Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Информатика.docx
Скачиваний:
129
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
2.25 Mб
Скачать
  • Электрондық поштаны қорғау

  • Көптеген электронды пошталар оқуға болатын мәтіндік түрде Интернет хаттамалары немесе басқада ауқымды желілер арқылы жіберіледі. Электронды коммуникациянық конфеденциалды түрі туралы заң сіздің электронды поштаңызды қарапайым телефон қоңырауына теңейді.

  • Хакерлер сіздің электронды поштаңызға енуге әртүрлі тәсілдерді қолданады, ал сіздің деректеріңіз шифрленген болса, ол электронды поштаға кіргенмен оны оқи алмайды. Егер сізге құпия ақпаратты қорғау керек болса, онда жіберу алдында шифрлеу үшін PGP-ны қолданыңыз. Compaq компаниясы қол жетерлік бағадағы саусақтардың ізі бойынша қолданушылар идентификациясына негізделген бағдарламалық-аппараттық шешім шығарды. Биометрикалық ақпараттық анализ технологиясын қолданатын бұл құрылғы соңғы технологияның жетістіктерімен сәйкестендрілген және ол diskpro дербес компьютері, Armada қол компьютері және Compaq фирмасынан шыққан жұмыс станцияларымен бірлесіп жұмыс жасайды. Бұл шешім желідегі ақпаратты қорғау жүйесінің сенімділігін арттырады, жүйеге кіру кезіндегі қолданушының тіркелу процедурасын жеңілдетеді және ірі корпоративтік желіні басқарумен байланысты шығындарды қысқартады.

  • 9.3 Ақпаратпен және компьютерлердің желідегі ақпараттық өнімдермен жұмыс істеудің құқықтық ерекшіліктері.

  • Қазіргі таңда бүкіл әлемде болып жатқан кең ауқымды қайта құрулар ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (бұдан әрі - АКТ) қарқынды дамуына байланысты. Ғаламдық ақпарат қоғамның Хартиясында (Окинава) атап көрсетілгендей, «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жиырма бірінші ғасыр қоғамының қалыптасуына әсер ететін ең маңызды факторлардың бірі болып табылады. Олардың революциялық әсері адамдардың жүріс-тұрысына, олардың біліміне және жұмысына, сондай-ақ үкімет пен азаматтық қоғамның өзара қарым-қатынасына қатысты болып отыр. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар әлемдік экономиканың қарқынды түрде дамуына маңызды стимул болып отыр». Көптеген дамыған және дамушы елдер АКТ-ң дамуы мен таратылуы алып келетін зор артықшылықты түсініп отыр. Ақпараттық қоғамға қозғалыс - бұл адамзат өркениетінің болашағына жол болатындығы ешкімді де күмән туғызбайды. Қазақстан өз егемендігін алған сәтінен бастап, әлемдік қауымдастыққа ықпалдасу позициясынан нақты орын алды, өзін өндірістік және ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін тең деңгейдегі халықаралық кооперацияның мүшесі ретінде ғана емес, сонымен қатар ақпараттық қоғамды құрудың белсенді қатысушы екенін көрсетті. Қазақстанның «индустриалды» қоғамнан «ақпараттық қоғамға» өтуі ақпараттық теңсіздікті жеңуі, Қазақстандағы азаматтық қоғам мен демократиялық дәстүрдің дамуына, ақпараттық теңсіздікті еңсеруге байланысты. Бұл міндеттерді шешу тұрақты экономикалық өсуді, қоғамдық жағдайдың көтерілуін, демократияны нығайту саласында әлеуметтік келісімді ынталандыру, ашық және жауапты басқаруды, адам құқығы және бүкіл әлемде Қазақстанның саяси және экономикалық тұрақтылығын нығайтуда және Қазақстанның азаматтарының тең дәрежеде ғаламдық ақпараттық қоғамдастыққа енуін қамтамасыз ететін мақсаттарға жету негіз болып табылады. Республикада жоғарғы қарқынмен дамып келе жатқан ақпараттық-коммуникациялық технологиялар ғаламдық желідегі Интернеттің ақпараттық сегментін, оның рөлін және қазақстандық қоғамда алатын орны туралы түсінікті қайта қарауды талап етеді. Бұған елді тұрақты компьютерлендіруден ақпараттандыруға және Интернеттің ғаламдық желісінде Интернет-Қазнеттің (бұдан әрі - Қазнет) қазақстандық сегментінің бірыңғай дамыған ақпараттық кеңістігін құруға өту әрекеті негіз болып отыр. Қазнеттің бірыңғай ақпараттық кеңістігін дамыту осы үдеріске көптеген қатысушылардың қызметін үйлестіруді талап ететін салааралық, ведомоствоаралық және мемлекеттік міндеттер болып табылады. Мұндай үйлестірулер тек қажетті әрекеті мен олардың тізбегін анықтайтын және негіздейтін бірыңғай тұжырымдамасының негізінде болуы мүмкін. Тұжырымдама Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістікке орнықты, жоспарлы, қауіпсіз және тиімді қозғалысын қамтамасыз етуге арналған шаралар кешенін әзірлеуге, Қазнетті дамыту үшін негізгі саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және техникалық-технологиялық алғы Шарттары мен жағдайын, оның динамизмі мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін мемлекеттік саясаттың ережелері мен басымдығын айқындауға бағытталған.

