- •Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі
- •Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі Қазақ гуманитарлық заң университеті экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебі
- •Пәннің оқу бағдарламасы
- •Пән мазмұны Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары
- •Обсөж және сөж тапсырмаларын орындау мен тапсырудың тақырыптық жоспары
- •Əдебиеттер
- •Глоссарий
- •Г қосымшасы
- •Білім бағалаудың жалпы кестесі
- •Семинарлық және тәжірибелік сабақтарды жүргізуге арналған әдістемелік нұсқаулар
- •1.1 Информатика пәні. Ақпараттық технологиялар.
- •1.2 Санау жүйелері. Сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне аудару.
- •2.1 Ақпарат және оның түрлері, қасиеттері.
- •2.2 Ақпаратты кодтау аsсіі (Ақпараттардың эем-да берілуі).
- •2.3 Компьютерде ақпаратты көрсету.
- •С кибернетика;
- •3.1 Бульдік алгебра функциялары, қатынас және жиындар.
- •3.2 Компьютердің логикалық негіздері.
- •3.3 Графтар мен ағаштар.
- •Логикалық қосу
- •Логикалық теріске шығару
- •4.1 Ақпараттық жүйелердің заң тәжірибесіндегі рөлі мен орны.
- •Қр «Ақпарат, ақпараттық технологиялар және ақпаратты қорғау туралы» Заңын талқылау
- •Эем архитектурасының негізгі түсініктері
- •5.1 Машинаны ұйымдастыру: Фон-Нейман принципі, басқару құрылғылары, командалар жүйелері мен типтері.
- •5.2 Компьютердің аппараттық қамтамасыздандырылуы. Енгізу-шығыру және тоқтату. Компьютер жадысының құрылғысы. Енгізу-шығару құрылғылары.
- •3 Сурет. Компьютердің функционалдық схемасы
- •5.3 Заң және құқық қорғау қызметі үшін ақпараттық – коммуникациялық технологиялар құрал – жабдықтарын белгілеу.
- •B. Қатты және иілгіш магниттік дискілердегі мәлімет жинақтауыш;
- •6.1 Алгоритмдердің концепциялары мен қасиеттері, алгоритмдерді жүзеге асыру.
- •6.2 Тапсырмаларды шешу стратегиялары.
- •Қазіргі бағдарламалық қамтамасыздандырылуға шолу.
- •7.1 Бқ жіктелуі.
- •7.2 Операциялық жүйелер
- •7.3 Linux операциялық жүйесіне шолу.
- •Linux операциялық жүйесімен танысу
- •Linux операциялық жүйенің негізгі қасиеттері
- •8.1 Операциялық жүйелер құрамы. Утилиттер. Драйверлер.
- •8.2 Ақпаратты қорғау.
- •8.3 Парольдер. Есептік жазбалар.
- •9.1 Желілер және телекоммуникациялар.
- •9.2 Желілік қауіпсіздік. Компьютерлік желілерде ақпаратты алу және жіберу.
- •9.3 Ақпаратпен және компьютерлердің желідегі ақпараттық өнімдермен жұмыс істеудің құқықтық ерекшіліктері.
- •10.1 Форматтау және документтерді стильдік безендіру
- •10.2 Microsoft Equation 3.0. Формулалар редакторы
- •Ms Word мәтіндік редакторында макрастармен жұмыс.
- •10.4 Ms Word мәтіндік редакторының графикалық мүмкіндіктері
- •11.1. Белгілеу және интерфейс. Ұяшықтарды форматтау.
- •11.2 . Деректерді енгізу және редактрлеу. Ұяшық адрестері
- •11.3 Сілтемелер. Функциялар құру
- •12.1 Программада математикалық есептеулер жүргізу.
- •12.2 Диаграммамен жұмыс
- •12.3 Логикалық функциялар. Екі және үш шартқа тәуелді функциялардың графигін тұрғызу
- •13.1 Деректер базасы туралы түсінік. Деректер базасының құрылымы. Дббж
- •13.2 Деректер базасының кестесін құру.
- •13.3 Заңнамалық деректер базасын құру және өңдеу.
- •14.1 Сұраныстар құру.
- •Сұратулардағы есептеулер
- •14.2. Форма түрінде деректерді көрсету.
- •14.3 Есептер құру.
- •1. Мббж (Мәліметтер базасын басқару жүйесі) бұл…
- •8. Access-те санауыш (счетчик) дегеніміз…
- •15.3 Презентацияны демонцтрациялау режимдері.
