Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Информатика.docx
Скачиваний:
129
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
2.25 Mб
Скачать
  • A. жеке құжаттар, құжаттар жиымы (массивтері), ақпараттық жүйе­лердегі (кітапханалардағы, қорлардағы, мәліметтер банктарындағы) құжаттар мен солардың жиымы;

  • B. мекемелердің өз қызметтерін жүзеге асыру мақсатында пайдаланатын алғашқы құжаттары;

  • C. басқару ісінде шешім қабылдауға керекті есеп беру құжаттары;

  • D. басқа да программалар туралы қысқаша мағлұматтар;

  • E. дұрыс жауабы жоқ.

  • 4. Ақпараттық жүйе дегеніміз:

  • A. мекеме жұмысына керекті құжаттар жиыны;

  • B. ақпараттық мәліметтер (массивтер) жиыны;

  • C. белгілі бір мақсатқа жету жолында ақпаратты сақтау, өңдеу және оны басқаларға беру үшін қолданылатын, өзара байланысқан құралдар, тәсілдер және персоналдар (адамдар) жиыны;

  • D. үнемі жаңартылып отыратын, мекеме жұмысын жарнамалауға қа­жетті ақпараттар жиыны;

  • E. дұрыс жауабы жоқ.

  • 5. Автоматтандыру деңгейіне қарай ақпараттық жүйелер мынадай топтарға бөлінеді:

  • A. “үлкен” ЭЕМ-дер мен дербес компьютерлер негізінде жасалатын жүйелер;

  • B. ауқымды және жергілікті жүйелер;

  • C. қолмен басқарылатын, автоматты және автоматтандырылған жүйелер;

  • D. үлкен, орташа және кіші жүйелер;

  • E. программалық, басқарылатын және басқарылмайтын.

  • 6. Құрылымдық белгілеріне қарай ақпараттық жүйелер мынадай ішкі топтарға бөлінеді:

  • A. ақпараттық, программалық, математикалық, техникалық, ұйымдас­тырушылық, құқықтық жақтарынан қамтамасыз ету;

  • B. ішкі және сыртқы;

  • C. бірыңғай және таңдамалы;

  • D. күрделі және қарапайым;

  • E. бастапқы, дамушы, соңғы.

  • Эем архитектурасының негізгі түсініктері

  • 5.1 Машинаны ұйымдастыру: Фон-Нейман принципі, басқару құрылғылары, командалар жүйелері мен типтері.

  • 5.2 Компьютердің аппараттық қамтамасыздандырылуы. Енгізу-шығыру және тоқтату. Компьютер жадысының құрылғысы. Енгізу-шығару құрылғылары.

  • Есептеу техникасы – кез келген ақпарат түрін автоматты түрде жылдам өңдеуге арналған электрондық құрылғылар жиыны.

  • Бір – бірімен нақты түрде байланысып, біртұтас кешендік қызмет атқара алатын құрылғылар жиыны есептеу жүйесі деп аталады. Есептеу жүйелерінің орталық құрылғысы электрондық есептеу машинасы (ЭЕМ) немесе компьютер болып саналады. ЭЕМ құрылғылары белгілі бір заңдылықтармен өз деңгейлеріне, яғни архитектурасына сәйкес жұмыс атқарады. Барлық ЭЕМ – дер жұмысы осы негізгі архитектураға сәйкес жүзеге асырылады.

  • Архитектура сөзі әдетте ғимараттаға байланысты айтылады да, оның сыртқы пішінін, ішкі бөлмелерінің орналасуын көрсетеді. Әйтсе да архитектура тек ғимарат жоспары ғана емес, соның барлық бөліктерінің бір – біріне сәйкес келуі. ЭЕМ – ге қатысты ғылымда да «архитектура» сөзі осы соңғы мағынада қолданылады.

  • ЭЕМ архитектурасы – компьютер құрылғыларының құрамы, орналасуы және солардың бір – бірімен байланысуының сипатталуы. Бұған қоса, аритектура – ЭЕМ – нің жұмыс істеу ерекшеліктері (принципетрі).

  • Архитектура ұғымының мағынасын ашатын, оған жақын термин «функциналдық схема» сөзі. Құрылғылардың функциналдық схемасы бір бірімен байланысқан көптеген төртбұрышты блоктардан тұрады, әр төртбұрыш белгілі бір әрекетті орындайтын тәуелсіз бөлік болып табылады. ЭЕМ жұмысын сипаттау кезінде «программа» және «мәлімет» (данные) терминдері жиі қолданылады.

  • Программа – компьютер орындай алатын командалар жиыны, Программаны орындау арқылы ЭЕМ берілген тапсырмаларды автоматты түрде орындай алады.