  • Жаңа ақпараттық қоғамның негізін қалаушы сипаттамаларының бірі оның ғаламдық сипаты болып табылады. Жаңа ақпараттық қоғамды қалыптастыру үдерісінде біртіндеп ақпарат тарату және алмасу тәсілдері мен әдістері жаңартылады, уақыт үнемделеді, ұлттық шекаралар мен кедергілер бұзылады, әлемдік ақпараттық кеңістігінің, экономика, сауда, қаржы, адамзат өмірінің басқа салаларының құрылымы түбірімен өзгереді, адамдардың көзқарасы мен адамзат құндылықтарының интенсивті гомогенизациясы, мәдениет пен мәдени моделдердің эмбебаптығы (ықшамдау) байқалынады, динамизмі жылдамдатылады, бәсекелестік күшейе түседі. Қазіргі әлемдік даму кезеңінде ғаламдық ақпараттық интернет желісі бүкіл әлемдік ақпараттық кеңістігінің ең көлемді және жаппай жайылған сегменті болып табылады. Сонымен бірге, уақыт өте, ғаламдық ақпараттық интернет желісі ақпарат алу және алмасудың, сондай-ақ жаппай пайдаланушылардың коммуникациясы үшін ең қол жетерлік құралы болғаны айдан анық. Қазіргі уақытта Интернеттің ақпараттық кеңестігінің жұмыс істеуіне сай келетін халықаралық ұйымдарға мыналар жатады: 1) The Internet Corporation for Assigned Names and Numbers (бұдан әрі - ICANN) - IP-адрестерін, протоколдардың параметрлерін бөлу, домендік атаулардың жүйесін әкімшілеу (Domain Name System, DNS), түбірлік серверлер (Root Server System) деп аталатын жүйенің жұмыс істеуін әкімшілеу және қолдау үшін құрылған коммерциялық емес ұйым; 2) Интернет желісінде нөмірлеуді бөлу жөніндегі уәкілетті ұйым (бұдан әрі - IANA, The Internet Assigned Numbers Authority); 3) Еуропалық желілік үйлестіру орталығы (бұдан әрі - RIPE NCC) - тіркеушілер үшін ІР-адрестерді бөлуді және тіркеуді қамтамасыз етеді. RIPE NCC тіркеушілер үшін ІР-адрестерді бөлу мен тіркеуді қамтамасыз етеді. RIPE NCC қызмет көрсету аймағында Интернеттің ғаламдық ресурстарын әділетті бөлуге кепілдеме бере отырып, Еуропа, Таяу Шығыс, Солтүстік Африка және Азияның бөлігінің тіркеушілеріне қызмет көрсетеді; 4) The Internet Engineering Task Force (бұдан әрі - IETF) - Интернет сәулетін дамыту және қолданыстағы инфрақұрылымның үздіксіз қызмет етуінің біріктірілген міндеттерін дамытуға жұмыс жасайтын желілік хаттамаларын дайындаушылар, операторлар, өндірушілер және зерттеушілердің халықаралық ашық бірлестігі болып табылады; 5) Дүниежүзілік зияткерлік жеке меншік ұйымы (бұдан әрі - ДЗЖҰ). Жоғарғы деңгейдегі домендер (бұдан әрі - TLD, Top Level Domain) екі үлкен бөлікке бөлінеді: Біріншісі - жалпы пайдаланатын домендер (generic TLD немесе gTLD) және екіншісі - ұлттық екі әріпті домендер (country code TLD немесе ccTLD). Жалпы пайдаланатын домендерге COM, NET, ORG, INFO, BIZ, MUSEUM, NAME, AERO, COOP, PRO, INT, GOV және басқа да домендер жатады. Қазіргі сәтте ISO 3166-1 халықаралық стандартқа сәйкес елдер мен аумақтардың екі әріпті кодтар саны бойынша ұлттық домендер - 250 (RU - Ресей үшін, DE - Германия үшін, UK - Ұлыбритания үшін) Ұлттық