- •5 .Пәнді жүргізу бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •"Информатика" пәні бойынша студенттің аудиториялық және аудиториядан тыс жұмыстарын ұйымдастыру.
- •1.2. Білімдерді бақылауға арналған материалдар
- •1.3. Семинарлық сабақтар, обсөж және сөж орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Арм (Hand-outs )
- •Тәжірибелік және лабораториялық жұмыстарды жүргізуге арналған материалдар
- •1.1 Тәжірибелік жұмыс. Санау жүйелері.
- •Тәжірибелік жұмыс.
- •1 Лабораториялық жұмыс. Бір жүйеден екінші жүйеге өту
- •2.1 Тәжірибелік жұмыс. Сандық ақпаратты көрсету
- •2.2 Тәжірибелік жұмыс. Мәтіндік ақпараттарды кодтау
- •Кодталған кестені қолдану
- •2 Лаборатораториялық жұмыс. Графикалық ақпаратты көрсету
- •3.2. Келесі айтылымдар үшін ақиқат кестесін құрыңыздар:
- •4.1. Тәжірибелік жұмыс. Компьютердің логикалық негіздері
- •4.2. Тәжірибелік жұмыс. Логикалық схемалар құру
- •4 Лабораториялық жұмыс. Графтар көмегімен тапсырмаларды шешу.
- •5.1. Тәжірибелік жұмыс. Эем архитектурасының негізі түсініктері
- •5.2. Тәжірибелік жұмыс. Дербес компьютер құрылғыларын оқып үйрену
- •5. Лабораториялық жұмыс. Әрекет принциптері және жүйелік блоктың негізгі құрылғылары.
- •6.1. Тәжірибелік жұмыс. Алгоритм. Қасиеттері және алгоритмдерді жазудың тәсілдері.
- •6.2. Тәжірибелік жұмыс. Алгоритмдердің блок – схемасын құру
- •6. Лабораториялық жұмыс. Экономикалық түрдегі алгоритмдік тапсырмаларды шешу
- •7.1. Тәжірибелік жұмыс. Бағдарламалық қамтамасыздандырудың жіктелуі
- •7.2. Тәжірибелік жұмыс. Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыздандыру
- •7. Лабораториялық жұмыс. Операциялық жүйеде жұмыс істеу.
- •6. Файлдар мен бумаларды жылжыту және көшіру
- •10. Файлдардың және бумалардың атауларын өзгерту
- •11. Файлды немесе буманы іздеу
- •12. Жақын арада қолданылған құжатты ашу жолы:
- •13. Файлдарды иілгіш магниттік дискіге көшіру:
- •8.1. Тәжірибелік жұмыс. Интерфейс операционной системы windows
- •8.2. Тәжірибелік жұмыс. Дефрагментация және дискті форматтау
- •Лабораториялық жұмыс 8. Антивирустар және архиваторлар
- •9.1. Тәжірибелік жұмыс. Компьютерлік желілер
- •9.2. Тәжірибелік жұмыс. Кілттік сөздер бойынша ақпарат іздеу
- •9. Лабораториялық жұмыс. Ақпараттық қауіпсіздік
- •Microsoft Equation 3.0. Формулалар редакторы
- •Лабораториялық жұмыс 10. Работа с длинными документами
- •11.1. Тәжірибелік жұмыс. Кестелік процессорлар.
- •Белгілеу және интерфейс. Ұяшықтарды форматтау.
- •11.2. Тәжірибелік жұмыс. Деректерді енгізу және редактрлеу. Ұяшық адрестері
- •11. Лабораториялық жұмыс. Excel программасы. Мәліметтерді сұрыптау және фильтрациялау
- •12.1. Тәжірибелік жұмыс. Қолданбалы тапсырмаларды шешуде кестелік процессорды қолдану Сілтемелер.
- •Функциялар құру.
- •12.2. Тәжірибелік жұмыс. Финанстық функциялар.
- •12. Лабораториялық жұмыс. Кестелік процессордың графикалық мүмкіндіктері
- •13.1. Тәжірибелік жұмыс. Ms Access. Шебер көмегімен кестелер құру
- •13.2. Тәжірибелік жұмыс. Конструктор режимінде кесте құрылымн Редактрлеу
- •1. Пішін шебері көмегімен Пәндер пішінін жасау.
- •3. Автопішін көмегімен пішін режимінде Студенттер кестесін толтыру керек.
