Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Информатика.docx
Скачиваний:
129
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
2.25 Mб
Скачать
  • 12.1. Тәжірибелік жұмыс. Қолданбалы тапсырмаларды шешуде кестелік процессорды қолдану Сілтемелер.

  • Функциялар құру.

  • 1-жаттығу. Электрондық кестеда студенттердің пән бойынша үлгірімі процентпен берілген. Үлгірім 45% кем болса студент аттестациядан өтпеген болып есептеледі. Студенттің аттестациядан өтке-өтпегенін формула көмегімен анықтаңыз.

  1. Excel программасында Работа3 деген атпен жаңа құжат құрыңыз .

  2. Құжаттың бірінші жұмыстық бетін (Лист1) Задание 1 деп өзгертіңіз.

  3. Кестені 7- суреттегідей толтырыңыз.

  • 7-сурет

  1. Студенттің аттестациядан өткен- өтпегенін тексеру үшін:

  • С3 ұяшығы белгіленеді. Вставка→Функция командасы орындалады. Пайда болған терезеден Логические категориясындағы, ЕСЛИ функциясын таңдайсыз.

  • Әрі қарай ЕСЛИ функциясының терезесіндегі Логическое выражение тұсына В3 ұяшықтағы мәнді , 45% салыстыратын шартты: В3>=45% түрінде жазамыз. Шартқа сәйкес:

  • Значение если_истина тұсына: «аттестован» жазылады;

  • Значение если_ложь тұсына : «не аттестован» жазылады;

  • ОК басылады;

  • 7. Осы формула қалған ұяшықтарға көшіріледі.

  • 2 -жаттығу. Аттестация 3 пән бойынша өтті. Студенттің барлық 3 пән бойынша аттестациялық үлгірімін текскру қажет .

  1. Құжатыңыздағы келесі жұмыстық бетті (Лист2) Задание2 деп өзгертіңіз;

  2. Кестені 8- суреттегідей толтырыңыз;

  • 8- сурет

  1. Сан мәндерін процентпен жазыңыз, ол үшін :

  • В3:D7 диапазон белгіленеді, диапазонның контекстік мәзірінен Формат ячеек командасы орындалады. Пайда болған терезенің Числа тізімінен Процентный форматы таңдалынады, Число десятичных знаков тұсына 0 жазылады;

  • Е3 ұяшығында ЕСЛИ функциясы шақырылады;

  • Формулалар жолының сол жағындағы

    • белгісіне шертіледі;

    1. Пайда болған тізімнен Другие функции таңддалынып, Логические категориясындаығы И функциясы белгіленеді;

    2. И функциясының терезесіндегі Логическое_значение1: B3>=45%, Логическое_значение2: C3>=45%, Логическое_значение3: D3>=45% түрінде толтырылады;

    3. формулалар жолындағы ЕСЛИ шертіледі ;

    • Значение если_истина тұсына: «аттестован» жазылады;

    • Значение если_ложь тұсына : «не аттестован» жазылады;

  • ОК басылады;

  • Формула қалған ұяшықтарға жазылады.

    • 12.2. Тәжірибелік жұмыс. Финанстық функциялар.

    • 1.1- жаттығу. Салымшы банкке 10 жылға 27000 теңге соманы 13,5% жылдық проценттік ставкамен салды. Процент әрбір жартыжылдықта қосылып отырады. Болашақ соманы анықтаңыз.

    1. Жұмыс кітабын Фин. Функции деген атпен сақтаңыз;

    2. Жұмыстық бетте Задача1.1 /17-сурет/ жасаңыз;

    • 17-сурет

    • 2. В бағанындағы сәйкес ұяшықтарға берілуі тиіс мәліметтерді жазыңыз;

    • 3. Болашақ соманы есептеу үшін :

    • 1- әдіс: формуланы пайдалану , яғни В6 ұяшыққа =B5*(1+B3/2)^(B4*2) формуласы жазылады;

    • 2-әдіс: Болашақ құнды есептеудің БС финанстық функциясын қолдану:

    • Курсорды В7 ұяшыққа қойып Вставка->Функция командасы орындалады, Финансовые категориясынан БС функциясы таңдалынады;

    • БС функциясының терезесінде келесі мәліметтер енгізіледі: Ставка: B3/2; Кпер: B4*2;ПС: -B5

    • 1.2 – жаттығу. Салымды 4 жыл бойы инвестициялаудың екі тәсілі бар: жыл басында 26% жылдық проценттік ставкамен немесе жылдың соңында 38% жылдық проценттік ставкамен. Егер, жыл сайын 300 000 теңге салынып тұратын болса салымшының есепшотында 4 жылдан кейін қанша сома болатынын екі тәсіл үшін табыңыз?

    1. Екі тәсіл үшін де мәліметтерді кестеге енгізіңіз /Задача1.2, 17-сурет/;

    2. Курсорды қажет ұяшыққа (Е6) орналастырыңыз;

    3. Функциюны шақырыңыз;

    4. Қажет параметрлерді енгізіп , орындауға жіберіңіз.