домендерді басқару бойынша өкілеттік елдердің интернет-қауымдастықтарының келісімдері бойынша IANA ұйымымен беріледі. Ұлттық домендерді дамытудың жалпы үрдістері мынадай: біріншіден, академиялық желілерден ұлттық домендердің операторлар (провайдерлер) бірлестігіне өтуі, сондай-ақ қатар тіркеу ережелерін дайындауға елдің интернет-қауымдастығының қатысуы: нарықтың кәсіби қатысушылары, тұтынушылар, қоғамдық (кейде үкіметтік) ұйымдар; екіншіден, домендік атауларды тіркеуде операторлар қатысуының коммерциялық кестелерін дайындау; үшіншіден, домендерді тіркеудің ашық ережелеріне біртіндеп өтуі, шектеулердің алынуы. Кез-келген субъектінің Интернеттегі қызметі құқықтық проблемалардың тұтас сериясын қалыптастырады. Олар пайдаланушының қызметін, сайттың мәртебесін және оның мазмұнын реттеуге (рұқсат етілген, реттелмеген, заңсыз); авторлық және аралас құқықтардың орындалуына; «киберэкономиканы» қалыптастыру (электрондық ақшалар, төлемдік жүйелер, құнды қағаздар, электрондық банктер, жарнама, маркетинг, электрондық контрактілер, салықтар); жеке және мемлекеттік мүдделердің ақпараттық қауіпсіздігіне бөлінеді. Интернет желісін құру және нормативтік негіздерінің ұтымдылығы бойынша үдеріс 80 жылдардың басынан бастап Еуропа және АҚШ-та (және бірқатар басқа да шет елдерде) басталған. Қазіргі уақытта Интернет желісі қарым-қатынастарын құқықтық реттеудің бірнеше деңгейі қалыптасты: 1) халықаралық; 2) өңірлік (Еуропалық одақ және ТМД шеңберінде); 3) ұлттық. Осы деңгейлердің әрқайсысында өкілетті заң шығарушы қарастырып отырған құқықтық қарым-қатынастар саласын реттеуге ұмтылады. Интернет желісінің трансшекаралылығы Интернет желісіндегі құқықтық қарым-қатынастарды халықаралық құқықтық реттеу, қолданыстағы ережелер мен әдеттегіліктерді біріздендіру қажеттілігін құрайды. Біріздендірудің нормалары ЕО шеңберінде, сондай-ақ БҰҰ шеңберіндегі (УНИДРУА жеке құқықты біріздендіру институты) халықаралық деңгейде, Дүниежүзілік Зияткерлік Жеке меншік Ұйымы (ДЗЖҰ), Халықаралық сауда палатасы (ХСП), БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы, сауда және электрондық бизнеске ықпал ету БҰҰ Орталығымен жүргізіледі. ТСР/ІР желі хаттамаларының ыңғайсыз цифрлық адрестерінің жеңіл есте қалатын әріптік сөз тіркестеріне ауыстыруға мүмкіндік берген домен атаулары жүйесінің пайда болуы, интернеттің белсенді түрде коммерциализациялануы мен әйгілі болуы соңғы жылдары домен өздерінің белгілері бойынша олардың қолданыстағы түрлеріне ұқсас - тауар белгілері, фирманың атаулары бойынша материалдық емес актив белгілерін иеленді. Мазмұнында домендік атауы ғана берілген жарнамалық тақталар жиі кездеседі. Қымбат тұратын интернет-жобалар жүзеге асырылып жатыр, олар үшін домен олардың коммерциялық табыстарының едәуір бөлігін құрайды, өйткені тұтынушылар доменді электрондық бизнес субъектісінің қандай да бір тауар, жұмыс немесе қызмет көрсетулерімен байланыстырады.