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •13. Лабораториялық жұмыс. Кестедегі мәліметтерді сұрыптау
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •14.1. Тәжірибелік жұмыс. Ms Access. Сұраныстар құру
- •Өздік жұмыс үшін тапсырмалар:
- •14.2. Тәжірибелік жұмыс. Формаларды жасау
- •1. Пішін шебері көмегімен Пәндер пішінін жасау.
- •3. Автопішін көмегімен пішін режимінде Студенттер кестесін толтыру керек.
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •15. Тәжірибелік жұмыс. ДАйЫн шаблондарды қолданып презентациялар құру.
- •(3 Кредит)
Г қосымшасы
(анықтамалы)
Білім бағалаудың жалпы кестесі
Әріптік жүйе бойынша бағалау |
Баллдар |
%-дық құрамы |
Дәстүрлі жүйе бойынша баға |
А |
4.0 |
95-100 |
Өте жақсы |
А- |
3.67 |
90-94 | |
В+ |
3.33 |
85-89 |
Жақсы |
В |
3.0 |
80-84 | |
В- |
2.67 |
75-79 | |
С+ |
2.33 |
70-74 |
Қанағаттанарлық |
С |
2.0 |
65-69 | |
С- |
1.67 |
60-64 | |
D+ |
1.33 |
55-59 | |
D |
1.0 |
50-54 | |
F |
0 |
0-49 |
Қанағаттанарлықсыз |
Пән бойынша қорытынды баға пайыздық бөлінуі мынадай есептеледі:
Р1 + Р2
И % = --------------- × 0,6 + Э × 0,4
2
бұл жерде:
Р1 - 1 рейтинг бағасы (пайызда)
Р2 - 2 рейтинг бағасы (пайызда)
Э - емтихан бағасы
Семинарлық және тәжірибелік сабақтарды жүргізуге арналған әдістемелік нұсқаулар
1 – ТАҚЫРЫП. Информатика және ақпараттық технологиялар.
1.1 Информатика пәні. Ақпараттық технологиялар.
Жұмыстың мақсаты: Информатика пәні және информация ұғымы туралы түсінік беру.
Инрорматика – ЭЕМ арқылы информацияны жинау, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану заңдылықтары мен әдістерін зерттейтін комплексті ғылым.
«Информация» термині латынның түсіндіру, баяндау, білу деген ұғымдарды білдіретін information сөзінен шыққан.
Біз өзімізге қажетті информацияны оқулық пен кітаптардан, газет-журналдардан, теледидар хабарлары мен кинофильмдерден ала аламыз. Информация кез-келген түрде бізге белгілі-бір мағлұматтар немесе не болып жатқаны туралы деректер береді.
Түрлі объектілер, құбылыстар мен процестер жөніндегі жалпы мағлұматтарды информация дейді. Информация алу дегеніміз – бізді қоршаған құбылыстар мен объекттердің өзара байланыстары, құрылымы немесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мағлұматтар мен мәліметтер бере алу деген сөз.
Сонымен, информация – белгілі-бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар. Информация түрлері: мәтін, сурет, фотобейне, дыбыстық сигналдар, электр сигналдары, магниттік жазба және т.б.
Информацияның өлшем бірліктері – бит, байт, килобайт, мегабайт, гигабайт. 0 мен 1-ден тұратын екілік сан таңбалары бит деп аталады. Бит ағылшын тіліндегі bit (binary digit - екiлiк танба) деген қысқарған сөз. Компьютерде қолданылатын символдық таңбаларды бейнелейтін сегіз разрядты екілік санды байт (ағылшынның byte деген сөзінен) деп аталады.
Әрбір таңба компьютер жадынан 1 байт орын алады. Мысалы, әр жолда 60 таңба (бос орындармен қоса алғанда), ал әр парақта 40 жол (1,5 интервал үшін) болатынын ескерсек, бір стандарт өлшемді параққа шамамен 2400-2600 байт информация сияды.
1 байт=8 бит
1 килобайт=1024 байт
1 мегабайт=1024 килобайт
1 гигабайт=1024 мегабайт
Windows – IBM PC платформалы компьютерлерге арналған алғашқы графикалық операциялық жүйелердің бірі. Мұндағы ең қарапайым және негізгі басқару құрылғылары болып тышқан және пернелік тақта есептеледі. Windows жүйесінің көмегімен компьютерді басқара отырып, шағын локальдық желінің қызметін ұйымдастыруға болады және мұнда Интернет желісімен кіріктірілу мүмкіндігі де қарастырылған.
