Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Информатика.docx
Скачиваний:
129
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
2.25 Mб
Скачать
  • Бұлар әдетте аз мерзімге қандай да бір ақпаратты немесе сұранысты шығару үшін ғана шығады. Сұраныс терезесі әрқашан басқа программалар терезесінің үстіне шығады. Олардың өлшемі және жинақтау немесе ашу батырмалары болмайды.

  • Көмек. WINDOWS-тың барлық программаларының меню жолында Көмек (Help) пункті болады. Оның көмегімен пайдаланылатын программа туралы және олардың меню пунктері туралы толық ақпарат алуға болады. Кейде бұл анықтамалық F1 клавишасына контесті – тәуелді болады, бұл кнопканы басқанда программа жұмыс режимі бойынша барлық анықтама алуға болады.

  • Мүндай қосылған анықтамалар WINDOWS-қа (Win Help. Exe) көмегімен кіреді, сондықтан бұл анықтаманы қолдану үшін осы программаның файл дерегін қалдырса болғаны.

  • WINDOWS-ң қосылған анықтамалы-ң қосылған анықтамалығы – гипертекст принципіне негізделген: белгісіз терминдерді түсіндіретін және керек ақпаратты тез арада анықтайтын тоғысқан сілтемелер.

  • Жұмысты аяқтау. WINDOWS-та жұмысты аяқтау үшін барлық белсенді қосымшаларды тоқтатып терезелердің барлығын жауып SHUT DOWN утилитасын пайдалану керек. Ол жұмысты аяқтаудың қарапайым диалогті терезесін ашады:

  • ЗАВЕРШИТЬ РАБОТУ (Shutdownthecomputer);

  • ПЕРЕЗАГРУЗИТЬ КОМПЬЮТЕР (Restartthecomputer);

  • ПЕРЕЗАГРУЗИТЬ КОМПЬЮТЕР В РЕЖИМЕ ЭМУЛЯЦИИ MSDOS(RestartthecomputerinMS–DOSmode).

  • Егер қандайда бір қосымшалар жабылмаған болса, онда WINDOWSөзі жабуға арналған диалогті терезені шығарып жабуды талап етеді. Егер қосымша жұмыс істеп тұрса, онда ол файлды диске көшіріп жабу керек.

  • 7.3 Linux операциялық жүйесіне шолу.

  • Linux операциялық жүйесі көптеген жерлерде, яғни ұжымдық мекемелер мен ғимараттарында оқуда тегін және өте қарапайым OS Unix альтернативінде кең таралды.

  • Бүгінгі барлық операциялық жүйелердің жақсы қасиеттерін Linux өзінде қамтып тұр. Оны OS/2 операциялық жүйе сияқты жеңіл қондыруға болады. Оның графиктік интерфейсі WindowsXP-мен пара-пар және желінің жасалу мүмкіндігі WindowsNT-дан жоғары, ал көпқолданбалы жұмыс тәртібі Unix принципі арқылы жасалған.

  • OS Linux-тің болашағы жоқ деп айтылуда. Бірақ бұл операциялық жүйенің он бір жылдық тарихы бізге керісінше ойлануға кепілдік береді.

  • Бұл жұмыстың мақсаты Linux-тің мүмкіндіктері мен жұмыс ережелерімен танысу болып табылады. Бөлімдерде операциялық жүйенің жалпы мағлұматтары және оны дербес компьютерде қондырудың процесі келтіріледі. Сонымен бірге операциялық жүйеде графиктік және мәтіндік режимдермен жұмыс істеуге болатыны көрсетіледі. Және де кейбір администраторлау мағлұматтары мен OS-тің жан-жақты қамтылуы беріледі.

  • Linux–те инструменттердің жинағы қамтамасыздандырылған, осы инструменттер арқылы, сіз өзіңіздің жеке қолданбаларыңызды, құжаттарыңызды, WEB парақтарыңызды, презентацияларыңызды, сызбаларды, ойындарды және де компьютерлік графиктерге дейінде қатынас құра аласыз. Интернетте Linux жүйесі персоналды компьютерлерде жұмыс жасайтындарға негізгі тірек болып табылады. Интернетте жүріп саяхаттаудан тыс, Linux операциялық жүйесі интернет тораптарын және FTP – серверлерін құруға рұқсат береді. Осының арқасында басқа қолданушылар (мысалы, модемі компьютерге қосылған, сіздің достарыңыз) сіздің Linux жүйеңізге көп пайдаланушылар режимінде қосыла алады.