  • 9 – тақырып бойынша тест сұрақтары

  • 1. Интернеттегі Web-парақтарды көру үшін мына программалар қолданылады:

  • A. MicroSoft Word немесе Word Pad;

  • B. MicroSoft Access немесе Microsoft Works;

  • C. Inrernet Explorer немесе NetScape Navigator;

  • D. HTMLPad немесе Front Page;

  • E. Inrernet Explore немесе Microsoft Works.

  • 2. Web-парақ гиперсілтемесі …көшуді қамтамасыз ете алады.

  • (ең дұрысырақ деген жауапты көрсетіңіз)

  • A. осы Web-парақ көлеміндегі мәліметтерге;

  • B. осы сервердің Web-парақтарындағы мәліметтерге ;

  • C. осы аймақтың кез келген Web-парақтарындағы мәліметтерге;

  • D. кез келген Интернет серверлерінің кез келген Web-парақта­рын­дағы мәліметтерге;

  • E. көру терезесінің тақырыбы идентификаторы.

  • 3. Электрондық пошта адресін көрсететін тәгті көрсетіңіз…

  • A. kompas@email.ru

  • B. <a href=”mailto:svetlana@narod/ru”>текст</a>

  • C. <a href=marina@mail.ru”>текст</a>

  • D. piter@mailru.com

  • E. DreamWeaver және MicroSoft Word 97.

  • 4. Гипермәтін дегеніміз…

  • A. өте үлкен көлемді мәтін;

  • B. қаріптері үлкен болып келетін мәтіндер;

  • C. арнайы белгілері бойынша көшуді жүзеге асыратын құрылымды мәтін;

  • D. көлемді мәлімет жазылған объектілер орналастырылған арнайы мәтін;

  • E. HTML құжатының тақырыбын белгілейтін команда.

  • 5.Web-парақтар жасауға арналған программалар…

  • A. DreamWeaver және MicroSoft Word 97

  • B. Turbo Pascal және QBasic

  • C. Visual Basic және ACDSee

  • D. ScanDisk және Defrag

  • E. <a href=”file.htm”>текст</a>.

  • 6. Телефон арнасы арқылы байланыса алатын компьютерлер бір-бірімен қандай хаттамамен мәлімет алыса алады?

  • A. ІP

  • B. TCP/ІP

  • C. TCP

  • D. URL

  • E. DNS.

  • 7. TCP хаттамасы қандай қызмет атқарады?

  • A. мәліметтерді бірнеше бөліктерге бөледі;

  • B. мәліметтерді жөнелту ісін атқарады;

  • C. мәліметтерді бір жүйеге келтіреді;

  • D. мәліметтерді құрастырады;

  • E. мәліметтерді өңдеп реттейді;

  • 8. Интернет желісімен жұмыс істеу үшін ... болу керек.

  • A. компьютер, модем, телефон;

  • B. компьютер, сканер, модем;

  • C. компьютер, телефон;

  • D. компьютер, модем, принтер;

  • E. компьютер, колонка, модем;

  • 9. Сервердің алғашқы (бірінші) бетіне жазылатын адрес?

  • A. ІP адресі;

  • B. URL адресі;

  • C. DNS адресі;

  • D. SRL адресі;

  • E. TCP адресі;

  • 10. Екі желінің мәлімет алмасуының ережелерін, ақпарат форматтарын, принципін анықтау заңдылығы

  • A. желі торабы;

  • B. протокол (хаттама) ;

  • C. ақпараттық сервер;

  • D. провайдер;

  • E. телеконференция.

  • 11. Интернет мәліметтерін жеңіл көруге болатын графикалық интерфейс мүмкіндігін беретін қызмет түрі

  • A. ІNTERNET

  • B. ARPANET

  • C. WWW

  • D. USENET

  • E. WINAMP.LNK.

  • 12. Ақпаратты сақтау сервердің қандай функциясын орындайды

  • A. сыртқы;

  • B. ішкі ;

  • C. ортаңғы;

  • D. ешқандай;

  • E. монитор.

  • 13. Электрондық почтаны қолдану кезінде одан зиян шегуге бола ма ?

  • A. жоқ;

  • B. иә;

  • C. кейде;

  • D. болмайды;

  • E. асыққан жағыдайда.

