қайраткерлер империяны таратып, басқа ұлттарға азаттық әперу туралы мәселе көтермеді. Социал-демократтардың өздері Шығыс халықтарының оянуына панисламизм, пантюркизм айдарын тағып, күдіктене қарады.. XX ғасырдың басында қазақтан шыққан алғашқы саяси қайраткерлердің бірі Міржақып Дулатов қазақ халқының манифесі — «Оян, қазақ!» өлеңін жариялады.

  1. Ұйғыр халқының ұлттық мерекелері

Баланың тууына, жерлеуге, үйлену тойларына байланысты дәстүрлі әдет-ғұрыптар сақталады. Бұл дәстүрлер ұйғырлардың үйлену тойында анағұрлым айқын көрініс табады. Ұйғырларда қалыңдық үшін өтем – қалың мал берілмейді, күйеу жігіт тек үйлену тойы салтанатын өткізу бойынша барлық шығынды көтереді. Үйлену тойы музыкамен, билермен және дәстүрлі халық әндерімен қатар жүргізіледі. Кешке күйеу жігіт үйінің маңында қалыңдықты үйге кіргізбес бұрын жанып жатқан отты үш рет айналдырады.

25-билет