  • Linux операциялық жүйесімен танысу

  • Linux – Unix операциялық жүйесінің толық функционалды нұсқасы. Бұл операциялық жүйеге, Unix операциялық жүйесінің ең қуатты мүмкіндіктері кіргізілген, және де Linux–ке Unix операциялық жүйесінің қазіргі кездегі қолданбалары қосылған. Бұл қолданбалар GNU тізбегімен таралып өзіне кәсіби деңгейдегі қолданбаларды кіргізеді. Linux–те инструменттердің жинағы қамтамасыздандырылған, осы инструменттер арқылы, сіз өзіңіздің жеке қолданбаларыңызды, құжаттарыңызды, WEB парақтарыңызды, презентацияларыңызды, сызбаларды, ойындарды және де компьютерлік графиктерге дейінде қатынас құра аласыз. Интернетте Linux жүйесі персоналды компьютерлерде жұмыс жасайтындарға негізгі тірек болып табылады. Интернетте жүріп саяхаттаудан тыс, Linux операциялық жүйесі интернет тораптарын және FTP–серверлерін құруға рұқсат береді. Осының арқасында басқа қолданушылар (мысалы, модемі компьютерге қосылған, сіздің достарыңыз) сіздің Linux жүйеңізге көп пайдаланушылар режимінде қосыла алады.

  • Linux-тің бірінші түрі шыққаннан кейін екі айдан соң Линус Торвальдс жаңа оперциялық жүйені таратты және басқаларды Linux-ті дамыту жұмысына шақырды. Сондықтан Linux операциялық жүйесі бүгінгі күнде көптеген жер шарының программистерімен дамытылуда және олардың жемісі көптеген Интернет сайттарында жазылған. Осы топтың басқарушысы әлі күнге дейін Линус Торвальдс болып саналады.

  • Linux Unix-тің жеңілдетілген түрінің қорында орналасқан, ол Minix деп аталады. Алғашынан бастап Linux тез бейімделген, кіші және арзан операциялық жүйе ретінде жасалады.

  • Linux операциялық жүйенің негізгі қасиеттері

  • Толық көпқолданбалы операциялық жүйе. Ол бір мезгілде бірнеше жұмыстарды орындауда компьютердің барлық ақпараттық ресурстарын қолданады.

  • Виртуалдық жадының жәрдемі. Linux қатты дискінің бөлімін виртуалдық жады ретінде пайдалана алады. Операциондық жадыда активті процестерді сақтайды және дискіге програманың аз қолданылатын бөлімдерін кіргізеді. Жүйенің барлық жадысы қолданылады (виртуалдық және операциялық), Linux үшін бағдарламалармен дискінің жалпы жадысы сипатталады.

  • Операциялық жүйенің графиктік ортасы. XWindow – бұл стандартты интерфейс, ол Unix-те графиктік мүмкіндіктерді орындайды.

  • Linux барлық қолданбалы тор хаттамаларын, сонымен бірге Интернет-хаттамасы TCP/IP, желілік хаттамалары SMB* және Novell, Nis ақпараттық хаттамалары, NFS, WINS және т.б. желілік файлдық жүйенің хаттамаларына жәрдемдеседі.

  • Кітапхана байлығы. Әрбір жұмыстағы қайталанатын процедураларды сақтаудың орнына жүйе стандартты кітапхана жиынын береді. Олар қажет уақытта бағдарламаларға қосылады.

  • SysV, BSP және IEEE POSIX 1 стандарттарына ұқсас болуы. Linux көбінесе стандарттарды қолданады.

  • Операциялық жүйенің ашық мәтіні. Linux AT&T* сияқты саудалық дамытылуларын пайдаланбайды. Сондықтан әрбір адам өзінің OS модулін жазуға мүмкіндік алады.

  • Басқа операциялық жүйелерге қарағанда өте арзан.

  • Вирустарға толық қарсы тұруы. Қазіргі уақытта Linux-ке арналған он вирус қана белгілі. Олардың ешқайсысы операциялық жүйеге зиян келтіре алмайды.