  • 14. Интернеттің алғаш жасалған жері (отаны):

  • A. АҚШ;

  • B. Алмания;

  • C. Канада;

  • D. Ұлыбритания;

  • E. Япония.

  • 15. Браузер деген не?

  • A. интернетте жұмыс істеуге арналған әмбебап программа;

  • B. Web-кеңістігін (парақтарын) көрсететін программа;

  • C. мәлімет іздеу үшін Wіndows жүйесін басқаратын программа;

  • D. интернетте жұмыс істеген уақытты есепке алатын программ- ма;

  • E. ақпаратты тарату құрылғысы.

  • 10 – ТАҚЫРЫП. MS Word мәтіндік редакторында үрдістерді автоматтандыру

  • 10.1 Форматтау және документтерді стильдік безендіру

  • Текстік процессорлар (мысалы, MS Word программасы)– текстік құжаттарды дайындау, түзету және қағазға басып шығару сияқты текстік редакторларға тән қарапайым әрекеттермен қатар, құжаттан берілген сөзді немесе фрагментті іздеу, алмастыру, текстік құжатқа макрокомандалардың көмегімен объектілер орналастыру, т.б. күрделі әрекеттерді де орындай алатын программа.

  • Құжат құру Word программасында екі түрлі жолмен орындалады: дайын шаблондарды (макеттерді) пайдалану және жаңа құжат (новый документ) негізінде құру.

  • Құжатты редакциялау терілген құжаттағы түрлі қателерді жөндеуді, текстегі фрагменттердің орындарын ауыстыру, алып тастау, қосу және т.б. қамтиды. Қате терілген символдарды жою BACKSPACE, DELETE пернелерінің көмегімен жаслады..

  • Текстік құжаттарды форматтауды Word программасының терезесіндегі Форматирование саймандар панеліндегі батырмалар немесе негізгі мәзірдегі Формат опциясының командалары арқылы жүзеге асырады.

  • Текстік құжатты форматтау тәсілдері:

  • Шрифт гарнитурасын таңдау және өзгерту

  • Шрифт өлшемін өзгерту

  • Шрифтің сызылымын (начертание) өзгерту

  • Тексті бетке қатысты туралау

  • Маркерленген және номерленген тізімдер жасау

  • Абзацтың параметрлерін орнату.

  • Құжатты сақтау. Word текстік процессорының құжаттары стандарт кеңеймесі .doc болып келетін файлдар түрінде сақталады. Құжаттарды сақтау әдісінің параметрлері, Сервис -> Параметры командасының терезесіндегі , Сохране­ние жапсырмасы бөлімінде көрсетіледі.

  • Құжаттарды ашу және жабу. Құжатты ашу, бұл бұрын даярланған және файл түрінде сақталған құжаттар үшін ғана мүмкін болады, ол Файл ->Открыть командасы көмегімен орындалады. Файл->Закрыть командасы арқылы ашылған құжатты жабуға болады , мұның басқа да тәсілдері бар.

  • Құжаттан фрагментті іздеу және ауыстыру келесі әрекеттерді қамтиды:

  1. Правка ->Найти (немесе Ctrl+f пернелері) командасы орындалады;

  2. Найти тұсындағы терезеге ізделінетін текст фрагменті жазылады;

  3. Табылған фрагментті автоматты түрде бірден басқа текстпен ауыстыру үшін Заменить жапсырмасының элементтері қолданылады;

  4. Заменить на нұсқауының тұсына алмастырушы жаңа текст жазылады.

  • Word программасы терезесі саймандар панелінде орналасқан негізгі командаларға сәйкес батырмаларды алып тастауға нмесе керісінше қосуға болады. Ол үшін Сервис →Настройка командасынан кейін пайда болатын Настройка терезесінен Команды жапсырмасы іске қосылады. Әрі қарай Категориялар тізімінен қажет батырма жататын топтың аты таңдалады., сол мезетте сол терезедегі Команды тізімінде таңдалынған топқа жататын батырмалардың белгілері шығады.

  • Құжаттың колонтитулдары деп құжат орналасқан беттің жоғарғы және төменгі жиектеріне сәйкес обылысты айтады. Құжаттың немесе құжат бетінің колонтиулын Вид→Колонтитулы командасы арқылы орнатады. Колонтитул ретінде тексттер, суреттер (беттің номері, мекеме эмблемасы, құжаттың аты, авторы және т. б.) алынады да олар міндетті түрде, құжат беттерінің жоғарғы немесе төменгі бөлігінде басылады.

