Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Информатика.docx
Скачиваний:
129
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
2.25 Mб
Скачать
  • 10.2 Microsoft Equation 3.0. Формулалар редакторы

  • Мақсаты: Текстік құжаттарда кестелермен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

  • Негізгі түсініктер:

  • Текстік құжатқа формулалар енгізу. Word текстік құжатына Microsoft Equation 3.0 формулалар редакторын пайдаланып математикалық және т. б. формулаларды енгізудің бірнеше тәсілдері бар:

  • Бірінші әдіс:

  1. Құжаттағы формула жазылатын орынды анықтаңыз;

  2. Вставка -> Объект->Тип объекта Microsoft Equation 3.0. командалары орындалып ОК басылады.

  • Екінші әдіс:

  1. Саймандар панелінен Редактор формул немесе батырмасына шертіледі.

  • Кестеларды құру және форматтау. Word программасында тексті кестелар түрінде жазудың түрлі мүмкіндіктері қарастырылған. Мұның ең қарапайым жолы табуляция позицияларын пайдалану болып есептеледі..

  • Word программасында кестеларды құру және форматтау жолдары:

  • Шағын кестеларды саймандар панеліндегі Добавить таблицу батырмасын пайдаланып жасауға болады;

  • Текстік құжатқа бағандары мен жолдарының санын алдын-ала көрсетілген кестені жоғарғы мәзірдің Таблицы -> Вставить таблицу командалары арқылы қояды. Бағандар мен жолдар санын Вставка таблицы диалогтық терезесіндегі счетчик-есептеуіштер көмегімен береді;

  • Таблицы и границы батырмасы, сондай-ақ Кесте -> Нарисовать таблицу командалары құжатқа қойылатын кестені қолданушының өзі сызып шығуына мүмкіндік береді;

  • Кесте -> Объединить ячейки (Разбить ячейки) командалары алдын ала белгіленіп алынған бірнеше ұяшықтарды біріктіруді немесе жекелеген ұяшықтарды бөлуді жүзеге асырады;

  • Кестелердегі ұяшықтарды бөліп тұрған сызықтарды алып тастауға немесе көрсетіп қоюға болады. Ол үшін Таблицы и границы саймандар панелінің Нарисовать таблицу и Ластик батырмалары пайдаланылады;

  • Кесте -> Автоформат командасы көмегімен кестелар құруға арналған стандарт форматтағы дайын шаблондарды пайдалануға болады;

  • Кестелердегі есептеулер . Word текстік процессорында кесте бағандары мен жолдарында орналасқан сандармен жүргізілетін есептеулерді сәйкесінше басқа ұяшыққа Кесте ->Формулы командасының көмегімен есептеп шығаруға болады.

  • Ұяшықтар блогына сілтеме жасайтын қызметші сөздер:

  • LEFT-формула жазылған ұяшықтың сол жағындағы ұяшықтар ;

  • RIGHT- формула жазылған ұяшықтың оң жағындағы ұяшықтар;

  • ABOVE- формула жазылған ұяшықтың жоғарысында орналасқан

  • жағындағы ұяшықтар;

  • BELOW- формула жазылған ұяшықтың төменінде орналасқан

  • жағындағы ұяшықтар.

  • Word программасындағы қолданушының функциялары:

  • AVERAGE() – ұяшықтар диапазонының орташа мәнін есептеу;

  • COUNT() – ұяшықтар диапазонындағы мәндердің санын есептеу;

  • MAX() – максималь мәнді табу;

  • MIN() – минималь мәнді табу;

  • SUM() – мәндердің немесе сандардың қосындысын табу.