Файл деп логикалық байланысқа ие сыртқы жадының мәліметтер немесе программалар жиынтығы орналасқан , өз алдына дербес аты бар атаулы бөлігін айтады. Құрылған файлға ат беріледі және ол файлдық жүйеге тіркеледі. Файлдың аты екі бөліктен тұрады: файлдың атауы және файлдың кеңеймесі (типі), олар бір-бірінен нүкте арқылы ажыратылады.
Бума (папка, каталог) – бір дискіде орналасқан, белгілі бір қажеттілік бойынша бір топқа біріктірілген файлдар жиынтығын атау үшін қолданылатын Windows жүйесінің негізгі объектілерінің бірі. Мұндай қызмет атқаратын объектіні MS DOS жүйесінде каталог деп атаса, қазіргі Windows жүйесінде бума деп атайды. Бумада тағы да басқа бумалар , файлдар орналасуы мүмкін.
Бумалардың қызметі- есте сақтау құрылғыларында сақталатын өте көп файлдардың арасынан қажет файлды тез іздеп тауып алу үшін, оларды белгілі бір ретпен бағынышты немесе сатылы иерархиялық құрылымда орналастыру.
Жарлық (Ярлык)- нақты бір объектіге апаратын жол (маршрут, путь) сақталатын, бір килобайт көлеміндегі шағын файл. Жарлықтар да қажет объектілерді жылдам тауып алу үшін қолданылады.
Windows операциялық жүйесі графикалық жүйе болғандықтан мұнда негізгі объектілерді, яғни бума мен файлды белгілеу үшін арнаулы белгі- таңбалар (значки) қолданылады. Файлдардың әрбір типіне сәйкес белгілері болады, сондай-ақ жарлықтардың да өзіне тән бағыттауышы (стрелкасы) бар белгісі болады.
Windows операциялық жүйесіндегі графикалық интерфейстің негізі – бұл жақсы ойлап табылған және өте тиімді жұмыс жасауға мүмкіндік беретін терезелер жүйесі. Терезені операциялық жүйедегі жұмысты басқару элементі деп те , объектілердің жұмыс аумағы деп те қарастыруға болады. Windows операциялық жүйесінде терезенің: қосымша терезесі,
құжат терезесі,
сұхбат терезесі,
белгі (значок) - терезе және т. б. түрлері кездеседі.
Жұмыс үстелі (Рабочий стол) – Windows операциялық жүйесінің бумалары мен файлдары, жарлықтары және тағы да басқа жүйені басқару элементтері орналасатын жоғары деңгейдегі объектісі (немесе бума). Windows операциялық жүйесі іске қосылғанда бірден жұмыс үстелінің терезесі ашылады.
Тапсырмалар панелі (Панель задач) – жұмыс үстелінде орналасқан және қолданушының жасап жатырған тапсырмаларын уақытша қоя тұруына арналған Windows операциялық жүйесінің негізгі басқару элементтерінің бірі.
Файлдық жүйе – дискідегі файлдардың орналасуына және олармен жұмыс жасауды басқаруға жауап беретін операциялық жүйенің құрамды бір бөлігі.
Файлдық жүйеде жасалатын әрекеттер:
файлдық жүйе бойынша іздеу
қосымшаларды іске қосу және құжаттарды ашу
бумалар құру
бумалар мен файлдарды көшіру
бумалар мен файлдардың орынын ауыстыру
бумалар мен файлдарды өшіру
бумалар мен файлдардың атын өзгерту
жарлықтар құру
Сілтеуіш (Проводник)- файлдық жүйеден кез-келген объектіні іздеуге және олармен басқа да әрекеттерді орындауға арналған операциялық жүйенің қызметші программасы .
Алмасу буфері (Clipboard) - операциялық жүйе жұмысы кезінде қосымшалар мен құжаттар арасындағы мәлімет алмастыруды қамтамасыз етуге арналған жедел жадының арнаулы бөлігі.
Стандарт қосымшаларға Windows операциялық жүйесінің құрамындағы, қолданушыға ең қажет, қарапайым қызмет түрлерін (қарапайым мәтіндік құжат даярлау, суреттер салу, сақтау, баспаға шығару, математикалық қарапайым есептеулер жүргізу және т.б.) көрсететін келесі қосымшалар немесе программалар жатады:
Мәтіндік редактор WordPad
Блокнот
Графиктік редактор Paint
Калькулятор
Тышқан құрылғысымен жасалатын әрекеттер:
шерту
екі рет шерту
оң жақ батырмасына шерту
жылжыту немесе тасымалдау (перетаскивание)
созу немесе ұзарту (протягивание)