  • Гиперссылка – бір құжат көлемінде фрагменттен - фрагментке немесе бір құжаттан екінші бір құжатқа, Интернеттегі Web-беттерге бірден көшіп отыруды қамтамасыз ететін асты сызылған, басқа түске боялған текст немесе сурет .

  • Текст фрагментін гиперссылка ретінде пайдалану үшін :

  • Гиперссылка ретінде қолданылатын фрагмент белгіленіп алып, Стандартная панеліндегі Вставить гиперссылку батырмасы шертіледі;

  • Пайда болған терезедегі Связать жапсырмасының Новый документ белгісі шертіледі;

  • Имя нового документа нұсқауының тұсына сілтеме жасалатын, яғни гиперссылка қызметін атқарып тұрған фрагментке шерткенде ашылатын құжаттың немесе файлдың аты (қажет жағдайларда маршрутымен қоса) жазылады;

  • ОК батырмасына шертіледі.

  • Word құжатында суреттер салу. Word текстік процессорында қарапайым схемаларды, чертеждер мен суреттерді Вид->Панели инструментов->Рисование командасы арқылы іске қосылатын орнатылған графиктік редактор көмегімен салуға болады.

  • Графиктік объектілерді біріктіру. Түрлі бөліктерден құралған чертежді немесе схеманы біртұтас сурет ретінде қарастыру үшін ол бөліктерді Shift батырмасын баса отырып белгілейді де сол жерде контекстік мәзірден Действия->Группировать командасын орындайды. Объектілерді біріктіруді алып тастау үшін сол контекстік мәзірдегі Действия -> Разгруппировать командасы қолданылады.

  • Word процессорындағы графикамен жасалатын жұмыстарды үш бағытқа сәйкес қарастырады:

  1. Басқа қосымшаларда (мысалы, Paint, Ms Drawing, Paintbrush, Excel және т. б.) салынған графиктік объектілерді құжатқа кірістіру;

  2. Құжаттың өзінде Рисование панелінің құралдарын пайдаланып сурет салу;

  3. Тексті көркемдеуде Clipart коллекциясының дайын суреттерін пайдалану.

  • Графиктік объектінің текстегі орналасуы.

  1. Настройка изображения панелін іске қосыңыз.Ол үшін Вид -> Панели инструментов -> Настройка изображения командасы орындалады.

  2. Пайда болған панелден Обтекание текстом батырмасына шертіледі. Пайда болған мәзірден өзіңізге қажет команда таңдалынып, сол командаға шертіледі. Егер По контуру командасы таңдалса терілген текст графиктік объект контурын жағалай орналасады.

  • OLE технология. Құжатта әртүрлі типке жататын объектілерді біріктіру үшін, айталық графиктік, музыкалық объектілер, электрондық кестелар секілді, Windows жүйесінде OLE технологиясы қолданылады. OLE технология – объектілерді кірістіру және байланыстыру. Осыған байланысты текстке енгізілетін объектілерді екі топқа бөлуге болады:

  • Құжатқа кірістірілген объект құжаттың бөлігі ретінде есептеледі де бастапқы оригинал объектідегі өзгерістер құжаттағы объектіге берілмейді;

  • Құжаттағы байланысқан объектілер оригиналдары өзгерген жағдайда қоса өзгеріп отырады.

  • OLE технологиясының терминдері:

  • Клиент –объектіні қабылдайтын қосымша немесе программа;

  • Сервер –объектінің өзі жасалатын қосымша немесе программа.

  • Құжатқа кірістірілген немесе байланысқан объектілерді сервер-қосымша көмегімен редакциялау үшін сол объектіде екі рет шертіледі.

  • OLE технологиясы екі түрлі әдіспен орындалады:

  1. Алмастыру буфері, яғни қосымша мәзірінің Правка -> Специальная_вставка командасын пайдалануға болады. Бұл әдіс фрагмент үшін де, тұтас құжат үшін де орындалады.

  2. Қосымша мәзірінің Вставка -> Объект командасын пайдалануға болады. Бұл әдіс тұтас құжат үшін ғана орындалады.