  • Linux-тің таралуы

  • “Linux тегін” – бұл Linux-тің әрбір түрі мен дистрибутивтерін таратушылардың негізгі постулаты. Linux GNU GPL лицензиялық сәйкестенушілікке байланысты таралады. Бұл мазмұнды және көлемді құжатты қысқаша былайша беруге болады:

  • Жүйе тегін таралады.

  • Операциялық жүйе жиынын және оған кіретін мағлұматтарды сатуға дайындалғаны үшін сатушының кез келген баға қоюға құқығы бар.

  • Лицензияда көрсетілген сатып алушының құқықтарына сатушының қарсы құқысы жоқ.

  • Соңғы бөлімше ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Дистрибутив құраушысы және сатушы сатып алушыға дистрибутивті пайдалану құқығын береді, сатып алушының оны көбейтуге және тегін таратуға мүмкіндігі бар. Бірақ Linux тегін деп те айтуға болмайды: сатып алушы сатушыға оның компакт-дискіге жазуға, қапталуы мен сатылу орнына әкелінуіне кеткен қаражатты төлейді.

  • Бұл бойынша Қазақстан Республикасында әрбір Linux дистрибутивінің лицензиялық көшірме күнделікті 300-1500 теңге бағасымен сатылады.

  • Linux ұсынатын жабдықтардың әр түрлілігін ескере отырып, ол арзан тұрмайды деп аңғаруға болады. Дегенмен ол бұлай емес! Linux ядросы мен оған жазылған бағдарламалардың көп бөлігін Іnternet арқылы, негізінен көшірме жасауға және таратуға ешбір шектеу қойылмаған, олар тегін таратылады.

  • Ең алдымен, Linux ядросы GNU GPL (General Public License жалпы түрдегі қоғамдық лицензия) лицензиясы негізінде таралады. Бұл тегін бағдарламалық қамтамалар фондымен (Ғrее Software Foundation) құрылған тегін бағдарламалық қамтамаларды таратуға негізделген арнайы лицензия. GNU лицензиясы бойынша бағдарламалық қамтаманы тегін немесе ақшалай GNU лицензиясының шарттары орындалған жағдайда таратуға рұқсат етіледі.

  • GNU лицензиясының тағы бір маңызды ерекшелігі барлық бағдарламалық қамтамалар бастапқы мәтіндерінің толық жиынымен таралуы қажет. Бастапқы мәтіндерге қол жеткізбейтіндіктен өзгертулер енгізуге болмайтын саудалық бағдарламалық қамтамалармен салыстырғанда, GNU бағдарламаларын модификациялауға рұқсат етілумен қатар толық еркіндік беріледі.

  • Linux операциялық жүйесін және оған арналған бағдарламаларды құрудың осындай тәсілінің сәтті болуы соншалық - оны Netscape компаниясы өзінің Communicator бағдарламалар тобы үшін қабылдады.

  • 7 –тақырып бойынша тест сұрақтары

  1. Файл деген не?

  • А. программа;

  • B. дискідегі атауы бар орын;

  • C. мәліметтер жинағы;

  • D. шифрленген информация;

  • E. жарлық.

  1. Файл аты неден тұрады?

  • А. құжатттың алғашқы сөз тіркестерінен;

  • B. екі бөліктен: файл аты мен типі (кеңейтілуі);

  • C. 256 символдан аспайтын кез келген сөз тіркестерінен;

  • D. алфавиттегі бас әріптерден;

  • E. кез келген символдардан.

  1. Бума деген не?

  • А. бума – бұл файл;

  • B. бума – бұл программа;

  • C.бума – бұл дискідегі өзіндік аты бар орын, мұнда файлдар, бумалар, жарлықтар сақталады;

  • D. бума – бұл файла аты;

  • E. бума – бұл жарлық аты.

  1. Утилиттер – бұл…

  • A. редакторлар;

  • B. дұрыс жауабы жоқ;

  • C. компиляторлар; D. модульдер;

  • E. көмекші программалар.

  1. Компьютерде орындалатын программалар келесі топтарға жіктеледі:

  • А. жүйелік, қолданбалы, программалау тілдері;

  • B. басқарушы, ойын программалары;

  • C. қарапайым және көпдеңгейлі программалар;

  • D. операциялық жүйелер және BIOS программалары;

  • E. оқытуға арналған және интерактивті программалар.

  1. Жүйелік программалар…