  • Мәліметтер – компьютер өңдеуге тиіс берілген информация. Ол сандар, мәтіндер, суреттер, дыбыстар сияқты алдын ала ақпараттардан тұруы мүмкін.

  • Сонымен, егер программалар – компьютердің информация өңдеуге арналған басқару құралдары болса, мәліметтер өңдеуге болатын түрге келтірілген бастапқы информация.

  1. Компьютерлер архитектурасының анықталу принциптері

  • Компьютерлердің жұмыс істеу негіздері олардың барлығына ортақ бірнеше қағидаларға (принциптерге) негізделген. Оларды алғаш рет 1945ж. Венгр елінен шыққан американ ғалымы Джон Фон Нейман ұсынған еді.

  • Программалық басқару принципі

  • Бұл принцип бойынша компьютердегі программа командалар тізбегінен құрылып, олар белгілі бір кезекпен автоматты түрде біртіндеп орындалу арқылы атқарылады. Программалық басқару ісінің тиімділігі бастапқы мәліметтерді өзгерте отырып бір программаны бірнеше рет қайталап пайдалану болып табылады.

  • Программа компьютер жадынан командалар санаушы (счетчик) көмегімен бір – бірлеп шақырылады. Процессор бір команданы орындап болған соң, санауыш регистрі адресті бірге өсіріп, келесі команданы шақырып олрындайды, т.с.с. Командалар реттеліп бірінен кейін бірі орналасқандықтан программа машина жадында қатар тұрған ұяларға сақталып жылдам орындалады.

  • Егер бір машина команданы орындағаннан кейін келесі команда емес компьтер жадының басқа жерінде тұрған команда орындалуы керек болса,шартты немесе шартсыз көшу командасы санауыштағы нөмірді керектісін өзгертеді.Командаларды орындау программа

  • соңындағы "соңы" ("стоп") командасына жеткенде тоқталады.

  • Программаны жадта сақтау принципі

  • Программа командалары компьютер жедел жадында сандар секілді сақталып ,сандар сияқты өңделеді.Мәліметтер мен сандардың компьютер үшін еш айырмасы жоқ.Бір программа командалары басқа программаның нәтижесі ретінде шығарылуы мүмкін.Осы принцип негізінде трансляция тәсілдері – программалау тіліндегі командаларды нақты компьютер міндеті командаға түрлендіру жасалады.

  • Программалар мен мәліметтер жедел жадының кез келген жеріне жазыла береді.Кейіннен оны берілген адресі бойынша алдыңғы мәліметтерді қарамастан тауып алуға болады.

  • Адрестелу принципі

  • Жедел жадындағы мәліметтерді кез келген тәртіппен жазуға немесе оқуға болады(произвольный доступ к памяти).

  • Жад ұялары нөмірленетін болғандықтан,кейіннен оны берілген адресі бойынша алдыңғы мәліметтерді қарамастан тауып алуға болады.

  • Жад бөлігіне ат қойып,кейіннен осы ат бойынша оны пайдалануға (өзгертіп жазуға , оқуға) да болады.

  • Сонымен,қазіргі компьютерлер архитектурасының анықталу принциптері:

  • 1.Программалық басқару принципі компьютердегі есептеу процестерін автоматтандыру істерін атқаруға негізделген.Бұған байланысты кез келген есепті шығару үшін соған сәйкес орындалатын компьютер командаларының тізбегін анықтайтын программа құрылады.Программалық басқару ісінің тиімділігі бастапқы мәліметтерді өзгерте отырып бір программаны бірнеше рет қайталап пайдаланған сайын арта түседі.

  • 2.Программаны жедел жадта сақтау принципі бойынша программа командалары сандар секілді сақталып ,сандар сияқты өңделеді.Программаның орындалуын жеделдету үшін ол алдын ала компьютер жедел жадына толық жүктелуі тиіс.

  • 3.Жедел жадындағы мәліметтерді кез келген тәртіппен алу (произвольный доступ к памяти) принципі бойынша программалар мен мәліметтер жедел жадынының кез келген жеріне жазыла береді,кейіннен оны берілген адресімен басқа мәліметтерді қарамастан тауып алуға болады.

  • Осы принцип негізінде компьютер – оның жадына сандық кодтар түрінде жазылған алғашқы мәліметтер мен программаны енгізгеннен кеін есептеу процесін толық автоматты түрде өзі жүргізіп, нәтижесін адамға түсінікті түрде бере алатын техникалық құрылғы болып табылады.

  • 1 сурет. Компьтердің Фон Нейман архитектурасы бойынша құрылуы

  • Енді осы принциптерге сәйкес жұмыс атқаратын компьютерлік жүйелерді қарастырайық.

  1. Компьютерлік жүйелер