Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор нац трад.docx
Скачиваний:
109
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
106.15 Кб
Скачать

1. Француз халқының салт-дәстүрі мен мәдениеті (11-билет 1-сұрақ)

2. Италья халқының ұлттық тағамдары

Ұлттық тағамы – жеміс пен көкөніс, макарон, сыр. Балық пен ет тағамдары да көп қолданылады. Түскі аста жеңіл шарап ішеді. Пицца – бұл итальян асүйі туралы сұрағанда кез-келген ғаламшарда, кез-келген адам ауызға алатын алғашқы тағам. Ал, итальяндықтардың өздерінің сүйікті тамақтары қатарында пицца тіпті де бірінші орында емес екендігі туралы біреу білсе, біреу білмес. Итальяндықтар балықты және теңіз өнімдерін, жаңа піскен көкөністерді және балдыркөкті, және әлбетте, тәбетіңді ашатын дәмдеуіштерді жақсы көреді. Итальяндықтардың ірімшікке деген сүйіспеншілігі өз алдына бөлек әңгіме. Мысалы, үккіштен өткізілген пармезанды итальяндықтар макарон өнімдерінен жасалған тағамдарға және көптеген сорпаларға қосады. Спагетти немесе пицца – бұл символдар – Италияның он тоғыз облысының фирмалық тағамдарын сипаттайтын барлық алуан түрлілік пен байлықты айтып жеткізу мүмкін емес.

26-билет

1. Қазақ халқының хiх ғасырдағы мәдениеті

Қазақтардың XVIII-XIX ғасырлардағы материалдық мәдениетінің жай-күйі қоғамның экономикалық дамуы деңгейімен анықталады. Оның дамуы барысына көшпелі қазақтар экономикасының дамуындағы басты фактор ретінде көшпелі мал шаруашылығы әсер етті. Бұл жағынан алғанда егіншілік, сауда дамуының, көрші халықтардың прогресті ықпалының да маңызы аз болған жоқ.

Материалдық мәдениеттің маңызды элементтерінің бірі мал шарушылығымен, егіншілікпен, үй кәсіпшілігімен және қолөнерімен байланысты еңбек құралдары болып табылады.

Қазақстан аумағында суармалы және тәлімді егіншіліктің ежелгі ошақтары ертеден болып келген еді. Осыған байланысты қазақтарда егіншілік құралдарының қарапайым түрлері болды.

Салт атқа арналған әбзелдерді қоспағанда қазақтың мал шаруашылығына және егіншілікке байланысты негізгі еңбек құралдары Қазақстанның бүкіл аумағында бір-біріне ұқсас болды.

2. Оңтүстік Америка халықтарының Ұлттық мерекелері

Бразилияның басты мерекесі – Рождество. Жаңа жылға аса мән берілмейді.

Карнавал – олар үшін ұлттық мереке. Мексика мәдениеті әлемдегі таңғаларлық тамаша мәдениет үлгісіне жатады. Ұлттық аңыз-әнгімелерден сусындаған дәстүр, әртесттік міне-құлық пен испан мәдениетінің ықпалы қосыла келіп, біргей мәдени мұраларды өмірге әкелді. Ата-баба мұрасын ерекше мұра ететін мексикалықтар ұлттық салт-дәстүрді сақтап қалуға айырықша көңіл бөледі. Қазіргі мексика музыка өнерінен ежелгі ацтектердің драмасы мен би үлгілерін тауып алу қиын емес. Сондай-ақ Майя дәстүрі де - Мексика үшін қастерлі аманат.

3.Түрік халқының салт – дәстүрлері

Қазақ, қырғыз, өзбек, ұйғыр жалпы мұсылман қауымнның әдет-ғұрыптары бірдей болмаса да, ұқсас келеді. Мысалы, түркі тілдес халықтар секілді түріктер де туыстық жақындықты әке жағынан есептейді. Жүзге, руға бөліну оларда жойылып кетті дегенмен, үш төрт ұрпақ өтіп кетсе де кейбір әулеттер өздерін Надир балалары, Али балалары т.б деп атайды. Түріктердің дәстүрлі тағамдары әр түрлі және өте бай. Түрік дәмінде сиыр және қой еті көп қолданылады. Ең дәмді тағамдарының бірі- әртүрлі кебабтар, оларды даярлауда өте көп дәмдеуіштер пайдаланылады. Жеңіл тамақтардың да түрлері аса мол: көкөніс және жеміс салаттары, қой ірімшігі, қытай бұршағы болмаса жүзім жапырағымен оралған күріш, тарттырылған қызанақ пен бұрыш т.б. Көп қатпарлы, қамыр қабаттарының арасына ірімшік, дәмдеуіштер, ет, балық салған, ерекше «берек» бәліші жеңіл немесе негізгі тамақ ретінде ұсынылады. Түрік асханасында тәттілер ерекше маңызға ие. Әсіресе жұқа қатпарлы қамырдың арасына грек жаңғағы мен шекілдеуік жоңқасы салынған қырық қабатты «бахлава» («пахлава») ерекше кең таралған. Ұлттық сусыны — рақы (анис арағы), оны сумен араластырып, «арыстан сүті» деп атайды.Түріктердің киімі жаңа заманға сай келеді. ауылдық жерде жақсы сақталған. Ол голошо – орамал және кең, ұзын көйлек.Кейбір қарт адамдар шалма мен тақия киеді. Әйелдер киімінде ұлттық нақыш ең жақсы сақталған: шәлі, ұзын әрі қарапайым көйлек; әйелдер далаға (тіпті жазда да) денесін жасыратын ұзын шапандар мен тозаңқаптар киіп шығады.

27-билет