Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор нац трад.docx
Скачиваний:
109
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
106.15 Кб
Скачать

1. Француз халқының салт-дәстүрі

Француздар (өзд. атауы — франсе) — ұлт, Францияның негізгі халқы. Антропологиялық жағынан біртекті емес, негізінен орта-еуразиялық раса мен үнді-жерортатеңіздік расаның өкілдерінен тұрады. Роман тобындағы француз тілінде сөйлейді. Дінге сенушілердің көпшілігі — католиктер; сондай-ақ кальвинист-реформаттар да бар. Ұлттық киімдерін кию 19 ғасырдан бастап тоқтатыла бастады. Әйелдер — кең юбка, жеңді көкірекше, кеудеше, алжапқыш, шляпа; ерлер — шалбар, гетры, көйлек, жилет, күртеше, бастарына берет, аяқтарына ағаш сабо киеді. Қазіргі кезде ұлттық киімдерін көбіне мерекелік бағдарламаларға қатысушылар ғана киген. Дәстүрлі тағамдарына сиыр, шошқа, балық еттері қосылады. Көкөніс, жеміс-жидек, шарап көп пайдаланылады. Сүт өнімдерінен ірімшік жасайды. Ұлттық тағамдарына сан алуан дәмдегіш өсімдіктер қосады. Ұлттық мерекелері діни мейрамдарға (рождество, жаңа жыл, корольдер күні, т.б.) негізделген. Көктемгі карнавалдар оңт. аудандарда жиі өткізіледі. Ауылдық елді мекендерде пасха, т.б. мереке күндері жәрмеңкелер өтіп тұрады. Өте бай фольклоры сақталған. Ұлттық билері (фарандола, гольярда, сарабанда, менуэт, бурре, гавот, т.б.)

2. Италья халқының

Италия халқының 93 пайызы италяндықтар. Италияндықтар көбіне су мен шарап (вино) ішеді. Шырындарды қолданбайды деуге болады. 19 ғасырда Италиялықтар ұлтқа айналды. Италиялықтардың негізгі кәсібі – жыртпалы егістік, жүзім плантациясы, зәйтүн ағашын өсіру, бау-бақша мен цитрус жемістерін өндіру. Картоп, қант қызылшасы, темекі егілді. Қосымша мал шаруашылығымен шұғылданады. Италиялықтардың жартысынан астамы қалалы жерде тұрып, халыққа қызмет көрсету саласында, өндіріс орны мен өнеркәсіпте еңбек етеді. Тұрғын үйлерін, көбінесе, таспен, кірпішпен қалап тұрғызады.Әйелдер кең тігілген ұзын белдемше, қысқа жеңді кофта, алжапқыш (корсаж), орамал, желбегей жамылғы джакетта мен джубетто киеді. Ерлер қысқа шалбар, жеңі ендіре тігілген жейде, қысқа күртеше, қалпақ киеді. Ұлттық тағамы – жеміс пен көкөніс, макарон, сыр. Балық пен ет тағамдары да көп қолданылады. Түскі аста жеңіл шарап ішеді. Нан орнына кейде жүгері ботқасын жейді. Туыстық жүйесі ағылшын тектес. Дінге қатысты мейрамда пұтқа табынушылық кезіндегі салт-жоралардың қалдығы байқалады. Халық ауыз әдебиетінің түрлері көп. Тарантелла, сальтарелло, ломбарда, бергамаска аталатын ұлттық билері бар. Сазды аспаптары: гитара, волынка, свирель. Қыштан ыдыс жасау, кілем тоқу, ағашқа ою-өрнек салу сияқты сәндік қолданбалы өнері дамыған.

3. Орыс халқының ұлттық мерекелері (10-билет 3-сұрақ)

12-билет

1. Италья халқының салт-дәстүрі мен мәдениеті (11-билет 2-сұрақ)

2. Америка құрылықтарындағы халықтарының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары, мәдениеті

Мексика — Латын Америкасындағы экономикасы дамыған елдердің бірі. Негізінен — метистер. Испан тілінде сөйлейді. Діні — католик. Негізгі кәсіптері — жүгері, бұршақ, күріш, бидай, мақта, қант қамысы, кофе өсіру, мал ш. (сиыр, қой, шошқа). Мексикалықтардың көпшілігі өндірісте жұмыс істейді. Үйлері саз балшықтан, шикі кірпіштерден, тастан, ағаштан салынады. Дәстүрлі тұрғын үйлері көбінесе бір бөлмелі, терезесіз келеді. Әшекейленіп безендірілген ішкі ауласы кең болады. Дәстүрлі киімдері испан мен үндіс халықтарының киім үлгілеріне ұқсас. Аяқтарына үндіс халқы киетін ашық сандал, ер адамдар мақта матадан тігілген жейде, шалбар киеді. Иықтарына ою-өрнекті жамылғы (серапе) жамылады. Бас киімдері — сомбреро. Әйел киімдері: мақта матадан тігілген қысқа кеудеше және тар, кейде белінен жиырылып, кең тігілген ұзын юбка. Бастарына шәлі (ребосо) тартады, оны күн ыстықта бетіне жауып жүреді. Тағамдарына ас бұршақ пен жүгеріні көп қолданады. Малды аудандарда сүт тағамдары басым. Мексикалықтарда ән мен би өнері жақсы дамыған. Атақты корридос-лирикадық және саяси мазмұнды өлеңдер, халықтық шекті аспаптар оркестрі — марьячи кең тараған. Мексикада тағам мәзірі өте көп. Олардың дайын тағамдары дәрумендерге, протеин мен миниралдарға бай. Испан әскерлері Мексиканы жаулап алған кезде жергілікті халықтың негізгі азығы - жүгері мен бұрыш қосылған тағам екенін байқаған.