Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Информатика.docx
Скачиваний:
129
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
2.25 Mб
Скачать
  • Сурет келесі түрдегідей болуы керек:

  • 8.2. Тәжірибелік жұмыс. Дефрагментация және дискті форматтау

  • 1-жаттығу. Дискетаны форматтау.

  1. Дискетаны салыңыз, әрі қарай

  • Проводник программасын немесе Мой компьютер бумасын пайдаланып Диск 3,5 (А:) белгісін тауып, белгілеп алыңыз.

  • Жоғарғы мәзірдегі Файл -> Форматировать командасын немесе контекстік мәзірдегі (тышқанның оң жақ батырмасын шерту арқылы шақырылатын мәзір) Форматировать командасын орындаңыз.

  • Пайда болған терезеде өзіңізге қажет шарттарды (мысалы, форматтаудың түрі Полное немесе Быстрое) қабылдаңыз да, орындауға жіберіңіз.

  • Ескерту!!! Форматтау сол дискідегі барлық мәліметтерді жояды.

  1. Дискіге бірнеше объектілерді (бумалар, файлдар) көшіріңіз.

  2. Дискідегі бос орынды қараңыз, ол үшін

  • Тышқанның көрсеткішін Диск 3,5 (А:) белгісіне апарыңыз, сол кезде экранда дискінің көлемі және ондағы бос орынның көлемі туралы мәлімет шығады немесе

  • Диск 3,5 (А:) дискісінің контекстік мәзіріндегі Свойства командасын орындау керек.

  • 2-жаттығу. WinZip архивтеу прораммасын пайдалану

  • 1. Өз бумаңызда Архив1 деп аталатын бума құрыңыз.

  • 2. Құрылған Архив1 бумасына архивтеуге қажет файлдарыңызды, бумаларыңызды орналастырыңыз. Архив1 бумасының көлемін тексеріңіз, жазып алыңыз.

  • 3. Құрылған Архив1 бумасының белгісінде тышқанның оң жақ батырмасына шертіңіз және пайда болған контекстік мәзірден Добавить в архив командасын орындаңыз.

  • 4. Архивтеу параметрлерін көрсетіңіз (архивтің аты Doc.zip)

  • 5. Архивтелген буманың көлемін жазып алған бастапқы бума көлеміменсалыстырыңыз.

  • 6. Өз бумаңызда Архив2 деп аталатын жаңа бума құрыңыз.

  • 7. Doc.zip архивінен *.doc кеңеймелі файлдарды алып Архив2 бумасына орналастырыңыз, ол үшін

  • Архивтелген бума белгісіне екі рет шертіңіз де, пайда болған терезедегі (архиватор терезесі) саймандар панелінен Найти командасын орындаңыз.

  • Искать командасының терезесіне ізделінді файлдың аты немесе шаблоны (кеңеймесімен қоса) жазылады да орындауға жіберіледі.

  • Результаты поиска терезесіндегі шыққан файлдардың бәрін белгілеңіз және Извлечь в командасын орындаңыз.

  • Пайда болған терезеде қалпына келтірілген файлдар барып орналасатын Архив2 бумасының маршруты көрсетіледі және ОК орындалады.

  • 8. Архив2 бумасын дискетаға көшіріңіз.

  • 3-жаттығу. Дискіге қызмет көрсету.

  1. Дискетаның ( Диск 3,5(А:)) жұмыстық бетін тексеру. Ол үшін :

  • Мойкомпьютер терезесінен Диск 3,5(А:) белгілеп алынады.

  • Осы терезенің Файл мәзірінен немесе контекстік мәзірден Свойства командасы орындалады.

  • Пайда болған терезедегі Сервис жапсырмасының тобындағы Проверка диска бөліміндегі Выполнить проверку командасы орындалады.

  • Параметры проверки диска тобындағы Проверять и восстанавливать поврежденные сектора тұсына тышқанмен шертіп белгі қойыңыз., орындауға жіберіңіз.