Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Информатика.docx
Скачиваний:
129
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
2.25 Mб
Скачать
    1. Ms Word мәтіндік редакторында макрастармен жұмыс.

  • Мақсаты: Текстік құжаттарға макростар қоюды үйрету.

  • Негізгі түсініктер:

  • Макрос (немесе макропрограмма) – қолданушының тізбектей орындайтын бірнеше командалар жиынтығын біріктіріп белгілі бір пернелер комбинациясына немесе белгілі бір батырмаға меншіктейтін программа. Бұл әрекетті орындау үшін Word текстік процессорында қолданушының әрбір орындаған командасын немесе әрекетін программа түрінде тіркеп отыратын арнаулы макротранслятор болады. Макростарды, көбінесе бірсарынды әрекеттерді қайталап отырмас үшін қолданады. Макросты пайдалану қолайлы болу үшін оны орындауды саймандар панелінде орналасатын бір батырмаға немесе пернелер комбинациясына меншіктеп қояды, яғни ол батырмаға шерткенде немесе пернелер комбинациясын басқан кезде сіздің құрған макросыңызға сәйкес командалар тізбегі автоматты түрде бірден бір команда сияқты орындалады. Макросты жазу үшін Сервис->Макрос->Начать запись командасы орындалады немесе қалып-күй қатарындағы ЗАП индикаторына екі рет шертіледі.

  • 10.4 Ms Word мәтіндік редакторының графикалық мүмкіндіктері

  • Мақсаты: Текстік құжаттарға суреттер, графиктік және т.б. объектілерқоюды үйрету.

  • Негізгі түсініктер:

  • Word құжатында суреттер салу. Word текстік процессорында қарапайым схемаларды, чертеждер мен суреттерді Вид->Панели инструментов->Рисование командасы арқылы іске қосылатын орнатылған графиктік редактор көмегімен салуға болады.

  • Графиктік объектілерді біріктіру. Түрлі бөліктерден құралған чертежді немесе схеманы біртұтас сурет ретінде қарастыру үшін ол бөліктерді Shift батырмасын баса отырып белгілейді де сол жерде контекстік мәзірден Действия->Группировать командасын орындайды. Объектілерді біріктіруді алып тастау үшін сол контекстік мәзірдегі Действия -> Разгруппировать командасы қолданылады.

  • Word процессорындағы графикамен жасалатын жұмыстарды үш бағытқа сәйкес қарастырады:

  1. Басқа қосымшаларда (мысалы, Paint, Ms Drawing, Paintbrush, Excel және т. б.) салынған графиктік объектілерді құжатқа кірістіру;

  1. Құжаттың өзінде Рисование панелінің құралдарын пайдаланып сурет салу;

  2. Тексті көркемдеуде Clipart коллекциясының дайын суреттерін пайдалану.

  • Графиктік объектінің текстегі орналасуы.

  1. Настройка изображения панелін іске қосыңыз.Ол үшін Вид -> Панели инструментов -> Настройка изображения командасы орындалады.

  2. Пайда болған панелден Обтекание текстом батырмасына шертіледі. Пайда болған мәзірден өзіңізге қажет команда таңдалынып, сол командаға шертіледі. Егер По контуру командасы таңдалса терілген текст графиктік объект контурын жағалай орналасады.

  • OLE технология. Құжатта әртүрлі типке жататын объектілерді біріктіру үшін, айталық графиктік, музыкалық объектілер, электрондық кестелар секілді, Windows жүйесінде OLE технологиясы қолданылады. OLE технология – объектілерді кірістіру және байланыстыру. Осыған байланысты текстке енгізілетін объектілерді екі топқа бөлуге болады:

  • Құжатқа кірістірілген объект құжаттың бөлігі ретінде есептеледі де бастапқы оригинал объектідегі өзгерістер құжаттағы объектіге берілмейді;

  • Құжаттағы байланысқан объектілер оригиналдары өзгерген жағдайда қоса өзгеріп отырады.

  • OLE технологиясының терминдері:

  • Клиент –объектіні қабылдайтын қосымша немесе программа;

  • Сервер –объектінің өзі жасалатын қосымша немесе программа.

  • Құжатқа кірістірілген немесе байланысқан объектілерді сервер-қосымша көмегімен редакциялау үшін сол объектіде екі рет шертіледі.

  • OLE технологиясы екі түрлі әдіспен орындалады:

  1. Алмастыру буфері, яғни қосымша мәзірінің Правка -> Специальная_вставка командасын пайдалануға болады. Бұл әдіс фрагмент үшін де, тұтас құжат үшін де орындалады.

  2. Қосымша мәзірінің Вставка -> Объект командасын пайдалануға болады. Бұл әдіс тұтас құжат үшін ғана орындалады.